АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ.

1.1.Бастауыш  сынып оқушыларында құлықты қалыптастырудың негіздері.

1.2.Бастауыш  сынып оқушыларының құлықтық тәрбиесінде  Абай шығармаларының тәрбиелік мәні.

 

ІІ. ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚТЫҚ ТЄРБИЕ БЕРУДЕ АНА ТІЛІ  САБАҒЫНДА АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ РОЛІ.

  • Бастауыш мектепте ана тілі  оқу сабағында Абай шығармаларын қолдану арқылы құлықтық тєрбиені жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері.

2.2. Ана тілі  оқу сабағында Абай еңбектерін негізге ала отырып, өз  іс-тәжірибемде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысының көкейтестілігі.  1.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер).

  1. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз.
  2. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл — ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады.
  3. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән — ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы — адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген.
  4. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің      дамуы   жетістігі   барлық
    педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі.
    Шығармашылыққа   тән   —   ой   тереңдігі,   ой   икемдігі,   даралық,
    таңғажайыптылық, сезім дамуы және т.б.
  5. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» — деген Әл-Фараби еңбегінде.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, адамның рухани өмірін сақтайды. Бала дамуынынң алғашқы кезеңінен яғни адамгершілік нормалары, дәстүрлері, мінез – құлық ережелері туралы түсініктер пайда болғаннан бастап, адамгершілік ұғымдары санасына сіңіре бастайды.

Егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. Білім бастауы бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, қабілетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың адамгершілік — құлықтық тәрбиесін ұштап ұлттық тәрбие береміз. Баланың тілін ұзартпай, ойы, мінез-құлқы қалыптаспайды. Қазіргі кезде Абай еңбектеріндегі және тұлғаның «Кемелдену» мәселелерінде адамгершілік — құлықтық ерекше орын алып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Абай еңбектерінің негізінде ана тілі  оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру.

Зерттеу нысанасы: Жалпы білім беретін мектептің  оқу-тәрбие жүйе-сінде құлықтық тәрбиені қалыптастырудың бағыттары мен жолдарын зерттеу.

Дипломдық жұмысымның міндеттері:

  1. Теориялық-әдістемелік материалдарға сүйеніп, бастауыш сынып оқушыларына   құлықтық тәрбие   қалыптастырудың  негіздерін анықтау.
  2. Қазақ халық педагогикасында құлықтық мәселелерге талдау
    жасау және олардың Абай еңбектерімен байланысын анықтау
    арқылы құлықтық тәрбиенің мәселелерін анықтау.
  3. Қазақстандағы озат тәжірибелерге талдау жасау.
  4. Ана тілі оқу сабағында оқушылардың Абай туралы білімдерін, білік, дағдыларын зерттеу.
  5. Ана тілін оқу сабағында Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін анықтау, қалыптастыру туралы      философтардың,      психологтардың, әдебиетшілердің еңбектері, т.б.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық,  педагогикалық, тарихи-этнографиялық, теориялық және әдістемелік әдебиеттерге сүйеніп теориялық іс-тәжірибелерімен танысу және орта сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау.

Зерттеу пәні: ана тілі  оқыту үдерісінде оқушылардың құлық тәрбиесін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ.

 

1.1.Бастауыш  сынып оқушыларында құлықты қалыптастырудың негіздері.

 

Халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізісімен оқушыларға құлықтық тәрбие беру жан сала кірісуі уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз.

Білім туралы заңда осы саладағы қоғамдық қатынастарды болашағымыздың мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері берілуі қарастырылады.

Білім беру заңдық жүйесінің негізгі міндеттері ескеріліп жүргені жөн:

  1. Жекеадамның  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  ашу,
    адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін
    қалыптастыру.
  2. Азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы
    жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғыну.

Бұл заңда балаларды мінез құлық тәрбиелеуде, балаларды жаман єдеттен арылту, оқу сабақтарда құқық бұзушылықты болдырмауды қамтамасыз етуді кездейді.

Қазіргі қиын кезеңге қарамастан мектепте жан-жақты тәрбие, білім берудің бірден-бір мекемесі мектеп болып отыр.

Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиелеудің алатын орны ерекше. Білім негізі  мектепте қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында мектеп мұғалімдерінің жауапкершілігі арасан зор.

Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру. Өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсымыздың азаматтық, перзенттік  парызымыз.

Еліміз егемендікке ие болып Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге, жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын таныстырып жан-жаққа жетіп отыр.

«Мектеп — қазақтарға білім берудің басты құралы … Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде» — деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, бүгінгі мектептерден де қоғамның үміті мол.

Білім беру жүйесінің негізгі ордасы мектеп екенін ескере отырып оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім — білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоғам, адам, айналаны, қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғарғы адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Бүгін мектеп табалдырығында жүрген әрбір өскелең жас ұрпақ — ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқытуды мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға сапалы білім мен саналы білім, тәрбие беру, халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындатуды болашақ ұстаз білуі тиіс.

Бүгінгі таңда, оқушылармен жұмыс барысында, барлық мұғалімдер, педагогтар Президентіміздің 2030 жылға дейінгі жолдамасын басшылыққа ала отырып ойланып, әр мектептің күшіне сай, оқушылар мен жақсы жұмыстар жүргізіледі.

Бұған ұлы Абайдың мына пікірлері дәл келгендей «Егер де ұлың адам болсын десең, оны оқуға бер! Қайырымдылықты аяма! Ол білімсіз оңбаған болып қалса, одан кімге пайда? Ол сен үшін жұбаныш бола ма? Оның өзі бақытты бола ма? Өзі халыққа жақсылық жасай ма?»

Оқушыларды тәрбиелеу барысында сабақтан тыс жұмыстар жүргізуде үлкен орын алады.

Оқушылардың мінез бітістерінің саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рольді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Оларда мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі.

 Жас балалардың мінез бітістерінің ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады.

 Бастауыш мектеп бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет — олардың жан-жақты болып өсуін, мінез құлқының өлеуметтік мәнге ие болу жағын көздестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың адамгершілік идеяларын баяндайтын иманшарт принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын көздеген.

 Халқымыздың әр заманда кешкен ардагер перзенттерінің Аль-Фараби, Асан-Қайғы, Қабанбай, Төле би, т.б. үлгі өнегелеріне тәрбиелеу — осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұларды өмір жолы,

моральдық тұлғасы — жоғары идеалдықтың батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.

 Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Әр адамның әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасы болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

 Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.

Мінез — кең мағыналы ұғым. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептеледі. Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді.

«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» — дөп Аль-Фараби айтқан.

Адамның жеке басына біткен мінезін құрайтын және белгілі жағдайда оның қылығы қалай болатынын жобалауға мүмкіншілік бөрөтін психикалық қасиөттөрін мінөздік бітісі дөйді.

Ерлік, адалдық, жігөрлік, өңбөкті сүюшілік, адал ниеттілік, қорқақтық, жалқаулық, тымыр мінезділік — мінез бітісінің түрлі сипаттарының мысалдары. Біреуді ер жүрек, тағы біреуді қорқақ, жүрексіз адам десек, осылар бірер қауіп-қатерге ұшыраса өздерін қалай ұстайтынын да шамалап айтуымызға болады. Адамның екпінділігіне қарап, оның бір жаңа істе қалай қимыл көрсететінін болжай аламыз.

«Мінез деген ұғым адамның мінез құлқындағы ерекшеліктерді білдіреді, адамның қылықтары да оның осы ерекшеліктеріне қарай болады, сондықтан мұның тікелей өмірлік маңызы бар».

Мінез адамның өмір сүру барысында, тұрмыс салтына ықпал жасайды. Табанды, қажырлы, қайратты кісі қандай кедергіні болса да жеңіп, көздеген мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады…

 Адам өзінің әрбір ісіне, әрбір ойына ішінен баға беріп отырады.

Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады, адамға қалай да болса, қашанда болса пайда келтіретін ой һәм іс ізгілік — деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу — адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.

Қазақтың жазушысы Міржақып Дулатов бір өлеңінде:

                       «Мен — біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

                         Емеспін жемісі көп, тамаша ағаш,

                         Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

                         Пайдалан шаруаңа жараса, ағаш.»

Құлық сезімдері, яғни адамның жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылатын мінезі адамның өзінің жаратылысында бар. Сондықтан адамның құлықтан сезімдөріне дін сезімдерін негіз қылып алу, адамды құлықты болуын дінді болуына бойлау дұрыстыққа келмейді.

 Құлық сезімдерін өрнектеу жолдарын былайша көрсетуге  болады:

  1. Баланың маңайындағы адамдардың құлықты

болуы. Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра алмайды. Баланы ізгі құлықты болуы үшін маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туысқандары өздері ізгі құлықты болуы тиіс. Балаларда құлық сезімдері болуы үшін балаға әдебиеттен, тарихи өрнек әңгімелер айту және оқып беру керек.

