Жоспар.
Кіріспе
- 1919 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің шығу
себептері.
- 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің
Қазақстанға таралуы.
- 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің
нәтйжесі.
- 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің
тарихи маңызы.
Қорытынды.
Ескертпе (карта).
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың мақсаты. XX ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның аудандарымен Қазақстан отарлау өте күшті қарқынмен жүргізілгендігін ашып көрсету . Сонымен қатар олар әсіресе Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілгенін көрсету . Және де 1917 жылға дейін отардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алып , жергілікті халықтарды таулар мен шөл далаларға ығыстырған әрекеттерін көрсеу болып табылады .
Сонымен қатар соғыстың басты мақсатын айта кететін болсақ ұлттық және азаттық болды . Жалпы Ресейдің жасап жатқан әрекеттері тек шаруаларды ғана емес сонымен қатар қолөнершілер , жұмысшы табының өкілдері , және де байлар болыс басқарушылары , билер , болыстар да қатысқандығын көрсету .
Бұл көтерілісте қазақ батырларының көрсеткен ерліктерін ашып көрсету .
Тақырыптың міндеттері :
- Деректерді салыстыра отырып зерттеу .
2 . Осы тақырыпты кеңінен ашу .
3 . Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуиеттік жағдайын
толық ашып көрсету .
4 . Тақырыптың өзектілігін көрсету .
5 . Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу .
Жұмыстың өзектілігі.
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің аяқталмауы және ол ақпан революциясына ұласып кетуі..
Тарихнамасы:
Ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ұлттық және азаттыққа итермеледі, бұл шайқаста шаруалар және қолөнершілер өз жерлерінен айырылуына және себепсіз оларды соғысқа жібеоу себеп болды. Олар өз жерлерін қайтарып алу үшін соғысқа белсене қатысты және бұл соғыс ақпан революциясына ұласып кетті.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі.
Бұл тақырыптың зерттелуі айтарлықтай ашылмаған, бірақ та көптеген жазушылар бұл Ұлт-азаттық көтеріліс жөнінде өз шығармаларын жазған.
Кіріспе
Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы Ұлт – азаттық қозғалыс осы ұлан – ғайыр өлкені мекендеуші халықтар өміріндегі асулы кезең болды . Көтерілістің жаппай бұқаралық сипат алуы , қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтуы , қозғалыс барысында жалпы ұлттық ұрандар көтерілуі және жергілікті халық мүдделерінің ортақтығы елде револяциялық дағдарыстың одан әрі өрлеуіне , халық бұхарасының патша өкіметін қыспаққа алуын күшейтуге әкеліп соқты . 1916 жылғы оқиғаларына байланысты жаңаша ойлау және ақтандақтарды жою тұрғысынан қайта қарастыруды талап ететін көптеген мәселелер бар екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр .
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десиятинаға теңелді .
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі , соғыс кесапаты – халық бұхарасының қайыршылануы , қымбатшылық , ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті өлке халқының әртүрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды .
Соғыс Ресей империясында пісіп – жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті . Қазақстанның , Орта Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған . 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды, шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты .
1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық және тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара болыс, старшын, жергілікті апаратының қызметкелері және тағы басқа ретінде басқару жүйесіне тартылған болатын.
Жеке — жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен басып жанышталып, жұмысшыларды реквизициялау мен майданға жөнелту басталды. 6 шілдеде Ақбиіт алқабында болған албан руының 16 болысы өкілдерінің жиналысында көтерілістің Қарқара ошағы басшыларының бірі Жәменке Мәмбетов былай деп мәлімдеді: «Балалар қырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, Ақ патшаның жарлығын орындаймыз » деді.
1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері.
1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Рксей халықтарына аса ауыр қасырет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі паша шенеуниктерінің озбырлығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды.
Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.
Соғыс орасан көп мөлшерде шикі затты, азық – түтікті, малды және басқа да материялдық құндылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскерй салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3 – 4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 – есе өсірілді.
Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті.
1916 жылдың ортасына қарай патша үкіметінің қазақ халқының тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десятинаға теңелді.
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеиуі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.
ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандары мен Қазақстанды отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымды жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жергілікті шабындық болмады.
Сонау Столыпин реформасының бас кезінде ақ « Санк – Петербургские ведомости » газеті былай деп жазуға мәжбүр болды: « Егер мемлекет мүдделері қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, бұған қарсы шығудың керегі жоқ, бірақ екінші жағынан, бір қолымызбен жасай отырып, біздің екінші қолымызбен күйретіп жатқанымызға көзді жұма қарамай, қайта ашық мойындауымыз керек ».(1)
(1) « Красныи Казахстан », 1926 г, 4 том, с 95.
