[:kz]
Арыс әскери бөлімінде болған бірнеше жарылыстан соң жергілікті тұрғындар қаладан эвакуациялануда деп жазадыSputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазіргі уақытта қала тұрғындары шұғыл түрде эвакуациялануда.
Тұрғындардың бірінші бөлігіне 40 автобус жолға шыққан. Тұрғындар үшін 15 эвакуациялық пункт ашылды, оған жақын арада адамдар жеткізіледі.
Эвакуациялаумен ТЖД, Түркістан облысы және Шымкентәкімдігі айналысуда.
Сондай-ақ 8 (7252) 44-34-72 нөмірі бойынша тұрғындарды көшіру туралы ақпаратты білуге болады.
Айта кетейік, бүгін Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыстар орын алды.
[:]