КІРІСПЕ
1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі қазақ халқының тарихындағы елеулі ірі оқиғалардың бірі болып есептелінеді. Олай дейтініміз, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, патшалық өкіметтің отаршылдық саясатына қарсы қазақ жаппай көтеріліске шығуы, соның ішінде Қостанай, Торғай жағында, Орталық Қазақстанда, Жетісу облысында өте күшті болды. Сол кездегі қазақ халқының патшалық отаршылдық зорлық-зомбылық былығына қарсы, еркіндік-бостандық алу жолында өз құқығын жоқтап патша өкіметіне қарсы көтеріліске шығуы тарих бетінде мәңгі өшпес із қалдырды. Сондай-ақ, алынбас қамалдай болып көзге көрінетін патшалық өкіметтің құдыретінің оншалық күшті емес екендігін қазақ халқына береке, бірлік, ынтымақ керектігін сездіріп ғана қоймай қарапайым халық көтерілсе теңдессіз күш –жігерге әлемде еш нәрсе тең келе алмайтынын көрсетекен ұлы төңкеріліс болды. 1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілісі қазақ халқының 1723 жылғы жоңғарға тәуелсіздігін қорғап сақтап қалу жолындағы ұлт-азаттық көтерілісі мен 1837-1838 жылдары аралығында болған патшалық зорлық –зомбылық отаршылдығына қарсы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық көтерілісі 1847 жылы Кенесары Қасымұлының Қазақстан жеріне жаппай салынып жатқан әскери бекіністерге «әке көрген оқ жонар»,- деп хан тағын құрғысы келіп, патша отаршылдығынан құтылып тәуелсіздік еркіндік алуды жатпай- тұрмай армандауы әке ізбасары болып хандық құрып қызығын көріп серуендеп, рахатқа белшесінен бату емес, қайта халқына еркіндік бостандық алып беріп, өз арман тілегіне жеткізіп болашақ ұрпақ алдында парызын өтеу мақсатынан туған адал ой арманы еді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, сол кездегі қазақ халқының патша өкіметінің отарлық езіп қанауына қарсы шыққан елін бостандық еркіндік жолындағы жан аямай жасаған күрес ерліктерінің, бұрыннан үзілмей жалғасып келе жатқан заңды жалғасы.
1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алуы салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрғын жергілікті халықтары жөнінде кері идея-ықпалдың жүргізілуі.
Қазақ тарихындағы болған бұрын соңды өткен ұлт-азаттық күрестермен салыстыра келген де тарихи дәуірден алар өзіндік орны бар көтерілістің бұрынғы болған көтерілістерге қарағанда тарихи мән-мазмұны бөлек әдебиет жағынан алып қарасақ та әдебиет жанрына қосқан үлесі мол кендігін көтеріліске қатысты өлең – жырларды оқыған кез бірден көзге шалынады. Мысалы: Бұрын фольклорлық элементтер басым қоштасу, сәлем хат поэзиясы енді қоғамдық ірі оқиғаларды жырлау дәрежесіне көтерілді, оның тәрбиелік және үгіттік мәні ауқым көлемі артты, өзгеше жанр ретінде дамуына мүмкіндік әкелді.
1916-жылы көтерілістерге байланысты өлең жырлар қазақ әдебиетіне көркемдік ерекшеліктермен елеулі үлес қосқан туындылар болды. Бұлардан сол дәуірдегі ел тұрмысын қол бастаған батырлардың ерлігі мен азаматтық тұлғасын танығандай боламыз осы жырлардың біразы көтеріліс басылғаннан кейін халық басындағы қайғы-қасыретті бейнелесе, үлкен бір тобы ел арасындағы қайталанбас ерліктерін жырлап, олардың мәңгілік есте қалар бейнесін жасады.
Жалпы алғанда, 1916 жылғы көтеріліс жырлары әдебиетіміздің өзгеше биіктікке бет алған тұсындағы өмір шындығын терең игерудегі кезең көрініс болып табылады.
Ал тарихы шындық ашылғанда, көркемдік шындықтың бүкіл болмысын терең тануға мүмкіндік туары тағы ақиқат.
Дүниежүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тілде фольклор деп аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде (folk-lore) халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл-күйін, тұрмыс-салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша таралған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты-басты белгілері болады: ә) фольклорлық шығармалардың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады; б) дағдылы тіркестер бір-біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі; в) көркем өнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипаттары сақталынады. Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В. Томсон, 1846 жылы Лонданда шығатын «Атенеум» газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған: «халық поэзиясы», «халық творчествосы», «халықтың ауыз әдебиеті», «халықтың сөз өнері». Халық творчествосының дүниежүзілік тарихы есте жоқ ескі замандардан басталады, кейбір көне жазөба әдебиеттердің өмір тарихы 30-40 ғасырмен өлшенсе, ал халықтың сөз өнері шамамен 100 000-130 000 жылдармен өлшенеді. О бастағы фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына байланысты таптық сипат алған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт-сана, талғам-талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым-қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен-өзі сырласқанда өлең-аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, творчестволық бірлік құрған. Ауыз әдебиеті үлгілерін кез-келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілетті, бейімі бар адамдардың қатысы бар. Сұлу сырлы сөздерден көркем шығарма туғызушыларды – ақын, жыршы, жырау, ертекші, шешен дейді. Ал гректерде ел эпостық жырлады орындаушыларды – аэд, француздарша – жанглер, немістерше – шпильман, қырғыздарша – жомоқчу, өзбекше – бахши, кавказдарша – ашуг, орыстарша – сказитель дейді[1,3-4 ].
Жыршы-жыраулардың таптық көзқарастарымен ақындық талантына сәйкес, ел арасында кең тараған ертегілерді, аңыздарды, тарихи жырларды әр түрлі идеялық өзгерістерге ұшыратады. өзгеріске түскен көркем фольклордың тағдыры көбінесе екі түрлі күйге ұшырайды. Бір жыршылар бар, олардың біреуден естіген шығармаларының мазмұны текстің дәлме-дәл айтылуына назар аударды. Ал енді бір жыршылар естіген аңыздардың негізгі қадау-қадау діңгектерін ғана қалдырды да, кісі аттары, жер аттары, су атарына іс-әрекеттің даму, шарықтау шегі мен шешілу сатысына біраз өзгерістер негізді. Мұның флоьклорлық варианттар деп атайды. Мәселен қазақ халықының классикалық шығармасы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» жырларының әр түрлі варианттары бар. «Қыз Жібектің» СССР Ғылым академиясында сақтаулы тұрған оннан астам варианты бар. Соның бірі 1887 жылы Мұсабай жыраудың жазып алған варианты. Ол қазір Москваның тарихи музейінде сақтаулы тұр.
ХІХ ғасырдағы Европа оқымыстылар қазақ халқының әдеп-ғұрыптары және мәдени тарихымен таныса келіп:
- Бұл ел тосын, жұмбақ, қызық ел!-деп атаған. Бұлар көшпелі тұрмыспен, мал шаруашылығымен шұғылданады, жартылай отаршылыққа бейімделген, бай ауыз әдебиеті, музыкасы бар, өмірге төзімді халық деп санаған Россия ғалымдары. Байырғы қазақ халқы не түрлі замандарды басынан кешірген. Әсіресе жаугершілік пен табиғаттың қаталдығынан зор зардаптар шеккен. Соған қарамастан өзінің ұлттық рухани сипатын толық сақтап қалған. Ол елдің даму сатысы мен өсу эволюциясы әріден басталады, әсіресе, өзі мен табиғаттың арасындағы байланысты түсіну, тану барысында сәби, балаң ойларға барған тұстары да бар. Сол кездің өзінде-ақ, бірден дүниенің жұмбақ сырына зерек санамен шолу жасаған: адамзат жаратылыстың бесігінде қашанда бірге болған, оның өмір сүруіне белгісіз сыртқы күштің әсері болып, өмірдің ара салмағы бұзыла береді, жоқшылық пен ашаршылық адамның басқан қадамымен қатарласа жүретіні несі, індет, ауру, мехнат пен бейнеттің тұрақты сипатын өзгертуге болады ма, болса қалай?! Бұл сұрақтардың жауабын халық көркем қара сөзбен, өлең сөзбен айтуға тырысқан. Соның бірі, қазақ халық әдебиетінде ерте зманда пайда болған наным-сенім өлеңдер. Мұнда халық бала секілді бәріне сенеді, ақ көңіллділік көрсетеді, айға, бұлтқа тіл қатады. Алыстағы аспан денелерінің құрылыстарында құпия сиқырлы күш бар, ол әрі қасиетті, әрі киелі деп санаған, соған табынған, жалбарынған, өлеңмен арнау айтқан. Мысалы «Күн жайлату», «Бұлт шақыру» өлеңдерін атауға болады. Бұл өлеңдерде адам жаратылыстың арасындағы тепе-теңдік заңдылығы бұзылғанда, аспаннан жаңбыр жаумай жер бетінде құрғақшылық басталғанда айтылған.
Міне, дүниежүзілік ауыз әдебиеті табиғаттың осындай қым-қуыт жағдайларынан туып шығып, қоғамның дамуымен бірлікте дамып үлгеріп, өркендеп отырған. Болса да, ең алғашқы ауыз әдебиет өз қалпын сактап, өткен тарихтан сыр шертіп, адам мен табиғат арасындағы қатынасыты жақындата түсетіні белгілі жайт. Осылай өркендеген халық фольклоры бүгінгі таңда өзіндік орнын әлі де болса ала алмай, толық зерттелмей келе жатқаны баршаға шындық. Осының ішіндегі біз зерттеп отырған эпостану мәселесі. Қазақ халық ауыз әдебиетінің көлемді көрнекті саласы батырлық, ғашықтық, тарихи аңыздаулардың жиналып баспа жүзін көргеніне, олар жөнінде азды-көпті ғылыми пікірлер айтыла бастағанына ғасырдан артық уақыт өтті. Бұл мәселе төңірегінде түрлі автордың жол-жөнекей айтқан тұжырымдарымен қатар күрделі, жүйелі істерді тындырғаны белгілі.
Еркіндік-азаттықты аңсаған күрес еш уақытта толастап тоқтаған емес. Мұның дәлелі, ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін күреске толы кезең болды.
Саяси-әлеуметтік өлең-жырлар, кезеңдік поэзиясының саяси мәселелерді көтеріп, әлеуметтк мақсат мүдделерді пәш ететін саласы. Қоғам өзгеріс алдында, бұқара толғаныс үстінде тұрған кезеңде саяси-әлеуметтік өлеңдерінің белсенділігі арта түсетіні белгілі. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың отаршылдық езгісі, қазақ қамы туралы өлең-жырлары – соның айғағы. ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік өлең-жырлар қазақ лирикасының азаматтық, философиялық тереңдіктерін, шынайы халықтың тағлымын толық танытқан туындылар. Бұл орайда, біз ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік лирикасының ең көрнекті тұлғалары Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Қошмұхамет, Сәкеннің лирикалық өлеңдерін айтар едік. Осы ақындардың саяси-әлеуметтік сарында лирикалық өлеңдерінің қазақ ұлттының ресей империясы отар жағдайында жүріп, материалдық рухани мәдениеттік дамуына артта қалатынын ойлайтын азаматтық, перзенттік көңіл алаңдаушылығын сездіреді.
1 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи шығу себЕПтері
Қандайда болмасын саяси күрестің жүгінетін ұраны, ел соңынан еретін аталы сөз, ой тетігі болады. Оған біздің заманымызда «идеялогияның» деген айдар тағлып, сол атаумен атап жүрміз. 1916 жылғы көтеріліске нендей идеология тұғыр болды. Сол тұғырлы ойдың жібін ұстап елге жол сілтеген, идеологі кім болды? Осындай адам Қарқара көтерлісінің ортасында болды ма? Міне,осы маңызды сұраққа да әр түрлі себеппен, әлі күнге дейін орынды көңіл аударылмай келеді. Бұл сұраққа толық жауап беру үшін «өткен тарихты білмесең, келер күнге жауапкершілікпен қарай алмайсың »,- деген ұлық сөзді еске ала тырып. Қазақ халқының ұлыт-азаттық көтерілісін сонау арыдан толғау керек шығар деген оймен. Қазақ халқының ұлт-азаттық күтерілісі 1723 жылғы жоңғарға қарсы күрестің өзінде-ақ айқын көрніс тапқан. сол мезгіл де «ақтабан шұбырынды, алққа көл сұлама» кезінде қазақ халқының өз елін, жерін, тіл дәстүрін жауынан құтқарып сақтап қаларлық қасиеті бар екендігін танытқан нағыз отан соғысы болғандығын сол мезгілде де бүгінгі таңда да тарихи дәуір өзі көрсетіп өмір шындығы өзі айқындап отыр.
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшке ілесіп бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айрылған қиын екен,
Қара көзге мөлтілдеп жас келеді.
Сол кездегі елге сүйеу болған Төле бидің: «түннен кейін күн туады» деп ұйымшылдыққа үндеп, қиындыққа бой бермей, мойымай күресуге шақырады. Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, Айтеке би сияқты даналардың аталы сөздері, кейінгі ұрпаққа мұра болып келе жатқан жоқ па!? Шында да сол бір дәуір сын кезеңін де қазақ халқы ата жауын жеңіп азаттыққа жетті, кең байтақ жерін бір тұтас мемелекет болып, оның туын Абылай хан көтерді. «алқа көл сұлама, ақтабан шубырындыдан» кейін қазақтың бірлігі болса ғана халық болып, мәңгі өмір сүретіне көзі жетті.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Жетісу өңірі «түбегейлі» орыс патшалығының жері деп жарияланған тұста Шығыс Түркістанда Қытай өліметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс (1864-1872ж.ж) бойы көтерілді қанды шайқас болып өтеді. Тап осы кезде Қытайдың шиеленісіне түскен ішкі ауыр жағдайын, Ресейдің патша өкіметі көптен көз тігіп келе жатқан Орта Азияға ауыз салады. Нәтижесінде Ресей Орта Азияны мейлінше айналдырады. Генерал Черняевтың Әулие Атадағы генерал Перовскийдің Ақмешіттегі аюуандығы Шымкент пен Ташкент қалаларын алу үшін жасаған қанды жорықтары, міне осы тұста болғаны белгілі соғыс бар жерде сауданың не берекесі болсын.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қарқара жәрмеңкесінің маңызы кемиді.
