АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көз жастың орнына кристалл шығады: Дәрігерлер әйелге диагноз қоя алмай әлек болды (видео)[:]

[:kz]

Арменияда дәрігерлер 22 жастағы Сатеник Казарянға диагноз қоя алмай келеді. Себебі, қыздың көзінен жастың орнына кристалл шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алғашқы белгілер осыдан екі ай бұрын байқала бастаған. 

«Мен тіс дәрігеріне бардым. Көзіме шаң кірген сияқты. Кейін офтальмолог маманға бардым, көзімнен бірнеше кристалл алып шықты. Қазір әрбір күнім тозаққа айналды», — деді ауыл тұрғыны Спандарян Сатеник Казарян. 

Дәрігерге қаралғанымен, ол әйелге нақты диагноз қоя алмаған. Отбасы қызды көрші қаладағы мамандарға, кейін Еревандағы дәрігерлерге апарады. Алайда ол жақта оған ешкім көмектесе алмады. 

«Біз Ереванға келген кезде бір дәрігер бізді жүйке маманына жіберді, екіншісі қабылдады. Көздің ішінен кристалл алып шықты. Кейін біз тамақ ішіп келу үшін кабинеттен шықтық. Араға 5 минут салып қайтып келгенімізде Сатениктің көзінен тағы да кристалдар шыға бастады», — дейді әйелдің енесі Земфира Микаэлян. 

Дәрігерлер жазып берген дәріні ішкеннен кейін Сатениктің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Сол себепті ол дәрілерді қабылдаудан бас тартқан. 

Stan.kz 

[:]