АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Коронавирусты жұқтырған қазақстандық 9 наурызда 73 жолаушымен ұшып келген[:]

[:kz]

=Коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық Қазақстанға Германиядан 9 наурызда келді. Онымен бірге ұшқан 73 жолаушы табылып, карантинге жіберіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз жеке мәліметтерді жария ете алмаймыз. Бұл еркек пен әйел. Бірінші науқас 9 наурызда Германия бірінші санатқа кірмей тұрып келді, ал екіншісі — 12 наурызда, кешке жақын келді».

«9-шы наурызда олармен бірге ұшып келген 73 жолаушы болды, бізде тізімдер бар. Біз олардың қайда екенін білеміз. Оларды оқшаулай бастаймыз, іздестіріп, карантинге жатқызамыз. Бұл науқастар емес, олар 14 күнге карантинге орналастырылады», — деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

 

[:]