[:kz]
Кейбір елдер оларды үнемдеуге мәжбүр.
Коронавирусты анықтауға арналған тест бағасы 30-60 долларды құрайды және оның құны елге байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Бүгінгі таңда ДДСҰ оның арзандау нұсқаларын қарастырып жатыр», – дейді ұйымның еуропалық бюросының координаторы Дорит Нитзан.
«Коронавирусқа тестінің құны ел мен оның көлеміне байланысты, шамамен 30-60 доллар. Сондықтан кейбір елдер оларды үнемдеуге мәжбүр», – дейді Нитзан онлайн өткен баспасөз мәслихаты кезінде.
Оның айтуынша, қазір ұйым арзандау нұсқаларына зерттеу жүргізіп жатыр. Ал қолданысқа енгізуден бұрын олардың барлығы верификациядан өтуі тиіс. ДДСҰ 11 наурызда коронавирустың жаңа түріне байланысты пандемия жариялаған болатын. Әлемнің 152 елінде індет жұқтырғандар саны 173 мыңға жетсе, 7 мыңнан астам адам көз жұмған.
[:]