[:kz]
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов мұрнына ота жасатты. Ол ұзақ жылдар бойы дұрыс дем ала алмай жүрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Белгілі спортшы ота кезіндегі және кейінгі суреттерімен Instagram парақшасында бөлісті. Видео кадрларынан Қуат Хамитовтің ота үстелінде жатқанын аңғаруға болады. Ал отадан кейінгі суреттердің бірінде спортшының мұрны байланғанын, ал екіншісінде құлағындағы тігістерді байқауға болады.
«Ота сәтті өтті. Бір айдан соң қатардан көрінеміз, иншаалла», — деп жазды ол. Көпшілік аралас жекпе-жек шеберіне тезірек сауығып кетуін тіледі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қуат Хамитов сегіз жыл бойы дұрыс дем ала алмай жүргенін, алдағы уақытта ота жасауға ниетті екенін айтқан еді. Одан бөлек, аралас жекпе-жек шебері жеке партиясын құратынын мәлімдеген болатын.
«Ресми түрде мәлімдеймін. Мен өзімнің жеке партиямды құрамын. Мен бұл істі қазір іске асырғым келмеген. Алайда менің мемлекетім оның тезірек ашылуына ықпал етіп отыр. Бұл партия кімнің кінәлі екенін және кімнің не істеп жатқанын айту үшін құрылмайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Партия халық даусын есту үшін құрылмақ. Біздің үкіметтің басты проблемасы да осы. Олар халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Бұл партияны ашу үшін ешқандай кедергі туындамайды деген үміттемін. Себебі, біздің мемлекет еркін ел емес пе?! Менің есігім барлығы үшін ашық. Қалаушылар менің партияма қосыла алады» , — деп жазған еді Қуат Хамитов.
[:]