Орта Азия Ресейге күшпен бағындырылғаннан кейін жағдай біршама өзгерді. 1880 жылы Қытай мен Ресей арасында Түркістан өңіріндегі шекараны анықтау келісіміне қол қойылды. Қарқара жәрменкесінің жаңа талапқа сай жандана түсуіне жағдай туғызады. Араны кең Ресей енді жеті шар Кашимир өңірі мен Ауған жеріне көз тіге бастауына байланысты, Қарқара жәрмеңкесін жаңдандыра түсу өте пайдалы іс деп танылды. 1882 жылы Түркістан генерал губернаторының Қарқара жәрмеңкесін өрістету шаралары туралы ерекше бұйрық жарық көрді. Орыс көпестері Қарқара жәрменкесінде баждан босатылды. Жергілікті қазақ-қырғыз саудагерлері де жеңілдік алды, басқа көрші елден келген саудагерлерге де баж төлеуде көп жеңілдік берілді. Қорытындысында Қарқара жәрмеңкесі тез жаңданып шыға келді. Дүниежүзілік бірінші соғыс басталғаннан кейін қарапайым халықтың басына ауыр күн туғанымен, Қарқара базарына өкімет көрсетілген қамқорлық кемімеді десе де болады. Қазақтардан соғыс мүддесіне деген алым-салықтар көбейді, ел қолында барын базарға апарып сатып салықтан құтылып жатты.
Елім деп еңіреген зиялылардың бірі Албан Асан бұл жайды былай деп суреттейді:
Базарға сатып тауыстын, помы келген атынды,
Жәрмеңкені жағалай көп жатақтар шатылды.
Ғаріп нашар малы жоқ, тұзбен сатты отынды
Сасық күзен, ақ тиін, борсық, күзен сатылды
Базар жақын болғалы пейілі жұрттың тарылды…
Оның Қарқара көтерісі басталып, өрбуіне ықпалы ерекше бөлек болды. Ұлы ғұлама ақын Ілияс Жансүгіровтің арқасында Албан Асаннның «Ақыр заманы» жарық көрді де, ұрпақтарының қолына ілінді. Ілияс Жансүгіровтің дерегіне қарағанда Албан Асан 1915 жылдың жазында 51 жасында дүние салыпты. Көп жасаған ғұлама жан еліне, жұртына айтар өсиетін айтып кетіпті. Оның «Зарын» (жергілікті халық «Асанның зары» деп атаған) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушылар жаттап, ересегі сөзге арқау тұтып, бәрі оның зарын күреске тірек етті. Асан қазақтар мен қырғыздардың бір туған, мүддесі бір, заңы бір, зары бір, тағдыры біртұтас халық санап, екеуінің де жоғын жоқтаған жырау.
«…Қарқара, Текес көл еді,
Албан-бұғы қонысың!
Шетінен қасқыр жеп жатыр
Келмейді бұған намысын».
деп екі елді біріктіруге, күреске шақырады. Албан Асан отаршылдардың арам саясатын қарапайым халыққа тереңмен түсіндіруге тырысты.
«…Ер көңілді азамат,
Түрмеге бәрі айдалды.
Жәрмеңкені тұрғызып,
Тағы да алды пайданы.
Албан бұғы мұнан соң,
Кетуге өрге айналды…»
Шынында да қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың басып бара жатқан кезінде осы Асан сілтеген жолмен шыға көшкен еді. Елдің сол кезде қасіретке толы күннің жылы өткен сайын ауырлай беретініне ерекше көңіл аударған Албан Асан:
Былтырдан бері орыс кеп,
Жерді кесті бөліске.
Сыздық жерден өткізіп
Мал жаймадым өріске.
Сайлаудан болған қасірет,
Жұртын толды керіске
Жотада жүрген ел едін
Басын кетті еңіске
Бұзылмаған күніңде
Жақсы едің алыс-беріске.
Жазық жерден айрылдың
Қонысыңнан тарылдың.
Тарыла берсе тағы да
Ірге тимес тегістен.
деп сипаттайды. Албан Асан отаршылдардың зорлығынан, әсіресе керейлердің сорлаған ерекше атап көрсетті:
Егіс егіп жан баққан,
Нашардан алдын пананы
Шетін бассан сызықтың,
Жабады тағы жаланы!
Орысқа тиген жерлерді
Салт атты кісі баспады.
дей келіп, Асан елдің дәстүрінің, салтының аяқ асты болып бара жатқанына да ерекше көңіл бөледі.
… Қабырғалы қариялар
Зорлықпен өткен күніннен
Ізет көрмей барасың,
Балаң менен ініңнен.
Әдеп көрмей барасың
Қызың менен келініңнен
Абырой көрмей барасың,
Ата менен жеріңнен.
Жақсылық көрмей барасың,
Алыс, жақын, теңіннен.
Сындырды бас беліңнен
Сайлауларды шығарып,
Бірлікті алды еліңнен
Алтынды балақ, ақ болат
Қар түгіл де дат болды.
Ауыл бірлік кеткен соң
«Дұшпанның көңілі шат болды»-деп,
отаршылдар саясатының түп тамырын терең түсіндірді. 1916 жылы Қарқара жәрмеңкесі осындай сипатта еді. Жәрмеңке орыс саудагерлері белсене араласа бас-басымен сауда-саттық өрісі тез кеміп Қарқара үлкен абыр-дабырдың орталығына айналдырады. Бұл тәсілді патша өкіметі басқа өңірлерде де тиімді пайдаланғаны жоғарыда айтылды.
Ең бастысы көтеріліс баяу дамып ақыры жергілікті халықтың шығындалуына, босуына әкеліп соғудың негізгі себебі – отаршылдық саясатының пәрмені жүзеге асырылған патша өкіметінің ресми саясаты қазақтарды білімнен, бірліктен, қару-жарақтан алыс ұстауға тырысқандығынан қаналған ел жеріне, малынан ғана айрылған жоқ. Ол ең алдымен елдігін қорғап, сөз айтудан қалған еді, тіпті жергілікті халыққа бас қосып, күнделікті тіршілік мәселелерін талқылау үшін жиын өткізуге де рұқсат етілмеді. Өкімет қызметін атқарып жүргендерге өрескел кемшіліктерін айтудың өзіне қарапайым халықтың құқығы болмады. Ондай пікір айтудың парақор, ожар мінезді чиновниктер ұлы патшаға қарсы сөйлеумен пара-пар деп бағалап, өкімет адамдардың бетіне қарап қойған жанды дереу қамауға алып сотқа тар тып отырды.
Еркіндік-азаттықты аңсаған күрес еш уақытта толастап тоқтаған емес. Мұның дәлелі, ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін күреске толы кезең болды. 1837-1738 жылдар аралығындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық көтерілісі, 1847 жылдары болған Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі қазақ халқының отаршылдыққа қарсы еркіндік, бостандық, тәуелсіздік алу жолындағы жан қиярлық ерліктері болса, Бұқар мен Махамбет айтқан өлең-жыр ел басына күн туған кезде, қазақ халқын береке бірлікке шақырған, ерлік пен жігерлікке жебеген ұлтымыздың төмендемес асқақ рухының белгісі іспетті еді.
Азаттықты аңсаған күрескер ойдың туын дана Абай қайта қолына алды. Ол «қалың елім қазағым, қайран жұртым» деп халқын береке-бірлікке ұйқыдан оянуға шақырады.
Оның соңынан Ахмет Байтұрсынов ілесті. Оның асыл сөздері халық жүрегіне ұялап, қастерлеп орын алды. «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, сақара көлге қонып саңқылдаған»,-деп отаршылдық зардабының зарлы дәмін запыранша түкіріп, ата салтын, бабалардың ерлігін еске алады. Ахмет отаршылдардың әкелген алапатын өртке теңеді.
Бір өртке қаулап шыққан душар болып,
Не қалды денемізде шарпылмаған!?
Қазақтың баласысын бәрі мәлім,
Кім қалды таразыға тартылмаған.
деп ойлауға келешегіне терең қарап ойлануға шақырады. Ахмет елді айналасын торлап тұрған апатқа көзін ашып қарсыласуға, тәуекелге бел байлап күреске шығуға үндеді:
..Қазағым, елім,
Қайысып, белің
Сынуға тұр ғой таянып!
Қамауда жаның,
Талауда малың
Не тұрыс бар аянып?!
деп жар салады. Бұл үнге басқа да зиялылардың үні қосылады. Әр бір ұлт-азаттық көтерілістің отына тән мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын өзінің ой жетекшісі болғанын тарихтан жақсы білеміз. Осы қазақты қайраған, қазақты шын ширатқан ғасыр қайсы деген сұрақ жиі туындайды.
Осындайда көз алдыңызға XX ғасырдың бас кезін бір сәт елестетіп көріңіз. Ресейдегі 1905 жылдан басталған дүмпулерді былай қойғанда, қазақ қазақ болып дүр көтерілген 1916 жылғы оқиғалары ше! 1916 жылғы көтерілістер (ол Қазақ елінің түкпір-түкпірін камтыды) әлі де болса өзінің толық бағасын алып біткен жоқ. Ең бастысы — 1916 жыл қарсаңында қазақ зиялы қауымы оянды. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» (бұл еңбегі 1909 жылы жарық көрді) деген еңбегінде:
Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ, оянбай!
Мұнша қалың ұйқыны,
Бердің нағып,ой,алла-ай?!
деп жар салуы, А. Байтұрсыновтың «Маса» болып «ызыңдауы» — бәрі жиылып келіп, оның алғашқы ұшкындары осы 1916 жылы көрінді. 1916 жыл — біздің ұлт үшін ұлт-азаттық көтеріліс жылы ғана емес, одан да тереңірек, зор окиға, елеулі оқиға жылы. Бүкіл бір ұлттың ояну жылы, сілкіну жылы. Тіпті осы оқиғаға енді жаңаша көзқараспен қарап, оны жалпы ұлттық елеулі дата ретінде атау орынды да болар еді. Бұл тұрғыда алдағы уакытта мықтап ойланған абзал-ау шамасы.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі патша өкіметінің сол жылғы 25 июнь күнгі указына («Июнь жарлығына») — қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен сияқты бұрын әскери кызметке алынбаған халықтардың 19 жас пен 31 жас арасындағы азаматтарын майданның кара жұмысына алу туралы указына — байланысты шықты. Бірақ оның саяси-экономикалық себебі онан көп терең жатыр еді.
1914 жылы басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы-қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстанда бірінші кезекте Сырдария обылысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу обылысының оңтүстігінде және басқа бір қатар обылыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Тек Жетісу обылысының бір өзінен ғана соғыстың алғашқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайлымдық және егістік жерлер тартып алынды, ал осы жерлердің шын қожалары – қазақтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз немесе мүлде жарамсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардың тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, қазақ әскерлері мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаға үлестірілді. 1916 ж. ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. десятинаға жетті. Соғыс шикізатты, азық-түлікті, малдың және басқа материалдық шикізатты, байлықтардың орасан мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа бір ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді, земстволдық салымдар және болыс басқарушыларын бағып қағуға арналған бай-болыстық алымдар сондай-ақ жол үшін төленетін және басқа салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуына байланысты 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есеге дейін өсті .
1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алуы салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрғын жергілікті халықтары жөнінде кері идея-ықпалдың жүргізілуі.
Бірақ, ол, капитализм оңай кұрымайды, акырғы аяқ серпейтін істейді: мемлекет ішінде капиталистер жұмысшыларды қанауды күшейтеді; отар елдерде ұлттык, капиталистік қанау күшейеді; мемлекеттер арасында отар үшін, шикі заттар шығатын, капитал жайғастырылатын жерлер үшін таластар күшейеді. Бұлардың бәрінің аяғы күреске, көтеріліске, соғысқа айналады…
1914 жылғы жер жүзілік бірінші империалистік соғыс осылай шықты. Россия империалистік ел болғандықтан, капиталистік кайшылықтары шектен асып кеткендіктен сол соғысқа араласты. Патша өкіметі Россия империалистік дәуірге енгеннен бастап-ақ өзінің отарларында, солардың бірі болған Қазақстанда капиталистік, ұлт отарлық қанауды күшейткен еді; оны империалистік соғыс жылдарында тағы да күшейте түсті. Оның үстіне, еңбекші халықтың жерлерін тартып ала берді; алым-салықтарды көбейтті: бұрынғы жан салығы, мал салығының үстіне арнаулы соғыс салығы шықты; майдан пайдасына «ерікті түрде» жәрдем, жылу жинау көбейді.
Қазақ еңбекшілері, бір жағынан, капиталистік, ұлт-отарлық жөнмен қаналса, екінші жағынан, бектік-феодалдық жөнмен: қазақтың байлары мен феодалдары тарапынан қаналды. Халық түрлі жақтан қысым көрді; оның тынысы әбден тарылып, бойын ыза, кек кернеген еді. Осыдан, июнь жарлығы асқынған жараның аузын алу тәрізді болды.
Патша өкіметінің империалист соғыс майдандарының кара жұмыстарына қазақтан кісі алу туралы указы шыққанда оған қазақ қауымының түрлі әлеуметтік тобы, табы, олардың өкілдері түрліше қарады, түрліше жауап берді.
