АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Құпия кездесу»: Нығматулин, Жақсыбеков және Мәминнің кездескен фотосы жарияланды[:]

[:kz]

 

Желіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мәмин, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділбек Жақсыбековтың кездескен фотосы пайда болды деп хабарлайды sn.kz

Бұл туралы журналист Кирилл Павлов өзінің telegram-арнасында хабарлады.

«Ескі Қазақстан» элитасының не үшін кездескені белгісіз. Бірақ желі қолданушыларының ойынша, «Президент сайлауында Тоқаевқа қарсы үміткерді таңдап отыр».

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасынан кейін, Мәмин премьер-министр лауазымынан, ал Нығматулин Мәжіліс спикері лауазымынан отставкаға кетті. Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерация басшысы мен «ҚазТрансГаз» директорлар кеңесінен төрағасы қызметін кетуге мәжбүр болды.

 

[:]