1917 жылға қарай Қазақcтанда қоныстану учаскелеріне, ормандағы сая – жайларға, қазақ әскерлеріне, помешиктік именилерге, монатырьлік учаскелерге, қалалар мен темір жолдар үшін бөлінген өңірлерге ең жақсы егістік жерлер мен жайылымдардың 45147765 десятинасы тартып алынды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, Хиуа мен Бұқараны қоспағанда, бұрынғы Түркістан шегінде 941 қоныстанушылар паселкелері пайда болды. ( 1 ).
Түркістанда әрбір келімсекке орыс поселкелерінде 3, 17 десятина, ал баиырғы халықтың әрбір жанына ( Қазаққа, өзбекке, қырғызға және бпсқаларға ) 0,21 десятина өңделетін жер тиді. Орасан көп көлемде қырғыз – қазақ батырақтары пайда болды. Жетісу губерниясында баолық қоныстанушылар шаруашылықтарының 98 % — тіне дейіні жалдамалы еңбекті пайдаланды. ( 2 ) Қазақтардың жерін жаппай тартып алу көшпенділер мен орыс – украйн қоныстанушылары арасында қатынастарды қиындата түсті. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этникалық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне » айналды деп Т. Рұсқылов өте дұрыс жазған еді. ( 3 )
Ресей Ғылым академиясының академигі П. В. Волубуев Т. Рұсқыловтан кейін 65 жыл өткен соң былай деп жазды: « Қоныстандыру саясаты көшіп келушілерді шаруашылықтың мүлде өзгеше укладының өкілі болған және жерге олардан әсте де кем мұқтаж болмай отырған шет аймақтардың ( Орта Азияның, Қазақстанның, Сібірдің ) байырғы халқымен қақтығыстарға ұрындырды. Демек аграрлық шиеленіс елдің орталықтарынан шет аймақтарына таралды. ( 4 )
Көтеріліске соғысып жатқан армиялар ауданында қорғаныс құрлыстарымен әскерй қатнастар орнату жөніндегі жұмыстар үшін Орта Азия мен Қазақстанның және басқа да бірқатар облыстардың бұратаналарын алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы себеп болды. Қара жұмысқа 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық халық алынуға тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс салдаттарымен жұмысшыларын не ғұрлым көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде « Реквизицияланған бұратаналармен » ауыстырып, оларды қорғаныс құрлыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді.
Түркістан мен дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
- « Қазақстан тарихы » 3 том. А. 2002 ж. 636 бет.
- « Қазақстан тарихы » Ч. Мусин. А… 2005 ж. 265 бет
3 Манаш Қозыбагв. « Жауды шаптым ту баилап ».
А… 1994 ж . 143 бет.
- « Қазақстан тарихы ». 3 том . А.. 2002 638 бет.
Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың – Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде дерлік көтерілді. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, далада « Біреуі жұмысшылар бергісі келмитін екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды ». Ат төбеліндей азғантай байлар, жергілікті отаршыл әкімшілік — болыс басқармалары, ауыл сташындары патша жарлығын жақтап шықты.
Ә. Бөкйханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастаған қазақтың демократиялық зиялыларының қайраткерлері басқа бағыт ұсынды. Олар Қазақстан — Ресей мемлекетінің бодандары деп санады. « Бұл бізге деген сеніммен, Отан қорғау үшін, — деп жазды олар 1916 жылғы тамыздың ортасында халыққа арналған үндеуінде, — жұмысқа шақырған бұйрық жарияланды. Біз сөзімізді халыққа арнаймыз, біз бұл туралы талай рет айтқан болатынбыз, бұл істен бас тартуға болмайды ». Қозғалыс басшылары Қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдету мен ұлттық афтономия құруға үміттенді. Олардың көбі іс жүзінде қарусыз халық осы заманғы техникамен жарақтанған патша армиясына қарсыласу мүмкін емес деп санады. ( 1 )
Олар қарусыз халық үкіметін жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. « Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар,» — деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы үндеу хатында.
Сонымен қазақ халқының револютциялық — демократиялық ой пікірінің басшылары отаршыл империямен парасатты ымыраластық тактикасын жүзеге асырып, халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұсынды.
Көтерілістен кейінгі қанқұилы жазалау, Қазақстан мен Орта Азияның 100 мыңдаған тұрғындарының қаза табуы осы қауіптенушіліктің дұрыс болғанын дәлелдеді. ( 2 )
Ұлт – азаттық револютцияның ауқымды әлеуметті негізі болды. Оның негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың кең топтары қазақ жұмысшылары мен қолөнершілерінен құралды.
Жалпыұлттық идеяға ұласқан ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін ұлт зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді. Тұтас ауылдар, болыстар, уездер көтеріліс жасаған өздерімен бірге барлық мүлік пен малды алып. Дала қойнауына тереңдеп кеткен аудандарда көтерілісшілерге байлар да қосылуға мәжбүр болды.
- Манаш Қозыбаев. « Жауды шаптым ту байлап » А.. 1994 ж 144 б.
- Қазақстан тарихы. Очерк А… 1993 ж. 274 бет.
