АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: 1840 – 1860 ж Франция

Жоспары:

 

                  І     Кіріспе.

 

 ІІ    Негізгі бөлім:

 

 а) 1830-1848 шілде-монархиясы.

 

 ә) 1848 жылғы ақпан революциясы.

 

 б) Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі.

 

 в) Мемлекеттік төңкеріс, екінші империяның орнауы

 

 г) 1852-1870 жылдарғы Екінші империя тұсындағы Франция.

 

ІІІ    Қортынды.

 

IV   Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:    1840 – 1860 ж Франция.

 

Франция – Батыс Европадағы ірі капиталистік мемлекеттердің бірі. Жерінің аумағы жөнінен шетелдік  Европада 1 орын алады. Солтүстігінде және оңтүстік шығысында Бельгия мен Германия федерациясының республикасымен, шығысында  — Швецария, Италиямен, оңтүстік батысында – Испания мен   шектеседі. Солтүстік  батысын Па – де – кале және Ла – Манш бұғаздары, батысын – Атлант мұхитының Бискай шығанағы, оңтүстігін – Жерорта теңізі шаяды. Оңтүстігіндегі коршка, Жерорта теңіздік, және Бискай шығанағындағы бірқатар шағын аралдар Францияға қарайды. Жері – 551,6 мың км, халқы 52,8 млн (1976ж). Астанасы Париж қаласы. Францияға 4 “ теңіз сыртындағы департамент ” (Мартиника, Гводелупа, Гвиана, Франциялық реоньон) және               “ теңіз сыртындағы аймақтар ” ( жаңа Каледония, француздық поликезелия, Афолор және Исса иелігі Сфен – Пьер және Микелон аралдары бағынды. Әкімшілік жағынан 95 департаментке  бөлінеді. 5 тарихи провинцияның да ( Лотарингия, Эльзас, Бретань, Карманьдия, Прованс) маңызды сақталған. Бесінші республика болып аталады. Францияның тарихы жайлы осы мен қолданған кітаптарда толығымен жазылған.

Шілде монархиясының орнауы.  Үкімет 1830 ж. шілде депутаттар палатасын  тарату және сайлау правосын бұрынғыдан да көбірек тежеу жөнінде жариялады. Оған жауап ретінде Парижде ревалюция бұрқ ете түсті. Оны жасаған жұмысшылар, қолөнершілер, алдыңғы қатарлы студенттер болды. Көтерілісшілер республика  орнайды деп үміттеніп, астананы алды. Қайтыс болған XVIII Людовиктің інісі король X Карл және көптеген ақсүйектер шетелге қашты.

Халық бұқарасында ұйымшылдықтың болмауын  пайдаланып, монархияны  сақтап қалуды қалаған ірі  буржуазия  өкіметті басып алды. Банкирлер мен ірі газеттердің  қожалары уақытша үкімет  құрды. Депутаттар палатасы құлатылған  Бурбондардың  туысы Луи Филипп Орлеанскийді король етіп жариялады. Оның басқаруы шілде монархиясы деп аталды және ол 1848 ж. дейін өмір сүрді. Тек бай меншік  иелеріне  ғана сайлау  правосы  кеңейтілді. Сайлаушылар саны өсті, бірақ ол халықтың  1 процентінен аспады.  Орта буржуазия, ұсақ дүкеншілер, қолөнершілер, жұмысшылар мен шаруалар саяси право ала алмады. Банкир Лаффит: «Бүгіннен бастап Францияны  банкирлер билейтін болады»,  — деді. Оның айтқаны келді.  Өкімет билігі ескі  феодал ақсүйектерден  буржуазияның  жоғарғы тобына – банкирлерге, аса ірі  өнеркәсіп  және жер  иленушілеріне, темір жол, көмір кені иелеріне  ауысты. Бұл жаңа финанс ақсүйектері еді.

Капитализмнің дамуы. Қалпына келтіру және  Шілде монархиясы  жылдарында Францияда  өнеркәсіп пен сауда, жол және канал құрылысы өсті, темір жол пайда болды. Капитализм ауыл шаруашылығына  тереңдеп ене берді.

Өнеркәсіпте  станоктары және бу машиналары бар өз  заманындағы ірі фабрикалар  пайда болды, шойын балқыту  және көмір  өндіру өсті.  Алайда Франциядағы өнеркәсіп төнкерісі  Англиядағыдан гөрі әлдеқайда баяу жүрді. Фабрикаларға  қарағанда мануфактуралар өте көп болды. Ұсақ  шеберханалар басым еді, бұл жөнінен  Франция Европада жетекші орын алды.

Француз деревнясында ұсақ, өте мардымсыз жер учаскелері  бар қожайындар барынша басым болды, олар бүкіл  семьясымен  ертеден  кешке дейін  жыл бойы жұмыс істесе  де тапқандары  күнделікті  өміріне бірде жетіп, бірде жетпеді.

Шілде монархиясы кезеңінде  Франция бай Алжир отарын жаулап алды. Француз әскері онда  1830 ж. шілде революциясының қарсаңында – ақ барып түскен болатын, бірақ Алжирді басып алу үшін бірнеше  онжылдықтар керек болды. Тонаушылық , отаршылдық – соғыстар капитализмге тән қасиет. Францияның  билеуші топтары соғыс халық  бұқарасының назарын капиталистік қанау туғызған  қиыншылықтардан аударады деп үміттенеді. Алжир халқы  шапқыншыларға табанды қарсылық көрсетті. Полициялық қуғындау  Шілде монархиясының  тәртібіне жұмысшылардың  ғана емес, сонымен қатар  орта және ұсақ  буржуазияның  да назарлығын  тоқтата алмады. Жұмысшылар және бірқатар ұсақ буржуазия  арасында  республикалық  идеялар тарады.

Лион  көтерілісін басқарғаннан кейін  Францияда республикалық  астыртын  қоғамдардың  әрекеті күшейді.  Олардың ішіндегі ең ірісі революционер Огюст Бланки басқарған « Жыл мезгілі қоғамы» еді. Бабефтің  көзқарастарын  зерттеген  Бланки коммунистік  идеялардың  жақтаушысы болды. Ол батыл, әрі майталман  күрескер ретінде  қимыл жасады. Бірақ Бланки  бұқаралық  қозғалыстың  ролін түсінбеді,  жұмысшы табының  тарихи ролін көрмеді. Ол ер жүрек  революционерлердің  астыртын  тобымен  капиталистік  құрылысты құлатуды іске асыруға болады деп  ойлады. Бланкидің  атымен байланысты бланкизм деген сөз халық  бұқарасына сүйенбей – ақ, күрестің астыртын  тактикасын жүргізуді көрсетеді. Бұл тактика еш уақытта өзін ақтаған емес.

