[:kz]
Әлеуметтік желіде коронавирустың салдарынан үрейге бой алдырып, дүкен сөрелерін жаппай босатып жатқан адамдардың видеосы тарауда. Алайда адамзат үшін осындай қиын жағдайда адамгершілікті ұмытпаған жандар да бар. Осы орайда KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап назарыңызға жантебірентерлік суреттерді ұсынады.

Фото: © Reddit / WorriedOrchid, Twitter / Chris Page-Weatherman
Немерелер ата-әжесін сағынып, оларды көру үшін арнайы келген. Алайда ересектер де балалар да қауіпті аймақта тұрғандықтан, олар ішке кіріп, бірін бірі құшақтай алмады.

Фото: Twitter / Chris Page-Weatherman
Қытайда коронавируспен күрескен медициналық қызметкерлер ауру жұқтырғандарға көмектесу үшін Италияға аттануда.

Фото © Reddit / Abdoa00
Қымбат сабын жасайтын бойжеткен қазіргі уақытта қолды жиі жуып тұрудың қаншалықты маңызды екенін білген кезде көршілеріне «туындысын» тегін тарата бастаған.

Фото © Reddit / hannberger
Ал тұрғын үй ішіне ілінген мына хат көптің жүрегін елжіретпей қоймасы анық.
«Құрметті егде жастағы көршілер! Егер сізге дүкенге бару керек болса, есігімді қағыңыз, мен оны сіз үшін тегін жасаймын. Дженни», — делінген аталмыш хатта.

Фото © Reddit / davenowood01
Карантиндерге байланысты көптеген балалар мектепке бармай, мектепте берілетін түскі ассыз қалды. Әрбір отбасының балаларын түстендіруге жағдайы жетпеуі мүмкін.
Сондықтан белгісіз бір әйел адам мұқтаж жандар үшін балаларға арналған түскі асты олардың есіктерінің алдына қалдыра бастаған. Онда тіпті, жержаңғаққа аллергиясы бар балалар үшін тамақ салынған жеке контейнерлер бар.

Фото © Reddit / look-at-deez-nips
Мұқтаж жандарға арналған қажетті азық-түлік үстелге қойылып, тегін таратылған.

Фото © Reddit / astralbeings
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында бойжеткен карантинде жатқан атасына келіп, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс алғанын хабарлап тұр.

Фото © Reddit / WorriedOrchid
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік дәрігер коронавирус пандемиясының аяқталу уақытын атаған еді.
[:]