[:kz]
Еліміздегі қалалардың көшелеріне және қоғамдық орындарда «SOS түймешігі» жедел шақыру құрылғысы орнатылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көшелерде және қоғамдық орындарда «SOS түймешегі» жедел шақыру құрылғысы қойылады. Түймешікті басқан кезде құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе көмек алу үшін полицияға жүгінуге болады», — деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Сонымен қатар ол биыл «102» мобильді қосымшасы іске қосылатынын айтты.
«Оның көмегімен де құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Өтінім беру немесе жүгіну тек телефон байланысы арқылы ғана емес сонымен бірге месенджерлердің және әлеуметтік желілердің көмегімен жүзеге асырылады», — деді Нұрділдә Ораз.
[:]