АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Қостанайда автобус жүргізушісі жол ақысын төлей алмаған 13 жастағы қызды қала сыртына апарып тастаған[:]

[:kz]

 

Қостанай тұрғыны Жанна Богатырева қоғамдық көлікте қызының басынан өткен оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Костанайские новости басылымына сілтеме жасап.

«№19 бағыт жүргізушісінің дөрекілік танытқаны туралы оқиғаны баяндайын. Қызымның төлем картасы жұмыс істемей қалған. Ол оған айғайлап, артынша кәмелетке толмаған баланы қала сыртына, соңғы аялдамаға дейін алып кеткен. Сол жақта қалдырып кеткен. Ол жақтан қызым жаяу келіпті. Оның жанында тұрған бір қыз жолақысын төлеп берген. Бірақ ол оны тіпті елемей қойған. Көмектескен қыз оған телефон арқылы аударуды ұсыныпты, бірақ ол елемей, қызымды жылыжайға алып кеткен. Менің қызым 13 жаста. Ал егер бірдеңеге ұрынса не болар еді? Аман-есен оралғанына Құдайға шүкір», – деп жазды қыздың анасы. 

«ТуристТрансСервис» ЖШС мұндай оқиғаның болғанын растаған.

«Тексеріс жүргізілді, жүргізуші қатаң жазаланды», – деп қысқа қайырыпты компаниядағылар.

[:]