АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қорғаныс министрінің бетіне балық тиді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Әскери жаттығу кезінде Молдавияның қорғаныс министрі Александр Пынзарьге балық тиді. Видеоны министрдің өзі Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

Пынзарь суда бронетранспортермен жүріп келе жатқан. Судан секіріп шыққан бірнеше балықтың бірі министрге тиді. Ол бұл қызық әрі күлкілі жағдай болғанын жазған.

«Мен балық аулағанды аса ұнатпаймын, алайда әр балықшыға осындай сәттілік тілеймін», — деді ол.  

Пынзарь 2020 жылдың наурыз айында Молдавияның қорғаныс министрі болғаны айтылған. Бұған дейін криминалды полиция, ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменттерін басқарған.

 

[:]