  1. Үйде және мектепте дұрыс тәртіпті болуы.
  2. Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету. Бала салыстырып, сынап үйренсе, құлық туралы белгілі бір ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны, дұрыс және жеңіл айыратын болады.

Сана сезім жақсы жетілген адам ғана өмірдің сан түрлі құбылыстарын таразыға салып, оның әр түрлі ағымына төтеп бере алады. Жақсы адам көрсе қызар, жел көкпе өмес, тек антына адал, уәдесіне берік адамды ғана ер кісі деуге болады. Бейбастық, өсек-аяң, әңгіме айту, әсіресе ер адамға жараспайды. Салқын қандылық, тұрақтылық, мінезділік — адамға ауадай қажет. «Адам болу үшін де ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек» — деп Жүсіп Баласағұни адамның жақсы қасиеттерін айтады.

С. Макаренко — баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады, ал американың психолог ғалымы білім 7-8 жасқа дейін қалыптасады дөйді/

Әрине ор баланың табиғаты ор түрлі. Бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, ал екіншісінің ойлау қабілеті зор, ал үшіншісінің елестеу қабілеті дамыған.

Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенде мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталған. Сондықган соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді — деп Л.В. Занков айтып кеткен.

Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым, екінші жағынан мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар бейнелейді. ¦лттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайдың шарттарына лайықты қалыптаскдн. Әрбір адамда үлттық мінез-құлық, саналы тәртіп, болымды қылықгар, сезім көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болады.

Қазақтардың өзін қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаға мейірбандықпен, қайырымдылықпен және ізгілікпен қатынас жасауын айрықша айтуға болады. Олардың көшпенді өмір салты өздерінің табиғатының бір бөлігі. Қазақ халқының мінез-құлқында орын алған өзара көмектесу, әсіресе басқа түскен қуаныш пен қайғыда бір-біріне риясыз көмектесу, баға жетпес моральдық сүйемелдеу кезінде байқалады.

Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. ¦лттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақган-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады.

Қоғамдағы болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мектеп мұғалімдерінің білім беру қызметіне жаңаша қарауды, яғни имандылық тәрбиенің ғылыми педагогикалық негіздерін қызмет барысында қолдануды талап етеді. Имандылық тәрбиесін бала жүрегіне дарытатын, оның пәрменділігін арттыратын ұстаз қауымы, соның ішінде бастауыш мектеп мұғалімдерінің сауатты іс қимылы өз жемісін бермек. Себебі «білім негізі бастауышта», «білім іргетасы бастауышта қаланады» деген ой-тұжырым өте дұрыс айтылған. Бала жас шыбық сияқты, қалай исең, солай қарай бейімделіп өседі. Орта  сынып оқушыларының психикалық танымдық процестер, мінез-құлық нормалары, адамгершілік, имандылық принциптерін қарастыратын кейбір мәселелер сияқты жалпы адамзаттық мораль нышандары айқын байқалып, қалыптаса бастайды. Жастайынан адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойына сіңіріп, жүрегіне дарытқан баладан жамандыққа әуес болады деп ойлаудың өзі қиын. Оқушыларды ұлттық тәрбие, имандық қасиеттерді бойына сіңіруге, жақсы мінез- құлықка бой ұруға, жаман мінезден аулақ болуға тәрбиелеу.

Бастауыш мұғалімдер өз жұмысында құлық тәрбиесінің міндеттерін былайша іске асыру керек:

  1. Оқушыларды қоғамның моральдік   нормасын   орындауда қатыстыру.
  2. Оқушылардың тәртіп және    мінез-құлық        тәжірибесін қалыптастыру.
  3. Балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету.

         Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру, біріншіден: төрбие процесінің обьсктивті жєне субъсктивті жақтарының бірлігіне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға — бұл объективті жағынан; ал жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі – бұл тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты; екіншіден: тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.

Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшелікгеріне сәйкес жүргізіледі.

 

1.2.Бастауыш сынып оқушыларының құлықтық тәрбиесінде  Абай шығармаларының тәрбиелік мәні.

 

Бастауыш сыныптарда оқушылардың тәртіп, кұлық, достық және Отан туралы ұғымы қалыптасады, ата-аналарын, үлкен адамдарды құрметтеуді үйренеді, еңбекке сүйсініп қарайды, ізгілікті сақтайды.

Әр түрлі іс-әрекеттің барысында бастауыш сынып оқушылары тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, өзара түсінуге дағдыланады.

Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды.

Оқушылар єділеттілік , борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс сияқты моральдік категорияларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Жас өспірімдік шақтағы балалардың ерекшеліктерін еске алып, олардың әр-түрлі іс-әрекеттеріндегі еріктілігіне, бастамаларына мүмкіндік беру керек.

Қорытып айтқанда, әдет баланың тәртібінің, мінез құлқының тәрбиелік өлшеміне айналуы керек.

Осы орайда ұстаздардың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жытыла бсрмсуі ксрек, ойтксні тым қаталдық шәкірттің өзін ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кслтіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шєкірті селқос қарайтын болады.

Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде — бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдылығында және жетілгенділігінде деген мағынада айтамыз.

Адамның белгілі бір мінез құлыкқа ие болуына немесе жақсы жұғысудың арқасында бір мінез-құлықган басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе — әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын.

Жақсы мінез-құлықгың өзі де әдет арқылы келетін болғандықган , біз әдеттене келе біздің жақсы мінез-құлқымызды  тұдыратын нәрселерді де әңгіме етуіміз керек.

ұлағатты сөздер.

Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.  ( Әл-Фараби )

Мен егер закон куаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп бомайды деген кісінің тілін кесер едім.  (Абай Құнанбаев).

Мінез-құлық — әркім өзінің кейпін көрсететін айна.       (И.Гете). Жақсы мінез бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.      (У. Гэзлит).

Егер адам бойындағы зиянды әдет-дағдыларын түп-тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, одан кұтылу да қиынға түспес еді… Бірақ та қиыншылығы сонда — мысқылдап ұзақ ауқыт енген жаман әдет — дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек/       (К.Д. Ушинский.)

Бастауыш  сынып оқушыларының мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда Абай шығармаларының тәрбиелік маңызы ерекше. Абай шығармалары мен байланысы бар деген кейбір жанама деректерді ақынның дүние, дін, өнер, әсіресе этикалық пікірлеріне нақтылы салыстырулар жүргізіп барып, оның өзін ерекше сын елегінен өткізе отырып анықтасақ қана жемісін бермек.

Осы тұрғыдан қарағанда, Абай оқыған және оның қара сөздерімен белгілі дәрежеде қатысы бар деректер көзінің бірі — Шығыс єлеміне ертеден әйгілі «Насихаттама» (Кабуснама) кітабы деп білеміз.

Орта Азия мен Қазақстан, Татарстан ағартушыларының бәрі де кітапқа назар аудармай қалған емес. Сондықтан да олар осы кітапты жергілікті халықтың тіліне аударып, танытуға күш салған.

Бұл кітапты өзбек тілінде тұңғыш рет өзбек халқының белгілі тарихшысы, әрі ақын, атақты аудармашы Мұхаммед Ерниязбекұлы аударған. Өз тұстастары ерекше назар аударған бұл кітапты Шығысты олардың бәрінен тереңірек білген Абайдың оқымауы, білмеуі мүмкін емес. Абайдың «Насихаттамаға» қатысы әсіресе оның қазақ әдебиетінің тарихында бұрын болып көрмеген жанрлық, стильдік ерекшелігімен айрықша дараланатын қара сµздерінен айқынырақ аңғарылады. Бұлай дейтін себебіміз, осы кітаппен Абайдыц қара сµздсрінің сµз етер мєселелерінің көбі тақырып жағынан бір сыпыра ұқсас болып келсе де, оларды шешуі ор түрлі кµзқарастың тұрғысынан болып отырады. Әрі қазақ әдебиетінің тарихында жанрлық формасы мен стильдік ерекшелігі бар Абайдың қара сөздерінің елеулі түрде ұқсастығы барлығын да ескермеуге, онымен есептеспеуге болмайды.

Аса дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері «Соқыр кісі сыбырынан танырлық» деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге көзін жаңа ашқан кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой сезімі еді.

Абай үлгілі ақын даналығы халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан мектебі, білім қазынасы болып қалуда. Арғы-бергі замандарда ғұмыр кешкен барлық данышпандар сияқты, Абай да ұрпақ жаңарған сайын жаңа қырынан танылып, жаңғыра беретін «артына өлмейтұғын сөз қалдырған» ардақты жан.

Еліміздегі егеменді ел болғалы құрылысын, құлашын кең жайып өрістеген сайын, жас ұрпаққа Абай атамыз «Қазіргі замавдағы жастарды тәрбиелеу, оқыту, үйрету жұмысының бәрі де оларды адамгершілік моральға баулу болып шығуы керек» — деген.