Қазақтың би-болыстары, бай-феодалдары, буржуазияшыл халық тарихын түптеп келгенде халықтың тұлғалары жасайды. Мейлі қай халықтың тарихын алмаңыз, бәрі де сол халықтың көрнекті қайраткерлері мен көшбасшыларының күрес сораптарынан тұрады. Қай заман болмасын бассыз халық егесіз ел болған емес, сондықтан да тарих қарапайым халықтың қан тері мен әдіптелгенімен, жеке тұлғалардың мақсаты, саналы харакетінің хронологиясынан тұрады. Ол әрине халықтың мақсатына, санасына айналған қарекеттер еді. Ал тұлғалардың қарекеттері, тарихи орны деген мәселелер әр кезде, әр өңірде әрқалай бола беру мүмкін. Осылай болатынын әсіресе тарих ғылымында бүкіл адамға ортақ абсолютті шындық табу қиынның қиыны. Өйткені тарих халықтық идеяны көтеріп тұратын алтын тұғыр екені белгілі. Ендеше идеологиядан қоғам мүшелерінің, адамдарының тарихқа ұстанған майдан тұғыры мәселесі келіп шығады, майдан тұғырының қалай болуын көбіне-көп сол халықтың «кейде саяси топтардың» мүддесі белгілеп жатады. Сондықтан бір тарихи тұлғаға ғана халықта (немесе саяси топта) былай, мына халыққа олай бағалана беруі әбден мүмкін. Жалпы азаттықты, тәуелсіздікті еркіндікті аңсамайтын қапастағы адам, отардағы халық болмайды. Алайда азаттық пен теңдікке қол жеткізуге деген ұмтылыс әр жеке, әр халықта қилы жағдайда, сан алуан теңдікте болып жатады. Демек сол халықтың ұлт тереңдігі болмыс-бітіміне, сана-сезіміне көбірек қатысты болса, жекелегендердің мұрат-мақсаты, төңкерістік шама-шарқы туған халықтың рухани сана-сезім бағамдағанда ылғи да тарихи тұлғаның соқа басына ғана, (өмірі, күрес жолы т.б. деген сияқты) жеке-жеке қарастырамыз. Ал, оны сол деңгейге жеткізген жалпы жағдаймен халықтың сана-сезім деңгейін, өзге де ірілі-ұсақты тұлғаларды ұмыт қалдырамыз. Сол секілді бұдан бұрынғы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде шыққан тарихи тұлғаларды да жеке-жеке бөліп алып советтік өкіметтің кесірінде жеке дара қарастырып бөліп бөлшектеп тастағанымыз жасырын емес. Оқығандары бірден патша өкіметі жағына шықты: ақ патшаның жарлығын екі етпеу керек; майдан жұмысына адам беру керек деді. Себебі би, болыстар патша өкіметінің адамдары чиновниктері еді, қазақтың бай-феодалдары мен Россия капиталистік буржуазиясының мүдделері бір еді: екеуі де қазақ еңбекші бұқарасының қанаушысы, патша өкіметіңің тірегі еді; ал, қазақтың буржуазияшыл оқығандарының басшылары алдын ала Петерборға барып, патша өкіметімен келісіп келген еді[ 2,56-58].
В. И. Ленин 1916 жылы жазған бір еңбегінде айтқан еді: «Империализм жағдайында езілген ұлттардың буржуазиясы ұлт көтерілісі туралы тек сөз жүзінде былшылдайды. Ал, іс жүзінде өз халқының сыртынан, өз халқына қарсы езуші ұлт буржуазиясымен реакцияшыл келісім жасайды»1 деген еді.
1916 жылы қазақтың еңбекші бұқарасы, олардың өкілдері қазақтың ағартушы-демократ оқығандары патша өкіметінің жарлығына бірден карсы шықты: майдан жұмысына адам бермейміз деп сөз байласты; жарлыққа, патша өкіметіне, қазақтың би-болыстары мен бай-феодалдарына карсы көтеріліс жасады. Бұл көтеріліс Қазақстанның барлық жерлерінде де болды. Соның ішінде Қостанай, Торғай жағында, Орталық Қазақстанда, Жетісу облысында өте күшті болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық күресі «25 июнь жарлығына» қарсы шыққан көтеріліс болғаны мен бұл көтерілістің түпкі негізі арыда жатқандығын көрсетеді.
1916 жылғы көтерілісті көбіне қазақ зиялылары басқарды. Мысалы, Ақмола даласында — Сәкен Сейфуллин, Атбасар даласында — Әділбек Майкөтов, Жетісуда — Токаш Бокин, Маңғыстауда — Жалау Мыңбаев, Орал облысы мен Бөкей Ордасында — Сейітқали Мендешев, Сырдария облысында — Тұрар Рысқұлов, Торғай облысында — Аманкелді Иманов және басқа азаматтар. Шілде, тамыз айларында көтеріліс сол кездегі Қазакстанның барлық облыстарын камтыды. Ол патша өкіметінің отарлық және орыстандыру саясатына карсы, ұлттық және саяси тәуелсіздік үшін жүргізілді.
1916 жылғы көтерілістің қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында орны зор. Ол халыққа ұлттык мүдденің ортақ екендігін ұғындырып, оның сана-сезімінін жетілуіне мол мүмкіндік жасады. Оны белсенді саяси өмірге жұмылдырды. Ол Ресей империализміне үлкен соққы болып тиді, патша өкіметінің соншалықты керемет, «құдіретті» еместігіне көздерін жеткізді. Қазақ халқы өзін отаршыларға қарсы ұйымдасқан күрес жүргізе алатын күш ретінде сезінді. Қаншама жұрт әскери-тыл жұмыстарына бармай қалды. Патша үкіметіне бұл халық ұйымдасса зор күш екенін, онымен санаспауға болмайтынын көрсетті.
Нұрлан болысқа көңіл айту
Нұрлан болыс қартайған кезінде сүйікті баласы кенеттен кайтыс болыпты. Бұған қатты қайғырған Нұрлан өзіне бөлек үй тіктіріп, тамақ ішпей, ешкімді кабылдамай жатып алыпты. Болысқа барып сөз айтуға ешкімнің батылы жетпепті.
Қаза кезінде жолаушылап кеткендіктен, кезінде келе алмаған атақты Әздембай ақын енді көңіл айтуға Нұрланнын аулына келіпті.
Жалпы алғанда 1916 жылға дейін ұлтымыздың көрген қорлықтары мен қасіреті ішіне әрең сиыпты, ашу ызасы бойын кернеп тұрғанында 1916 жылғы июнь жарлығы шығып, бітеу жараның ауызы да ашылды да кетті. Осы сөз Ахметтің үнімен үндесіп жатқан жоқ па? Елін ерлікке шақырғандардың қатары отаршыл саясаты деген сайын жылдан-жылға көбейе түсті. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себептерін, қасіретін аз ғана уақыттың оқиғасына иек артып, немесе бірді-екілі дерек көзімен қорытынды шығаруға болмайтыны белгілі. Бұл көтеріліске қазақ зиялыларының ықпалы әсері де кешегі кеңес тұсында бұрмаланды. Қазіргі уақытта осы көтерілістің шығу себептері: жөнінде екі-ұшты пікір кездесіп қалады. Бірі бұл тарихи оқиға патша жарлығына қарай көтерілген баскесерлердің, көтерілісшілердің толқулары десе, екіншісі сол тұстағы қазақ зиялылары көмегімен саналы түрде жасалған, ұйымдасқан ұлт-азаттық көтерілісі дейді деп жан-жақты түсіндіреді. Қазақ зиялыларының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты жөнінде айтқан қисынсыз тұжырымдар кезінде бес томдық қазақ КСССР тарихының үшінші томында айтылған болатын. Бірақ соңғы жылдары «ұлттық интеллигенцияның он алтыншы оқиғаға байланысты ерекше қызығушылық туғызып» арнайы зерттеу жүргізе бастады. Бұл еңбектердің, сол кездегі әдеби эстетикалық ізденістерін толығырақ айқындауға тигізетін себебін дұрыс аталғаны жөн.
1916 жылғы көтерілген елдің жүрегінде бостандыққа деген жалынды отты кім жақты, кім аталы сөз айтты дегенге келетін болсақ, 1916 жылғы көтеріліс шоғы тез арада тұтап, жалыны мұқым алқапты шарпыған өрттей лаулап, ел ішіне тез таралуына халықты ұйымдастырып патшаға қарсы қоюда, сол кездегі халық ақындары мен Аманкелді, Бекболат сынды ер-азаматтарымыздың үлесі мен еңбектері ерекше зор болды. Жамбыл Жабаев 1916 жылғы көтеріліске арнаған «Зілді бұйрық» және «Патшаның әмірі тарылды»,-деген патша өкіметінің зорлық- зомбылығына қарсы, жазған саяси лирикалық толғауы бар.
Омар Шипин 1916 жылғы Аманкелді сарбазының бірі ретінде көтеріліске қатысқан. Көтеріліс шежіресін ауызша да, жазбаша да жырлаған, көрнекті туындысы «Аманкелдінің айбаты»,-деген Аманкелдің ерлігіне арнап жазған тарихи қаһармандыққа саяси тақырыптағы толғауы бар.
Сол сияқты, «1916 жыл» деген поэманы шығарған Біржан Берденов, «Қоштасу» деген өлеңді шығарған Асқар деген акын да 1916 жыл оқиғасына бастан аяқ араласқан, майдан жұмысына барып қайтқан адамдар; Аманкелді туралы жырларды шығарған Омар Шипин, Күдері Жолдыбаев, Сәт Есембетов, «Бекболат» деген жырды шығарған Иса Дәукебаев Аманкелді, Бекболат бастаған көтерілістердің ішінде болған ақындар.
Көтерілістің басы қасында болған, бәрін көзімен көрген жырау, жыршы-ақындардың, аузының ебі бар адамдардың біразы өз жырларын 1916 жылы: июнь жарлығы жарияланғанда, көтеріліс кезінде, приемға барғанда, майдан жұмысында жүргенде шығарды; біразы ұзақ жыр, дастандарын 1916 жылы, әлгі окиғалар кезінде бастап, кейінірек: 1916—1926 жылдар арасында аяқтатты, толықтырды; енді біразы тіпті кейін: 1916 жылғы көтерілістің он бес, жиырма жылдығы, жиырма бес, отыз жылдығы қарсаңында, тұсында еске алу, тарихи тақырып етіп жырлады.
Бүгінгі күні осы өлең жолдарын оқып шыққан әр қазақтың көз алдына өткендегі ата-бабасының өмірі елестейтін болса керек. 1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілісі қазақ халқының отарлық езіп қанауға қарсы күресі екендігінне өткен тарихтың өзі куә. Жерін, елін, тіл дәстүрін жауынан құтқарып сақтап қаларлық қасиеті бар ел екенін көрсететін тарихи маңызы бар көтерілістердің бірі екендігі айқын.
1916 жылғы көтеріліс кезінде улап-шулаған халықтың басын біріктірген, Аманкелді, Бекболат сынды, азаматтардың елге сүйеу болғаны шындық. Сол кездегі халық ақындары. Елді береке-бірлікке ұйымшылдыққа үндеп, қиыншылыққа бой бермей, мойымай күресуге шақырады. Патша өкіметі сұр жыландай жылжып ішке кіріп қазақты ру-руға бөліп отаршылдардың туы желбірей бастағанда-ақ жүрегі таза, жан бағудың қамынан көрі елдің қамын ойлап, ерлік көрсеткен, Аманкелді, Бекболат сықылды ер- азаматтарымыз еді.
Қазақтың 1916 жылғы көтерілісі империализм дәуірінде, империалистік соғыс кезінде шықты; еңбекші бұқараның ұлт-отарлық, бектік-феодалдық үстемділікке мейлінше қаналуы салдарынан болды. Россияда 1917 жылы болған буржуазиялық-демократтық революцияға әзірлік дәуіріндегі жалпы демократиялық қозғалыстың бір көрінісі болды. ұлтымыздың рухын биігінен көрсетіп халқымыздың еркіндік-бостандық алуына, отаршылдық езгіден құтылудың негізі қаланды[ 3,122-128].
2 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлең-жырлар
Басында патша өкіметі экономикалық сауда байланыстарына кеңінен жол ашатын, табиғаты әсем, шикізат көзіне бай өңір екендігін алдын-ала экспедициялар мен саяхаттар арқылы анықтаған жердің бәрі осы Қарқарамен көршілес қырғыз елді мекендері екендері тарихи деректер растап отыр. Мұнда орыс қоныстанушылары жиі орналастыру да осыған байланысты болса керек. Тамыздың он бірі күні ереуіл төбедегі көтеріліс басшылары халыққа ақ патшаның билеп төстеушілері көптің көңіліне жарымай, қарулы жазалаушы күш қолданып келгенін ескерткен болатын. Жетісуді жаулап алу қамына кіріскен патша өкіметі бірден күш жұмсамай халықты алдап, бостандық үнемі жоғары тұратын елдің бірлігін, бас қосарлық мүмкіндігін, кеміту мақсатымен Қарқара жәрмеңкесіне белсене қатысып, момақан түр танытқан еді. Бұл да болса «шығымы аз пайдасы көп болса» деген ниетпен жүргізілген отаршылық саясаттың бір тәсілі еді. Қарқара өңіріндегі елдің 1916 жылғы көтеріліс орталығы болуының себебі – осы жәрменкенің төңірегіне әбден жиналған, табиғаты толқып тұрған кезде, «патша өкіметінің қарапайым халық ішінен соғысқа адам алады»,-деген жарлықтың жариялануы себеп болды. Бұл елдің тез бас қосып, көтеріліске шығуына нағыз қолайлы жер, қолайлы кезең еді. Сол кездегі отаршылдық тепкінің езгісіне шыдамай ауған елді, өкіметінің ресми адамдары қазақтардың Қытайға бөлініп кетуіне қарсы нақтылы шара көріп баққанын айқын аңғарамыз. Бірақ патшаның қарулы күші үріккен елге тосқауыл бола алмады. Бұл ереуілдің шындығы дүние жүзіне жайылып, патша өкіметінің абыройына нұқсан келтірді. Сол себепті өкімет орындары Қытай өкіметіне босқан елді қайтаруды талап етті. Басқа көргені аздай, тосқауыл қойылып қазақтардың басына тағы бір тажалды ауыр күн туғандай болды. Осы мәселе жөнінде әлі күнге дейін нақтылы мәселе жүргізілмей ат үсті әңгіме болып келеді, бұл мәселеде ерекше талдауды қажет ететін тақырыптың бірі. 1916 жылғы патшалық Ресейдің бодан халықтардан әскерге бала алу жөніндегі «июнь жарлығы» шығысымен, қазақ жерінің әр тұсынан аталмыш жарлыққа қарсы көтеріліс бұрқ етеді. Бұл көтерілістің ішіндегі ең көлемдісі Қарқара көтерілісі мен Қоянды көтерілісі болатын, аталған көтерілістер жалпы халықтық сипат ала алмай, орыстардың зеңбірегі астында тұншықты. Көтеріліс отын сөндірген орыс отаршылдары, оның ұйымдастырушылары мен негізі себепкерлерді қудалап, тұтқындай бастады. Қоянды жәрмеңкесі — Әсеттің халыққа өнер нәрін шашып, үгіт-насихат жүргізетін негізгі саханасы еді. Соған байланысты көтерілістен соң Әсеттің өміріне қауіп төнеді. Оны орыстарға көрсетуші өз туыстары екендігі күмән тудырмайды. Сөйтіп ақын Қытайға қоныс аударады. Ол туралы:
Қалып тұр қазағымнан туысқандық,
Заман ба, пенде азды ма-суысқандық.