Орта буржуазияның  бір бөлігі республиканы енгізуді  және сайлау правосын  ұлғайтуды қалады, бірақ  оны халық  бұқарасына, әсірісе жұмысшыларға бергісі келмеді. Ұсақ буржуазиялық  республикашылар ерлер үшін жалпыға бірдей сайлау правосы бар  демократиялық  республика орнатуды, кедейлердің жағдайын жеңілдететін бірқатар шара  қолдануды, ең алдымен  барлығына  еңбек ету правосын қамтамасыз ету, яғни жұмыссыздықты жоюды,  жұмыс алғысы келетіндердің бәріне жұмыс істеу правосын  беру керек деп есептеді.

40 – ж жаппай жұмысшылардың қозғалысы.  1840 жылдары XIX ғ жұмысшылар қозғалысы жаңа сатыға  көтерілді. Парижде 1846 жылы 262 жұмысшы ұйымы құрылды.  Көп жерлерде осы  жұмысшы ұйымдары көтерілістер ұйымдастыра бастады.  Француз жұмысшыларының Францияда  тұрып жатқан неміс  жұмысшыларымен қарым – қатынастары жақсы болды.  Жұмысшылар мен әскери адамдар  арасында соқтығыстар болды.  1840 жылы шілде – тамыз айларында Парижде жұмысшылар  көтерілістерге шықты. Бұл көтерілісті 7 қыркүйекте үкімет  басшылары басып тастады. 1844 ж рив – де – Жье деген уголь  бассейінің  мазонда  матерлардың бір жарым айға  созылған ереулі  болды.

Гизонның басқаруы (1840- 1848 ) 1840 жылдан бастап Гизо шетелдер ісі жөніндегі  министр болып сайланып,  елде бишілік жүргізді, ол 1847 жылдан бастап елде билікті ресми түрде жүргізді. Гизонның үкіметі  ұзақ және орта буржуазияның  барлық мүмкіндіктеріне шек қойды. Француз өнер – кәсіп буржуазиясы Гизоның  ішкі және сыртқы саясатына  да қарсы болды. Француз  өнеркәсіпшілер үкіметтен сыртқы саясатта белсенді болуын талап етті. Алайда Гизо үкіметі Англиямен қақтығыстардан  қалып отырды.  Осылайша Гизоның сыртқы  әлсіз жүргізуінің  себебі қаржы мәселесі болды. Бұл саматты Маркс  “ соғыс қағаздың  3- 4% төмендетеді ”  деп түсіндірді. Гизо үкіметі Европадағы революциялық  қозғаласқа дейін көтерілгенге қрықты және Австрия, Испания, Швецариямен  қарым – қатынасын түзеді. Гизо осылайша  тыныш соматты ұстады.

Алжирді жаулап алуы ( 1830 – 1847)  Шілде монархиясы  қарсаңында Франция  бай Алжир колонасын жаулап алды. 1830 жылы 30 мыңдай француз әскерлері Алжир қаласын жаулап  алған болатын. Бірақ халқы  табандылық пен күресті. Жаулап алушы француз әскерлері  Алжирда ұзақ қақтығысты. Талантты алжир қолбасшысы  Абд – Эль – Кадир  бастаған отряды француз әскерлерімен  ұзақ қақтығысты.  Мыңдаған француз әскерлері  Алжир халқына  өрт жаудырып, қаланы тонады.  Әйел балаларын да қырды. 1845 ж француз  әскерлері таулы  дара аймағына алжир  халқын қуып  сол жерде оларды түтінмен түншықтырып тастады.  Осындай аяусыз  іс әрекеттері генерал Кавеньянға қолданды. 1847 ж француз армиясы Абд – Эль – Кадирдің әскерлерін қоршап алды.

Ақпан революция қарсаңында. 1846 – 1847 жылдардағы экономикалық дағдарыс басталды. Ол көп елді оның ішінде францияны да  қамтыды, елде  революциялық жағдай туды. Дағдарыс революцияның басты себебі емес еді, бірақ ол революциялық жағдайдың пайда болуына  көмектесті, соған қоса халықтың көргезылығын, кедейлік пен  жоқшылықты одан әрі күшейте түсті. Елде саяси күрес те шиелінесе түсті. Жаппай жұмыссыздық етек алды, еңбекке аңы тосау екі есеге дейін төмендеді.

1848 – 1849 ж Европаның көптеген  елдерінде жаңа  буржуазиялық революциялар болды. Ол Францияны бірқатар герман итальен  мемлекеттерін Австрия империясын  қамтыды. 1848 – 1849 ж  революциялар капитализімнің  өнер-кәсіп  буржуазиясының, жұмысшы табына, одан әрі өсуінің  нәтижесі еді.

Герман Итальян  мемлекеттеріндей Австрия империясындағы революциялар феодалдық тәртіптердің капиталистік  дамудың одан әрі  өркендеуіне кедергі болуының салдары еді, францияда жағдай басқаша  болды. Ондағы феодалдық тәртіптер  1789 – 1794 жылдардағы және 1830 ж революциялардың барысында жойылған болатын. Алайда шілде  монархиясының  тәртібі өнеркәсіп  және сауда буржуазиясының  ауқымды тобының  мүддесіне сәйкес  келмеді, жұмысшы табының  және бүкіл халықтың  паразылығын және  өшпенділігін тудырды. 1848 ж Франциядағы революцияны капитализімнің ішкі қайшылықтарының дамуын туғызды және ол жұмысшы  табының буржуазиялық құрылысқа  қарсы күресінің  барынша  шиеленіскен жағдайында өтті.

Революцияның себептері: шілде монархиясы тұсында  француз буржуазияның барлығы түгелдей  үстемдік жүргізген  жоқ, тек оның бір  франциясы ғана жүргізді,  — деп жазды К. Маркс. Бұлар ең алдымен банкирлер, темір жолдардың, көмір шахталары мен  темір рудниктерінің және орман иелері еді. Сайлау правосы елдегі халықтың  процентінен азы ғана  пайдаланды. Жұмысшылар мен шаруалар ғана емес, сондай – ақ орта және ұсақ буржуазияның да депутаттары сайлауға правосы болмады, демек буржуазияның көпшілігі бүкіл халық саяси правосыз қалды. Алайда буржуазияның немесе  “самарқау республикашылар  жұмысшылардың тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі шараларға батыл қарсы шықты.  Буржуазияның басым көпшілігі жиналыс, банкеттерге сайлау правосын  кеңейту туралы талаптар арқылы шілде монархиясынан жеңілдік алуға болады деп сенеді.