Мектеп оқушыларды ұзақ жылдар бойы оқытып, білім берумен қатар, олардың ақыл ойының, сана-сезімінің, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Абай шығармаларының өмірі — қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы. Абай мұрасын зерттеп, ол туралы көркем туындылар жасауға бар өмірін арнаған ұлы Мұхтар Әуезовтың арамыздан кеткеніне азырық үш жыл болып қалыпты.

Содан бергі дәуірде Абайдың өмірі мен шығармаларын, қоғамдық-єлеуметтік көзқарасын зерттеу ісіне жеткілікті көңіл бµлінгсн жоқ.

1995 жылы Абайдың туғанына 150 жыл толуына Республикамызда үлкен мерке, Халықаралық Абай жылы болып аталып өтілді. Сол тойға әлемнің түпкір-түпкірінен ақындар, әншілер, жазушылар, журналистер, ғүлама ғалымдар жиналды.

Абай жылының мәнді де жанды өтуіне санасында сәулесі бар әрбір азамат қолынан келген көмегін аямады, өйткені Абай тойы — азамат тойы, ел тойы.

Сол тойдағы аса қадірлі қонақгардың маржан  сөздері:

I Абай дүниежүзінің ұлы ақыны, ол арқылы Қазақстанды және оның өзіндік мәдениетін бүкіл әлем біледі.       Осман Түрік (Туркия)

 II        Абай ұлы ақын, ол Тогор мен Гете қатарында тұр.

Саид Америдин (Индия)                 

III Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді. Тек  ақынға тән қабілеттік, романтикке тән жоғары сезімталдық пен халық өмірінен өзгеруін,
найзағай отының өлкесін де дүрсілсіндіруін де тіледі. Қамықты да.
Бұл ретте де ол ХҮПІ-ХІХ ғасырдың Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғаларының даналық бауырласы екенін
танытты.        Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан)

IV        Бүгінгі күннің тұрғысынан қарағанда Абай халқының ғана емес, әлдеқайда кең ауқымды қабылданады. Ол — көркем ойдың әлемдік тұрғыдағы құдіреті.       Федерико Мойор (ЮНЕСКО-ның бас директоры)

Абай мұрасының соңғы кездегі зерттеушілері Абайдың орыс әдебиеті классиктерімен творчестволық байланысы туралы мәселені

негізінен ұлы ақын өмір сүрген дәуірдің нақтылық тарихи шындығымен байланыстыра қарастырды.

Абайдың орыс әдебиетінің ұлы классиктерімен творчестволық қарым-қатынасы төңкеріске дейін азды-көпті сөз болса, соңғы кездерде аса мол пікір айтылып, көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нақтылы деректерге сүйенген құнды зерттеу еңбектері туа бастады. Бірақ осы соңғы дәуірдің өзінде де Абай мен Пушкин, Лермонтов пен Крылов туралы жазылған мақалалар әлі де болса мерейтой тұстарында жазылып, бұрыннан танымал пікірлер қайталанып байқалуда.

Абайдың ақын мен поэзия туралы көзқарасының қалыптасуына Лермонтовтың ықпалы болғандығын екі ақынның шығармаларын салыстыра отырып көрсетеді.

Зертеушілер пікірінше XIX ғасырдың екінші жартысывда дамыған халық поэзиясындағы азаматтық лирика — Абай творчествосының негізгі реалистік бағытын айқындаушы тума кұбылыс болмақ.

Абай халық лирикасындағы өмір шындығын тудырып отырған қабылдаушы ғана емес, дамыта отырып жетіддіруші.

Мысалы: әдетте халық лирикасы көп тақырыпты болып келсе, Абай лирикалары да солай.

Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарының жаңа бағдарламасында Абай шығармалары калай қарастырылып отыр? Жаңа бағдарламасының осы мәселе жөніндегі ерекшеліктері қандай? ұрпақ тәрбиесінде орны бөлек Абай мұрасының бөбектерге нені, қашан, қалай таныту болады? — сияқты сұрақтарға сөз қозғаймын. Қазіргі таңда қолымызда барын пайдаланып жүрген бағдарламаларында және соған сай жасалған «Ана тілі» оқулықгарында Абай шығармаларының ішінде кейбір өлеңдерінен үзінділер берілген.

Абай даналығы мен өсиетін балалардың жас кезінен бастап бойларына сіңіре беру үшін, халқының сөз өнерін еркін қолдана білуі мен шешендік талантына тәнті ету үшін, сол арқылы балалардың сөз өнеріне сүйіспеншілігін оятуға, халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрівде тәрбиелеуге ықпал ету үшін мына шығармаларды 2003-2004 арасында жұмыс жоспарыма енгіздім. Мысалы: «Ата-ана көз куаныш», «Досыңа достық — қарыз іс», «Қуанбаңдар жастыққа», т.с.с., ал аудармаларынан «Жарлы бай», «Қарға мен бүркіт» сияқгы шығармаларды енгізіп отырдым. Өйткені бұл шығармалардың мазмұны түсінікті, сөздері қарапайым.

Жалпы 2003-2004 жылдарындағы бағдарламада көрсетілген өлең-мысалдарды бастауыш сыныптарда былайша жүйелеуге болады:

«Әсемпаз болма әрнеге»,  «Ғылым таппай мақтанба, «Жаз» («¦шып тұрса сымпылдап» жолына дейін), «Шегіртке мен құмырсқа». «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық-ай», «Қарға мен түлкі»,»Ата-ана көз қуаныш», «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс», «Абдрахман өліміне», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қарға мен бүркіт»,»Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,»Әсемпаз болма әрнеге», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Кешегі Оспан ағасы», «Абдрахманға», «Қуанбандар жастыққа», «Жарлыбай».

Ендігі мәселе орта сыныптарда арналған өлеңдер қалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс? Ең алдымен әр сыныптарда қойылатын талаптар оқушыларды мәнерлеп, әуезді-сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн.

Әрине шығармалардағы сөздерді талдап түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлендерді оқудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып іске асырылады. Көбінесе, Абай өлендерін — мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызуы қажет.

Мысалы: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдегі «әсемпаз», «өнерпаз» сөздерінің мәнін ұғындыруда «әсемпаз» адам қандай?, «өнерпаз» адам ше?, неге Абай «арқалан» деп тұр, «Сен де бір кірпіш» дегені несі?, «кетігі» деген сөзге қалай түсінесің? Оны тағы қандай сµздермен ауыстыруға болады?, т.б. сұрауларға оқушылардың өздерінен жауап алу — оларды ойлантуға, онан єрі өз пікірі мен ойын ауызша жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады. Ал оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын сабақ барысында түсіндіруде ақынның көзқарасын, оның ой пікірімен қоса түсіндіру, өмірімен байланыстыру, баланың жас дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, тіл байлығына байланысты.

Сонымен бірге жоғарыдағы өлеңдердің адамгершілік-құлықтық мәселелеріне тоқталу керек. Абай өлеңдеріндегі сұлу суреттеулерге, теңеулерге оқушы көңілін аударту. Балаларға шығармаларының көркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған көркем сөздерге тоқталу арқылы өз құлқының сұлулығына, көркемдік ерекшелігіне көңіл аудартуы керек. Мысалы: «Күз» өлеңіндегі «сұр бұлт», «дымқыл тұман» тіркестердің мәнін ашу арқылы табиғат құбылыстарын ауа райындағы өзгерістерді көз алдарына елестету, ол өзгерісті қазақ тұрмысынан байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы оқушының табиғат арқылы өздерінің мінез-құлқына ерекше көңіл аудару.

Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың маңызы өте зор екені тәжірибеде дәлелденді. Олай дейтін себебіміз оқушылар Абай шығармаларын оқи отырып, одан рухани ләззат алады. Олардың табиғатқа сүйіспеншілігі оянады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ТАРАУ. БАСТАУЫШ  СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚТЫҚ ТЄРБИЕ БЕРУДЕ АНА ТІЛІ  САБАҒЫНДА АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ РОЛІ.

 

2.1 Орта мектепте ана тілі оқу сабағында Абай шығармаларын қолдану арқылы құлықтық тєрбиені жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері.

 

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің басты міндеті — оқушылардың бойындағы поэзияға, лирикаға, көркем шығармаға деген қызығушылығын ояту. Бұл жастағы балалар ерекше әсершіл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту өте пайдалы.

Әдетте кімнің де болмасын шығармаларын оқып үйренбес бұрын, сол шығарма иесінің өмірімен танысу керек. Бұл әдісті Абай шығармаларын өткенде өте ұтымды пайдалану қажет. Олай дейтініміз, Абай — қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Сондықтан да өзім ақынның шығармаларын оқытпас бұрын, ақынның  өмірімен таныстырып кеткенді жөн көрдім. Ондағы мақсатым — оқушылар ақынның шығармаларын шын ықыласпен оқып-үйреніп, ақынның өзін құрмет тұтып, үлгі аларлық дәрежеде тәрбиеленуі керек. Әрі қарай сабақты түрлендіре отырып, оқушыларға Абайды әр қырынан таныстыруға тырыстым.