Кісі өлтіріп, мал талап әдепсіз боп,
Бұрында бар ма екен бұ дұшпандық.
Басшысы азаматтың шалғай жатыр
Жете алмай, қытай жаққа жылыстадық [4,185-189 ]
деп толғайды. Демек Әсет Найманбайұлы Қытай жеріне 1916 жылы біржола қоныс аударады. Әрине оның алдында Әсеттің серілікпен бірнеше дүркін Қытайдағы қазақтар арасында белгілі. 1916 жылдан өмірінің соңғы сапарына дейін ақын Алтын-Алтай, Майлы-Жәйір, Іле өңірінде салдық құрып өткізеді. Көдек ақынның игі мақсаттарымен таңдап алып, әрі өрелі де көлемді шығарма жазған тақырыбы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі. Өзі де қан кешіп қатысқан бұл оқиғаны белсене жырлауы, ұлы М. Әуезовтың роман арқау етуі мүлде жайдан-жай немесе кездейсоқ құбылыс емес еді . Ол шын мәнінде профессор Р.Нұрғали айтқандай: «Орта Азия мен Қазақстанда болған 1916 жылғы халық көтерілісі тарихтың шалқар көшінде Алатаудың талғарындай аспандап тұрған биік заңғарлардың бірі. Бұл ұлы оқиғаның әдебиетттерде толып жатқан шығармалар тудыруы, көптеп келгенде өмір мен өнер арасындағы кіндіктестікті сипаттайды, халық басынан өткізген қиян- кескі күрестің тарих қойнауында қалып қоймауы әдебиеттің мәңгі өшпес, өлмес беттеріне көшуі болып табылады[5,96-98 ].
Демек К.Маралбайдың «16-шы жыл» дастаны оның ақындық биігі мен азаматтық болмысын танытар аса ұлағатты туынды. Себебі, біріншіден, жоғарыда айтылғандай таңдап алынған тарихи оқиғаның маңыздылығы ақынның азаматтық-азаттық ой қозғауына биік тұғыр болып отырса; екіншіден, жалпы дастанның ұлттық тұрғы нысана, халықтық ар-намыс тұрғысынан ұлы М.Әуезовтың «Қилы заманымен» үндес тауып бір арнада тоғысып жатуы – Көдек ақынның сана-сезімін деңгейін, парасат-пайым өресін көрсетсе керек осы арада профессор Ж.Дәдебаевтің: «… тарихи нақты оқиғалардың түрлі өзгеріске ұшырап, әр халықта суреттелуінде белгілі бір жүйе терең мағына болғаннан кейін, оқырманның да жазушының суреткерлік тұрғысына деген құрметі мен сеніміне көлеңке түсетіні даусыз»[6,13-15 ] –дегені еске түседі. Демек, бір тарихи деректі (1916ж.) жазудағы екі алыптың үндестігі, әрі олардың өзінің, әрі әдебиеттің бақытты болып отырғаны осыдан.
1986 жылы Қарқара көтерілісінің 70 жылдығын Кеген ауданында атап өткен кезде жан жақтан келген бірқатар адамдар осы мәселеге ерекше көңіл аударды. Сол жиын үстінде ереуілдің алғашқы басшылары қамалып, артынан сотсыз айуандықпен оққа ұшқаннан кейін көтерілген елге, беделі жүріп, қарулы қазаққа басшылық ете білді дегендердің ішінде Монай Ұзақбаев деген жігіт аталады. Ол жалғыз атты кедей, інісі Мұқан екеуі Нарынқолдағы Охотничьи станциясына орыстарға жалданып тіршілік еткен, батыл сөзге де іске де тартымды жігіт болғаны айтылады. Ереуілшілер Қарқара жәрмеңкесіне шабуыл жасаған күні Монай бастаған топ ерекше көзге түседі деген пікір айтылады. Поштада істеген біреу арқылы Монай облыс орталығы Верныйдан шыққан «жазалаушы» отрядтары туралы алдын-ала хабардар болып тұрған, және ол хабарды дер кезінде елге жеткізіп, қарусыз қарапайым халықты қанды қырғыннан алып қалған. Бұл әңгіменің бәрі ел аузындағы сөз Монай туралы ресми басылымдардан деректер көп кездеспейді. Бұл, әрине, Монай туралы айтқан сөз үзілді-кесілді күмән туғызады деген пікір емес айтылған сөзге қарағанда Монай жүрек тоқтатып, елдің қарулы күшпен соғысуына ықпал жігіттің бірі болса керек.
Мұндай өлеңдерде баяғы уақыттарда өткен шайқастың айы мен күні нақтылы көрсетілмесе де, тарихтық қатал кездері, халық күшінің образы анық керінеді. Профессор М. Әуезов қазақтың, тарихи өлеңдерінің мол тараған дәуірі — XVIII-XIX ғасырлар дейді, оны екі тақырыпка бөледі: бірі — үстем тапқа қарсы айтылған еңбекшілердің кекті өлеңі, екіншісі — жоңғарлардың және патшалық билеу тәртібінің шапқыншылығы туралы. Оған мына тектес шығармалар мысал бола алады:
Қатын, бала, бауырым жауда кетті,
Қаратауды катал жау бермей өтті.
Қайдасыңдар, қазақтың батырлары,
Жасақ бастап, алсаңшы жаудан кекті!— деген
патриоттық өлеңдер Отанды, елді қорғауға үндеген.
Халық лирикаларының мол саласының бірі — тарихи өлендер. Тарихи өлеңдердің үлкен жорығы 1916 жылғы патша үкіметінің отар халықтардың 19 бен 31 жас аралығындағы жігіттерін майданның қара жұмысына алу туралы жарлығына, елдің бұл жарлыққа наразы болуына байланысты туған.
… Әуелде солдат қылып ойнатпадың,
Орысша тіл үйретіп сайратпадың.
Көзін ашып «қу қазақ» оянар деп,
Қазынаның аядың қара нанын,-
Қазақ арасына кең тараған өлеңнің үлгілері екеу: қара өлең, қайым өлең. Академик М. Әуезов қазақтағы қара өлеңнің екі түрін айрықша атап өткен: «…бір ауыз өлең екі үлгіге бөлінеді, оның біріншісі — бастауыш түрі, ең оңайы — қайым өлең, екінші үлгісі — қара өлең»,— дейді. Қара өлеңнің, әсіресе жастардың ойын-сауық кештерінде айтылатын «Тау өлеңі», «Су өлеңі», «Жер өлеңі», «Ата өлеңі», «Шай өлеңі», «Ет өлеңі», «Қоштасу өлеңі» деген қара өлеңнін, бірнеше түрлері болған. Қазақ фольклорындағы қара өлең үлгісіне ұқсас өлеңдер жапондықтарда «хокку», индонезиялықтарда «пантун», скандинавиялықтарда «квазура», түріктерше «мани», тәжіктерше «байт» деп аталады. Бұлардың сарынында бірыңғай ортақ белгілер бар [7,189-193 ].
Қазақ Ресей отаршылығына қарсы ұлт-азаттық күресі жолындағы пайда болған лирикалық толғаулардың композициялық құрылымында үш мәселе жинақтала жырланады: бірінші – Ресей патшасымен оның жергілікті әкімдерінің зорлық-зомбылығы, екінші – қорлық пен зорлыққа шыдамай қарулы күреске аттанған халық көңіл-күйінің сипаты, үшінші – патшалық әкімшілік орындардың, жергілікті билеушілердің жазалаған халық үкімінің орындалуы. Лирикалық толғаудағы халықтың ойын психологиялық көңіл-күй ала бөртуі жағдайында суреттейді. Мысалы Атқан Бөлтірік ұлы «жырау болу қыйын-ақ өлеңінде»,-деп сол кездегі елдің басына түскен ауыр қайғы-қысыретті ерекше дәлме-дәлдікпен суреттеп айтқан.
Ел болып, жер қалып,
Таусылып тұр тағатым.
Қисынсыз заман кез келіп,
Қайырлып тұр қанатым.
Деп жырласа екінші бір өлеңінде «Албаным-ай, албаным-ай»,- деген жолдармен тіпті де нақтылы сол кездегі қазақтың традегиялық халын тартымды етіп жырлайды.
Албаным-ай, албаным-ай
Айрылып албанымнан қалғаным-ай.
Ат берсе атан берсе алмайтұғын,
Күнімнің бес тиынға қалғанын-ай!
Жақсыларға жарылып жыр айтқанша
Кетпедім бе бір сартқа жалданып-ай.
Албаным-ай, албаным-ай,
қалам деп ойламабем қалде мұндай.
Деген олең жолдарында 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс әсерінен ауа көшкен халқтың қайғы қасыретін, көрген қорлық зомбылығын айтып өзінің туған елге деген жанашырлығын сүійспншіліқ сезімін осы өлең жолдары арқылы білдіреді.
Қашып жұрдік түнімен
айрылып әркім қақсады
берместен бір-бір ұлынан
орыстардың ұлығы
Албан қаптап келгенде
Жәрменкеге тығылған.
Сойылы бар батырдың
Талай атқан оқпенен
Жапалақөтай жығылған
Бөлтірік ақын 1916-жылғы көтеріліс кесірінен халықтың көрген қорлық-зомбылығын жан-жақтылы жеткізген. ақын мұнда соғыс суреті дәл көз алдымызға келеді.
Ел күңірене үрікен де
Кеулей көшіп жөнелдік
Он үйіміз бес үйде
Билей қашып жөнелдік
Атадан қалған қой жылқы
Тимей қашып жүгірдік
Тіккен үйді теңкійтіп
Жимай қашып жөнелдік
Деп үріккен елдің сол кездегі нақтылы жағыдайын жыр жолдарында дәлме-дәл суреттеп көрсетеді. Мысалы: Жамбылдың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған «Патшаның әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген саяси-лирикалық толғауынна келсек.
Верныйдан жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Он тоғыз — отыз бірді алады»- деген
Суық хабар — халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып»
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күндіз, түні күйін тартып.
Верныйдың ешкім бармай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз»,— деп,
Тайсалмай әке байғүс жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Жігіттер тұр: «Қалайда қаламыз»,— деп,
«Егер де бұл түрінді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз»,— деп.
Ел-ел болып жиылды кеп әрбір сайға.
Ал, әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып, толқынданды
«Бір сая бола ма,-деп шыбын жанға?»
Жиылды бозбалалар бір кезеңге,
«Қарғалы» деген тасқын бір өзенге.
Пристав кетті, «еріксіз аламын» деп,—
Көрерсің деп бүл істі кезегінде.
Бәрін де, ол пристав жаттап алды.
Басшыларын қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды.
Көрген көзді қосақтап,
Қалай қиып береміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып
Қайда көшіп кетерміз?
Көкіректі зар қылып,
Қорлықпен қайда өтерміз?!
1916 жыл оқиғаларына байланысты өлеңдердің енді бір тобы майданға аттанғалы жатқан жігіттер мен қоштасу сарынында туған. Мұның жарқын мысалы «Дәметкеннің зары». Көзі көрмейтін қарт Дәметкен жалғыз ұлы Далабай приемға кетіп бара жатқанда былай деп толғайды.
… Жалғызым, жаным Далажан!
Тым болмаса екеу боп,
Артыннан біреу ерсейші.
Теңтекшіл, теріс, қу құдай
Зорлықшылды көрсейші.
Тым болмаса жар болып
Жарқ етіп көзім ашылып,
Далаштың жүзін көрсейші.
Сылқ етіп сөйтіп, өлсемші
Бұл тектес өлеңдер көп. Кейде халықтың патша озбырлығына қарсы наразылығы қара жұмысқа бара жатқандарға берілген бата түрінде де айтылады. «Теміршенің батасы» осы айтқанымызды сипаттайды.
Ия, илаһи бізге бақ,
Аруақтар бізге болсын жақ.
Патша өліп, иесіз қалсын алтын тақ!
Жауласын быт-шыт болсын,
Әркімге ақ үйлі қонсын,
Қазақтан әкім сайланып,
Патшаның қатын-баласы қайыр сұрасын!
Тағы бір шоғыр өлең халықтың патша әміріне көнбей, қарулы әрекетке көшкендігін көрсетеді. Бұл өлеңдер сол кездегі бұқараның ең көкейтесті арманын жарқырата ашатын өшпес мұра десе артық емес. Бұзаубақ ақын өлеңінде патша жарлығына деген жалпы елдің түсінігі сезіледі.
Патшаның рахымы жоқ қазағыма,
Қор болма отаршылдық мазағына.
Баста ерік, малда билік болмаған соң,
Сүйінбе құр өмірдің ұзағына………..
Соғыс суреттері де халықтың ашынған әрекеті, азаттық көрінісі ретінде көрсетіледі.
…Тәуекел деп ат қойдық,
Тосыннан оған көне алмай.
Жасанған жауға кездесіп,
Аспаннан құрдай оқ жауып.
Түтігі мен шаңы аралас,
Бірін-бірі көре алмай….
Телеграмм сым қиылды,
Бағанасы жығылды,
Балтамен шауып, күйреліп.
Елуден адам бөлінген
Қызыл үйін патшаның
Шауып алдық қиратып.
Қалдырмай өртеп жіберді.
Қатын, бала, үлкенін
Үріккен қойдай шулатып.
