АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Құдыққа түсіп кеткен: Түркістан облысында жоғалған ер адам табылды[:]

[:kz]

Түркістан облысында үйінен мал іздеп шығып кеткен ер адам араға 2 күн салып, аман-сау табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 14:00-де Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне 2 күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті», — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 

 

Оның айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника), Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды.

«16 наурызда сағат 15:10-да құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен. Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кірісті. Олар құтқару жібінің көмегімен ер адамды құдықтан алып шықты. Ер адам медицналық көмекке мұқтаж емес», — делінген ТЖМ өкілі таратқан ақпаратта. 
 

[:]