[:kz]
 Желіде қара нәсілді қыздың басына ақ орамал тағып, күйеуі мен оның туыстарына шай құйып жүрген видеосы жарияланды
Желіде қара нәсілді қыздың басына ақ орамал тағып, күйеуі мен оның туыстарына шай құйып жүрген видеосы жарияланды
Қара нәсілді қыздың қазақтың салт-түрін сақтап, күйеуі мен оның туыстарына шай құйған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Instagram әлеуметтік желісіндегі ztb_video парақшасында қара нәсілді қыздың басына ақ орамал тағып, күйеуі мен оның туыстарына шай құйып жүрген видеосы жарияланды. Келіннің орысша түсінбейтіні айтылады. Видеодан келіннің қазақтың салт-түрін сақтап, күйеуінің әкесіне шай берген сәтін көруге болады. Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
«Жақсы келін болатыны көрініп тұр. Әдемі екен. Күйеуінің талғамы жоғары болғаны ғой», — деп жазды желі қолданушысы.
Ал енді бірі: «Маңыздысы күйеуін сүйіп, оның ата-анасын сыйласын. Ал оның түр-түсі маңызды емес», — дейді. Алайда кейбір желі қолданушылары видеодағы оқиғаның шынымен болғанына сене алар емес.
[:]