Республиканы ең батыл  тақтаушылар жұмысшылар болды: олардың басым көпшілігі еңбекшілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін, ең алдымен, жұмыссыздықты жоятын барлық азаматтар үшін еңбек  ету правосы туралы заң  қабылдайтын, жұмыс күшін қысқартатын еңбек жағдайын жақсартатын республиканы талап етті. Жұмысшылардың бұл талаптары буржуазияға аса күшті үрей туғызды. Гролеторматтың  таптық күресінің өсуімен бірге, өнеркәсіп буржуазиясымен бүкіл халықтың финанс ақсүйектерінің үстемдігіне  наразылығы – франциядағы 1848 ж революцияның  негізгі себептері  болды. К. Маркс революцияның кезеңдерін үшке бөлді: 1) Ақпан кезеңі – ол 24 ақпаннан 4 майға дейін 1848 жылдық; 2) республика кезеңі немесе халық жиналысы – ол 4 майдан 1848 – 1849 жылдардың 28 майына дейін; 3) Конститутцияның республика немесе заңда халық жиналыс кезеңі – ол 1849 ж 28 майынан 1851 жылдың екінші желтоқсанына дейін.

Ақпан революциясы 1848 жылғы. 1847 ж 28 желтоқсанда парламенттің заңды сессиясы ашылды. Буржуазияның наразы топтары  ақпанда бірқатар  жиналыс өткізіп, сайлау цензісін төмендетуді талап етті. Жиналысқа халық  тобымен келе  бастады – бұқараның  белсенділігі артты.  Бір үлкен жиналыс  өткізбекші болғанда , оған үкімет тиым салды. Буржуазия қайраткерлері жиналысқа бармай қалды, бірақ сонда да, жиналыс өткізілетін орынға қарай, мыңдаған адам – жұмысшылар, қол — өнершілер, студенттер қаптап келе жатты. Астыртын әрекет жасайтын  революцияшыл қоғамдар халықты көтеріліс  жасауға шақырды. 24 ақпанда барлық Парижде халық баррикада құра бастады. Келесі күні зәресі ұшқан король министірлердің орнынан түскенін  жариялады, бірақ революция басталып кетті. Халық бұқарасы көшеге шықты. Үкіметтің реформаны жақтаушылардың кезекті банкетін тарту әрекетіне қарсы көтерілісіне  шыққан халық патша сарайын шабуылымен алып, корольдің тағын бастилия алақына өртеп жіберді. Мұнымен халық монархияға қарсылығын білдірмек болған еді. Луи Филипп Англияға қашып кетті. Буржуазия көтерілісшілер талабына көніп, республиканы жариялады. Революцияның шешуші күші  жұмысшылар республика өздеріне әлуметтік озаттық әпереді. Кешкісін әскер демонстрацияға  қатысушыларға оқ жаудырды. Көп адам өлді, жараланды. “ Қару алыңдар! ”  “ Бауырластарымызды өлтіріп жатыр! ” деген айқай шықты. Бұған үн қоса көтерілген астананың еңбекші бұқарасы жабыла сапқп тұрды. Түні бойы қаланың  шығыс кварталдарында  көптеген баррикадалар құрылды. 1848 ж 24 ақпанда көтерілісші халық қару – жарақ  қоймаларын және  астананың басты пунктерін басып алды. Шілде монархиясы құлатылды.

Уақытша үкімет республикасының орнауы. Еңбек ету құқығы олардың басты ұраны болды, қарулы көтеріліс ревалюцияны жеңіске жеткізді. Бірақ депутаттар палатасы үкіметті король семьясындағылардың біреуіне беруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде палатаға басып кірген қарулы көтерілісшілер дауыс көтеріп  “ республика жасасын! ” деді.  Көтерілісшілердің қысымымен  депутаттар палатасы буржуазиялық қайраткерлерден құрылған уақытша үкіметті бекітті. Осы уақытша үкіметтің мүшелері буржуазиялық – республика газеті “ Пасиональ ”, солшыл республика газеті “ реформада ” да жарияланды. Үкіметтің басында іс жүзінде  атақты француз поэт – романтик  А. Ламартин тұрды, ол шетел істері жөніндегі министр болды. Үкіметке ұзақ екі буржуазия өкілдері кірді – А. Ледрю – Роллен, ол ішкі істер жөніндегі министр болды және Флонон, ол “ реформа ” газетінің бас редакторы болды.

Уақытша үкімет үш топтан құралды: буржуазиялық республикашылар, ұсақ буржуазия демократтары және социалистер. Үкіметте басқару ісі  буржуазиялық республикашылардың  қолында болды. Уақытша үкіметтің председателі адвокат Дюптан болды.  Социалистік Луи Блан мен Альбер  портфельсіз министрлер болды. Үкіметтегі басты ықпалға республикашылар “ самарқаушылар ” ие болды.

Көтерілісшілердің көзілін аулаған болып, үкімет құрамына Лион көтерілісіне қатысқан жұмысшы Альбер және ұсақ буржуазияшыл демократ әрі социалист Луи Блан енгізілді. Іс жүзінде Луи Бланның жұмысшылардың мүдделеріне көзқарасы алшақ еді. Ол пролетарларды қожайындарымен келістіруді көздеді жіне одан ертеректе социализімге өтудің  құралы ретінде  мемлекеттік шеберханалар құрудың  утопияшыл жоспарын ұсынды.

Альбер мен Луи Бланның  жұмысшы табынан шықты деген атпен үкімет құрамына енуі тек жұмысшыларға зияны тиді. Жағдайдың жарасты сәтіндегі бір қате – осы болатын. Луи Блан мен Альбер уақытша үкіметте орнылық болды. Олардың ықпалы шамалы еді, бірақ олар осы үкіметтің  жұмысшы табына қарсы бүкіл өшпенділігін, сатқындығын, осыларды іске асырудағы жауапкершілікті ерікті түрде бөлісті. Ал олардың осындайуәкілдік рольге ие  болғысы келген  кінәрәтті қырсығы жұмысшы тобының революцияның белсенділігін әлсіретті. В.И. Ленин Луи Бланның  келісілігіпаздығы яғни оның буржуазиялық үкімет пен келісіп  қимыл жасауға және оған кіруге  әзір тұруы тек “ буржуазияның плитариятқа ықпал етуін нығайтуға ” қызмет етті деп атап көрсетті.

