[:kz]
Әлеуметтік желілерде таралып кеткен Арыс қаласындағы апат туралы видеолардың ішінде жарылыс мешітке түк те зиян тигізбегенін анық көруге болады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Алланың құдыретінің бірі ғой» деп халықтың таң қалғаны айдан анық. Қарсы беттегі тұрғын үйдің терезесі сынғанын, алайда, мешітке түк те зиян тимегенін анық көруге болады.
Видео авторының мешіттің бір шарбағы қисайып немесе терезесі шытынамағанын, керісінше қарсы беттегі тұрғын үйлердің терезелері сынғанын айтып, таңданыс білдіріп, Құдайдың құдыретін таң қалғанын анық естуге болады.
[:]