Басқа « бұратаналар »- дүнген, өзбек, қырғыз, ұйғырлар да көтерілісшілерді жақтап шықты. Патша өкіметі « Бөліп алда билей бер » деген сенімді тактикасын қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда гинерал губирнатор Курапаткйннің құпия бұйрығымен мыналар алымнан босатылды:
- Басқармалардың ( болыстық, селолық және ауылдық ) лауазымды адамдары.
- Жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі политциялық шенділер.
- Имамдар, молдалар мен мүдәрістер.
- Ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер.
- Үкіметтің жекеше жоғары лауазым атқаратын жергілікті бұратана ұлт өкілдері.
- Дворян және ата – бабасынан құрметті азаматтар құқығын, сондай – ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті бұлатана ұлт өкілдері ». ( 1 )
Патша өкіметі әр алуан айла шаралар қолданып, қоғамның болмашы бір бөлігін жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының бір қатары жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп ала білді де, олар жергілікті әкімшіліктің тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектесті. Осынау көмегі үшін олардың балалары қаражұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ашықтан ашық ашу ызасын туғызды. Мәселен Қостанай уезі Меңдіқара болысының Батырақ шаруалары ашу ызамен былай деп жазды: « Кедейлердің ауру балалары дені сау және тепсе темір үзетін болса да, олар әскерй алқалардың төрағасы мен мүшелеріне көп пара бергендіктен үйлеріне қайтарылды ».
Жер – жерлерде көтерілісшілер атряттары құрылып жатты. Олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып, жойып жіберді, байлардың аулдарына шабуыл жасап, борышқорлық және салық тілқаттарын , жер сату жөніндегі құжаттарды құртып жіберді, болыс басқармалары, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің патша атрияттары мен қақтызыстары үдей түсті.
Қазақтың еңбекші бұқарасы « өз кәсіптерін тастап, қия далаға көшіп кетті, үлкен топтарға бірігіп жинала бастады… бұирыққа бағынбай, окопқа барғанша, даладағы өз үйлерімізде өлген жақсы деп шешті…»- делінген Торғай губернаторының хабарында.
1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кафказдың бір бөлігін қамтыды. Ол стихия түрде басталған және әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болған жоқ. Оған көмір кендерінің мұнай кәсіпшіліктерінің , Ертіс пароходствосының Омбы, Орынбор – Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты. Олардың ауылымен және шаруашылықтарымен байланысы көтеріске стихиялы, шаруалар қозғалысы сипатын берді.
. 1. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. А.. 1947 ж 25 бет
Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт – азаттық қозғалыстың көсымдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткерді, ал 1917 жылы 27 ақпанда бас – аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зеріттеушілер тарапынан болашақ « Алаш » партиясының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалықтардың көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Ә. Бөкихановтың өзі бастаған қазақ зиялылары серіктерімен майданға аттанды. Бұны нағыз потриотизм деп түсіну керек. Өйткені сауатсыз орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.
1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрияттар жіберілді. Оның құрамына жақсы жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді.
1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаматтық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәулсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл көтерілісінің қорытындысы шығарылды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері болды.
Сонымен бірге көтерілістің ұлт азаттық сипатта болуы себапті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері сондай ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең байтақ өлке аудандарының көпшілігіне ұлт азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды.
28 маусымда жарлық телеграфпен Ташкентке берілді. Жергілікті халықтардың орыс қаруын бағынуына кәміл сенген патша әкімшілігі
Қазақстандағы жұмылдыруды өткізудің тіпті зардапсыз әдістері жөнінде ойланып та жатпады және іс жүзінде жұмысшыларды бөліп беруге және қабылдауға бірден кірісіп кетті. Айтпақшы, қазақтарда әскери міндеткерлігін өтеуге тарту праблемасын қарқында тұрақты армияның әскерй құрлыс жұмыстарының бастығы Чаев 1915 жылғы қыркүйек айының өзінде ақ алғаш рет мәселе көтеріп, бұл жөнінде М. Тынышпаевтің өз ойларын білдіруін өтінген. Өз кезегінде М. Тынышбаев « Қазақ » газетінің редакторы А. Байтұрсыновқа хат жазып онда қазақ халқын әскери қызметке тарту туралы үкімет жобасының бар екендігі жөнінде хабарлады. 1916 жылғы қаңтар айында « Қазақ » газетінің 166 нөмерінде армияға қазақтарды алдағы шақыру туралы пікір сайыс матиралдары жарияланды, және де қызмет атқаруды қалауы немесе қаламауы туралы м бүтіндей қаралмады.
