АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Коронавирус: Қазақстанға Ресейден 250-ден астам студент автобуспен келе жатыр[:]

[:kz]

21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан 5 автобус жолға шыққан.

Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер елге оралуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.

21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан 5 автобус жолға шыққан. Осылайша, коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстерге шектеу енгізілмей тұрып, Ресейден шығып үлгермеген 250-ден астам қазақстандық студент елге оралуда.

«Автобусқа отырғызылмас бұрын барлығының дене қызуы өлшенді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының және РФ-тағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерінің ілесуімен, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, автобустар Қазақстан-Ресей шекарасына қарай бет алды.

Одан өткеннен кейін Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінде жастарды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері күтіп алады. Барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады», — делінген мәліметте.

 

[:]