АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Күйеуінің қорлығына шыдамаған»: Жамбыл облысында таң намазынан соң жоғалған әйел аман табылды [:]

[:kz]

 

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында тұратын төрт балалы келіншек Әйгерім Баястанқызы ауылдастары мен туған-туыстарын аяғынан тік тұрғызды.

Ол күйеуімен бірге намаз оқып, таң намазынан кейін із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы танымал журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Адамдар қайда жоғалады? «Қазір келемін» деп үйден аулаға шығып, содан мәңгілік ғайып болатындар қайда кетеді? Жер жұта ма, біреу ұрлап кете ме? Бұл сұрақ маған бала кезден қызық болатын, сондықтан болар адам жоғалтқандар соңғы үмітін үкілеп маған жазады. Бұл жолы бәріміз жабылып Әйгерім Баястанқызын іздейік! 30 жасар келіншек Жамбыл обл, Жаңатас қаласының тұрғыны. Жап-жақсы жары, 4 баласы бар намазхан отбасы. 11.07.21 жылы жолдасымен бірге таң намазын оқып, құмған ұстап далаға шыққан, сол күйі ұшты-күйлі жоқ.

Қазір келер деп күйеуінің көзі ілініп кеткен екен содан таң алакеуімде баланың жылағанынан оянады. Баланың үлкені 8-де, кішісі 2-ге толмаған емшектегі сәби. Әйгерім өзімен бірге құжатын алған, сол түні Тараз қаласына таксимен жеткені белгілі болады. Көктемде жұмыс істеймін деп чиккен сатқан, содан кейін мінезі сәл өзгергендей болды дейді жақындары. Түнгі таксиге ақшаны сол тауық сатқан напарник жігіттен алған», — деп жазды журналист.

Кейіннен Әйгерімді Гүлмира Әбіқайдың парақшасын оқитын адамдардың тауып бергені белгілі болды.

«Әйгерім табылды! Намаз оқығанның бәрі періште емес, соны білдім. 11/07 күйеуімен бірге таң намазын оқыған соң ұшты-күйлі жоғалып кеткен 4 баланың анасы жайлы кеше жаздым. 60 күн бойы Жаңатас жұрты сабылып іздеп жүрген Әйгерімді менің оқырмандарым жазбадан 2 сағаттан соң тауып берді. Бастысы аман, Жаңатастан алыста, Қазақстанда. Ерігіп, жаңа бай тауып баладан безген жоқ! Енесі мен намазхан күйеуінен көрген қорлыққа шыдамай бас сауғалаған.

Оның үстіне қайда барсаң да баланы алып аламыз деген соң құжатсыз, шарасыз, қорғаусыз қалған сияқты.

Қазір жоғалған келіншек таңнан түнге дейін дәмханада ыдыс жуады, аядай бөлмені жарқыратып ұстап, жұмысына ұқыпты, артық мінезі жоқ деп қожайын мақтап отыр. Ішінде 4 баладан тірідей айырылған қасірет тұнып жатса да жан баласына білдіртпеген шыдамына тәнті болдым. Қайран әйелдер, бар ауыртпалықты арқаласа да құдай бізге қыңқ демейтін күш берген Әйгерім қырғыздың қызы, азаматтығы бар жоғын білмедім, мен әйелді қорғаймын Анадан емшектегі сәбиді ажыратуға ешкімнің хақы жоқ!», — деп қорытындылады Гүлмира Әбіқай.

/kaz.nur.kz

 

[:]