АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Күйеуінен таяқ жемеген әйел — әйел емес » Отандық арналардың бірінен әйелге қатысты зорлық-зомбылықты дәріптейтін сериал көрсетілуде[:]

[:kz]

Картинки по запросу Күйеуінен таяқ жемеген әйел - әйел емес!": Отандық арналардың бірінен әйелге қатысты зорлық-зомбылықты дәріптейтін сериал көрсетілуде

Отандық арналар, мәдениет ошағы болып есептелетін театр сахнасынан, қалаберді той-домалақтарды әйелге қол көтеруді қалжыңға айналдырып, дәріптеу белең алып келеді. Отандасымыз Фариза Оспан өзінің парақшасында күнделікті халық миын улайтын контенттен үзінділер салып, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықты доғаруға шақырады. 

Айта кетсек, БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, жыл сайын әлемде 50 мыңға жуық әйел, қыз бала ерлердің қолынан қаза табады. Қаскөйлердің басым бөлігі — туған әкелері, жұбайлары, өгей әкелері. Қазақстанда бұл көңіл көншітпейтін цифра 400 адам шамасында. Күні кеше астанада азамат заңдық некедегі жұбайын ұрып-соғып, артынан үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген. Әйелдің 75% денесін күйік шалып, тек аяғының тізесінен төмен бөлігі ғана аман қалды. Бірнеше апта аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан келіншек тілге келместен бақилық болды. 

Осы күнге дейін әйелдің «шыдамды, төзімді болуы», «балалар үшін шыдауы», «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деген керітартпа сөздердің кесірінен қоғамымызда, мәдениетімізде әйелге қол көтеруде тұрған ештеңе жоқ деген сенім қалыптасқан. 

Осыдан 20 жыл бұрын «Шаншар», Тамаша» әзіл-сықақ театрларында дәріптеліп келген әйелге қатысты зорлық-зомбылық тақырыбы заман көш ілгері басса да толастар емес. «Шаншар» жетекшісі Уәлибек Әбдірайымовтың бір скетчінде «Әйелімді салып қалсам, ұр-ұр, тағы ұр деп деп айқалайды. Сосын өзі ұр деп сұрап тұрғасың, қалай ұрмайсың?!» деген кейіпкердің сөзі тіпті аңызға айналды десек артық емес.

Отандық сазды телеарналардың бірінде жарық көретін «Сериал емес» деген топтаманың бір шығарылымында оқытушы күйеуі өзіне қол көтергенін ақтауға тырысуда. 

Арна басшылығы мен продюсеріне хабарласқан бір топ белсендінің әрекеттері еш нәтиже әкелмеді. Арна өкілдері жаауап беруді жөн көрмеді. Нұртас Адамбаев, Тимур Балымбетов, Калияның бастамасымен бір топ белсенді еліміздің құқық қорғау органдарына арызданып, Ішкі істер министрлігі аталған сериалдан зорлық-зомбылықты дәріптейтін элементтердің бар-жоғын тексеруге уәде етті. Әзірге телетоптама көрсетіліп жатыр. 

[:]