[:kz]
Ноттингем және Питтсбург университеттерінің түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген жас биотехнолог ғалым Болат Сұлтанқұлов небәрі 7 минутта коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест ойлап тапты. Айтуынша, тест арқылы кез келген адам үйде отырып-ақ өзін тексере алады.
Тест адам ағзасына түскен коронавирус инфекциясын 15 минуттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тестті жасап шығаруға Болат Сұлтанқұловтың жарты жыл уақыты кеткен. Лабораторияның сынағынан сәтті өткен диагностикалық тест енді клиникалық зерттеуге жіберілмек.
[:]