АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Құдай сақтасын!»: Балғынбек Имашев «қарасөз» жазып, Абайдың ізін баспақ па?[:]

[:kz]

Ваин түсіру? Жоқ, түсіре алмаймын. Түсірер едім, қалайша түсірудің мәнісін де білмеймін, не болсын деп түсірем, көрерменді қай ютубарнаға, қай харекетке қосайын? Нұртас пен Нұрлан секілді, Қайрат пен Баян, Төреғали мен Ерке құсап кино түсіруді де ермек қыла алмадым.

Қарасөзден қаймақ айыратын белгілі айтыскер ақын, Жүрсіннің жүйрігі Балғынбек Имашев Абайша тебіреніп, орамды ойларын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Сөзінің  әлқиссасын Абайдың сөзімен бастаған ол, алдағы уақытта не істеп, не қоярын ойлап, қиялын сан-саққа  жүгірткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жаңа сөздер. Абай-175
БІРІНШІ СӨЗ
2019 біткенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір, бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық-жұлыстық, айтыстық-тартыстық — әурешілікті көре-көре жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай, Абайша ойландым.

Сетевик болу? Жоқ, желілік бизнес маған қол емес. Болымсыз дертке ұшырайын деген кісі болмаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар боламын демесе, бізді Құдай сақтасын!

Кітап жазу? Жоқ, жаза алмаймын. Психологияны оқып, ертелі-кеш афирмация айтып жүргендер керегінше өздері жазар. Енді қартайғанда қатарластарың түгіл, туған балаларың оқымайтын, министрлік тегін шығарып, қаламақы төлемейтін кітап жазып, әкімдерге кіріп, кітабымды өткізіп беріңіз деп немесе конкурс өткізіп қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Телеарна ашу? Жоқ, аша алмаймын. Ертелі-кеш ән шырқатып, сапасыз бейнебаяндарды мың айналдырып, еш мәселе шешілмейтін ток-шоуларды қаптатып, дәмсіз әзіл-сықақ бағдарламалар мен мәнсіз сериалдар арқылы елді аздырып-тоздырудың несі қайыр? Рухани хабар жасаймын деп діншіл, арабқұл, уахаби атанудың өзі — бір тез қартайтатұғын күйік.

Партия құру? Жоқ, ол да болмайды, оған да әділдік керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір әділдік жоқ, екі президенті де, бүкіл әкімдері мен үкімет мүшелері де, қос палатасы да бір партияның шеңберін шиырлаған осы елде, осы жерде не қылған жаңа партия?

Ваин түсіру? Жоқ, түсіре алмаймын. Түсірер едім, қалайша түсірудің мәнісін де білмеймін, не болсын деп түсірем, көрерменді қай ютубарнаға, қай харекетке қосайын? Нұртас пен Нұрлан секілді, Қайрат пен Баян, Төреғали мен Ерке құсап кино түсіруді де ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді инстаграмға жаза берейін, әлеуметтік желі мен жел сөзді ермек қылайын, кімде-кім ішінен жөн сөз тапса, лайк бассын, я репост қылсын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, бәрібір Жүрсін Ерман айтысқа жюрилікке де шақырмайды, енді менің сатира жазудан басқа ешбір ресми жұмысым жоқ», — деп жазды, әндетіп айтысатын ақын instagram парақшасында.

Ақын сөзінің астарына үңілсек, оны ойландыратын мәселелердің көп екендігін аңғаруға болады.

[:]