АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Күйеу баланың бет-жүзін көрмедік»: Елімізде онлайн-құдалық жасайтындардың саны артты[:]

[:kz]

 

Бүгінгі таңда ұл-қызы шетелде жүріп бас қосқан құда-құдағилар қатары көбейіп келеді. Бесік құда дәстүрінен баяғыда жеріген жұрт ендігіде күйеу бала, келіннің бет-жүзін көрместен құдаласып жатыр.

KAZ.NUR.KZ тілшісі қазақ қоғамында белең алған құдаласу салтының жаңа сипатын саралап көрді. Құдалық — мың жылдық. Дәстүр бойынша ата-аналары бір-біріне құда түспей жатып, қос ғашық ерлі-зайыпты деп есептелмейді. Қазіргі таңда әр түрлі себеппен шекара асып кеткен қыз-жігіттер сол елде көңіл жарастырып, сонда қалуды мақсат етсе, елімізде құдаласу дәстүрін екі жастың қатысуынсыз өткізе беретін болған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кореядағы Қазақ Қауымдастығы (@qazaq.alliance.in_korea)

Оңтүстік Кореяда жүріп танысқан Дастан мен Қорлан есімді жастар да сол елде некелеспекші. Жігіт болашақ қалыңдығына былтыр күзде үйленуге ұсыныс білдіріпті. Өміріндегі ең жауапты шешімді шетелде қабылдауға бел буған екі жас құдалыққа онлайн қатысады.

«Біз Кореяда таныстық, басында елге қайтып, той жасаймыз деп ойладық. Бірақ ол жаққа барғанда не істейміз, одан да осында тағы біраз жұмыс істей тұрайық деп шештік. Болашақта елге қайтатын ойымыз бар. Алда құдалық жоспарланған, ал осында өзіміз достарымыздың басын біріктіріп, кішігірім атап өтеміз», — дейді қалыңдық. Қалыңдықтың анасы Майра Есжанова күйеу баланы көрмесе де, қызын ұзатуға қарсы емес екенін айтты. Ол балалардың қатысуынсыз сырттай құдандаласуға іштей дайындалып жүргенін жеткізді.

«Екі жастың қатысуынсыз құдаласып жатқандар көп. Енді күйеу баламды көрмесем де, қызыма сенемін. Күйеу баласын күнде көретін, дүрілдетіп той жасаған отбасылардың арасында көңілі жараспай, ажырап қалғандары қаншама. Сондықтан, мәселе онда емес. Алыста жүргендіктен тек амандықтарын тілеймін.

Бірінші рет осылай құдаласайын деп отырмыз. Іштей болашақ құдаларымды қабылдауға дайындалып жүрмін. Қазіргі жағдайда үлкен той жасамаймыз. Сондықтан балалардың қайда болғаны маңызды емес», — дейді ол. 

«Менің тәжірибемде мұндай той болған. Екі құда екі түрлі ойда болды. Біріншілері той жасау керек десе, екіншілері жиынға қарсы болды. Ақыры той жасалды. Бірақ балалары шетелде болды. Бірақ өзі жоқтың көзі жоқ дейді ғой. Тойдың барысында бұл мәселе айтылды. «Біз енді кімге бата береміз, кімге тілек айтамыз. Қалай бұл?», деп біраз ренжіген адамдар болды. Менің пікірімше бұл дұрыс емес. Қазір сырттай деген нәрседен талай опық жеп жатырмыз. Қазақта барлық мәселе дастарқан басында шешілген», — деген пікірде Қосқанат Көпжасар.

Қалай болғанда да, KAZ.NUR.KZ порталы қос ғашыққа баянды махаббат, іргетасы мықты отбасын құруды тілейді.

kaz.nur.kz

 

[:]