Мысалы: Абай және табиғат, Абай — аудармашы, Абай — сөз зергері деп алып, оның табиғат тақырыбына жазған өлеңдерін, аударған мысалдарын, адамгершілік тақырыбына жазған өлеңдері мен қара сөздерін оқыттым.

Бұл сабақтарымды таным сабағы ситуациялық сабақ және іздендіру сабағы деп атадым.

Мұғалім қиялына қанат бітірер дәстүрлі емес сабақ түрлерін Абай шығармаларын оқытуда пайдаланудың берері мол.

Алдымен Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өмірбаянымен таныстыру қажет.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап оқы көңілге».

-деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшаң-теңіз. Абай өзге жұрттың тілін, халықтың қалпын біліп, өз жұртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті. Абай армандаған, әсер ұрпақ бойынан кµргісі келетін тамаша қасиеттерді шєкірт жүрегіне ұялата алса, ор ұстаз еңбегінің жанғаны. «Адамдықтың ең жаманы -талапсыздық» — деп ақын өзі айтқандай, қазір не ғылымға, не еңбекке, не өнерге талаптана алмайтын өмірге икемсіз жандар өмірде кездесіп жатады. Сондықтан да ұстаздар жүгі ауырлап, адамға өмір сүру міндеті қиындап келе жатқан жағдайлар байқалады.

Абай өмірін оқытудың барысында оның өскен ортасының өнегелік жағын көрсете оқытудың маңызы зор.

Абайдың өнегелі өмірін естіп өскен шәкірттен ешқандай жамандық күтуге болмайды. Тек соны жеткізе білу, оқушылардың санасына ұялату мұғалімнің алдына қоятын мақсаттарының бірі. Сондықтан да бастауыш сыныптарда Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өнегелі өмірімен таныстырудың пайдасы зор.

Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол — керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Олай дейтін себебіміз Абай табиғаттың көрінісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрінісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп, сұлулыққа өң, рух беріп отырды.

Мысалы: «Күз» деген өлеңінде Абай:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

 Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

          Жапырағынан айырылған ағаш-құрай.

Сидиған, көркінен айырылған ағаш-құрайды, мүсәпір, өмірінің көркі жоқ қайыршы шал-кемпірге ұқсатады.      Немесе:

                         Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

                        Үй жылы, тұтқан айналасы,

                        Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

                        Ағып жүріп ойнатар көздің жасы  -деп,    күз түсіп, табиғаттың, құлпырған әсем нұры кеткен соң, ол жабырқаңқы тартып, қабағы түсіп, сұрт бұлт пен дымқыл тұман қаптап, қара суық малдың да, адамның да табиғаттың да реңін кетіреді. Сонда күз біреуге күт, біреуге жұт боп келеді. Бай жылы үйде отырып, ет жеп, қымызын ішіп, сонау күздің аяғына дейін малын семіртіп, соғымын баптай отырса, кедей күндіз қара суықта мал бағып, кешке жыртық үйде бүрсең қағып, жағуға отын, союға соғымы жоқ, қылышын сүйретіп келе жатқан қыстан шығуы зор уайым болмақ.

Ақын осылайша күзді суреттеу арқылы, адам өмірінің жабырқаңқы тартқан көңілсіз бір кезеңін шебер суреттеген. Тек оны түсініп оқып, Абайша толғана ойлау қажет. Сонда ғана ақынның осы өлең арқылы не айтқысы келетінін түсінесің.

Абай өзінің — «Жаз» өлеңінде табиғаттың ең тамаша көріністерін суреттейді. Жер ана жасыл күйге еніп, қырда бәйшешектер өседі. Өзеннің жанына ауылдар көшіп келіп, мәре-сәре болып жатқанын, ат, айғырлар, биелер көк шөпке тойып бүйірлері шығып, тойынғанын суреттесе, көлдерде үйрек-қазылардың жоғары-төмен ұшып жүргенін өте тамаша суреттейді. Бұдан біз жаз мезгілі тек адамдарға ғана емес, жан-жануарларға да, кұстарға да көңілді екенін білеміз.        Мысалы:

«Жазды күні шілде болғанда,

 Көкорай шалғын, бөйшешек.

¦зарып өсіп толғанда,

 Күркіреп жатқан өзенге,

 Кешіп ауыл қонғанда;   — деп ақын жырлайды.

Абай өзінің бұл өлеңін өзінің досы Көкбаймен ‰әделесіп шығарған. Досы оған осы табиғаттың тамаша көрінісін суреттеп жіберші деп ұсыныс жасайды. Сонда ақын, айналасында болып жатқан табиғат құбылыстарын осылайша өлеңге айналдырады. Досы оған разы болып, міне сен тамаша ақынсың, деп қуанды.

Сонымен бірге ақын өзінің «Қыс» өлеңінде табиғаттың қатал да, қаһарлы көріністерін адам мінезімен алмастыра шебер суреттеген.

Абай бұл өлендерін өз ойынан шығармаған. Ол өмір шындығы. Абай толғана отырып осы өмірде болып жатқан келеңсіз құбылыстарды жырға қосты. Ол қара халықтың қамын ойлады. Байлардың әділетсіз кедейлерге көрсетіп жүрген қысымшылығын, табиғаттың қатал мінезімен салыстыра жырлады.

Абай қысты ақ киімді денелі, ақ сақалды байға теңейді. Оны түсі суық, ешкімді елемейтін соқыр, мылқау тұлғада сипаттайды. Мысалы:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

 Баскдн жері сықырлап келіп қалды.

Сонымсн бірге ақын қысты тойымсыз, сұраншақ құдаға теңеп, оның басталуын елдің мазасын алып,  µлең салған  кдһарлы,/ кайырымсыз қонақтың келгені сияқты деп суреттейді. Тынымсыз жауған қар, бұрқ-сарқ етіп соққан боран адамдардың мазасын алған. Мұндай боранға шыдай алмаған малшылардың жай-күйі мәз емес. Ішерге тамақ, киерге киім жоқ, байға жалынышты кедейлердің көрген күні күн емес. Міне, осылардың бәрін көрген Абай өзінің өлең жырлары арқылы үстем тап өкілдерімен күреседі.

Ал енді «Жазғытұрым» өлеңінде бәрі керісінше, қаһарлы қыстың кетіп, жердің жүзі масатыдай құлпырып, күннің көзі өзінің шуағын төгіп, дүниені нұрландырады. Адамзатпен бірге, жан-жануарлар да қуанып, өздерінше мәз-мейрам болады. Оны мынадай өлең жолдарынан көруге болады:

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

 Көбелек пен құстар да сайда ду-ду,

 Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбыр қағып, бұраңдап ағады су.

Міне, осылайша ақын табиғатты жырға қосты. Біз Абайдың бұл өлендерінен көретініміз, адамның мінезі сияқты жыл мезгілдерінің де құбылыстары бар екен. Табиғат та қуана да, ренжи де біледі. Тек оны жүрегіңмен түсініп, аялай біл. Сонда ғана сен табиғатты сүйе білесің, оны түсіне білесің.

Абай мұрасы туралы сөз қозғасақ, данышпандық, көрегендік, ұлылық ұғымдар қоса жүреді. Сондықтан да біз Абай мұрасын мєңгілік өнеге мектебі дейміз. Бүгінде жан аямай кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей доулет жоқ екенін парасаттамайтын, «ұрлық псн құлықты қызық кµретін» жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл — Абай мұрасы.

Абай қара сөздерді терең оймен күрделі пікірге құрылған Абай шығармаларындағы терең ойды мұғалім өзі түсінгенде ғана баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Мектеп бағдарламасында Абайдың бесінші, жетінші, он бірінші, он сегізінші, жиырма бесінші және отыз бірінші қара сөздерін береді. Ал екінші, қырық бірінші, он төртінші, он сегізінші сөздерін факультативтік сабақға оқыту көзделген.

Бірінші қара сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. ¦лы ойшылдың айтпақ ойының өміршендігі мен біріңгі заманмен үндестігіне таң қаласыз.  «… ақыры ойладым: Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» — дейді.    ~  Абай барлық қара сөзінде де бейне бір оқушысымен әңгімелесіп отырғандай, өзіне-өзі сұрақ қойып, оған жауап береді.

Абайдың бесінші сөзінде:

      «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр» — деп тілек тілегенін көзім көрді. Онысы — жас баладан гөрі өзі есті болып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсыз: «Әуелі — түстік өмірің болса, күндік мал жи:, «Өзінде жоқ болса, єкеңде жат.», «Мал адамның бауыр еті».

