АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Купеге кезек-кезегімен кіріп зорлады»: «Тальго» жолсеріктеріне сот үкімі шықты[:]

[:kz]

«Тальго» пойызында ақтөбелік аруды зорлады деген күдікке ілінген жолсеріктерге қатысты сот үкімі шықты. Олардың екеуі де 2,5 жылдан бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

«Тальго-Тұлпар» пойызының жолсеріктері Қолқанат Құлманиязов пен Жетес Үмбетәлиевке қатысты сот үкімі шықты. Алғашқысы 2,5 жылға, кейінгісі 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. 

Оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Ақтөбеліктің айтуынша, пойызбен үйіне қайтып келе жатқан жолда түнде жолсерік купесіне кіріп, сол жерде оны зорлап тастаған. Осыдан кейін екінші жолсерік кіріп, қайта зорлаған. Алайда жолсеріктердің туысы олардың қызды зорлағанына сенбейтінін айтқан болатын. Мұны, тіпті, бойжеткен ақша өндіріп алу үшін жасап отыр деп сөкті.   

Бүгін Қостанай облыстық сотында оларға қатысты үкім шықты. Алайда жәбірленушінің адвокаты сот үкімімен келіспейтінін айтады. 

Stan.kz 

[:]