Уақытша  үкімет “ Еңбекшілердің үкімет комисиясын ”  құрды. Оның төрағасы Луи Блан болды, ал орынбасары жұмысшы Альбер болды, еңбек министірлігі немесе Люксембург комиссиясы   ( олар мәжіліс құрған сарай аты)  аталған бұл комиссиегеде ешқандай билік те, қаржы да болмады. Бұл жұмысшыларды алдау амалы еді.

Луи Блан – ұсақ буржуазияшыл социалист, жұмысшылардың шынайы мүдделерінен алшақ адам еді.  Оның ұсынған ілімі —                    “ қоғамдық шеберханаларда ”  капиталистер мен  жұмысшылар қоян – қолтық қызмет істеу  арқылы және кәсіпкерлерді жойып, қонаудан құтылды және мемлекет көмегімен бейбіт түрде  социализімге бейім қоғам құруға болады дегені ол кезеңде іске аспайтын қиял еді.  Луи Блан – француз утопияшыл социалисі, тарихшы, журналист, 1848 жылғы революция қайраткері. Дүниеге көзқарасында Сен – Симонның идеяларын басшылыққа алды. « Еңбекті ұйымдастыру» деген еңбек жазды. Мұнда әлуметтік өзгеріс жоспарларын баяндайды. 1843 жылдан ұсақ буржуазияшыл «Реформ»  газетінде қызмет істеді. « Он жылдың тарихы » (1841 – 44) атты кітабын шілде монархиясына қарсы бағыттады, « Француз ревалюциясының тарихы» деген 12 томдық еңбектің 1 томында (1847) ( 1 – 12 томдары 1907 – 09 жылдары орысшаға аударылды)  революцияның  якобиндік кезеңіне дұрыс баға берді. Б. тап күресін мойындамады. 1848 жылғы Ревалюция кезінде уақытша үкіметке мүше болды, пролетариаттың рев. Толқуына жол бермеуге ұмтылды. 1848ж. августа Англияға қоныс аударды, «1848жылғы Ревалюцияның тарихын» жазды, мұнда өзінің келісімпаздық саясатын ақтауға тырысты. 1870 ж. Францияға қайта оралды; 1871 ж. Ұлттық жиналысқа сайланды да, Париж коммунасы (1871) жауларының қатарында қалды.

Бланки Луи Огюст —  француз революционері, утопияшыл – коммунист. Реставрация кезеңінде Бурбондардың респ – демокр. Қозғалысына (1814 – 30), июль революциясына (1830), июль монархиясына белсене қатысты.  1832 – 34ж. коммунистік көзқарасқа келді. Б. 18 ғ – дағы француз материалистерінің шәкірті, тарихты түсінуде идеалист болғанмен және  таптық қанауды жоюдың басты жолы әлуметтік рев. Деп есептегенімен, тап күресін мойындады, бірақ пролитариатты қаналушы жалпы халықтап бөліп қарамады. Рес. құпия «семьялар қоғамы» мен «Жыл маусымдары қоғамын» ұйымдастырды және  басқарды. 12 майдағы көтеріліс жаншылғаннан кейін, Б. өлім жазасына кесілді, бірақ үкім өмірлік тұтқында ұсталуға ауыстырылды. 1848 ж . Революция кезінде босанып шықты да, «Орталық республикалық қоғам» атты клуб құрды, неғұрлым революцияшыл пролетариат элементтерін басқарды. 1848 ж 15 майдағы  демонстрациядан кейін 10 жыл түрмеде отыруға кесілді. 1861 – 1865 ж тағы да  абақтыда болды. 1865 ж түрмеден қашып шықты. 4 құркүйектегі революциядан және  Екінші империя құлағаннан кейін, Б. « Патри ан данже» газетін шығарды. Мұнда  прустарға қарсы батыл күресуге шақырды. 1870 ж 31 октябрьдегі  көтеріліске белсене  қатысқаны үшін Б. тағы да өмірлік тұтқында ұстауға кесілді де, түрмеде 1879 жылға дейін отырды. Париж Коммунасы (1871) кезінде сырттай Коммуна мүшесі болып  сайланды. Өмірінің соңғы жылдары Б. соц. Және демокр.  Насихаттан тайынбай, өз жақтастарын (Бланкишілдерді) партия ұйымына топтастұруғажұмысшылардың сенім – үмітін күшейтуге, ұлттық шеберханалардың ұйымдастырылуы да көмектесті. Мыңдаған жұмысшылар әскершілер  қатарында көшелерді жөндеу, тазалау, ағаш отырғызу және т.б. жұмыстар атқарып күніне 2 франк ақша алып, күнкөрісін астырды. Азғантай мерзімде  бұл шеберханаларда 100 мыңнан астам жұмысшылар басы қосылды. Осындай табыстарға қолы  жеткен және  жұмыс күнін 10 – 11 сағатқа дейін қысқартқанға көңілі толған пролетариат тынышталып, болашақта өз пайдаларына жақсылықтар туады деп  күткен еді. Олар капитализімде буржуазиямен қатар  өздеріне де  әлуметтік озаттық тиюі мүмкін екендігіне сенеді.

Уақытша үкімет республика жайындағы мәселені шешуді сөзбұйдаға салып  кешеуілдете бергісі келді, бірақ келесі күні Луи Филиппті құлатқанан кейін халық бұқарасы үкімет мәжіліс  құрып жатқан  қалалық  ратушаны қоршап алуды, оны францияны республика деп  жариялауға  мәжбүр етті.

Жұмысшылар оны  өзінің қанымен жеңіп алды және  республика туы қызыл жалау болуын талап етті.Бірақ “ Самарқау ”  республикашылар  бірінші республика тұсындағы  үш түсті туды қабылдады, сөйтіп көзге  көрініп тұрсын дегендей – туға қызыл розетка қадады, кейін де оны  жұлып тастағаны белгілі.