Сөз жок, өлең, толғау, лирика, жыр-дастан қазақ халқының ауыз әдебиетінде ертеден бар, дағдылы дастандар түрлі жанрлар. Ал, олардың арнау, үндеу, хат түрі, күнделік, өткенді еске түсіру, мемуар түрі қазақ ауыз әдебиетінде жаңа жағдайға, жаңа оқиғаға, жаңа мазмұнға байланысты туған жаңа жанрлар
Дұғай сәлем тапсырам көп Дулатқа.
Бекболат айтқан сөзі өлер шақта;
Ағайын бірге туған Шапырашты,
Албан мен сәлем айтам Суан жаққа.
Сәлем де Орта жүздің баласына,
Кіші жүз, Орынбордың қаласына.
Ағаңды асып отыр Алматыда,
Зарлауыма құлағыңды саларсың да,
Дұғай сәлем айтайын қырғызыма,
Жауға қарсы шабатын құндызыма.
Жас баланы бергенше қырылып қал,
Құрбандық болмайсың ба ұл, қызыңа..
Жоқтау сарынындағы өлеңдер бір ғана қазақ фольклорында айтылмайды, ол Ассирияның ұлттық эпосы «Гилгамеште», көне Индия эпосы «Махабхаратада», гректердін, «Илиадасында», ескі еврей тұрмыс-салт өлеңдерінде, Египет жырларында көптеп кездеседі. «Аманкелдінің өліміне» деп аталатын халық аузындағы бір жырда батырдың бүкіл саналы өмірінің азаттық-бостандық жолындағы күреске арналғаны, сол шайқаста қапыда қап жауларының қолында мерт болғаны ел атынан қайғыра баяндалады
Еңбекшіні қорғап жаудан,
Құтқарам деп шынжырлаудан.
Қарсы атыстың, қарсы шаптың,
Бермеймін деп жасты қолдан
Шыныңменен қаза таптың ба?
көз жұмғанда бірін-бірі шығарып салған. Асылы олар табиғаттың, қоғамның қаталдығының алдында жыламаған, тек бірін-бірі жоғалтқан кезде жылаған. Бұндай өлеңдер естірту, көңіл айту, жоқтау түрінде берілген. Жоқтаудың өзіне тән мелодиясы болған. Аманкелдінің әйелі Балымның атынан шығарған шағын жоқтау жырда, бұрынғы халық әдебиетіндегі жоқтаудың үлгісі сақталған:
«Машриқтан шыққан күн,
Мағрип бармай батар ма.
Бауыры шұбар, гүл арыстан,
Жолда жалғыз жатар ма.
Көр болғыр, дұшпан көздері,
Ем болмағыр сөздері,
Қойды екен неғып атарға…
деп, Аманкелді жөніндегі өзінің қайғысын, ызасын, күйігін сыртқа шығарады, батырды өлтірген дұшпанға қарғыс айтады.
Болыснай, пристав пен ауылнайы, • ,
Көрінді жамандықтың тегіс жайы.
Осыдан елге аман бара қалсақ,
Қылармыз көрген күнін қаңтар айы!—деп.
қыр көрсетеді. Ал сол майдан тылындағы қара жұмыста жүріп көзі ашылған,
Б. Берденов бұдан да батылрақ пікір ұсынып:
Қару тисін қолға тек,
Келсін бізге жекпе-жек,—дейді.
Мұндай өткір мазмұнды жалынды жырлар көрші отырған бауырлас елдер әдебиетінде де көрініс тапты. Бұл жырлардағы сол қоғамдық-әлеуметтік әуен ел мен майдан арасындағы сәлемдесу хаттарында тіпті тереңдей түседі. Майданда жазылған сәлемдесу хаттарында Т. Қилыбаевтың «Науан хазіретке хаты», «Ақбастың Нұржанға хаты», «Нұржанның Ақбасқа хаты», 3. Әбдірахмановтың «Окоптан хаты», С. Бегімовтың «Туған елге хаты», Әкмал, Молдаш, Байтас, Нұғман, Әлімхан :мен Белденнің хаттары, ел аузындағы «Ауылдан хат», тағы басқалар) жігіттердің туған жерге деген сағынышы, атқамінер би-болыстар мен патша үкіметінің зұлымдығы сипатталады. Бұл жырларда ел-жұртты ашық күреске шақыратын жігерлі үн де, болашаққа деген зор сенім де бар. Сөз жоқ, бұл жайт алдымен жалпы Ресейдегі қала берді майдан шебіндегі революциялық қозғалыстардың игі әсерінен туған аса бір елеулі құбылыс еді. Осы тектес жырлар өзінің сан-сықаққа құрылған әшкерелегіш сипаттарымен дараланады. Бұлардан Т. Қилыбаевтың жоғарыда аталған хаты жеке дара тұр. Ол дарақорлығымен көзге түскен кейбір дін иелерін әжуа мысқылмен аяусыз түйрей отырып, олардың қиын сәтті пайдаланып кедейлерге жасаған қиянат-зорлығын айтып, өздерінің ішінде шемен боп қатқан кегін де жасырмайды. Бұл арада Бұзаубақ ақынның «Құты қашты патшаның», Омар Шипиннің «Губернатор келгенде», «Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұл ұлына жазған хаты», «Әбдірахманның Кұбашаға қайырған жауап хаты»,-деген сияқты өлеңдер. Құбаша өз елінің июнь жарлығын есітіп, оған қарсы көтеріліс жасағалы тұрғанын хабарлайды:
Боз балалар буланды,
Қайрат тасып нұрланды.
Айнымаска анттасып,
Шалып жатыр құрбанды, –дейді.
Би-болыстардын, бай, саудагерлердің қалаға кашып жатқанын, өздерінің Аманкелдімен хабарласқанын білдіреді. Құбашаға кайырған жауабында Әбдірахман да өз елінің көтеріліске әзірленіп жатқанын айтады:
«Біздің ерлер санаулы,
Аттары сайлы жараулы.
Жал-құйрығы тараулы,
Ұйқысы қашқан, аяулы»,-дейді.
Бұзаубақ патша өкіметінің империалистік соғысқа араласып, әскері майданда жеңіліске ұшырап, өзі қысылып отырғанын сондықтан оның қазақтан майданға адам алу туралы жарлық шығарғанын айта келіп:
.. .Ел болмас бұған солдат бергенменен,
Патшаның дегеніне жүргенменен.
Жақсылық жауыздардан қазақ таппас,
Соғысқа босқа барып өлгенменен…
Үш жүздің баласына жар салайык,
Берсең де өлдік балаңды, бермесең де
Онан да жауға қарсы ат салайық! —дейді.
Осыған бүкіл елді, елдің басшы адамдарын, ер азаматтардың бәрін шакырады.
Боз бала елдің көркі мандайдағы,
Қимылда, шағың болды жау жайдағы.
Еріксіз қайран ерлер қор болғанша,
Атқа мін, жарақ асып, найза алдағы! — дейді.
Омар өлеңінде июнь жарлығын жариялау үшін елге губернатордың өзі келгені, оның халықты майданға адам бер деп қысқаны, губернаторға Аманкелдінің тайсалмай қарсы сөйлегені, жар салып, халыкты жарлыққа, патша өкіметіне қарсы көтеріліске шақырғаны, артынша еңбекші халықтан сарбаз кұрғаны баяндалады. Жалпы қазақ халық ертеңгі болашағына зор сенім-үмітпен қарайды,
Патшаның рахымы жоқ қазағыма,
Қор болма отаршылдық мазағына.
Баста ерік, малда билік болмаған соң,
Сүйінбе құр өмірдің ұзағына………..
Майдан шебіне аттанғандардың тұрмыс-халы, көңіл-күйі Біржан Берденов, Ғайкеш Ботаевтың өлеңдерінде неғұрлым толық көрінді деуге болады. Ғайкеш Ботаев нұсқасында әскерге кедейлердің жаппай дерлік алынғаны, бай балалары аман қалғаны айтылады.
…Тазды алды, соқырды алды, ақсақты алды,
Бір байдың үш баласы бірдей қалды.
Бұл күнде тура әкім елде болмай,
Әкімдер дұшпан тұтты жарлыларды.
Осы өлеңнің енді бір жерінде «Орысша білген кісі тәуір болды, сонда да қызметі ауыр болды» делінген. Біржан Берденовтың «1916 жыл» деп аталған ұзақ өлеңінің әрбір бөлімі солдатқа алынғандардың ұзақ жолда көрген-білгендерін кезек-кезегімен әңгімелейді.
…Жыилып прием үйдің қақпасына
Отыз бір он тоғызбен еніп жатыр.
Сандалып, шара таппай тұрған қазақ ,
Не боларын білмей-ақ түбін ақыр.
Алдында кәмесие төрелердің
Топталып төрттен қатар тұрып жатыр
Бұрын кең сақараны еркін кешіп жүргендерге казарманың ауыр тәртібі ала бөтен зорлықтай көрінді.Сол кездегі ауыл адамдарының мінезі мен дүние танымын білуге мына жолдар таптырмайтын куәлік іспетті.
Жүрмедік енді қайтіп келген ізбен,
Шыға алмай казарманың есігінен
Жанашыр бірге туған ағайлармен
Қақпаның амандастық тесігінен
Дүниеде өмір сүріп, жүрсек тірі
Мұнысы тіпті-ақ кетпес есімізден…
Бұдан кейін әскер тиеген эшелонның жүрген маршруты, темір жол бойындағы орыс қалалары аталады. Қонған жер, көрген қысын-бәрі де тізілген.
…Шұбыртып түн ішінде айдап келіп,
Қамады тағы да бір түрмесіне.
Түрмеде бір мың қазақ бір түн қонды
Талатты қан дала мен бүргесіне.
Біржан Берденов өлеңдерінде оқиға куәгерінің әр мезеттегі сыры мен мұңы жүйелі түрде бейнеленген. Сөз болып отырған өлеңнің «Ұзақ жол» деген бөлігі «Күн-түні отыз сөтке жолда жүріп, азар деп табанымыз жерге тиді» деген жолдармен бітеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі, Сәт Еспенбетовтың «Июнь жарлығы». Кенен Әзірбаевтың «Он алтыншы жыл», «Аттан», «Қайран елім», Сартайдың «Тар заман» және т.б. ақындардың лирикалық қаһарман өлеңдерінде лирикалық қаһарман ақындардың халық атынан айтқан үкімі кесімді ойлары сыншыл сезіммен жарияланады. Өткендегі көшпелі дәуірде қазақ халқы үш түрлі ауыртпалықты көбірек бастан кешірген: бірі — табиғаттың каталдығы, екіншісі — феодалдық заманның салт-санасы, үшіншісі — шетелдік шапқыншылық. Аталған үш түрлі жағдай халықтың ән-өлеңдерінде айқынырақ көрінеді.
Аманкелді туралы халық әдебиетінің үлгілері өте мол. Аманкелдінің тарихтағы, 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі революциялық күрес дәуіріндегі қаһармандық істері жайында талай жыр, өлең, тақпақ, толғаулар айтылып, ел аузына таралған. Бір сала, мол жыр Аманкелдінің өліміне арналған жоқтаулар. Жоқтау жырлардың өзінде Аманкелдінің совет үкіметін орнату жолындағы батырлық, қолбасшылық сипаты айқын жырланады. Аманкелдінің өмірі 1916 жылғы ұлт-азаттық алу жолындағы көтеріліске, Қазақстанда Октябрь революциясының жеңісі үшін күреске тығыз байланысты. Сондықтан да Аманкелді туралы өлең, жыр, дастандар революциялық мазмұны күшті, осы тарихи дәуірдің шындығын, қазақ халқының бостандық, таптық күрестерін кең елестетіп отырады. Аманкелді саналы әлеуметтік күреске араласқан дәуірдің өзінде-ақ оның сенімді серік-сарбазы болған ақындар көптеген өлең, жыр шығарып таратқан. Мәселен Аманкелді отрядының атпен жүргенде айтатын «Аманкелді маршы» революцияшыл мазмұнды өлең:
«Қорықпаймыз, қорықпаймыз ешбір жаудан,
Қан кешкенде төземіз омыраудан.
Қылыш ұстап, сарбаз боп міндік атқа
Ниет берік, күштірек, талай таудан.
Қызыл туда «бостандық» деген ұран.
Жан қорғайтын сарбаз жоқ қашып бұдан,
Дамыл-тыным алмаймыз аттан түсіп,
Шыққанша алтын күн, көшіп тұман».
Бұл Аманкелдінің сарбаздары атынан айтылған жорық жыры. Мұндай жырларда Аманкелді бастаған күрестерінің таптық мақсаты, жеке кезеңдері айтылады. Аманкелді туралы көп жырлар оның өмірі, революция жолындағы күресі, қайғылы өлімі жайын айтудан басталады.
Аманкелдінің өлімі туралы жырларда ақындар бір жағынан еркіндік күнге жетуге қуанса, екінші жағынан сүйікті батырдың қаза тапқанына қатты күйінеді, қайғырады жоқтау, қоштасу түріндегі жырларын айтады.
«Кедей үшін жан қиып,
Жарлының болған панасы
Соңынан ерген кедейдің,
Көтерілді санасы.
Елге теңдік әперген
Үдербайдың баласы.
Түпке жетті қайтейін,
Байлардың қүрған алашы.
Өзі өлсе де жолы бар,
Жолды апарар қолы бар…»
Бұл өлеңді белгісіз ақын шығарған, Аманкелді өлген кезде ел аузына таралған. Ақын қайғымен қатар, Аманкелдінің жолы, қолы бар, сол жолмен іс істейік деп елді жұбатады.
Күдері Жолдыбайұлының «Аманкелдінің Торғайды алғаны» деген шағын толғауы, Аманкелді өмірінің аса маңызды бір кезеңін елестетеді. Ақын июнь жарлығынан кейінгі ел басына түскен ауырлықты, патшаның, болыс, байлардың халыққа істеген зұлымдығын шағын кіріспе бөлімінде айтады да, поэманың негізгі бөлімінде Аманкелді бастаған сарбаздардың жорығын, жаумен араласқан соғысын суреттейді. Соғыста Аманкелді жауды ойран етіп жеңіп шығады:
«Оқ жыландай ысқырған,
Жалын шашқан ышқынған,
Ат қойып көп іркілмей,
Шашақты найза желкілдеп,
Ақ сойылдар сартылдап,
Аманкелді алдында
Атылған оққа жарқылдап,
Қарамастан айқайлай,
Ермеген оған жан болмай,
Көп көшені шаңдатып,
Қалаға кірді аңратып».