Жұмысқа алуға 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбеке қабілетті халықтың 25 танаты жатты.(1 )
Әскерге алу туралы алғаш хабар жетісімен ақ ауыл дурліге бастады. Наразылықтың бастапқы кезеңі шақырылатын тізімдерін жою болыс басқармалары мен аул старшйндары кеңселеріне шабуыл жасау арқылы көрінді. Біртіндеп кездейсоқ қозғалыс ұиымдасқан сипат ала бастады: Торғай мен Жетісуда көпке танымал көшбассылар А. Иманов, Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, О. Саурықов, Ж. Мәмбетов және басқалары басқарған көтерілісшілер көбие бастады.(2). Көтеріліс бүкіл қазақстанды қамтыды және ол ұлт – азаттық қозғалысына ұласты. Ұлт шаруаларын қалың жіктері, сондай – ақ жаңа туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, кәсіпшілер көтерілістің негізгі қозғаушы күші болды. Оған қазақ халқының басқа да жіктерінің өкілдері: байлар болыс басқарушылар, бейлер сондай ақ демократиялық зиялы қауім қатысты.
Тұтастай алғанда 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы Орта Азияның, Қырғызыстанның күнгей Кавказдың және Қазақстанның көптеген аймақтарын қамтыды. Қазақстандағы бұл көтерліс, оның оңтүстік облыстарын қоспағанда, бір ғана сипатта болды, бұларда көтеріліске қазақтармен бірге басқада ұлттар қатысты.
1916 жылғы сәуір айында А. Бөкейхановтың бастамасы боиынша Қарқаралы уезінің қазақтары атынан Семей губернаторына маусым айының екінші жартысында Төтенше жалпы қазақ сезін шақыру туралы өтініш хат әзірледі. Өтініш хатта былай деп атап көрсетілді: « соңғы кезде қазақтарды армияда қызмет атқаруға шақыру туралы қауасеттер тарауда. Біз мемлекетке пайдасы тұрғысынан алғанда армиядағы қызмет түрін таңдау жөніндегі мәселені азаматтардың талқылауы қажет деп есептейді ».(3 )
Отаршыл империя мен ақылға қонымды ымыраға келу тактикасын жүзеге асыра отырып, бірінші кезекке халықтың өмір сүру идеясын, оның этникалық тұтастығын сақтауды қоя отырып, қазақтың демократиялық ой – сана өкілдері өкімет орындарына қазақтарды тылдағы жұмыстарға шақыруды кейінге қалдыруды және оны біршама уақыт өткеннен кейін жүзеге асыруды ұсынды. Сонымен бірге Б Қаратаев пен Д. Сейдалин де хатында шақыруды 1917 жылғы мамыр айына дейін кейінге қалдыруды сұрады. Осының бәріне Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір алғашарттар себін тигізді.
- Е. Ө. Пірімбетова « Қазақстандағы Ұлт – азаттық қозғалысы.
А.. 2001 ж. 40 – 42 бет.
- « Қазақ » газеті. 1916 ж., 30 сәуір.
- Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. А.. 1947 ж. 25 бет.
- жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің қазақстанға таралуы.
1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі – Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент – Тараншы болысының Городсккое селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталды. Сол жылғы7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сезъге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шаралар қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізіиі жойылсын деген шешім қабылданды.
10 шілдеден Ұзынағаш болысының Үлкесаз деген жерінде де дәл осындай, бірақ құрамы жөнінде көп адам қатысқан съезд болып, оған Жетісудің он бір болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Съезге қатысушылар да, оқтың астына барғанша осында өлген артық. Деген қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер басталды.Лепсі және Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.
1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тойтары болыстары қазақтарының Самса станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный – Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Ташкентпен, Пішкентпен және Пержевальскі мен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысында барлық болыстары дерлік толқыды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі – Тоқаш Бокин Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққы қарсы сипатын түсіндіру, үстем феодал – байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындауға шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде ревалютциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жетісу жеріндегі отрияттарға, сонымен бірге, Бекболат Әшекеев, Н. Сатыбеков, Ж. Мәмбетов және басқа да көптеген адамдар басшылық етті.
Жетісу облысындағы сондай – ақ Қазақстан мен Орта Азияның басқа да облыстарындағы көтеріліс патша әкімшілігін қатты абыржытты. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды. Түркістанның гинерал – губернаторы Куропаткин « ешқандай амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды » талап етті. Жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге қарсы күресу үшін, тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды ұсынды. Көтерілісшілерге қарсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарақтандырылып, арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзейту күшейтілді, әскерй далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскер жасақ, жеті атқыштар ротасы, мйдандағы армйядан казак – орыс полкі келтірілді.
Көтеріліске қарсы әскерлер жіберілгенне, ауылдар мен қалаларда « күдіктілердің » бәрін жаппай тұтқынға алынғанна, ал әскерй дала соттарының өлім жазасына кескен үкімдер шығарғанына қарамастан, патша әкімшілігі көтерілісшілердің жауынгерлік рухын жасыта алмады. Көтерілісшілер қорғанып қана қоймай, кейбір жерлерде шабуылға да шығып отырды.
