АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қостанай тұрғыны өзін тонаған жігіттерді ұрып, екі жылға сотталып кетті[:]

[:kz]

Екі сұғанақ жігітті аңдып тұрып 5 500 АҚШ долларын тартып алған.

Қостанай тұрғыны 2018 жылы  түнгі клуб жанында өзіне белгісіз екі азаматтың шабуылдап, қалтасындағы 5 500 АҚШ долларын тартып алғанын айтқан. Жігіт тоналғаннан кейін бірден полицияға хабарласқан. Сол аралықта құры тұрмастан ол ұрылардың ізіне түседі.

Аңдып тұрып олардың бірін қолына түскен ағашпен сабай жөнеледі. Әрі ақшасын дереу қайтаруды талап етеді.

Осы оқиға бойынша іс сотқа жетіп екі сұғанақ ұрлық бабы бойынша жауапқа тартылады. Ал тоналып есесін өзі қайтаруға кіріскен жігіт өз еркімен әрекет жасағаны үшін айыпталып, сот үкімімен екі жылға сотталып отыр. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 
kyn.kz

[:]