Бұл Аманкелдінің соғысы туралы ақиқат суреті. Расында сарбаздардың ерлігі үнемі осындай, жауған оқ, құрулы зеңбірек, пулеметке қарсы қорықпай шабул жасап отырған. Тарихи деректерге қарағанда Аманкелді сарбаздары 1916 жылы Торғай қаласын ала алмады. Ал, халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың Аманкелді туралы жыры батырдың сол тұстағы ерлік күрестеріне берілген халқымыздың әділ бағасы өшпес жарқын ескерткіші іспеттес. Өткендегі көшпелі дәуірде қазақ халқы үш түрлі ауыртпалықты көбірек бастан кешірген: бірі — табиғаттың қаталдығы, екіншісі — феодалдық заманның салт-санасы, үшіншісі — шетелдік шапқыншылық. Аталған үш түрлі жағдай халықтың ән-өлеңдерінде айқынырақ көрінеді.
Бұл жырда Орталық Қазақстанда, Атбасар жағында болған көтеріліс баяндалады. Халық жарлыққа, оны орындауға келген әкім, ұлықтарға қарсы тұрады, оны Жақып, Иса Дәулетбеков деген кісілер бастайды, бұлар жігіттерден сарбаз кұрады, Қарақойын деген жерге барып, лагерь болып жатады. Онда Жақып, Иса сарбаздарға үгіт айтады; жауға «Азаттық!» деп ұран салып шабыңдар дейді; әскери ойын үйретеді, қару-жарақ жасатады, қорғануға, соғысқа әзірленеді.
Өкімет елге әскер шығарады, оны би, болыстар бастап келеді. Әскер мен сарбаз кездесіп, ұрысады. Иса жүз шақты солдатқа қарсы жалғыз дара шабуылға шығады, үш солдатты өлтіреді, өзі катты жаралы болады. Жақып, Аманкелді сендерді жақсы жолға бастайды, теңдікке жеткізеді-деп, артында қалғандарға рух-жігер беріп кетеді.
Иса өлгеннен кейін сарбаздар жеңіліске ұшырайды, көбі қырылады, қалғаны бет-бетіне кашады, олармен бірге ел босады, көп жерде қыстаумекен өртеледі, мал, жан талан-таражға түседі, халық қатты күйзеледі. Ақырында, майданға адам беруге еріксіз көнеді.
Омар, Күдері, Сәт ақындардың өлең, жырлары Аманкелді және оның ұрыстары туралы. Омар бұрын «Аманкелдінің айбаты», «Губернатор келгенде» деген өлеңдер және Аманкелдінің әр ұрысы туралы бѳлек-бѳлек өлеңдер шығарған. Соларды ол отызыншы жылдары құрап, жалғастырып, қисса етіп жазып, 1942 жылы «Аманкелді» деген атпен бастырып шығарған.
Омардың ол қиссасы көптеген ұсақ-ұсақ тақырып, бөлім болып жазылған. Оның бірқатар тақырып, бөлімдері мүлде артық, саяси қате. Оларды шығарып тастап, Аманкелдіге, оның қоғамдық істері мен ұрыстарына тікелей байланысты жерлерін алғанда, қиссаны жинақтап, мынадай үш бөлімнен тұрады деуге болады:
Бірінші бөлімде Аманкелдінің ата-анасы, туысы, балалық шағы, ержетіп,жігіт болған кезі суреттеледі. Батырдың жаратылысы, түрі өзгеше:
Батырдың туғаннан-ақ түрі белек,
Шүйделі бас, форымы дѳп-дѳңгелек…
Тұтасқан екі қастың аралығы,
Бесіктей бұлшық еті, жұмыр білек.
Ол бала жасынан күрескенді жығатын, ұрысқанды жеңетін күшті, құралайды көзге ататын мерген, кәриялардан естіп, еткенді біледі, тұрмыстан көріп, халықтың хал-жайын ойына тоқиды, әділеттік іздейді, әлсізді жақтап, әлдіні ауыздықтайды, халықтың ар, намысын жоктайды.
Бұл соғыс әр алуан жырдың түйінді тақырыбына айналды. Көптеген ақындар .осы оқиғаны қоспасыз сипаттап, тарихи шындық шеңберінде ашып берсе, енді бір топ ақындар мұның тарихи мәнін ескере отырьш, көркемдік биікке көтере, дамыта жырлайды. Айталық, «Қамалды бұзған қаһарман» атты халықтық жырда осы жайт:
Аманкелді алдында,
Айнала өрлеп қаланы,
Күн батқанша қамады.
Шындыққа орай сипатталса, Омар Шипин сол соғыстағы батырдың өз басының ерлігі мен іс-әрекетіне ерекше мән беріп:
Астында күрең қасқа ат, қолда мылтық,
Соғысқа болған батыр жастан ынтык,
Айқасып солдат басы комендантпен,
Жөнелді ағып өтіп басын қырқып,—
дейді. Ал шабуыл жасаған жігіттердің көзсіз ерлігіне сүйсінген ақын Күдері Жолдыбаев шалқыған шабыт үстінде Аманкелді бастаған топқа қаланы алғызып та қояды. Ақын «оқ жыландай ысқырған, үңірейген мылтық аузына қарсы ақ сойылы сартылдап» ат қойған жұрттың қаһарлы да алып тұлғасын, халық алдында «ақ алмастай жарқылдаған» Аманкелді бейнесін нақты қимыл қозғалыс арқылы шебер суреттейді.
Ақындар Аманкелді батырдың соғыстағы өз басының ерліктері мен «құралайды көзге атқан» мергендігін, алғырлық-тапқырлығын («Татырда», «Күйік көлдің басында», «Құмкешу соғысы», «Аманкелдінің Торғайды алғаны» зор сүйіспеншілікпен даралап сипатталғанмен, оның қанды көйлек мыңбасы, жүзбасылары мен жауынгер мергендерін де естен шығармайды. Бұл жырларда Әмірбек, Мырзабек, Айранбай, Алпыс, Байқадам, Есмағамбет, Қонысбай секілді ерлердің екі талай қиыны, сәттерде табандылық пен батырлықтын, әдіс-әрекет тапқырлықтың өшпес үлгісін көрсеткені нақты бейнеленген.
Тарихи деректерде көрсетілгендей, Аманкелді батырдың мыңбасы, оң қолы Қарсақбай жұмысшысы Дәулетбековте халық бостандығы үшін жан аямай соғысып, қапыда мерт болған ардагер азамат, жалынды батыр. Ақын Қ. Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі» дастанындағы Исаның өлер алдында айтқан ақтық өсиет сөзі сол Құмкешу соғысында жанқиярлықпен қаза тапты ақын ерлердің де асыл ой, мұрат-мақсатын паш етіп тұрғандай:
Аман бол, қалың сарбаз, қазақ халқы,
Қайырлы заман болсын мұның арты.
Көнбеңдер аузы қанды жауыздарға,
Сол үшін жанды қиып шықтым жалқы.
Батырым Аманкелді, Жақып ерім,
Жарқырап көпке бірдей жағылсын шам!
Мен кеттім қалғандарың көресіңдер,
Деді де батыр Иса тапсырды жан.
Сөз жоқ, бұл тарихи ерлік істер халық батыры Амкелдінің онсыз да өр, асқақ
тұлғасын шоқтандыра көркейте түсері даусыз. Жоғарыда аталған шығармаларда Аманкелді батырдың 1916 жылғы халық-азаттық қозғалысы мен Қазақстанда Совет үкіметін орнату, азамат соғысы жылдарындағы ерлікке толы қат-қабат күрес жолдарын жан-жақты ашып көрсету мақсаты көзделген. Ақындардың бәрі де Аманкелдінің жастай тұрмыс тауқыметін көріп өскендіктен, өзіндей жарлы-жалшылардың мұңын қори білетін зейінді де алғыр, әділетсіздікке жаны қас жігіт тұрғысында жырлайды. Жауыздық пен құлды қанауға қарсы ереуілді топ құрған жас батыр бірте-біте бүкіл қазақ халқының азаттығын ту етіп көтерген сана, ел басшысына айналады. Бұған осы дастандарда аты аталғандай Әліби, Әділбек, Токарев, Таран, Дудин, Ип секілді революционерлердің ықпал-әсері, нақты көмегі айрықша еді. Әсіресе, Әлібидің Аманкелдіге көрсеткен көмек басшылығы үлкен ілтипат тауып, жылы сезімм сипатталған. Сәт ақын ауылдағы тап тартысы күрес жолында көрген-білгені көп, «езілгендердің қамқор панасы»
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасының ұлт-азаттық революция сарынындағы бір саласы 1916 жылғы халықтың ұлт-азаттық жолындағы көтеріліс жырларын ұлттық сөз өнері тарихындағы революциялық поэзия ретінде ұсынамыз. Зерттеуші Ә. Қоңыратбаев былай дейді:
«Бұл поэманың басты тақырыбы – халық бостандығы жолындағы күрес.Оның айтуларында жазба әдебиеттің өкілдері емес. Халықтан шыққан, көп жайда сол көтеріліске тікелей қатысқан жеке импровизатор жекелеген халық ақындары болған. Осы жылдары халық ақындары ұзақ оқиғаларды жырлаудан безіп, жалпы халықтық мәні бар әлеуметтік тақырыптарға бет бұрды [8,73-75 ].Қазақ халқының 1916 жылғы ұлтт-азаттық қозғалысы туралы тарихи өлеңдер аса мәнді мұра. Аманкелді, Бекболат, ұзақ басқарған көтерілістің әр кезеңі көп өлеңдерде өрнектелген. Бұларда басқа ешбір архив жазбаларынан табылмайтын тосын сырлар, бұқараның көзімен берілген мінездемелер кездеседі. Мәселен, Күдері Жолдыбайұлының «Аманкелдінің Торғайды алғаны» деген толғауында қазақ сарбаздары мен түскен патша отрядының соғысы суреттелген. Өлеңде елдің басына түскен ауыртпалық баяндалады, халықтың мұншама өжет әрекетке баруының түпкі себебі ашылады, Майданға жөнелту барып тұрған астамшылық деп сипатталады
1916 жылғы көтеріліске шыққандар арасында, әскери білімі бар, алдыңғы қатарлы соғыс өнерінің мектебін бітірген бірде-бір адам болмады. өкіметтің соғысты барлай, алдау, арбау тәсілінің неше алуан амалдарын үйреткен оқудан өткен офицерлеріне қарсы тұрарлық білімді адамның көтерілісшілер арасында болмауы, патша өкіметінің отарлау саясатының тағы бір жемісі болды. Соғыс тәсілін үйрететін мектептен өтпеген, соғыс тәжірибесін жинамаған ел басшыларының өз ақыл-қайратына ғана сүйенуге мәжбүр болуының күтерілісінің жеңіліспен аяқталуына әсері-ықпалы болмай қалған жоқ. Алайда, бұған қарап көтеріліс басшылары қиын жағдайда қол қусырып отырды деуге болмайды.
Саяси-әлеуметтік өлең-жырлар, кезеңдік поэзиясының саяси мәселелерді көтеріп, әлеуметтк мақсат мүдделерді пәш ететін саласы. Қоғам өзгеріс алдында, бұқара толғаныс үстінде тұрған кезеңде саяси-әлеуметтік өлеңдерінің белсенділігі арта түсетіні белгілі. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың отаршылдық езгісі, қазақ қамы туралы өлең-жырлары – соның айғағы. ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік өлең-жырлар қазақ лирикасының азаматтық, философиялық тереңдіктерін, шынайы халықтың тағлымын толық танытқан туындылар. Бұл орайда, біз ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік лирикасының ең көрнекті тұлғалары Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Қошмұхамет, Сәкеннің лирикалық өлеңдерін айтар едік. Осы ақындардың саяси-әлеуметтік сарында лирикалық өлеңдерінің қазақ ұлттының ресей империясы отар жағдайында жүріп, материалдық рухани мәдениеттік дамуына артта қалатынын ойлайтын азаматтық, перзенттік көңіл алаңдаушылығын сездіреді.
ХХ ғасыр басында қазақ лирикасының ағатушылық-демократтық сарынның сыншыл реализм көркемдік әдісінің аясында жүріп шарықтау шегіне жеткен, биіктігі саяси-әлеуметтік мәселелерді өткір қоя білгендігі. Зерттеуші Г. Н. Поспеловтың пікірі лириканың осындай теориялық бағытын дәйектейді. Қазақ лирикасындағы саяси-әлеуметтік мәселенің аса өзектісі қазақ ұлттық-азаттық құқықтарының жырлануы.
Қазақ лирикасының ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік әуеніндегі негізгі арқауында «Алаш елі – қазақ халқы» тұрақты орын алады. «Ұранымыз – Алаш, керегіміз – ағаш» атты халқымыздың дүниетанымға сәйкес қазақ ақындары осы көзқарасты саяси бағдар етті.