Жазалаушылар мен соңғы ұрыс 1916 жылғы қыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып жаншылды.
Патша жендеттері көтерілісшілерге ғана емес, бейбіт халықта да жазалады. Ондағы қазақ және қырғыз ауылдары қиратылды. Олардың малын айдап әкетті, мүлкін талам таражға салды. Патша әскерлері қудаланған 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболатты дарға асып өлтірді.
Сотсыз – тергеусіз аталғандарды, жазалаушылар мен кулар отрияттарының қолынан қаза тапқандарды есептемегеннің өзінде Куропаткин бекіткен сот үкімдері бойынша ғана Туркістан өлкесінде 1917 жылы 1 ақпанға дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам которғалық жұмыстарға, 129 адам түрмеде отыруға кесілді. 1916 жылы халық көтерілісі сондай – ақ Сырдария, Семей, Орал облыстарында және Бөкей ордасын да қамтыды.
Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық револютцияның ірі ошағы болды. 1916 жылғы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісші Қарқара жәрменкесін қоршап алды.
Көтерілісшілер Кравченконның жазалау отрядын талқылап, жәрменкені басып алды.
Лепсі уезінде жазалау отряттары мен Жетісу көтерілісшілерінің қарулы қақтығысы болды. ( 1 )
Жазалаушылар тықсырған Мерке, Әулиеата көтерілісшілерінің отрияттары Мойынқұмда табын тірескен шайқас жүргізді.
Тамыз айының орта шенінде көтеріліс Семей облысының дерлік барлық болыстарын қамтыды.
- Ч. Мусин. « Қазақстан тарихы » А.. 2005 ж 269 бет.
Бекболат Әшекеевтен кейін оның ең жақын 23 серіктері Түркістан әскери – окруктар сотына берілді. Оларға сот 1917 жылғы 17 ақпанда Верный қаласында болды. Олардың бәрі тағылған айыптауларға өздерін кінәлі деп мойындамағанымен, қатаң жазаланды. Бекболатов, Күзенбаев, Сатыханов, Аманжолов, Әшекеев, Сұлтанов, Нұрбаев, Аманбаев, Әбдірашев дарға асылды.
Б . Әшекевтің баласы Әбділда Бекболатов барлық құқықтары мен дәулетінен айрылып, 20 жыл мерзімге каторгалық жұмыстарға айдалды. 8 адам соның ішінде болыс басқарушысы Сәт Ниязбеков көтеріліске қатысуы дәлелденбеуі себепті ақталды.
Қыркүйекте — қазан айының басында барлық жағынан жазалау атрияттары тықсырған Жетісу көтерілісшілерінің едәуір бөлігі табынды шайқаса отырып шегініп, Шыңжаңға кетуге мәжбүр болды.
Жетісу облысының Верный уезінің ізінше онымен көршілес Сырдария облысының Әулиеата уезінде көтеріліс басталды. Әулиеата уезін атап айтқанда, оның Мерке учаскісі кең – байтақ Сырдария облысы қазақтарының маңызды көтеріліс ошақтарының бірі болды. Тапсырма боиынша, Әулиеата уезінің 22675 адам алынуға тиіс болды. 1916 жылғы тамыздың аяғына қарай шақыру пунктеріне 3 мыңдай адам ғана келді.
Жетісу, Сырдария, Ақмола, Сеией облыстарында және Батыс Қазақстанның бір қатар аудандарында көтерілісшілер қозғалысы басып- жаншышталған немесе оны аяусыз басып – жаныштау үрдісі жүріп жатқан кезде, Торғай даласында ол күш алып, күн өткен сайын өрістей түсті. Әбдігапар Жанбосынав, Амангелді Иманов, Әлби Жангелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды.
Мұрағат құжаттарының дәлелдейтініндей көтерілістің Торғай ошағы шырқау шыңына жеткен кезінде көтерілісшілер саны 50 мың адамға жуық болды.
22 қазанда А. Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды. Қоршау кезінде летинант – генерал А. Левреньевтің жазалау корпусы қалаға қарай үш бағытта келе жатты. Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалғаны туралы мәліметтер алған көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, патша атрияттарына қарсы қозғалды. 16 қарашада А. Иманов бастаған , жалпы саны 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясы ауданында патпалковник Катонминнің жазалау отриятында шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 километр жерге кетіп, Батпаққара ауданында шоғырланды. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы патизандық жорықтар жасады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Көтерілісшілердің штабы орналасқан Бетпаққара ауданында Шайқастар шиеленісті болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысында өрістей түсті.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып – жанышталды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасы 18 қазақ жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды әкеп төкті. Алайда жазалаушылар Қазақстанның бір қатар аудандарында көтерілісті Ақпан револютциясына дейін баса алмады. Мәселен, Торғай облысында көтеріліс патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтатылды.
Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең батыл, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, жер мәселесінің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семиясында туылған. Әкесінен ерте аирылған Амангелді баилардың есігінде жүріп, бала күнінен ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. Амангелді Имановтың ұиымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап – ақ айқын көрінді. Ұшы – қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас – көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент теміржолының жұмысшылары қосылды. Амангелді Имановты жақтаушылардың қатары күнен – күнге өсе берді. Оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ыргыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер қазан айының бас кезінде Амнгелді Имановтың отрядында 5 мыңдай адам болса 15 – 20 күннен кейін ақ олардың қатары 50 мың адамға жетті. Көтерілісшілердің орталығы Торғай даласының қиыр түкпірінде, Бетпаққара маңында орналасты.
Қарашаның екіші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Батпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрылды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезігндегі Ұлпан стансасында 4 мың көтерілісші есауыл Флоровтың отрядымен соғысты. Соғыс қақтығыстары сондай – ақ 21 – 23 қарашада Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да өтті. 20 қарашада Ырғыз уезіндегі Тәуіп, Аманкөл және Қызылжар болыстарының 16 мың көтерілісшілері подполковник Фон Розеннің отрядымен шайқасты.
Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық – түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті. 1917 жылдың басынан бастап Амангелді Иманов күресті одан әрі қарай жалғастыруды көзеді.
Патша жазалаушылары мен Амангелді Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық – демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді. Толық емес мәліметтерге қарағанда уақытша өкімет ұлт – азаттық қозғалысына қатысқаны үшін Торғай облысында 3 мың адамды жауапқа тартты, солардың ішінде 201 адам өлім жазасына кесілді, 162 адам каторгаға айналды.
Ресей либерал – демократялық қозғатысының өкілдері 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы шығуының ең басынан ақ оның заңсыз екенін көрсетіп, егер бұл әділетсіз жарлық жүзеге асырыла бастаса халық толқуларының пайда болуы анық екенін ескерткен еді.
1916 жылғы шілденің өзінде ақ мұсылмандар, кадеттер мен родувиктер фракцияларының өкілдері болып табылатын Мемлекеттік Дума мүшелері Ішкі істер министірлігі мен Әскери министірлікке жарлықты жүзеге асыру шарттарын дереу анықтауды талап еткен болатын. ( 1 ). Бірқатар депутаттардың сауал салу бойынша патша жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен мүмкіндігі және зардаптары туралы мәселе мемлекеттік думан отырыстарында бірнеше рет талқыланды. 1916 жылдың тамызында Мемлекеттік Думанның депутаттары А. Ф. Керенски мен К. Б. Тефкелев болып өткендердің бәрімен жергілікті жерде танысу үшін өз фракцияларының тапсыруы мен Түркістанға барды. Мемлекеттік Думадағы трудовиктер фракцясының жетекшісі А. Ф Керенски Түркістан мен Дала өлкесінде болып жатқан оқиғаларды орыс тарихының масқара беттері деп сипаттады. Ол « 25 маусымдағы жоғары патша жарлығын…. жариялау және жүзеге асыру кезінде Ресей империясының негізгі және негізгі емес заңдарының бәрі қаншалықты мүмкін болса соншалықты бұзылған » , — деп мәлімдеген. Мемлекеттік думаның мұсылмандар фракциясының мүшесі М. Г. Джаффаров трудовиктер фракциясы сауданың негізгі қағидаларын және оның жетекшісінің сөйлеген сөзін қолдай келіп, Қазақстан мен Орталық Азия халықтары көтерілісінің негізгі себебі патша өкіметінің отаршылдық саясаты және барлық деңгейдегі атқарушы өкімет орындарының соған тікелй байланысты болды.
- Сүлейменов С, Басин В, Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. А..1977ж. 101 бет.
- жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің нәтижесі мен тарихи маңызы.
Қазақстандаы 1916 жылғы көтеліліс қазақ халқвның азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады . Көтеріліс дүние жүзілік империялистік соғыстың қызып тұрған кезінде Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының иықтап өрлеу жағдайында өтті . Бұл азаттық қозғалыс ең алдымен империялистік соғысқа және өз жерлерінің тартып алуына қарсы бағытталып , империализмнің жалпы Ресейлік системасына мықтап соққы болып тиді .
Көтерілістің біріңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да , Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап , өзара байланысты болып отырды . Алайда , көтеріліс стихиялы түрде дамып тұрақты , жеткілікті басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді . 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана сезімін арттыруда зор рөл атқарды . Көтеріліс патшаның малайлары тетінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп . ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді .
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары , сондай – ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді . Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интелегенцияның өкілдері де қатысты . Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дүнгендер және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы Ресей империализімі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты . Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери феодалдық және әскери отаршылдық басқару жуйесінің іргесін шайқатты . (1)
Орыс шаруаларының демократияшыл бөлігі көтерілісшілерге жанашырлықпен қарады. « Казанск – Богородское селосында, — деп хабарлады. Верный полицейскилері әскери губернатор М. А. Фольбаунға, — шаруалар Иван Долматовпен Дермидон қырғыздар тобырын олардан шақыратын братаналардың тізімін жасауға жол бермеуге шақырды ». Бурген (Жетісу селосында Демко деген кедей ағайынды үш Қанаевтар мен Айдосовтар үйіне жасырған. Павель Аркедев жазалаушылардан Д. Жайнақовты жасырып қалған.
