АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қостанайда мұғалімдер бақсылықпен айналысуда[:]

[:kz]

ed5cad23ba4f4cf8ca498e80b6323467Білім министрлігіндегілерді мектептердегі бетімен кеткен жүгенсіздіктің тағы біреуімен таныстырып қояйық. Әліппені (әліп, бә — араб альфавитінің басқы әріптері) атынан қорқып оқу бағдарламасынан алып тастаған еді, енді есесіне ұстаздар жұлдыз жорамал үйрететін бақсы болыпты. Бұл туралы жақында қостанайлық ЖОО оқытушысы Ниязбек Қалмов әлеуметтік парақшасында жазды. Ол баламды басқа мектепке ауыстыратын шығармын енді депті. Кейін, әлдекімдердің өтінішімен жазбасын өшіріп тастаған.

Қалай болғанда да, есі дұрыс адам жұлдыз жорамалдың адам психологиясын бұзып, жоқты үміт еткізіп, ақыры үміті орындалмаған соң ауыр жанкүйзелісіне түсіретін жалған нәрсе екенін жақсы біледі. Ислам дінінде жұлдыз жорамалға ширк ретінде қатаң тиым салынан. Ол бақсылық, балгерлік, көріпкелдік секілді өтірік дүние. Жұлдыздар адамның өміріне, тіршілігіне ешқандай әсер етпейді. Жақсылық та, жамандық та әкелмейді. Сондықтан біздің халқымыздың таным-түсініге жат.

Ел боламын десең, мектепбіңді түзе дегіміз келеді. Мұғалім сабақ үйретуі керек, ол базар жағалаған балгере мес.

«Шын-ақпарат»

 

[:]