Абай мұны айтқанда дүниеқоңыздық,, ұятсыздық сияқты адам аздыратын қылықтардан жирендіруді мақсат етеді.

Жетінші, отыз бірінші сөздерінде Абай оқу, өнер білім мәселесі төңірегінде ой қозғайды.

Жетінші сөзінде «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйқтасам деп туады. Бұлар -тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен дегендік, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса оған қызығып, аузына салып, дәмін татып, қарап, тамағына, бетіне басып қарап сырнай, керней болса, даусына ұмтылып, ол немене? «, бұл немене?» деп ол неге үйтеді? » құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді» — дейді.

Абай қазына байлықтың бар асылы білім деген ойын тереңдете отыра өз заманы үшін де халқының бүгіні мен ертеңі үшін де қажет нәрсе не екеніне көпшілік көзін жеткізуге тырысады.

Халқын жан-тәнімен сүйгендіктен сол халық бойынан өзі көрген сорақылықты жаны ауыра отырып айтады. Мақсаты айқын туған халқының болашағы.

Кезінде әдебиетші ғалым А. Нұрқатов Абай өлеңдерінен халық өмірінің кең көрінстерін ғана байқап қоймаймыз, сонымен қатар оның арманы мен үмітін танимыз, қайрат пен жігерге, ашу-ызаға, қасиетті мұңға толы үнін естиміз.

Абайдың алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, онынышы, он төртінші, жиырма үшінші, отыз үшінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші қара сөздері тақырып жағынан біріне-бірі жақын, бұларда Абай халық, елі мінезі жөнінде толғап ой түйеді.

«Надан ел құанбас нєрсеге құанады және құанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып келеді. Жєне ұялмас нәрседен ұялады. ¦яларлық нәрседен ұялмайды. Бұны бєрі — надандық, ақымақтықтың әсері» — деп оқырманына ой салады ұлы ақын.

           Қазаққа тән осы бір оғаш мінез-құлыққа тәрбие боларлық жауапты тағы да сол Абайдың сөзінен табамыз. «Тегніде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.» — дейді ұлы ғұлама.

Абайдың адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы.

«Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретүғынының бір себебі — жұмыстың жоқтығы» — дейді Абай атамыз.

«Еңбек туралы Абай көп жазған, — дейді профессор К. Жумалиев. Жастардың адам болуы үшін ең алдымен еңбек етуі керек. Ғылымға қол жетуде әлеумет өміріне пайдалы жұмыс істеу де еңбекпен байланысты. » ¦лы данышпан қырық төртінші сөзінде «Өмірде ең қызық нәрсе адамның сүюшілігі, одан өзге нәрсе жоқ» -деп адамдар арасындағы жылы пейіл, ыстық ықылас, жарасымды қарым-қатынасты үлгілі етіп ұсынады. Дүниеде жалғыз қалған адам, адамның өлгені деп ойын дәлелдей түседі.

Бүгінгі болашағын болжауды, оның түп тамырларына үңілуден бастап, ұстаз Абай мұрасының тәлім-тәрбиелік жұмыстарға ендірілуінің тарихына шолу жасап, ондағы жетістіктер мен кеткен кемшіліктерді саралайды.

Абай шығармалары тек оқып, әсерлену үшін ғана емес, іс жүзінде қолдану, күнделік өмірде пайдалану үшін жазылғандығын түсіну керек.

Мектептегі тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда Абай мұрасын қолданудың әдістемелік сипатын, өсіп келе жатқан буындардың көзқарасы, ақыл парасаты, іс-әрекеті, мінез-құлқы жүріс-тұрысына іс жүзіне ықпал етуінде екендігі ашық көрсетілген.

¦лы Абайдың қара сөздері мен өлендерінің бүгінгі күнделікті өмірге қажетті тұжырымдардың оқушылар санасына жету жолдарын зерделеп, құнды нұскалар берген.

Ақынның ақыл, қайрат, жүректі жетілдіру тұжырымымен байланыстырған.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жастайынан әдеттеніп дағдыланатын іс-әрекеттері мен мінез-құлық ережелерін, қағидаларын талдап алуға ұмтылады.

Осы жастағы балалардың «білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген жан құмарын қанағаттандыру көзделген. Бұл ретте, ақынның отыз екінші қара сөзіндегі пікірді арқау етіп, окушылардың оқудағы мақсат, білу, білмекке ұмтылу, ал білу деген көргенін, естігенін, көңілге түйіп тағы да білмегендерін білу үшін пайдалану керек екенін ұғындыру. Ал бұның шарты оқушыны көңіл қойып тыңдау, мұғалімнің айтқандарын түсінуге ұмтылдыру екендігіне иландыру.

Оқушылармен тәрбиелік жұмыстар Абай шығармаларын пайдалану тәртіпке бойұсынуға тәрбиелеумен қатар еңбектену дағдысын қалыптастыру. Бұл жастағы балаларға оқу, білім алуға әрекеттену, білу үшін намысының барынша ұмтылудың өзі еңбек екендігін түсіндіру.

Алдыңғы сыныптардағы єдеп-дағдыларды пысықтай отырып, жаңа сатыға көтеру. Мұнда оқу ғылым төртіп тақырыбы жалғасумен қатар, оқушылардың өзіне сенімін нығайту, өз күшіне сенуге тәрбиелеу.

Ақынның:

 

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап»

— деген тұжырымын арқау етіп алу арқылы, өзіне сену деген не, ақыл деген не, қандай адамды ақылды дейміз деген сұрақтарға жауап беруде ақынның басқа шығармаларымен қатар 13-ші кдра сөзіне ерекше мән беру көзделген.

 Оку — ғылым тақырыбы жалғасады. Сонымен бірге бұл сыныпта өзін-өзі танып білу мәселесі тәрбиенің ісінің аркауы етіп алынуда.

Абай шығармаларындағы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі адамгершілікке тәрбиелік тақырыбында жазылған. Осы өлең бала бойына жақсы мінез-құлықты және жаман мінез-құлықтан арылту адамгершілік істерін қалыптастыру жағы кеңінен қозғалады.

Бес асыл іс:

  1. талапболашаққа талпыну;
  2. еңбекерінбей еңбек ету;
  3. терең ойақыл ой, сµз нсгізі — ми мен ақыл;
  4. қанағатбарға риза болу;
  5. рахымадамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі.
    Бес дүшпан:

 

  1. өсек біреуді сырттан кінәлау, жала жабу, сөз тасығыштық;
  2. өтірікөтірік сөзді шын деп ант еткен, азған адамды жатқызады;
  3. мақтаншақдаңғойлық, жаман қылықтардың бірі;
  4. еріншекталапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық;
  5. бекер мал шашпаққолда бар қаржы мен мүлкін пайдалана алмау, өз пайдасын білмеу, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ.

Бұл  өлеңде Абай атамыз жаман қасиеттерден аулақ болып, жақсы қаситтерді бойымызға сіңіруді, болашақга Отанын сүйетін азаматы болуына шақырады.

Абайдың әнінің бірі «Желсіз түнде жарық ай.» Бүл өленде табиғатқа деген сүйіспеншілігін суреттейді, сол арқылы бала бойына табиғатты аялауға деген мінез-кұлқын тәрбиелейді.

Үлы ақынның табиғат туралы «Күз» өлеңінде «сүрт бүлт», «дымқыл түман» табиғат құбылысы айтылады.

«Сүр бүлт» — ауаның түнек сияқгы болуын айтады, бүл өлеңнің астарында адам мінезінің өзгерістерін байкдуға болады. Осы өлең арқылы балаларды адамгершілікке, табиғат күбылыстарына ерекше көзқарасын айтуға болады.

Бағдарламасының негізінде Абай шығармаларының жолдануы жөнінде үсынысым мынандай:

— Болашақга  бағдарламасының өзгеруіне байланысты оку жоспарына Абай мұраларын көптеп енгізу.

  • Каншалықты орта мектебінде жүмыс істеуіме байланысты Абай шығармаларын бағдарламаға енгізу;
  • Қазақстанда омір сүргендігінен, білім алғандыктан біздің балаларымыз кдзақ жазушыларын, ақындары соның ішінде Абай өлендерін білуі тиіс.

—      Бағдарламаға сәйкес «Қыс», «Күз» өлендері және
«Желсіз түнде жарық ай» әнін енгізу.

Халқымыз тәуелсіздікке жеткізісімен окушыларға құлықгық тәрбие беруге жан сала кірісу уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз.

Білім туралы заңца осы саладағы қоғамдық кдтынастарды болашағымыздың мемлекеттік саясатының негізгі принциптері берілуі карастырлады. Бұл занда балаларды мінез-құлық тәрбиелеуде, балаларды жаман әдеттен арылту, оқу сабақгарда кұқық бұзушылықгы болдырмауды қаматамасыз ету көзделеді.

Қазіргі қиын кезеңге қарамастан бастауыш сыныпта жан-жақгы тәрбие, білім берудің бірден-бір мекемесі мектеп болып отыр.

Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше.

Білім негізі бастауыш мектепте қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі танда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мүраларымызды біліп, қастерлеп, бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру, өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.

Бүгін мектеп қабырғасындағы әрбір өскелең ұрпақ — ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқтудың алғашқы сатысынан бастап оқушыларға сапалы білім мсн сапалы тєрбис беру, халықтық псдагогиканың норлі қайнарымен сусындату болашақ ұстаз білуі тиіс.

Осы аталған тақырып бойынша курстық жұмысымдағы мақсатым: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканың жаңа оқыту тәсілдерін дамыту мен қалыптастыру жолдарын пайдалана отырып, балаларды ата-бабамыздың нақыл сөздерімен таныстыру, адамгершілік пен адамзаттыққа тәрбиел.еу. Абай Құнанбаев туралы білімдерін дамыту.

Еліміз егемендікке ие болып Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге, жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын жан-жаққа жетіп отыр.

Еліміздің елдігін танытатын біздің болашақ балаларымыз.

«Мектеп — қазақтарға білім берудің басты құралы… Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек қана осы мектептерде» — деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, бүгінгі мектептерден де қоғамның үміті зор.

Бастауыш білім беру жүйесінің алғашқы басшысы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қаситеттерін жан-жақты дамыту, жоғарғы адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы бес жасқа дейін қалыптасады, ал американың психолог — ғалымы Білім 7-8 жасқа дейін қалыптасады дейді.

Әрине әр баланың табиғаты әр түрлі. Бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, ал екіншісінің ойлау қабілеті зор, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған.

Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталған. Сондықган соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға

Балаларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор.

Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе бастауыш сыныптардың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға сезімді, өзінше қорытынды жасауға тырысады.

Атақты орыс ғалымы Пирогов Н.И. «пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиіс» — деп жазады. Бүл тұрғыдан Ы. Алтынсариннің, Л.Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні ерекше.

Балалар бұл тамаша педагог жазушылардың шығармаларын беріле оқиды.

«Жақсыдан үйрен» (Ы.Алтынсарин), «Таза бұлақ». Абайдың «адам болам десеңіз», «Әке арманы» (М.Әуезов), Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» ,т.б.

Оқулықтағы тақырыпты түсіндіргенде, көркем шығармаларды оқуға ұсынғанда оның авторы туралы мағлұмат беру кажет. Олар өз ұстазына еліктеп, мєнерлеп оқуға, жатқа өлең айтуға ұмтылады.

Бұл кезсңдс балалар оте єрекетшіл, көп қимылдағыш, тынымсыз, мазасыз, сабырсыз, білуге құмар, төңірегіндегі адамдардың іс-әрекетін бақылағыш, өзін єр нөрседен сынағыш, көз қарасы тұрақсыз, сезімтал, бірақ бойындағы қасиетті қабілеттерін, тәрбиелеуге бейімделгіш.

Сондықтан бұл кезедегі тәрбиенің бағыты, қабілеті, қаситеттерін, мінезін дүрыс қалыптастыру бағытта болу керек.

Абай шығармалары арқылы мүны жүзеге асыруға болады.

«Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ сабыр — сол. » Оқушылардың өз іс-әрекетін санаға салып отыру, пікірін игертуге күш салу, оларды өзін тәрбиелеуге бейімдейді. Абай өлендері арқылы адамгершілік қаситеттерді дәріптеп жат қылықгардан жирендіріп, балаларға үлкен ой салады.

Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдаланғанда педагог-ғалымдар мен психологтардың жас ерекшелігі туралы ілімін және Абайдың өзінің жас балаларға арналған тәрбиелік пікірлеріне сүйену іс-шаралардың нәтижелі болуының кепілі.

Бұл орайда біздің пікіріміз бойынша Абай шығармалары тәрбиелік мақсатқа қол жеткізудің кұралы ретінде қарастырылуы, тәрбиелік іс-шараның мазмұны емес, керісінше тәрбиелік мазмұнды жүзеге асыратын құрал болуы керек.

 

2.2. Ана тілі  оқу сабағында Абай еңбектерін негізге ала отырып, өз  іс-тәжірибемде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Тәртіпке бойынсүну ең алдымен оқушының өз басына қаншалықты пайдалы екендігін Абай Құнанбаев шығармалары арқылы ұғындыру мүмкіндігі мол. Отыз екінші қара сөзінен мынандай үзінділер оқушыларға жаттатып, әр кез ескеруді үйрету пайдалы әдет дағдылар қалыптастыру кепілі:

  1. Бір ғана білмектің өзін дәулет біл.
  2. Білмегенді берік ұстап, білмегеніңді  білсем  екен деп үміттен.

3.Әрбір естігеніңді, көргенінді жақсы ұғып ал.
19- қара сөзінен:

 

  1. Істеген жақсы нәрселерінді ескер, жаманнан сақтан.
  2. Естігеніңці қайта сұрап ал.
  3. Естігеніңді ұғайын деп ұмтыл.

Осы бағыттағы оқушылардың бойында тәртіпке бойынсүну сезімдері мен дағдыларын қалыптастыруда, Абай шығармаларынан көптеген материал тауып пайдалануға болады.

Бастауыш  сыныпта жүргізілетін оқушылармен тәрбиелік жұмыста Абай шығармаларын пайдалануда, тәртіпке бойысұнуға тәрбиелеуді жалғастырумен қатар еңбекгену дағдыларын кдлыптастыру аркау алынады. Бұл жастағы оқушыларға ең адцымен оқу, білім алуға өрекеттену, білу үшін шамасының жеткенінше ұмтылудың өзі еңбек екендігін түсіндіру.

Абай шығармаларындай еңбек тәрбиесіне қатысты тәрбиелік іс-шараларын жүзеге асыруда пайдалану мүмкіндігі көптен бері айтылып келе жатқандықтан ол ұстаздарға таныс. Мысал:

Түбінде баянды еңбек салған,

Жасында оқу оқып, білім алған,

                              Би болған, болыс болған єнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Мұғалімдерге Абай өлеңдерінің жолдарын жаттатып қазіргі заман тұрғысынан түсіндіру, бұл басты мақсат.

Абай шығармалары арқылы тәрбиелеудің арқауы:

«Өзіңе сен, өзінді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап…»

етіп осыларға сүйене отырып, әркім өзіне сенімді болуы үшін әділ, ақылды болуға, адал еңбектенуге кедергі болатын өтірік, ұрлық, мақтаншақгық тағы басқа жаман қылықтардан аулақ болса ғана өзіне сенімді бола алатынын ұғындыру.

 

 

Мысалы  Абайдың:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Өсек , өтірік, мақганшақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дүшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым, ойдап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

«Бес нәрсенің әрқайсысының мәнін ашып, маңызын түсіндіру — өзіне сеніп, пікірін оқушыларға жеткізуді талап етуде. Мүғалім әр оқушыға «мен қандаймын деген сүраққа өте кең болмаса да жауап берулерін үйымдастыруда.

Орта сыныпта Абай шығармаларын терендеп оқытылуда.

Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз, Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Орта сынып оқушыларына «балалықты қисаңыз», «болмасаң да ұқсап бақ» — деген сөздерінің маңызын ашып түсіндіру қажет.

Мұғалім оқушының тек жаман жақтары емес, жақсы қаситтерінің көрінуіне жағдай жасап, қандай оқушыны талапты дейміз, қабілетті оқушы қандай болады, еңбек сүйгендіктен қабілеттің ортасында қаңдай байланыс бар, қабілетті қалай дамытуға болады. Балаларды тәрбиелеуде Абай шығармаларына негіздей отырып «Адам болам десеңіз» атты ашық сабағымды ұсынып отырмын.

 

            Тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»

Білім беру: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармасымен таныстыру.»Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мәнін ашып меңгерту, ой өрісін кеңейту,
мәнерлеп, сауатты оқуға жаттықтыру.                                                              

Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту, тіл байлығын молайту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік — жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, өздігінен жетілуге талпынған, жауапкершілік сезімі, парызы бар өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Сынның түрі: Жаңа білім беру.

Сабақ өткізілу әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, мәнерлеп айту.

Сабақгың кұрал-жабдықгары мен көрнекіліктері: оқулық, плакаттар, карта, тақта.

Сабақ барысы:

ұйымдастыру сәті.

Абай туралы не білеміз?

Оқушының өз ойын білу.

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Балалар, біз бүгін сабақ барысында қазақ халқыының ұлы ақыны А. Құнанбаев өмірімен және шығармасымен танысамыз. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мәнін ашып меңгеріп, ой өрісімізді кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру.