3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған ПОЭмалар
Эпостану мәселесіне ХІХ ғасырдың өзінде-ақ ерекше көңіл бөліп, түрлі деңгейде ізденіс, зерттеулер жүргізген Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н.и Потанин, т.б. дәстүрлі совет заманында жаңа қарқынмен анағұрлым жедел жемісті дамыды. Қазақ эпикалық жырларының тегі мен құрамы, сипаты, көркемдік өзгешеліктері С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин, М. Қаратаев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Н. С. Смирнова, Ы. Дүйсенбаев, т.б. еңбектерінде сөз болып эпостық мұрамыздың жалпы мінездемесін, жанрларының өз-өзіне қас белгілерін тануға көмектесті, бұл тараптағы ғылымның негізін қалады. Қазақ эпосының жеке нұсқалары кейбір теориялық аспектілері фольклоршылар О. Нұрмағанбетова, Т. Сыдықов, М. Ғұмарова, С. Садырбаев, Ш. Ибраев зерттеулерінде тексеріліп келеді. Эпосты жариялап түсіндіру, ол жөнінде арнаулы диссертациялар жазу, оқулық, хрестоматия беттерінде таныстыру, жыршылардың орындауында грампластинкаға түсіру бұл тарапта толассыз жұмыс жүргізіліп отырғанын көрсетеді. Қазақ эпосының кітап жүзінде көп жарияланғаны да молырақ зерттелгені де батырлық жырлар. Эпостың бұл саласына тән анағұрлым ортақ белгілер жұртшылыққа таныс. Сол үшін қаһармандық эпос тарауында пікірімізді жинақтап айтуға көбірек мүмкіндік болады. Біз топтағы жырларға тән типтік ортақ өрнектерді екшеп, жеке-жеке әңгімеледік, батырлық аңыздаулардың мазмұнына тоқталмай, жалпы басты жанрлық қасиеттерін талғап алуды жөн санадық. Еңбегімізде эпостың тарихилық принциптері туралы аса маңызды, бірақ бүгінгіге дейін, фольклоршылар бір ауызды ұғымға келе алмай жүрген мәселелерге соғып, өз пікірімізді білдіріп кеттік. Бірақ эпостың тарихилығы жөніндегі мәселе түбінде жеке зерттерлік, айрықша көңіл бөлерлік, фольклоршылардың кең талқылауына түсерлік тақырып деп білеміз. Қаһармандық эпостың өзіне қас нақыштарын іздегенде біз, ең алдымен, классикалық түрлері, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» секілді жырларға табан тіредік. Қазақ эпосының тағы бір үлкен саласы оқиғалық негізі бертінгі дәуірге тән болып келетін, қаһармандардың аты-жөні тарихқа мәлім. Нақтылы – тарихи жырлар. Эпостың қай-қайсы түрінде де белгілі дәрежеде тарихи шындық елестейді дейміз. Бірақ нақтылы траихи жырлардың олардан едәуір айырмашылығы айқын. Бұл жөнінде қазақ фольклоршыларының коллективтік еңбегінде бай да қызғылықты материал, ғылыми талдаулар бар. Мұның жалғасын төмендегі бітіру жұмысының тақырыбы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен бағдарлап, зерттеп, талдап бар шамамызша анық-қанығын түсіндіріп беруге тырысамыз[ 10,93-98].
ОМАР ШИПИН
(1879—1963)
Қостанай облысы, Обаған ауданында дүниеге келген. 1916 ж. Аманкелді сарбазының бірі ретінде көтеріліске қатысқан. Хат білген ақынды Аманкелді хатшы ретінде де ұстаған сәттері бар. 1916 жылғы көтеріліс шежіресін ауызша да, жазбаша да бүгінгі күнге жеткізген шежіре карт. Көрнекті туындысы —«Аманкелді» дастаны. Ағалы-інілідей сыйласқан Сәбит Мұқановқа жазған хаттарына қарағанда ақын аталмыш дастанын кейін де көп өцдеп, толықтырумен болған. Ақын бұл дастаннан өзге көптеген өлең, жыр жазды. Шығармалар жинағы әрдайым кітап болып басылып келеді.
Ақын 1963 жылы 12 мамыр күні Алматыда дүниеден қайтты .
АМАНГЕЛДІНІҢ АЙБАТЫ
Қызық сөз тыңдағанға мұның арты,
Ол күнде көшіп жүру елдің салты.
Бір мың да жеті жүз бен отыз бірде
Бағынды Ресейге қазақ халқы.
Бұл сөзге құлағың сал, жиылған көп,
Кімдерді құл қылмады патша мен бек.
Тарихта ссылай деп жазып кеткен:
Қол қойған адам саны алпыс бір деп!
Беред деп езілгенге жоғары орын,
Қойдырған бастықтардың солай қолын.
Қазаққа еш уақытта солдат жоқ деп,
басыпты ит терісіне патша мөрін ‘.
Халық аузында —«Екатерина патша қазақтан солдат алмаймын деген болып ит терісіне жазып шарт жасап, мөр басыпты» деген аңыз бар. Бұл жерде автор соны айтып отыр.
Ол күнде қор жимады азық-түлік,
Солдатқа тамақ алды елден жүріп.
Ушықтырып ел арасын ала ауыз ғып,
Шығарып штат заңын салды бүлік.
Бүларға етіп кетті бірталай жыл,
Сайлауда ысрап болды мал менен пұл.
Барымта, ұрлық, зорлық, кісі өлтіріс,
Өлгенге қарамады атақты ауыл.
Түсында жауыз патша мүның бәрі,
Қазақтың жылдан-жылға кетті сәні.
Жер мен су, мал мен баста ықтияр жоқ
Нашардың осылайша болды халі.
Болысқа бай табынан берді жесір,
Қазаққа осы жұмыс болды кесір.
Үстем ғып байлар жағын қоя берді,
Дау болды үзілмейтін жетім-жесір.
Ел едік қыс қыстаған, көшіп жайлап,
Жер, судан айырылдық, зығыр қайнап.
Николай жауыз патша заң шығарды,
Халықты қырдырмақ боп соғысқа айдап.
Ел едік алыс жатқан шетте жырақ,
Тау, езен, сай даланы қылып түрақ.
Жайын жатқан халқымды бұлкындырды,
Қастықпен қырғызуға солдат сүрап.
Торғайдың бүйрық келді қаласынан,
Асқан соң патша залым қанасынан.
Қалдырмай барын тегіс алсын депті,
Отыз бір он тоғыздың арасынан.
Шошыды естіген соң барша халық,
Жылады қойдай шулап қайғыланып,
«Құр жасып жылама», деп Аманкелді,
Орнынан тұра келді айқай сальш!
Зарығып жыламаңдар,-деді,-халык,
Немене тұрғандарың естен танып.
Қол қойған қатын патша заманында,
Қазақтан тұрмақ емес солдат алып.
Жылама бекер, текке, бала, қатын,
Сен едің, кедей табы, қол қанатым.
Патшамен қарсы болған Иман атам,
Кез емес енді маған тек жататын.
Жүруді Орынборға қабыл етті,
Қашаннан айтар сөзге тым-ақ епті.
Жиналып, дайын болып тұрыңдар,
Шақырды айқай салып тұрған көпті.
Жиналды тілін алып жұрттың бәрі,
Қалмастан тегіс келді жас пен кәрі.
Жұрт қамын өзін, батыр, ойла,- деді,
Батырға осы болды көптің зары.
Торғайдың қаласы еді түрған жері,
Сабыр қып, басқа кісі жіберейік,
Бүлайша жауап берді қалың елі:
Сынады сен ұсталсан, жұрттың белі.
Көп жинап қырық мың сом берді пұлды
Кім қияр жұрттан асып туған ерді.
Орысша сөз сөйлеуге жарайды деп,
Жіберді Жәкен менен Ысмағұлды.
Ысмағұл Жәкенменен жүріп кетті,
Тез күнде Орынборға барып жетті.
Оқ атып, кылыш шаппай ата-бабам.
Бағынған патшаға, деп арыз етті.
Губернатор:
Жөніңді айт, неге келдің, — дейді, -өзің,
Патшаға солдат берер келді кезің.
Он тоғыз отыз бірмен қалдырмай жи,
Әйтпесе, барып қалармын менің өзім.
Тез жүріп Орынбордан елге келді,
Дүшпанды қарсы алуға буды белді.
Тас жауса, талайымнан күтемін деп,
Сыбанды шын майданға түріп жеңді.
Кешікпей губернатор өзі келді,
Көреді елеуресіп тұрған елді
Жұрт шулап қойдай маңырап тұрған кезі,
Алдында құрулы тор қаққан тезі.
Барлығын Арғын, Қыпшақ жинап алды,
Олардың елге сонда айтқан сөзі:
Сөзіме енді, халық, мойныңды бұр,
Теп-тегіс адам берді Арқа мен Сыр,
Шетте өскен аң секілді халықсыңдар,
Үйрену пайда емес пе бір ауыз тіл.
Ит екен губернатор өзі жулик,
Көп болды қайысқандар оған еріп.
Сен бұздың берейін деп тұрған елді.
Орнынан Аманкелді тұра келді:
Патшамен дос болмаймын, адам беріп.
— Рас айт, бермейсін. бе, Аманкелді,
Өмірге сибирлік қып жіберейін,
Көрсетпей енді қайтып туған жерді.
Камады жұртты іркіп кешке дейін,
Беруге байлар жағы болды бейім,
Сен менен бар күшіңді аяма,— деп
Қайтарды батыр сөзді үшке дейін.
Дуанның он шақырым айналасы,
Корғансыз сыртта тұрған жай қаласы.
Былай деп губернатор үгіт берді, …
Мал бағып үйде қалсын бай баласы.
Бұл сөзге Амангелді ашуланды,
Бірдей көр әкім болсан тірі жанды,
Баласын кедейлердің бере алмаймын,
Ағызбай ат бауырынан қызыл канды…
ТОРҒАЙ СОҒЫСЫ
Байлардың мал басында болмады ерік.
Батырға қорыққаннан жүрді көніп.
Белгілі төрт дүкеннің товарларын
Әскерге тартып алып, берді бөліп.
Бұларға Аманкелді қылды қол іс,
Қылады қарсы келсе онан зор іс.
Атақты Ысмайылов, Мұхамбетжан,
Екеуі ноғай байы, біреуі орыс.
Дүкеннен тартып алған затты жиып,
Әскерді жабдықтады киіндіріп.
Табында отар жатқан байдын малын
Сарбазға тамақ қылды шеттен сойып.
Жоқтап жүр Аманкелді тапты арын,
Қирата кескіленді жуан қарын.
Жүз мың сом қызыл үйден тартып алып,
Қолына беріп қойды Оспан ханның.
Батырым тұра тұрсын осыменен,
Алайық енді хабар Жангелдиннен.
Жасынан білім іздеп, оқып кеткен,
Одағы адам еді жиһан кезген.
Жиһанкез мандаты бар жүрген іспен,
Жасынан байланысты болған ішпен ‘.
Батырдың қағаз берген хабарымен,
Түн қатып Жангелдин де келді іштен.
Алдынан Аманкелді қарсы барды,
Танысып бір-бірінін қолын алды
Кырам деп губернатор кеткендігін
Сол жерде Аманкелді айтып салды.
«Патша тұр, солдат бер деп қылып өкім,
Жасымнан-деді батыр,- болдым жетім.
Қаладан губернаторды айдап шығып,
Жібердім бір қайырып оның бетін.
Патшамен жүргендер көп жағаласып,
Біздерге түк қылмайды онан асып.
Ленин мен серігі бар асқар таудай,
Батырым, онын, үшін тұрма сасып».
Тап үшін аямайды шыбын жанды,
Сөзіне Жангелдиннің құлақ салды.
«Жарайды ісің дұрыс»,— дегеннен соң,
Торғайды шабайын деп ыңғайланды.
«Тыңда,-деп батыр айтты,- жиылған көп,
Ерлерім, отырмаңдар уайым жеп.
Тиелік солдат тұрған казармаға,
Халықтың қаладағы жазығы жоқ».
Сонда айтты жұрттың бәрі: Тыңда, батыр,
Аларсың қайратпенен оны ақыр.
Тасалап уйдің жарын атысайық,
Қамалға бірден шабу қиын, батыр».
Шаппа деп казармаға айтты халық,
Бұл сөзге батыр көнді ойға қалып.
Торғайдың ағып жатқан өзенінен,
Өткізді көлге қалың көпір салып.
Ежелден ескі қала салған орын,
Тоқтатты сол араға батыр қолын.
Сол жерге киімді үйіп, кісі қойып,
«Жүріндер енді болсын, деді, жолын».
Жалтақтап тұрды хандар кейін қалып
Топ-топ боп тұс-тұсынан кірді халық.
Қасында отыз шақты мергенімен
Қалаға жетті батыр бұрын барып.
Батырдың бұл ұрыста келді шаты,
Қамалдан қарғып өтті мінген аты.
Айбалта, найза, қылыш, шолақ мылтық,
Жоқ еді онан басқа кару заты..
Астында күрең қасқа ат, қолда мылтық
Соғысқа болған батыр жастан ынтық.
Айқасып солдат басы комендантпен,
Жѳнелді ағып етіп, басын қырқып.
Солдаттар ұс-тұсынан ат кояды,
Батырдың ақ алмасы қан бояды,
Жүрегін орнықтырып алайын деп,
Қылышын осы арада үш жалады.
Баспақпай, Әбділда мен Әлжан,Жапар
Бөлініп шауып келді өңшең жастар,
Қаланы алмай тірі қайтпан деген,
Батырда Амангелді болды жоспар.
Ыбырай, Әлмағамбет, Тілеуберген!
Сарбаз кѳп онан басқа тағы келген.
Аянбай қарсы тұрып атысып жүр,
Бәйіт пен Саржан, Сарбас өңшен мерген.
Батырдың қала шапқаны,
Ноябрьдің алтысы
Дүйсенбінің күні еді.
ЬІзасына шыдамай.
Қашаннан батыр жүр еді.
Соңынан еріп көп әскер,
Ақсұңқар құстай түледі,
Он жеті мың тоғыз жүз
Торғай уезд қол асты.
Сол күндегі уезі
Он үш болыс Торғайдың
Сексен бес мың жан еді.
Жалтақтап тұрған хандарға
Ақырып батыр айқайлап,
Камалға жалғыз кіреді.
Қамалда тұрған солдаттың,
Қомандирін өлтіріп,
Кескілеп басын тіледі.
Өлім кетіп есінен,
Солдатына патшаның,
Аш бөрідей тиеді.
Ақ орамал басында,
Сыбанулы білегі,
Байторы мен Молдабек,
Қоржынұлы Баспақбай,
Бері кел деп шақырып,
Түлкідей боп түледі.
Өңшең қасқыр ерімнің,
Бәрі де келді тайынбай,
Өз бетінше атысып
Жақын жерде жүр еді.
Жаяу жүріп атуға,
Үстап тұр деп жақында.
Молдабекті шақырып,
Атын соған береді,
Арасымен түтіннің,
Бір атқанда жығылып
Талай солдат өледі.
Сарбас, Бәйіт, Түрсынбай
Үшеуі бірден оққа үшты,
Қайтпаған жаудан ер еді.
