АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Құны 40 млн: Әсел Асқар ажырасқаннан кейін «Гелендвангенді» күйеуіне қайтарып берген[:]

[:kz]

 

Танымал блогер Әсел Асқар күйеуін әлі де жақсы көретінін жеткізді. Жүкті болғандықтан, эмоцияға тез берілетінін, дәл осы шақта маңызды шешім қабылдауға асықпайтынын айтты.

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының Taboo бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Әсел мен Айбектің ажырасуына жігіттің әкесі мен қарындасы себеп болған. Бір қызығы, ажырасқаннан кейін Әсел күйеуі сыйлаған «Гелендваген» көлігін өзіне қайтарып берген. Бірақ Айбек өзінің астындағы көлікті Әселге қалдырған.

«Ер адамның сені жақсы көргеннің бір көрінісі – сатып алған нәрсені сенің атыңа жазып бергені. Қайын сіңлім сол көлікті қайта сұрап хабарласты. «Сен кіріспе, ағаң берген нәрсеге мұрныңды тықпа» деп аузын жаптым.

Содан кейін Айбек те айта бастады. Ол мені қайтара алмай жатыр. Көлік бұл жерде сылтау болып тұр. «Қайт немесе көлікті қайтар» деген сияқты. Жүкті екенімді білген соң, сұрағанды қойды», — дейді Әсел.

 


Аяғы ауыр екенін білген соң, күйеуі қайта қосылуға ұсыныс жасапты. Алайда Әсел әзірге оның бетін кері қайтарумен келеді. Ал күйеуінің туыстары Әселдің жүкті екеніне сенбеген.

«Жүкті болғаным Алланың тосын сыйы болып тұр. Дәл ажырасқаннан кейін жүкті екенімді білдім. Олардың ойынша, мен Айбекті солай қайтарғым келеді», — дейді Әсел.

[:]