           Кіріспе әңгіме: Картамен үғындыруҚасқа бұлақ                                                        Жидебай  Абай — қазақ халқыының ұлы ақыны, даныпан ойшылы. Абайдың аты — Ибраһим. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы тамыздың 10-жұлдызында туып, 1904 жылы шілденің 6-шы жұлдызында қайтыс болған. Абай Семей облысы Абай ауданының Шыңғыс тауының бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Абайдың әкесі Құнанбай болған. Абайдың анасы — ¦лжан ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибраһимді еркелетіп «Абай» деп атаған.Қос ана қазақтың ертегі, аңыз-жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оны санасына құя  білген.Абай ауылында Ғабитхан деген татар молдасынан үш-төрт жыл сабақ алады. Әкесі Абайдың зеректігін байқаған соң оны Семейдегі Ахметриза медересесіне береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді. Абай он екі жасынан бастап өлең жаза бастайды. Өз өлендерінен жиырмадан астам әндер шығарған үлкен сазгер. Абай үлкен аудармашы. Лермонтов, Пушкин, Крылов өлендерін қазақшаға аударған. Абай атамыздың шығармасындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады. «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері. Таласбек пен Зерделі сияқгы оқушылар «Адам болам десеңіз» деп оқулықтан Абай µлеңдерін оқып үйренді.  Өлеңді оқымас бұрын сөздік жұмыс жүргізіледі.Рақым адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі. Қанағат барға риза болу.  Бекер мал шашу қолда бар дүниесін, ақшасын, мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмау. «Ғылым таппай мақтанба,      Білім таппайбаптанба» — дегендегі орын деп отырғаны — алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Ақын ғалым мен болу екеуінің тамыры бір дейді. Ғалым болудың басты шарты — не нәрсені болсын ақылға салу, ақылың сенген нәрсеге ғана сену.  Бес жаман іс те адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады.  Өсек біреуді сыртынан кіналау, жала жабу, сөзтасығыштық. Өтірік бұған өтірік сөзді шын деп ант еткен азғын адамды жатқызады.  Жаман қылықтардың бірі — мақтаншақтық, даңғойлық.  Ондай адамдар өзін мақтауды сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөзге құмар.  Адамның бойына біткен жаман қылықгардың ең жағымсызы — еріншектік. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады.  Бекер мал шашу қолда бар қаржы мен мүлкін дұрыс пайдалана алмау, өз пайдасын көруге тырысатын мақтаншақ адамды айтады.Ал осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы «Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін шығарған» мақал-мәтелдер қалдырған.

Шығармашылық жұмыс:

Плакаттағы сөздерді дұрыс пайдаланып мақалды жазу.

  1. Өрге баспас сөз өтірік (Өтірік сөз өрге баспас).
  2. Түбі — қорлық, ұрлық (¦рлық түбі — қорлық).
  3. Ертеңі таусылмас еріншектің (Еріншектің ертеңі бітпес).

Ал жаман қасиеттерге қарама-қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы касиетті тындайық:

Талап талаптың ішіндегі ең негізгі бұл бір өнерді тандап, содан нәтиже шығару, болашаққа талпыну.

Еңбек Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.

Терең ой адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі — ақыл-ой. Екіншісі — сөз.

Нағыз адам өткен-кеткеніне қорытынды жасап, келешекке үмітпен қарайды. Адам үнемі үздіксіз ойлауы керек. Өйткені ақыл-ой ғана адамды алға бастайды. Терең ойдың негізі ми мен ақыл.

Крпатт барға риза болу, місе түту.

Ракрім адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірімі, көмегі.

Рақымдылық негізі жүрек пен сезім. Барлық адам баласын өз бауырындай көру, өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге де жасау.

Жаман қасиеттерден алыс болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашаққа Отанын сүйер азамат болып шақырамыз сөзсіз.

Өлеңді мєнерлеп оқу.

Қорытынды:

Сабақты қорытындылау сұрақтармен жұмыс жүргізу және жұмбақ шешу ойыны арқылы жүргізіледі. 1.  Адам болуға кері осер ететін қандай қасиеттерді білесіндер?

Оқушылар жауап бере отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерді сызбадан атап табады.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек.

 

                            Адам болам десеңіз

 

 

 

  Бес асыл іс

Бес дұшпан

 

 

 

Талап

Еңбек

Терең ой

Крнаіит

Рахым

Өсек

Өтірік

Макщаншақ

Еріншек Мал шашпақ

 

Жүрек

 

Ақыл

Қайрат

 

                                       Білім

  1. Ал адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек екен? Осы сұракқа да жауап бере отырып, сызбадан адам бойындағы жақсы қасиетті атап табу.

А. Құнанбаев былай деген:

Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті.

 

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Осы үшеуінің басын қосып, оны үлкен күшке айналдыратын — ғылым. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек.

Яғни, осы үш қасиет бірігіп біліммен көзге түседі.

 

           Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. Өлеңнің өзіңе ұнаған жолдарын жаттап ал.

 

                     Анкета

Абай еңбектеріндегі кұлықтан тәрбиенің өлшеміңце орта мектеп жүйесіне ендіру мақсатымда.

Сіздердің ой-пікірлеріңізді білгіміз келеді.

Сіздің   жауабыңыздың   осы   мақсатын   жүзеге   асыруға көмектесуі мүмкін.

Сіздің жауабыңызға алдын-ала ризашылық білдіреміз.

  1. Жаңа бағдарламада Абай шығармалары қалай қарастырылып отыр?
  2. Бала тәрбиесінде Абай мұрасын қашан, қай сыныптардан бастап, қапай оқытуға болады.?
  3. Абайдың кара сөздерін сабақта қоладануға байланысты қандай әдіс-тәсідцерді пайдалануға болады?
  4. Абай шығармаларын пайдаланып балаларға қандай деңгейде адамгершілік тәрбиесін беруге болады?

 

І. сынып мұғалімі

  1. Жаңа бағдарламада  және   оған  сай  жасалған   «Әдебиетті» оқу  пәніндегі Абай шығармаларының ішінде кейбір өлеңдерінен
    үзінділер берілген.
  2. Абай шығармалары бағдарлама бойынша бастауыштан бастап оқытылады. Әрине,   бұл шығармаларды   мұғалім   көмегімен
    мәнерлеп оқу қарастырылған. Тіркестерге ерекше тоқталып, мағынасын ашу қашан да кажет.
  3. Абай барлық қара сөзінде бейне бір оқушымен әңгімелесіп отырғандай, өзіне-өзі сұрақ қойып, оған жауап береді. Олай болса, әңгімелесу, сұрақ-жауап тәсіддері тиімді болмақ.
  4. Абай шығармаларының адамгершілік тәрбиесіне қосар үлесі мол.
    Абайдың шығармаларын пайдалана отырып окушыларға жоғары деңгейде тәрбие беруге болады.

 

  1. сынып мүғалімі
  2. «Ана тілі » оқу пәнінің жаңа бағдарлама бойынша Абайдың өлеңдері    мен    шығармаларынан    үзінді    берілген.    Абай шығармаларын тек оқып, әсерлену үшін ғана емес, іс жүзінде қолдану, күнделікті өмірде пайдалану үшін жазылғанын түсіну керек.
  3. Абай мұрасында балаға берілетін тәрбиесі Абайдың даналығы мен өсиетін балалардың жас кезеңінен бастап бойларына сіңіре
    беру үшін халқының сөз өнерін еркін қолдана білуі мен шешендік талантына төнті ету үшін сол арқылы балалардың сөз өнеріне сүйіспеншілігін оятуға халқының әдет-ғұрып, салт-санасы, дәстүрлерімен тәрбиелейді.
  4. Абайдың қара сөздерін оқыта отырып, балаларды жан-жақты тәрбиелеу бағыт-бағдар береді. Сабақта қолдануда тірек-сызба әдісімен пайдалануға болдады.
  5. Абай шығармаларын оықта отырып өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы, адамгершілік     пен     табиғатқа     деген сүйіспеншілігін сонымен бірге баланың жүріс-тұрысын, мінез-
    құлқын тєрбиелеуді кµрсеткен. Бұл  арқылы төрбиенің жоғары дсңгейін кµрсетеді.

 

Оқушыларға арналған анкеталық сұрақтар

  1. Абай деген кім?
  2. Абай қай жылы туылған, және қай жерде?
  3. Ұлы Абайдың қандай шығармаларын білесің?
  4. Ол қандай өлеңдер жазған?

 

 

 

Қосымша. Анкета

Абай еңбектеріндегі құлықтан тәрбиенің өлшемінде жалпы білім беретін мектеп жүйесінек ендіру мақсатымда.
   

Сіздердің ой-пікірлеріңізді білгіміз келеді.

   

 Сіздің   жауабыңыздың    осы    мақсатын    жүзеге    асыруға көмектесуі  мүмкін.

Сіздің жауабыңызға алдын-ала ризашылық білдіреміз.

 

1.Жаңа бағдарламада Абай шығармалары қалай қарастырылып отыр?

 

  1. Бала тәрбиесінде Абай мүрасын қашан, қай сыныптардан бастап, қалай оқытуға болады.?

