[:kz]
Қостанай облысында төрт баланы өрттен құтқарған Олег Пирогқа сый-құрмет көрсетілді. Кәсіпкерлер оқушының ерлігін жоғары бағалап, оған отандық автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бүгін «Allur» компаниялар тобы мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады. Өз кезегінде, мен Олегке ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатын табыстадым, сондай-ақ Олег Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, ал Олегтің анасы Валентина Пирог анасы ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды», — дейді ол.
Аймақ басшысы Олегтің ата-анасына осындай ұл тәрбиелегені үшін тағы да алғыс айтты. «Олегтің әрекеті балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де үлгі», — дейді Архимед Мұхамбетов. Айта кетейік, өрт болған күні Олег көшеде ойнап жүрген. Кенет көрші үйден қалың түтінді байқап қалған. Олег мұнда көп балалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалар тұратынын білетін дейді Қостанай облысының төтенше жағдай департаменті. Сондықтан ол өрт сөндірушілердің келуін күтпей, түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, кезекпен төрт баланы көшеге шығарған.
[:]