- Манаш Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап » А. 1994 ж 155 бет.
- А. Иманов. Құжаттар мен материалдар жинағы . А. 1974 ж 242 бет.
Басқа орыс кедейлері де көтеріліске қатысушыларды жасырған. Ал Торғайда Никита Кротов көтерілісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үиретіп, оның өзі жазалаушыларға қарсы шайқастардың бірінде қаза тапты. Көтерілістің Қарқара ошағын көрнекті ұйымдастырушылардың бірі Е. Е Курев болды. Кәсіпкерді қызы Софья Алексеевна Вербицкая көтерілісшілер жағында шайқасты.
Ұлт – азаттық қозғалыстың басып жаныштау барысында патша үкіметі өртке оранған жер стратегиясын жүзеге асырды, Түркістан өлкесі гинерал – губернаторының айтуы бойынша, ол Қазақстан мен Қығызыстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандары « тазалау » болатын.
Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында ұйымшылдықты болмауы еді. Патша өкіметі қалыптасқан жағдайда бағалап, халық қозғалысына қарсы шұғұл шаралар қолданды. Оның үстіне күште соның жағында болды. Ол қоныстандыру протцесі жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда Орыс, Украйн шаруалары, казактар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді. Саны аз жергілікті пролитариат оқиғалардың барысына әлі де азды – көпті елеулі ықпал жасай алмады. Көтерілістің бір тұтас басшылығы, ұйымдық орталығы болмада. Паша әкімшілігі Қазақтардың ру аралық тартыстарын шебер пайдалана білді.
Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Даланың бетке ұстарлары ( батырлар, хандар, қазылар ) көптеген реттерде қозғаыс басына келгеннен кейін дәиектілік, батылдық көрсетпеді. Бір қатар жағдайларда кейбір бай — фиодалдар , хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша өкіметі қозғалысты тез арада басшыларынан айыра білді. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерілістің ең басында көтерібісшілер қозғалысы жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов түрмеге қамалды, басқа 12 басшы азаптап өлтірілді.
Қозғалыс қазақ халқының револютциялық таптық сана сезімінің өскенін көрсетті, мыңдаған көтерілісшілер патша самодержавиясын қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Ол Қазақстан халықтарының ұлттық сана сесімінің өсуіне үлкен әсер етті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей самодержавиясының ұлттық экспанциясына қарулы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді. Осының нәтижесінде патша үкіметінің моральдік – саяси беделі құлдырады. Торғай даласынан тыл жұмысына 60 мың адам жіберілуі керек еді, ал 1916 жылдың 20 желтоқсанындағы мәлімет бойынша Ақтөбе және Қостанай уездерінің 5 мыңнан ғана адам алынса, Торғай мен Ырғыз уездерінен 89 ғана адам алынғанын айтсақ та болады. ( 1 )
Халық қозғалысы барысында үкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару апараты құрылып, ұлт – азаттық револютцияға ұласты. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңі ішіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. 1916 жылғы көтеріліс тарихында Қазақ кеңістік әдебиетінің классиктері Ж. Аимауытов ( Қартқожа ), Мұқтар Әуезов ( Қилы заман ), С . Сейфулин ( Таржол , тайғақ кешу ) Сәбит Мұқанов ( Ботагөз ) өз шығармаларында мейлінше толық ашып көрсетті.
1916 жылғы көтеріліс Қазақ халқының сан ғасырлық ұлт – азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүние жүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрттаныған басшылары Ә . Жандосынов, А. Иманов, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, Б. Әшекеев, О. Шолақов , А. Жүнісов, Қ. Көкенбаев, И. Құрманов, Т. Орысов, А. Сұлтанбеков және басқалар көтерілісшілердің саяси көсемдері Т. Бокин, Т. Рұсқылов, С. Меңдешев, Ә. Жаңгелдин, Б. Алманав және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Таиманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмақанбетов, Кенесары және Наурызбаи Қасымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. (2 )
Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт – азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бір қатар аудандарында оған қазақтармен қатар қырғыз, өзбек., ұйғыр және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.
Кейбір шекаралас аудандарда көтеріліске шыққан Қазақтар мен Қырғыздар патша жазалаушыларына қарсыласудың бірлескен аймақтарын ұйымдастырды.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік – экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери – феодалдық және әскери – отаршылдық басқару жүиесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы ХІХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт – азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды.( 3)
- Қазақстан тарихы 3 том. Алматы 2002 ж. 649 бет.