Жұмысшы табы 1848 ж ақпан революциясы жеңісінде және республика жариялауда шешуші роль атқарды. Францяда буразиялық демократиялық революция болды, яғни мұндай буржуазиялық революция халық бұқарасының өздері қойған табанды талаптарымен оқиғалардың барысында және олардың нәтижелеріне өшпес із қалдырды. Жұмысшылар көптеген қару-жарақ басып алды, ал астанада әскерлер аз болатын. Буржуазия жұмысшылардың талабын орындауға лажсыз көнді, бірақ мұны тек уақытты ұтуға, пролетариятқа қарсы күш жинап, содан соң оны талқандау үшін жасаған еді. Жұмысшылардың мылтық ұстаған қалың қолы ратушаны қоршап алып, еңбек ету правасын екінші кімде-кім жұмыс істеуге мұқтаж болса, оған жұмыс беретін заң болуын талап етті. Жұмысшылардың талабын орындауға көніп “барлық азамат жұмыспен қамтамасыз етілсін!” – деген декрет қабылдады. Жұмысшылардың назарын революциялық әрекеттен аударуға үміт артқан Уақытша үкімет жұмысшы мәселесі жөніндегі Луи Блан бастаған комиссия құрған болатын. Бұл комиссияны  “Люксембургтік” деп аталған (мәжіліс өткен сарай осылай аталған), Луи Блан жұмысшылармен қожайындардың арасындағы жалақы жөніндегі дауылдарды реттеумен шұғылданды, оларды бір-бірімен “бауырластыруға” шақырды. Луи Бланның келісімпаздық тактиканың жұмысшылардың мүдделеріне сатқындық болып шықты. Комиссия құрғақ сөздің күлкіліне айналды, революцияның қимылдан жұмысшылардың бетін аударды. Парижде көптеген революцияшыл клубтар пайда болды. Солардың бірінде түрмеден босатылған ержүрек, табанды революционер, сотциолист Огюст Бланки сөз сөйледі. Ол жұмысшылардықаруын тастамауға реакциашыл ченовниктерді жұмыстан аластауға және жұмысшыларға стачка жасау правасын беруді талап етуді шақырды. Бланкидің әлсіздігі оның сеніміндегі қатесі еді, айтқанын жұмысшыларға бұқаралық саяси партияның қажеті жоқ, революционерлердің азғантай тобы көпшілікті көтеріліске бастайды, өкіметті болып алады, сонан-соң комунизм өзінен-өзі орнайды деді ол.

Буржуазияның шабулға шығуы. 1848 жылы ақпан көтерілісі революцияның биік шыңы болған еді. Не іштен, не болмаса сыртан контрревалюция  әрекеттері байқалмады. Бузара халықтың революцияның екпіні бәсеңдей бастады. Ал буржуазия  қаржы қиыншылығынан шығу үшін мемлекет салығын 5% — ке көтерді. Ол салықты төлейтін  шаруаларға қосымша ақша қаладыбүлік жасап, жұмыс істемейттін  пролетариатты асырау үшін керек деп таптар арасында жиі салды.

1848 ж мамыр айында  ашылған құрылтай  жиналысы  мәжілісінде буржуазиялық  республикашылар  көпшілік болды. Депутаттар ішінде де,  жаңа үкімет құрамында да жұмысшылар өкілі  болмады. Луи Блан мен Альберт сырт қалды. Жұмысшылар ақпан күндері қол жеткізген жетістіктерінен айырыла бастады, 15 мамыр күні жұмысшылар помен ұлт – азаттық қозғалысына ынтымақтастықты  білдіру үшін дамонстрация өткізді. Мелинч кезінде бір адам шамасы арандату мақсатымен құрылтай жиналысын таратып, жаңа үкімет құру керек деген ұғыныс жасады. Қатысушылар қатарынан жаңа үкімет құрамына өкілдердің есімі аталуы. Алайда үкімет тез әскер шақырып, демонстрацианы күшпен тартты көрнекті жұмысшы көсемдері Бланки, Рапайль, Альберт, Барбес және басқалар тұтқынға алынды. Люксембург комиссиясы таратылды, енді жұмысшыларға берілген жеңілдік — “ұлттық шеберханаларды” тарату ғана қалды.

Уақытша үкіметтің сыртқы саясаты. Франциядағы революция Германиядағы революцияны тездетті. Азпан революциясы полектарға, чехтарға, венгрлерге, словяндарға, ирандылықтарға, румын және т.б азаттық алып берді. Халық ореттығы үшін күрес жоқ күшпен Италияның Австрия үкіметіне қарсы. Англиядағы чартистік қозғалыстың жаңа кезеңі басталды. Осындай жағдайларда Россия, Австрия мен Пруссияда осы кездерде Франциямен қарым-қатынасы болмады. Олардың дипломатиялық қатынастары да болған жоқ. Франциядағы революцияны орыс интелегенциялары бақылап отырды.

Революциялық  демократия – А. И. Герцен шет елде болса да Франциядағы революцияны қадағалады. В. Г. Белинский, Н. Г. Черношевский, М. Е. Салтыков – Шедрин және т.б революцияға, Француз халқына аяныштылық білдірді. Франциядағы революция жайлы хабар Россияда да өз ықпалын тигізді. Европалық монархия Николай Францияға қарсылық білдіре алмады. Алайда уақытша үкімет халық аралық қатынастарды жақсартуға тырыспады, бірақ шетел істері жөніндегі министр Ломартин басқа елдердегң революциаларға, халық көтерілістеріне өз көмегін беретінін айтты. Сонымен қатар Ломартин құпия жолмен Николай Англия үкіметімен, Пруссия корольдігімен, рим папасымен революциялық қимылдарға өз көмектерін беретіні жайлы жариялады.

Буржуазияның жұмысшыларға қарсы шабуылға шығу әзірлігі. “Ұлттық шеберханалардың жабылуы”. Уақытша үкімет кәсіпкерлерге үлкен жеңілдік жасады. Буржуазияның мүдделеріне деген қамқорлығын көрсетіп қалу үшін мемлекеттік зайымның проценттердің мерзімінен бұрын төледі. Шығындарды жабу үшін шаруаларға салынатын тікелей салық 45%-ке арттырылды. Буржуазия бұл салық “ұлттық шеберханалардың” мұқтаждарына жұмсалады деп сендіріп, шаруалармен жұмысшыларды бір-біріне айдап салды.

Майда құрылтай жиналысының салауы болды. Шаруалар сайлауда буржуазияға дауыс берді, құрылтай жиналысы Уақытша үкіметті министрлермен ауыстырды, олар жұмысшылады жазалуға әзірленді. Париждің азғын тобырларынан – қайыршылар мен жалаң аяқтардан жиып – терген 24000 адамнан “ жедел гвардия” жасақтады, оларды реакцияшыл офгеиерлер басқарды. “Жедел гвардия” үлкен жалақы мен киім – кешек алды. Оларда жұмысшыларға қарсы шабуылға әзірледі. Астанаға көп әскер жиналды.