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың эпикалық түрлеріне Иса Дәукебаевтың «Бекболат», Әлтай Сүйіншалиевтің «Қалаба», Бөлтірік ақынның «Ел жарыла көшкенде», Қуандық Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі», Күдері Жолдыбаевтың «Аманкелдінің Торғайды алғаны», Сәт Есенбетовтың «Құмкен соғысы», Омар Шипипннің «Аманкелді» тәрізді жырлары жатады. Бұл жырлардың ішінде идеялық көрнекті саналып жүрген – «Бекболат» дастаны. Дастанды негізінен көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі оқиға сөз болып, көтеріліс басщысы Бекболат батырдың қолға түсуі, дарға асылуы, оның қайтпас қайсарлығы мен жау алдындағы ерлігі жырланады. Дастанның басты кейіпкері – Бекболат Әшекеев. Ол Жайылмас болысына қарасты төрт ауылдың қазағы, 1843 жылы туған. 1916 жылы көтеріліске оның інісі Сарманбет Әшекей, баласы Әбділда Бекболатовтар да белсене қатысып басшылық еткен. Бекболат Әшекеев түрмеге поэмада айтылатын жетпіс кісімен бірге түскенмен оның інісі «бунттың басшысы есебінде» Верный қаласының отряд сотында кезектен тыс қаралып, оған 1917 жылғы 7 сентябрь күні дарға асып өлтіру жазасына кескен үкім шығарған. Тарихи деректерге қарағанда Бекболат басқарған көтерілісшілер тобы подполковник Базилевский мен Малышев бастаған жазалаушы отрядпен екі рет кездесіп, қырғын шайқас болған. Жігіттер қалың жылқыны жауға қарсы айдап салып, отрядтың азғана солдаттарын қоршап алып, жоқ қылуға әрекеттенген[ 9,68-71].
Бекболат бір топ жолдастарымен Қарғалы болысының көтерілісшілеріне қосылмақшы болып кейін шегінеді. Осындай қолайлы кезеңді пайдаланған қарсыластар Күнтубаев пен Сүлейменов өздеріне тілектес 100 қаралы жігітпен соңына түседі. Ақыры опаздық жасап, алдап батырды жолдастарымен түгел қолға түсіреді де, 16 август күні Бекболатты Шамалғандағы Балғабек Төлегеновтың үйіне келісім үшін шақырылған жазалаушы отрядқа тапсырып береді. «Бекболат» поэмасы 1936 жылғы «1916» жыл атты тұңғыш жинақта алғаш рет жарияланып, содан бері түрліше оқулықтар мен хрестоматияларды басылып келеді. «Бекболат» поэмасы 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған сан алуан жыр-дастандарда өзіндік көркемдік шешімін тапқан жоғары идеясымен, тартымды сюжет, композициялық тіл ерекшеліктерінің тұтастығымен дараланып көзге түседі. «Бекболат» поэмасына қатысты бір ерекшеліктерді айтуға болмайды. Зерртеушілердің көбі Иса Дәукебаев авторлығына күмән келтіреді. Өйткені Жетісу өңірінде, жалпы қазақ сахарасында Иса Дәукебаев деген ақын еш жерде кездеспейді. 1916 жылғы өлең-жырларды алғаш зерттеген Есмағанбет Ысмайылов ел арасындағы айтылып жүрген авторы белгісіз дастанның түрлі нұсқаларын жинап алып, бір ақынға өңдеткен болуы керек. Ол Иса деген аттың аталуына қарағанда Иса Байзақов емес пе екен деген пікірінде қосып қояды.
ҚОРЫТЫНДЫ
1914 жылғы жер жүзілік бірінші империалистік соғыс осылай шықты. Россия империалистік ел болғандықтан, капиталистік кайшылықтары шектен асып кеткендіктен сол соғысқа араласты. Патша өкіметі Россия империалистік дәуірге енгеннен бастап-ақ өзінің отарларында, солардың бірі болған Қазақстанда капиталистік, ұлт отарлық қанауды күшейткен еді; оны империалистік соғыс жылдарында тағы да күшейте түсті. Оның үстіне, еңбекші халықтың жерлерін тартып ала берді; алым-салықтарды көбейтті: бұрынғы жан салығы, мал салығының үстіне арнаулы соғыс салығы шықты; майдан пайдасына «ерікті түрде» жәрдем, жылу жинау көбейді.
В. И. Ленин 1916 жылы жазған бір еңбегінде айтқан еді: «Империализм жағдайында езілген ұлттардың буржуазиясы ұлт көтерілісі туралы тек сөз жүзінде былшылдайды. Ал, іс жүзінде өз халқының сыртынан, өз халқына қарсы езуші ұлт буржуазиясымен реакцияшыл келісім жасайды»1 деген еді. Қазақтың 1916 жылғы күтерілісі империализм дәуірінде, империалистік соғыс кезінде шықты; еңбекші бұқараның ұлт-отарлық, бектік-феодалдык үстемділікке мейлінше қаналуы салдарынан болды. Жалпы алғанда 1916 жылғы ұлт –азаттық күтерілісіне қатысушлар мен ұлт- ататтық идеиясын жолға қоиушылыр патша өкіметінің Жауыздық құлдық қанау отарлық саясатына бүкіл қазақ халқының азаттығын ту етіп көтерген сана, ел басшысына айналады. Бұл тарихи ақиқат- ұлт бостандығы үшін тұтас көтерілген қазақ елінің ереуілі еді. Сондай –ақ 1916 жылға ұлт-азттық күтерілісіне дейін ұлтымыздың көрген қорлықтары мен қасіреті ішіне әрең сиыпты, ашу ызасы бойын кернеп тұрғанын да, пштшаның 1916 жылғы июнь жарлығы шығып, бітеу жараның ауызы ашылды да кетті. Қандайда болмасын саяси күрестің жұгінетін үраны , ел соңынан еретін аталы сөз, ой тетігі болады. Оған біздің заманымызда «идиялогияның» деген айдар тағлып, сол атаумен атап жүрміз. Бұл көтеріліске қазақ зиялыларының ықпалы әсері де кешегі кеңес тұсында бұрмаланды. Қазіргі уақытта осы көтерілістің шығу себептері: жөнінде екі-ұшты пікір кездесіп қалады. Бірі бұл тарихи оқиға патша жарлығына қарай көтерілген баскесерлердің, көтерілісшілердің толқулары десе, екіншісі сол тұстағы қазақ зиялылары көмегімен саналы түрде жасалған, ұйымдасқан ұлт-азаттық көтерілісі дейді деп жан-жақты түсіндіреді.
Мейлі қай халықтың тарихын алмаңыз, бәрі де сол халықтың көрнекті қайраткерлері мен көшбасшыларының күрес сораптарынан тұрады. Қай заман болмасын бассыз халық егесіз ел болған емес сондықтан да тарих қарапайым халықтың қан тері мен әдіптелгенімен, жеке тұлғалардың мақсаты, саналы харакетінің хронологиясынан тұрады. Ол әрине халықтың мақсатына, санасына айналған қарекеттер еді. 1916 жылғықазақ халқының үлт-азаттык күтерілістіңде Аманкелді Иманов пен Бекболаттың алар орны зор. Ол халыкка үлттык мүдденің ортак екендігін үғындырып, оның сана-сезімінін жетілуіне мол мүмкіндік жасады. Оны белсенді саяси омірге жүмылдырды. Ол Ресей империал и зміне үлкен соққы болып тиді, патша өкіметінің соншалықты керемет, «қүдіретті» еместігіне коздерін жеткізді. Қазак халкы озін отаршыларға карсы үйымдасқан күрес жүргізе алатын күш ретінде сезінді. Патша үкіметіне бүл халық үйымдасса зор күш екенін, онымен санаспауға болмайтынын көрсетті.
1916 ж. таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пысып-жетілуі працесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрнісі қазақстан мен орта Азияның борлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі болды.
1916 жылғы көтерілісті көбіне қазақ зиялылары басқарды. Мысалы, Ақмола даласында — Сөкен Сейфуллин, Атбасар даласында — Әділбек Майкөтов, Жетісуда — Токаш Бокин. Маңғыстауда — Жалау Мыңбаев, Орал облысы мен Бокей ордасында — Сейітқали Мендешев, Сырдария облысында — Түрар Рыс-қүлов, Торғай облысында
Қазақ Ресей отаршылығына қарсы ұлт-азаттық күресі жолындағы пайда болған лирикалық толғаулардың композициялық құрылымында үш мәселе жинақтала жырланады: бірінші – Ресей патшасымен оның жергілікті әкімдерінің зорлық-зомбылығы, екінші – қорлық пен зорлыққа шыдамай қарулы күреске аттанған халық көңіл-күйінің сипаты, үшінші – патшалық әкімшілік орындардың, жергілікті билеушілердің жазалаған халық үкімінің орындалуы. Лирикалық толғаудағы халықтың ойын психологиялық көңіл-күй ала бөртуі жағдайында суреттейді.
1916 жылғы көтеріліске шыққандар арасында, әскери білімі бар, алдыңғы қатарлы соғыс өнерінің мектебін бітіген бірде-бір адам болмады. өкіметтің соғысты барлай, алдау, арбау тәсілінің неше алуан амалдарын үйреткен оқудан өткен офицерлеріне қарсы тұрарлық білімді адамның көтерілісшілер арасында болмауы, патша өкіметінің отарлау саясатының тағы бір жемісі болды. Соғыс тәсілін үйрететін мектептен өтпеген, соғыс тәжірибесін жинамаған ел басшыларының өз ақыл-қайратына ғана сүйенуге мәжбүр болуының күтерілісінің жеңіліспен аяқталуына әсері- ықпалы болмай қалған жоқ. Алайда, бұған қарап көтеріліс басшылары қиын жағдайда қол қусырып отырды деуге болмайды.
1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған күрес жырлары ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізді тақырып, мазмұн тұрғысынан байытумен қатар жаныр жағынанда біршама толықтырды. Жалпы қортып айытқанда; туған ел, өскен жермен қоштасу және сәлем хат түріндегі жырлар халық ауыз әдебиетінде бұрыннан бар екені белгілі болсада, осы әдеби жанырлар 1916 жылы көтеріліске байланысты жаңа жағдайға сәйкес тереңдеп саяси сипат алды.Қорытып айтқанда бұрын фольклорлық элементтері басым қоштасу, сәлем хат поэзиясы енді қоғамдық ірі оқиғаларды жырлау дәрежесіне жетті. Оның тәрбиелік және үгіттік мәні, ауқым- көлемі артты, өзгеше жанр ретінде дамуына мүмкіндік туды.
Осы азаттықты аңсаған күрес еш уақытта толастап тоқтаған емес. Мұның дәлелі, ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін күреске толы кезең болды. 1837-1738 жылдар аралығындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт –азаттық көтерлісі, 1847 жылдары болған Кенесары Қасымұлының ұлт –азаттық көтерлісі қазақ халқының отаршылдыққа қарсы еркіндік, бостандық, тәуелсіздік алу жолыдағы жан қыйарлық ерліктері болса, Бұқар мен Махамбет айтқан өлең – жыр ел басына күн туған кезде, қазақ халқын береке –бірлікке шақырған, ерлік пен жігерлікке жебеген ұлттымыздың төмендемес асқақ рухының белгісі іспетті еді. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт –азаттық көтерлісіне байлансты туған өлең –жырлар қазақ ұлт-азаттық құқықтарының жырлануы. Мұның біріншісі үстем тапқа қарсы айтылған еңбекшілердің кекті өлеңі, екіншісі — жоңғарлардың және патшалық билеу тәртібінің шапқыншылығы туралы. Оған мына тектес шығармалар мысал бола алады:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі патша өкіметінің отарлық езіп қанаумен зорлық-зомбылығына қарсы бағытталған ұлтымыздың рухын биігінен көрсетіп халқымыздың еркіндік –бостандық алуына, отаршылдық езгіден құтылудың негізі қаланды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –Алматы: Ғылым, 1984. 3-4 б.б.
2 Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. –Алматы: Жалын, 1997. 56-58б.б.
3 Әлғазыұлы Ш. Көш керуен. –Алматы: 1992.122-128б.б.
4 Бердібаев Р. Эпос мұраты. –Алматы: Ғылым, 1997. 185-189б.б.
5 Қазақ Совет Энциклопедиясы. –Алматы, 1974. 4 т., 96-98б.б.
6 Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. –Алматы: Ғылым, 2002.13-15б.б.
7 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 189-193б.б.
8 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы: Ғылым, 1994. 73-75б.б.
9 Ергөбек Қ. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –Алматы: Ғылым, 1994.68-71б.б.
10 Уахатов Б. Қазақ халық өлеңдері. –Алматы: Ғылым, 1974. 93-98б.б.
11 Бердібаев Р. Қазақ эпосы. –Алматы: Ғылым, 1982. 584б.
12 Ысмайылов Е. Ақындар. –Алматы, 1956. 368б.
13 Қазақ тарихи жырларының мәселесі. –Алматы: Ғылым, 1979. 259б.
14 Дандайұлы Ы. Жанр сипаты. –Алматы: Ғылым, 1971. 423б.
15 Қазақ әдебиеті тарихы. –Алматы: Ғылым, 1960. 1 т., 362б.
16 Әбдірахманов Т. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1959. 256б.
17 Жармағанбетов Қ. ХХ ғасыр басныдағы қазақ әдебиеті. –Алматы: 18 Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы: Ғылым, 1959. 81б.
19 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. –Алматы: Ататек, 1995.
20 Әбдірахманов Р. Эпос – ел қазынасы. –Алматы: Рауан, 1995. 349б.
21 Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. –Алматы, 2002. 430б.
22 Төреқұлов Н. Билер сөзі. –Алматы: Қазақстан, 1996.
23 Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. –Алматы, 1983. 227б.
24 Ғабдуллин М. Қазақ халқының батырлық жырлары. –Алматы: Ғылым, 1972. 338б.
25 Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. –Алматы: Жазушы, 1970. 192б.
26 Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. –Алматы, 1987. 344б.
27 Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –Алматы, 1958. 440б.
28 Жұмалиев Қ. ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1967. 433б.
29 Сүлейменов Б. Азамат соғысының батыры Аманкелді. –Алматы, 1949. 186б.
30 Садырбаев С. Фольклор және Жамбыл. – Алматы:Ана тілі,1996.