АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Кризис артымызды ашып берді»: Ахметбек Нұрсила «нағыз алапат әлі алда» екендігін айтты[:]

[:kz]

Әнші мен боксер, футболшысыз да таң атады. Олар халықты асырамайды

«Ақшасы тамағына, киіміне, баспанасына жетпеген адам – хайуан деңгейінде» деген пікірімен басы дауға қалған белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила бұл жолы қазіргі қоғамдағы ахуал нәубеттің басы екендігін айтты. Оның ойынша, «нан тауып жеуіміз мұң болатын заман» келген екен. Бұл пікірлерін ол, Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Баяғы дарақылықты қойып» еңбектену керектігін көпшілікке айтқан ол, «кризис артымызды ашып берді» деген пікірде.

«Бұл қазақтың басына келе жатқан нәубеттің басы ғана, нағыз алапат әлі алда. Орысша айтқанда «Это еще цветочки, ягодки будут впереди»!

Өмір деген әділетті ғой, бәрінің есесін береді. 30 жыл бойы ес ақылымыз қалмай дарақыланып тұрып ойнадық, биледік, күлдік, енді соның зардабын міндетті түрде татамыз.

Мемлекет басқарған адамдарымыз да, халық та ертеңімізді ойламадық, осы байлық бітпестей, қиын заман тумастай бейбарақат өмір сүрдік. Енді келіп жеткен кризис артымызда ашып берді. Мемлекетіміз де, халық та заман талабына мүлде дайын емес екенімізді көрсетіп берді. «Абай» атамыз сынап кеткен қазақ, әлі сол қазақ.

⠀Енді той тойлап, спорт жарыстарын өткізбек тұрғай нан тауып жеуіміз мұң болатын заман келді. Осы тығырықтан шыққан соң баяғы дарақылықты қойып, бүкіл халық болып білім мен еңбек жолына түспесек дәл қазір өмір сүріп жатқан бізге болашақ ұрпақ лағнет айтатын болады ма деп қорқам.

Кейінгі 5-6 жыл бойы «Біз шырылдауық шегірткелер мен төбелескіштер» еліне айналып барамыз, тоқтату керек осыны» дегенде маған айтылған боқтықта есеп болмап еді. «Көре алмайсың, споршыларды нең бар, әншілерде қақың болмасын, олар бізді әлемге танытып жатыр» деумен болды», — деп жанайқайын әлеуметтік желі арқылы дүйім жұртқа жеткізді. 

Айтпақшы, Ахметбек Нұрсиланың пайымдауынша, елімізде спорт кешендерін жабу керек көрінеді. Себебі, оның орнына ел ғылым-білімге бетбұрғаны жөн екен.

⠀»Енді не болдық? Бірақ әлі кеш емес. Енді бүкіл тойханалар мен концертханаларды, спорт кешендерін жауып, таза ғылым мен білімге, ауыл шаруашылығы мен өндіріске бет бұру керек.

Әнші мен боксер, футболшысыз да таң атады. Олар халықты асырамайды! Бәрі елдің ертеңін ойлауы керек, қазірдің өзінде тамағымызды тауып жеу мен киіміміз бүтін болуы үлкен сұраққа айналып барады», — деген кәсіпкерге көпшіліктің бұл тұрғыдан не ойлайтыны қызық.

 Мәселен ол, жазбасының соңын «Сіздің пікіріңізді білейін деп едім. Құрметпен Ахметбек Нұрсила!» деп аяқтады.

[:]