Көп кешікпей буржуазия өзінің бетпердесін жұлып тастады. “Люксембург комиссиясы” жабу туралы декрет жариалады. Онда істейтін 25 дейінгі бойдақ жұмысшылар армияға шақырылуға тиіс немесе батпақты жерлердегі жер жұмысшыларына жіберілетін болды. Жұмысшыларды қанға түншықтыру үшін үкімет оларды көтеріліске шығыңдар деп арандатты.

17 наурыз және 16 сәуірдегі шеру.  Уақытша үкімет  құрылтай жиналысын  сайлау 9 сәуірге  белгіленді. Бұған жауап ретінде  Парижде ревалюциялық  клубтар шеру  ұйымдастырылды. Луи Блан халықты тыныштандырып , үкіметке сенуде шақырды. Сайлау 2 аптаға  кейінге қалдырылды 16 сәуірде  Париждегі Марс алақында 100 мыңнан аса қарусыз ұлттық гвардияшылар, олардың көбі шаруалар болды. Ұлттық гвардияның штабын сайлауға жиналды. Бірақ демонстрацияны (шеруді) үкіметтің  бұйырығымен  юуржуазиясын халық гвардиясының  батальондары басып тастады. Жұмысшылар өз  дегендеріне  жетпеді. Халық тарауға  мәжбүр болды, бұл олардың  ақпан ревалюциясынан кейінгі 1-ші жеңілісі еді. 

Құрылтай жиналысының сайлауы. 23 сәуірде құрылтай жиналысының  сайлауы болды. Оған бірінші рет  милиондаған сайлаушылар қатысты. Олардың көпшілігі шаруалар болды. Жұмысшы тап сайлауда  толығымен жеңілді. Жұмысшы таптың  кандидаттары сайланбай қаруы 880 депутаттың 18 ғана жұмысшы тап өкілдері ғана болды. Буржуазия 500 орынды иеленді ұсақ буржуазиялық  демократтар 100 орынды иеленді. Сайлауда буржуазияның жеңісі жұмысшылардың қайшылығын тұрғызды. Әсіресе 27 – 28 сәуірдегі  руандесі жағдай халық сайлауға өз наразылықтарын білдіріп шеруге мықты жұмысшыларды руан үкіметі айыптады, бұл 2 күнге созылды нәтижесінде жұмысшылар 11 адамын жоғалтты және 81 адамы жарақаттанды.

Құрылтай жиналысының кезеңі. 4 мамырдан бастап  құрылтай жиналысы өз жұмысына  кірісті. Жиналыс уақытша үкіметті ауыстырды. Атқарушы комиссия – Ламартин, Араго, Гарнье – Пажес және Мари болды. Бесінші мүшесі 16 сәуірдегі  шеруде белсенділік танытқан  Ледрю – Роллен болды.  Жиналыс еңбек министірін құруды және  саяси клубтарды құруға тиым салды. Құрылтай жиналысының іс әрекеті Париждегі революциялық демократиялық клубтардың наразылығын тудырды, кейбір клубтар жаңадан  шерулерге ұйымдастыра бастады.

15 мамырдағы демонстрация. 15 мамырда 100 мың адам Парижде демонстрацияға шықты және Бурбон Сарайына қарай түрді. Ол Ласқан болатын. Шеруді клубтың өкілдері және Люксембург комиссиясының өкілдері бастады. Көптеген демонстраттар құрылтай жиналысының залына баса көктеп кірді. Полян ұлт – азаттық қозғалысына ынтымақтастық білдіруді талап етті. Бірнеше сағаттың ішінде көптеген демонстраттар сөйледі. Алайда құрылтай  жиналысы ешқандай шешім қабылдамады. Көптеген депутаттар тарап кетті. Үкімет тез әскер маңырын  демонстрацияны күштеп тартты.

Маусым көтерілісі Париждегі. 22 маусым күні үкімет                      “ ұлттық шеберханаларды ”    тарату жөнінде жарлық шығарды. Ол шеберханаларда жұмыс істеп күн көріп жүрген 117 мың жұмысшылар соңғы мүмкіндіктерінен айырылды. Соған жауап ретінде жұмысшылар жаппай күшті және табон тірескен көтеріліске шықты.

Баррикадалар әуелі астананың жұмысшылар тұратын аймағын, содан кейін бүкіл шығыс бөлігін қаланың  орталығына дейін қамтыды. 600 ге жуық баррикада құрылды – қайсібірінің биіктігі 4 қабат үйдің биіктігіне жетті. Баррикадаларда қызыл тулар желбіреді . Көшелердегі шайқасқа 100 мыңнан астам жұмысшылар – астананың шығыс кварталдарында тұратын темір жолшылар, ағаш ұсталары, темір ұсталары, жұмыссыздар шықты. Баррикадаларға семьясымен кегендер көп болды. Әйелдер жараланғандардың жарасын  таңды, балалар оқ құйып, байланысшылар қызметін атқарды. Көтерілісшілердің асқан ерлігі, батыл қимылы, өліспей беріспейтіндігі олардың жауларының  өзін қайран қалдырды. 22 маусым күні көтеріліске шыққан 40 – 45 мың адам  көшелерде үлкен  баррикадалар құрып, 4 күн ұдайы соғысты. Олардың 4 күндеуі республика атынан бостандық , теңдік , туысқандық. Азаматтар  қорғаныс ұйымдастырайық , күштерімізді көрсетейік, ер жүректігімізді танытайық: қобалжу болмасын, әркім өз борышын ақтасын, әйелдер мен балалар бізге қайрат берсін… Біздің қорғайтын ісіміз – бүкіл дүние жүзінің ісі, қару алыңыздар! Туысқандар демократиялық және әлуметтік республика орнатуда жеңеміз не өлеміз деп ұрандатты. Саяси көсемдері жоқ (олар түрмеде отырды) әскери басшылықсыз, жапарсыз өткізілген көтеріліс армия мен полиция күштеріне ғаламат  ерлігімен ғана қарсы тұрды. Барргенодалардағы шайқасты “ ұлттық шеберханалардың ”  жұмысшылар бөлімшелеріндегі “ бригадирлер ”, ұлттық гвардияның пролетар бөлімшелерінің командлерлері, жергілікті ревалюциялық клубтардың басшылары және жеке жұмысшылар басқарды. Бірақ  көтерілісшілерге  бірыңғай басшылық  болмады. Қарулы күрес стихиялы түрде болды,  батыраңқы жүргізілді. Буржуазия көтерілісті асқан жауыздықпен басты төтенше генерал Кавеньяк ( Алжир  халқының ұлт – азаттық көтерілісін қан – жоса етіп басқан  жендет) қолына берілді. Буржуазия жұмысшыларға қарсы зор күшті – артллериясы бар 80 мың тұрақты армияны, 2 мың 4 жедел гвардияны және ұлттық гвардияның буржуазиясын отрядын, барлығы – 150 мыңнан астам толық қаруланған адамды ұрысқа шығарды.

