АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кредитті төлей алмай қалғанда не істеу керек?[:]

[:kz]

Похожее изображение

Егер сізде табыс көзі бар, бірақ, ол азайған жағдайда не болмаса қарыздық жүктеме ауырлай түскенін сезінсеңіз, кредитті басқа банктен қайта қаржыландыруға болады.

Банк беретін қарыз-кредиттің жаңа автокөлік, туристік жолдама сатып алуға немесе мерекелік шығындарды өтеу секілді түрлі жағдайларда көмектесетіні белгілі. Жалпы кредит алу қажет пе? Оны өтей алмайтын жағдайда не істеу керек? Банк ВТБ (Қазақстан) Шымкент филиалының директоры Наталья Двининаға осы және басқа да сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz.

«Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға тұтынушылық қарыздар, автокредиттеу, тауарлық қарыздар және кредиттік карталар секілді кредиттеудің түрлі нұсқаларын ұсынады. Олардың ішіндегі ең танымалы – 5 жылға дейінгі мерзімде 5 000 000 теңгеге дейінгі сомада берілетін «Қолма-қол кредит». Біздің миссиямыз – өз клиенттерімізді қаржылық сауаттылыққа үйрету. Өйткені, мынадай экономикалық тұрақсыздық уақытында қаражатты және отбасылық бюджетті оңтайлы басқару басты мәселе деп білеміз. Өкінішке қарай, адамдардың болашақты ойламай, кредитті бір мезеттік қалауына бола ала салатын кездері жиі кездеседі» деді банк өкілі.

Адам кредит алып, бірақ, қандай да бір тосын жағдайдың әсерінен (мысалы, жұмыстан айырылу) кредитті төлеуге шамасы келмейтіндей болып қалса не істеуге болады деген сауалға былай деп жауап берді: 

«Ең алдымен банкке жүгініп, өзінің проблемасы туралы айтуы қажет. Кредиттік ұйымдар көп жағдайда адал клиенттерге қол ұшын беруге тырысады және екі тарапқа да қолайлы болатындай серіктестіктің алдағы уақыттағы нұсқаларын ұсынады. Мысалы, егер сізде табыс көзі бар, бірақ, ол азайған жағдайда не болмаса қарыздық жүктеме ауырлай түскенін сезінсеңіз, кредитті басқа банктен қайта қаржыландыруға болады.

Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан) басқа банктерден алынған қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша тиімді шарттар ұсынады. Осындай тәсілдің көмегімен Сізге кредит бойынша сыйақының мөлшерлемесін азайтуға, төлем мерзімін ұзартуға және тіпті қарыз сомасын 5 000 000 теңгеге дейін арттыруға болады» деді Наталья Двинина.

[:]