- Манаш Қозыбаев. « Жауды шаптым ту байлап » А.. 1994 ж 156 бет.
- Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. Естеліктер мен материялдар жинағы.
Алматы. 1967 ж 116 бет.
Қорытынды.
Жалпы қорыта айтатын болсақ 1916 жылғы көтеріліс Ресей империясы тарапынан отаршылдық езіп – жаншудың барлық кезеңі ішіндегі қазақ халқының азаттық күресінің шарықтау шегі болды. Өкімет билігі мен басқарудың дәстүрлі институттарын қайта құру, қарулы күштерді ұиымдастыру, белсенді саяси күреске санасы оянған халықтың ұлттық сана – сезімінің өсуі бізге ұлттық – азаттық қозғалыс туралы айтуға негіз береді, ол саяси егемендікке жетуді және мемлекеттілікті қалпына келтіруді өзінің мақсаты етіп қойды.
Осының бәріне Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір алғашарттар себін тигізді.
Алайда 25 маусымда патша жарлығына қол қойылуы себепті съезд өтпей қалды. 1916 жылғы шілде айының өзінде – ақ зиялылардың айтарлықтай бөлігінің қазақтарды тылдағы қара жұмыстарға жұмылдыру туралы жарлықтың орындалуына қарсы іс — әрекеттерге теріс қарағаны, бағынбайтын және қарусыз халықты қара жұмысқа салуға бағытталған патшаның жазалаушы отряттарына қарсы қарулы бойкөтерулерге жол бермеуге ұмтылыс күшеие түсті. Зиялылардың көшбасшылары осы заманға жақсы қаруланған патша армиясына іс жүзінде қарусыз халықтың қарсы тұруы мүмкін еместігін әбден әділ көре білді. Олар қазақ халқын үкіметтің қуғын – сүргінге салу шараларының құрбанына айналатындығынан қауіптенді. Нақ сондықтан да 1916 жылғы қазан айындағы үндеуінде мынадай жолдар жазылды: « Құлақ асыңыздар, қан төпеңіздер, қарсылық көрсетпеңіздер » деген жолдар пайда болды.
1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрияттар жіберді. Оның құрамына жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді.
Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі « бөліп ал да билей бер », деген тактикасында кеңінен қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан гинерал – губернаторы Куапаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуда қанаушы топтардың бірқатар өкілдері босатылды.
1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі — Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент – Тараншы болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетумен басталды.
1916 жылғы халық көтерілісі сондай — ақ Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарында және Бөкей ордасында қамтыды.
Көтерілістің ең бір күшті блған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралы , ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды.
Бекболат Әшекеевтен кейін оның ең жақын 23 серіктері Түркістан әскери – окруктік сотына берілді. Оларға сот 1917 жылғы 17 ақпанда Верный қаласында болды. Олардың бәріне тағылған айыптауларға өздерін кіәлі деп мойындамағаны мен қатаң жазаланды. Бекболатов, Бүзембаев, Аманжолов, Сатыханов, Әшекеев, Қарақсен, Әбішев, Сұлтанов, Нұрбаев, Аманбаев және тағы басқаларды дарға асты. Б. Әшекеевтің баласы Әбділдә Бекболатов барлық құқықтары мен дәулетінен айрылып, 20 жыл мерзімге которгалық жұмысқа айдалды.
Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылды. Көтеріліс дүние жүзілік империялистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Бұл азаттық қозғалыс ең алдымен империялистік соғысқа және өз жерлерінің тартып алуына қарсы бағытталып, империялизімнің жалпы ресейлік сйстемасына мықтап соққы болып тиді.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы Ресей империализімі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол имперядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери – феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Аспендияров С. Д. « Қазақстан тарихы » .
Алматы. 1993 жыл.
- Амангелді Иманов. « Құжаттар мен материалдар жинағы».
Алматы. 1974 жыл.
- « Қазақстан тарихы ». Очерк. Алматы. 1993 жыл.
- « Қазақстан тарихы » 3 том. Алматы 2002 жыл.
- « Қазақстандағы патша өкіметінің отарлауы ».
Алматы 1993 жыл.
- Сәбит Мұқанов « Халық мұрасы » Алматы. 1974 жыл.
- Сүлейменов С. Босин В. Я. « Қазақстандағы 1916 жылғы
көтеріліс » Алматы. 1977 жыл.
- Пірімбетова Е. Ө. « Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыс ».
Алматы. 2001 жыл.
- Т. Рұсқылов. « Таңдамалы еңбектер ».
Алматы. 1984 жыл.
- Тұрсынов Х. « Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы
көтеріліс ». Алматы. 1987 жыл.
- Ч. Мусин. « Қазақстан тарихы ».
Алматы. 2005 жыл.
- 1916 жылғы « Қазақ » газеті. 30 сәуір, 29 қазан.
- « Қазақстандағы патша өкіметінің отарлауы ».
Алматы. 1993 жыл.