 Артиллерия  баррикодаларды атқылап, қиратып тастады және өртенгіш бомбалармен бүтіндей тұтас кварталдарды аяусыз талқандады. Солдаттар, көтерілісшілер бекініп алған үйлерді жарып құлатты.

Артиллериядан  түйедектей  атқылаған жатқын оқтар, өртегіш бомба, өршіген өрт жалыны  көтерілісшілерді  қыспаққа алып,  астананың шығыс жағына қарай ығыстырды. 26 маусымда әскер Сент – Антуан ауданындағы көтерілістің соңғы тірегін алды. Буржуазия көтерілісшілерді жан  түршігерлік қаталдықпен жазалады. Ұсталғандардың ,  қолға  түскендердің бәрі жұмысшы несімін келген оқ – дәрінің түтікікен беттері тотыққан, қолдары қарайған адамдарды ешқандай сұрақсыз атып тастады. А.И. Герцен  “ 26 маусымда кешінде біз әр жерден дүркін – дүркін түйдектеле оқ атылғанын естідік. Біз бір – бірімізге қарап, аңырып қалыппыз, бәрінің де сұры қашқан… “ атып жатыр ғой” – деп бірімізден – біріміз теріс айналдық ”. Мұндай ауыр минуттар үшін он жылдар бойы өштесіп, өмір бойы кетесіп өтеді. Осындай ауыр минуттарды кешіретіндер – бейшаралар! – деп еске түсіреді. Буржуазия  жұмысшыларды қалай жазалағанын  өз көзімен көрген Герцен  мынандай қортындыға келді: “ Францияның және басқада Европалық  державалардың мемлекеттік формасының ішкі ұғымы бостандықпен де , теңсіздікпенде, туысқандық пен де сиыспайды ”. Маусым күндерінде Париж көшелерінде 11 мың көтерілісші шайқаста өлді. Сол орында атылды қамауға алынғандар 25 мыңнан асты, 3,5 мың адам отарлардағы өте ауыр жұмыстарға айдалды.

Маусым көтерілісінің тарихи маңызы және жеңілу себептері. Жұмысшылардың маусым  көтерілісінің зор  тарихи маңызы болды. Ол бұрын – соңды болып көрмеген күшпен  пролетариат пен буржуазия арасын бөліп тұрған терең тұңғиық жатуаны ашып берді. К. Марс атап  айтқандай, маусым күндері “қазіргі қоғам бөлініп отырған  екі таптың арасындағы бірінші ұлы шайқас болды.” Мұның өзі буржуазиялық  құрылысты сақтап қалу немесе оны жою жолындағы күрес болды. В.И. Ленин атап көрсеткенднй, 1848 ж ревалюцияда пролетариат өзінің ақыр аяғына дейін бірден – бір  ревалюцияшыл тап болғанын көрсетті.

Жұмысшылардан қорыққан революция буржуазиясы 1848 ж өзінің бұрынғы  революцияшылдығын жоғалтып , революцияның барысында  контрревалюциялық күш ретінде бас көтерді. Елдің шаруаларымен, ұсақ буржуазияның көпшілігі, жұмысшыларды қолдамады, буржуазияның резерві болып қалды. Жұмысшы табы әлі пісіп  жетілмеген және  ұйымдаспаған еді. Оның саяси партиясы да  одақтастары да  жоқ еді. Сондай  ақ ол ғылыми  революциялық  теориямен  қаруланбаған еді. Осының бәрі  пролетариаттың революциялық күресі тарихының ерлік беттеріне жазылғандай. Маусым көтерілісінің жеңілуіне себеп болды. К. Маркс пен В.И. Ленин осы көтерілістің тәжірбиесін  терең зерттегн, одан ғылыми және  практикалық қортындылар  шығарды.

Президент сайлауы. Буржуазия қайраткерлері маусым атыстық гүрсілі нәтижесінде қараша  айында конститутция  қабылдады, онда  еңбек ету правосы  жайында  ештеңе айтылмады. Халықты бағынышты етіп  ұстау үшін  президент билейтін  күшті орталық  өкімет құрылды, оған сайланып  қойылған заң  шығаратын  жиналыстың  келісімінсіз – ақ  министірлерді орнынан  алып тастайтын  және тағайындайтын  зор уәкілдік берілді. Президент 4 жылға сайланды, заң шығаратын  жиналыс 3 жылға сайланды.  Енді буржуазия президент сайлауға  асықты. Бірақ 1848 жылғы 10 сайлауда  олар жеңілді. Сайлаудың нәтижесінде  буржуазиялардың  кандидаты Кавеньяк 1\5 дауыс ғана жинады. Бұдан да аз дауысты  ұсақ буржуазиялық  демократтардың кондидаты Ледрю – Роллен  жинады.  Жұмысшылардың аз бөлігі түрмеде отырып шыққан  распайляға берді. Көп дауысты ( 3 \ 4 дауысты)  Наполеон I  немересі, монархияны жақтаушы принц Луи Наполеон  Бонапарт  президент болып сайланды. Оған буржуазияның  монархияшыл топтары мен шаруалары дауыс берді.

1851 жылғы 2 қарашадағы мемлекеттік төңкеріс.  Луи Наполеон  авантюрист, ақылы шамалы болғанымен, айлакер, атақ құмар еді. Буржуазия одан қатал басқаруды « тәртіпті»  қалпына келтіруді күтті. Луи Наполеон шаруаларға, ұсақ буржуазияға, тіпті жұмысшыларға да  мүдделеріңді қорғаймын деп  өтірік уәдә тартты. Нәтижесінде республика басшысы  императорлық  таққа отыруды арман еткен оның  мейірімсіз қас – жауы болып шықты.  Кешікпей – ақ  Луи Наполеонның да сыры ашылды. Шаруаларға салынған 45 проценттік  салық бұрынғысынша күшінде қалды, сонымен үмітінің алданғанына шаруалардыңда көзі жетті. Ол 1849 ж өзінде француз  әскерлерін Римдегі революцияны басуға аттандырды. Француз армиясы қаланы тікелей шабулмен алып , Рим республикасын жазалады, рим папасы өкіметін қайта орнатты. Жұмысшылардың қаруы жинап алынды. Демократтар, социалистер,  көптеген алдыңғы қатардағы жазушылар мен журналистер және буржуазиялық республикашылар да шетелдерге қашып құтылды.

Өзін император етіп жариялауды әзірлей отырып, Луи наполеон Париж  гарнизонындағы барлық маңызды әскери қызметтерге өзінің итаршыларын тағайындады, ал 1851 жылы 2 декабрьдің  түнінде өзіне  қауіпті деген қайраткерлерді қамауға алып, түрмеге жабуға бұйрық берді, содан кейін  әскери бүкіл үкімет  үйлерін алды. Парижде 10 мыңға жуық республикашылар баррикадаларға шықты, бірақ әскер көтерілісті басып тастады.

1851 жылғы 2 декабрьдегі бонапартшыл төңкерісті замандастары әр кезде Наполеон Бонапарттың 1788 ж 9 ноябрьде (республиканың VIII  жылындағы 18 брюмерде) Директорияны қуып жібергенімен жиі салыстыратын.

 Карл Маркс « Франциядағы 1848 жылдан 1850 жылға дейінгі тап күресі» , « Луи Бонапарттың он сегізінші  брюмері» деген тарихи  данышпандық еңбектерінде Франциядағы 1848 жылғы революцияға және 1851 жылғы 2 декабрьдегі төңкеріске терең талдау жасады. Ол бужуазия әрқашан революциядан кейін жұмысшыларды басып – жаныштау үшін чиновниктерді, армияны, сотты, полицияны, атқарушы үкіметті, бір сөзбен айтқанда, бүкіл буржуазиялық мемлекеттік машинаны одан әрі күшейтетінін, сондай – ақ жұмысшы табының міндеті – социалистік революцияны жойып, буржуазиялық мемлекетті талқандау екенін көрсетті. Төңкеріс атаулының бәрі осы машинаны қиратудың орнына, оны жетілдіріп отырды, — деп жазды Маркс. Маркстің бұл қортындысының маңызы өте зор, — деп атап көрсетті В. И. Ленин, — оның мәнісі, жұмысшы табы социалистік революцияда буржуазиялық мемлекетті қиратып, оны пролетариат диктатурасымен ауыстыру керек.

1848 жылы революцияның тәжірбиесінен туындайтынын тағы бір қортынды сол кезде әлі буржуазияның пролетариатқа қарсы пайдаланған шаруалардың жұмысшы табымен  революциялық одағаның қажеттілігі еді.

1852 жылы 2 декабрьде Екінші империяны орнату.  Мемлекеттік төңкеріс президенттінің басты мақсаты – Екінші  республиканы жойып, император болудың әзірлігі ғана болатын. Бір жыл өткен соң, 1852 жылы 2 декабрінде Францияда монархия  қайта орнады. Луи Наполеон Бонапарт III Наполеон деген атпен император болып жарияланды. Оның билік  құрған жылдарының атымен аталған Екінші империя орнатылды. Буржуазия бонапатшылдар империясын жұмысшы табына қарсы күрес тірегі және жаңа  шапқыншылық соғыстардың қаруы деп біліп, III Наполеонды қолдады.

1851  жылы 2 декабрьдегі  бонапартшылар төңкерісі және  Екінші империяның орнауы (1852 ж. 2 декабрь ) буржуазияның  контрреволюцияшылдығының, оның  буржуазиялық – демократиялық революция жағдайында  жұмысшы табынан зәресі ұшып қорқуының  салдары болатын.

Франциядағы 1848 жылғы буржуазиялық – демократиялық революция республика орнатуға жеткізбеді, жұмысшы табынан қорыққан буржуазияның контрреволюцияшылдығы салдарынан жеңіліске ұшырады. Ол кезде  прлетариат жеңіске жету үшін әлі пісіп жетілмеген, әрі ұйымдаспаған еді.

III Наполеон ірі меншік  иелерінің мүдделерін қорғады. Бұл үшін ол чиновниктерді, армияны, полицияны, сот мекемелерін, католик шіркеулерін мықтап күшейтті. III Наполеон билік құрған жылдары Францияда ірі буржуазияның өкіметі одан әрі нығая түсті, капиталистік өнеркәсіп пен сауданың дамуы ілгері басты. Өнеркәсіп революциясы аяқталды. Үкімет ірі  кәсіпкерлерді қолдап отырды.

Дегенмен, жұмысшы қозғалысының  тегеуріні 1864 жылы III Наполеонды Ұлы француз буржуазиялық революциясы кезінен стачкаларға тыйым салуға  қолданылып келген заңды жоюға мәжбүр етті. Бұл жұмысшы табының аса маңызды жеңісі болды.

III Наполеон өкімет басына келгенде: « Империя дегеніміз – бейбітшілік» деген болатын.  Алайда ірі буржуазияның пайдасы үшін іс жүзінде шапқыншылық сыртқы саясатын қолданды.  Шапқыншылық соғыстарын  жүргізе отырып, III Наполеон халық бұқарасын тап күресінен  тайдыруды көздеді. Франция Екінші  империя тұсында бірқатар әділетсіз,  басқыншылық соғыстарын жүргізді. Англиямен бірігіп Қытайға қарсы тонаушылық соғысқа қатасты. III Наполеонның әскері Үнді – Қытайдың оңтүстігіндегі Кохинхинді, Камбоджаны ( Кампучияны ) басып алып, оларды Францияның отарына айналдырды.

II Империя тұсындағы франция. (1852 – 1870 ж) Парламанттік жүйе жойылды. Заң шығарушы  органдардың  мүмкіншіліктері шектелді. Ол өзінің орынбасарларында  сайлай алмайтын  болды. Мемлекеттің барлық билігі III Наполеонның қолында болды. Оның сенімді адамдары Герсоч Морни ( туысқан ағасы ),  заң шығару органында көп жыл қызмет еткен Граф Валевский ( Наполеоның заңсыз баласы ) шетел істері жөніндегі «мемлекеттік министр» руэр.

Францияның экономикасы 50 – 60 жылдарды күрт өсті. Осы жылдары ауыр және  жеңіл өнеркәсіптері дамыды, Машина жасау төрт есеге ұлғайды. Болат, тас және  шоын өндіру 1851 – 1869 жылдары үш есеге артты.