   

  1. Абайдың қара сөздерін сабақта қоладануға байланысты қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады?
  2. Абай шығармаларын пайдаланып балаларға қандай деңгейде адамгершілік тәрбиесін беруге болады?


                     Анкеталық сұрақтар бойынша қорытынды.

     Мұғалімдер мен оқушылар арасында анкеталық сұрақтар жүргізіп мынадай қорытындыға келдім.

      Мұғалімдерге анкета жүргізген себебім олардың Абай туралы білетін білімдерін анықтау еді. Өз іс тәжірибемде қоладанған мәселелерді анықтау еді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-адемгершілік тәрбиесі. Оқушының жүрегіне ізгілік егу болып табылады Абай шығармаларын оқыту.

       Мұғалімдерге қойған бірінші сұрағымның жауабы өзімді толық қанағаттандырмады. Себебі: оқулықтарға ғана сүйенген, ізденіс жұмыстары байқалмайды. Өзім орыс сыныбында мұғалім болсам да, оқушыларға Абайдың шығармаларын қазақ тілі сабағы бағдарламасына енгізіп отырдым.

       Екінші сұраққа тоқталсақ мұғалімдер өзінің шеберлігін танытты, жауаптарына қанағаттандым.

Үшінші сұраққа жауап жазғанда олар тек бағдарламамен шектелгені байқалады. Терең ізденіс жұмыстары байқалады. Менің ойымша олардың Абайдың қара сөздерін толық сабақта тиісті деңгейде берілмейтіні байқалады. Мысалы, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде 25,38,42,44 – қара сөздерінен үзінді келтіруге болады. Жаңа технологияны әр сабакта тиімді қолдаТөртінші сұраққа өте жақсы жауап берген. Мүғалімдердің Абай шығармаларын пайдалана отырып балаларға адамгершілік тәрбиесін жоғары деңгейде беріп отырды.

  1. Абайдың жыл мезгідцеріне арнап жазған қандай өлеңдері бар?
  2. Абай атындағы қандай мәдени орыңдарды білесіңцер?
    III. Жаңа сабақ.

Жоспар.

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  2. Текстпен таныстыру.
  • Сөздік жұмыс.
  1. Мысалды рольдерге бөліп оқыту.
  2. Алған білімдерін тексеру.
  3. Әр бөлімге ат қою.
  • Тіл дамыту жұмысы.
  • «Абайтану» дәптерімен жұмыс.
  1. Сабақты қорытындылау.
  2. Үйге тапсырма.

ІV. Кіріспе сөз.

Оқушылар, біз бүгін Абай атамыздың аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңін оқимыз.

Қазақ халқын жер бетіне танытқан да, ұлы халықгардың еңбегін казаққа таныстырған да Абай атамыз болған. Ол орыс ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударды. Көбінесе ол Крыловтың мысадцарын қазақшаға аударды. Ол мынадай мысалдар: «Қарға мсн түлкі», «Бақа мен өгіз», «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа».

Мысал — қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара  сөзбен де жазылады. Тек адамдар ғана емес, хайуанат-жәндіктер де,түрлі зат-нәрселер де мысал қаһарманы болып әрекет етеді, бірақ — бұған қарап мысалды ертегі деуге болмайды.

Мысал   жазушы    жануарды,    құстар    мен    өсімдіктерді суреттегенде адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, жақсылықгы, адамгершілікіті дәріптейді.

      Мысалдың әрбір кейіпкерлері белгілі бір қасиеттердің иесі, бейнесі  ретінде   алынады.   Мысалы,   түлкі   —   құ,   екі  жүзді алдамшының, қасқыр — қара жүрек қатыгездің, ашқарақ, жауыздың, есек — топас, дүлейдің, қой — момынның, жуасытң бейнесінде   көрінеді. Әр мысалда түйінді ой болады. Ол мысалдың басында не аяғында болады. Сөйтіп мысал дегеніміз — өнег  айту сипатындағы шағын шығарма.   Мысал   жазудың   шебері   И.А.Крыловтың шығармасына      Абайдың зор ынта қойып қазақ тіліне аударуы тегін емес. Өйткені ол мысалдарда сыналған жайлар, мәселен, надандық, жалқаулық,мақтаншақтық, т.б. қазақ топ-ырағында да бар еді.

  1. Текспен таныстыру.

Шылдауық шегіртке,

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды куып гөлайттап,

Қызықтап жүріп жазды алған.

Жазды күнгі жапырақтың,

Бірінде-тамақ, бірінде — үй.

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгенмен не пайда?

 Суыққа тоңған, қарны ашқан,

Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,

Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

 Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

 Сабандажатып дән жиған,

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғна бас ұра: —

Қарағым, жылыт, тамақ бер,

 Жаз шықкднша, асыра.

Жаз өтерін білмеп пе ең

Жаның үшін еш шаруа,

 Ала жаздай қылмап ең? Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып,  

                                 Өлеңнен қолым тиді ме?

 

—Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші, есіл ер.

                                                        Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер.

      Абай бұл  аудармасында құмырсқа мен шегірткені салыстыра отырып, өмірін бостан босқа өткізбей, өзіне пайдалы еңбектенуге шақырады.

  1. Сөздік дәптермен жұмыс.

  Осы мысалда кезедсетін мағынасы таныс емес сөздерді теріп дәптерімізге жазайық.

Көгал — көк шөп.
Гөлайттап — қыдыру, сайраңдау.
                 4. Мысалды рµлдерге бөліп оқу.

3 окушы оқиды. Бірі автор сөзін, бірі құмырсқаның, бірі шегірткенің сөздерін бөліп-бөліп оқиды.

  1. Алған білімдерін тексеру.

   Оқушыларға карточкалар таратып, жаңа сабақ бойынша      түсінгендерін байқау.     

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың ірге тасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.

Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе орта сыныптардың оқушы жастардың жас шамаларына қарай, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға сезімді, өзінше қорытынды жасауға тырысады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан мектептерінде басқа пәндермен қатар ана тілін  оқу пәнінің, оны беретін мұғалімнің оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде атқаратын мақсаттары мен міндеттерін анықтадық. Оқушылар єділеттілік , борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс сияқты моральдік категорияларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Жас өспірімдік шақтағы балалардың ерекшеліктерін еске алып, олардың әр-түрлі іс-әрекеттеріндегі еріктілігіне, бастамаларына мүмкіндік беру керек.

Сондықтан әдет баланың тәртібінің, мінез құлқының тәрбиелік өлшеміне айналуы керек.

Ұсынылып отырған жұмысымызда көтерген мәселелерге сай мекетептерде әлі де болса кемеліне келмей жатқан адамгершілік, мінез-құлың тәрбиенің бір саласы әдебиетті оқу пәнінен сабақ берудегі жетістіктерімен кемшіліктерін айта келіп, оның болашағына мынадай ұсыныстар жасап отырмыз.

  1. Орыс мектептерінің оқу бағдарламаларына Абай шығармаларын енгізу.
  2. Қазақстан да   өмір   сүргендігінен,   білім   алғандықтан   біздің балаларымыз қазақ жазушыларының, ақындарының, соның ішінде  Абай өлеңдерін білу тиіс.

Орта мектептің орыс сынып оқушыларының бағдарламасына сәйкес «Қыс», «Күз» өлеңдерін және «Желсіз түнде жарық ай» әнін енгізу. Жұмыстағы айтылған ойлар, келтірілген тұжырымдамалар мектептің орыс сыныптарының бағдарламасына енгізілсе деген ұсыныс жасаймыз. Осы Абай шығармаларын оқып, танып өскен баланың болашағынан мол үмітпен қарауға болады. Ол үшін оқулыктарға кішкене болса да Абай шығармалары енгізілсе деген қажеттілік туындап отыр.

Егер біздің жұмысымыз оқырмандарға осындай қажеттіліктерді туғызып жатса, алға қойған мақсаттардың орындалғаны, ұлы ғұлама Абайдың шығармаларының негізінде орта сынып оқушыларының құлық тәрбиесінің дамығаны деп есептеуге ғылыми негіз бар.

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Білім заңы. 2030ж
  2. Қ. Жарықбаев, «Қазақтың тәлім-тәрбиесі», Алматы.
  3. Президенттің жолдауы.
  4. ҚР бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты, Алматы, 1998ж
  5. Қ. Анарбеков, Үсен Қарасайұлы. Шымкент 1994ж
    «Абайдың кейбір мінез машықтары»
  6. «Абай оқу әліппесі», Алматы, «Рауан» 1994 ж, 15 бет. «Оқу мен өлең соңында».
  7. «Әдеп және жантану», Атамұра, 1996ж, 41-42 бет, (Хрестоматия)
  8. Аль-Фараби «Саяси этникалық трактаттар», Алматы «Ғылым»,
    1975ж, 225-379 бет.
  9. «Абайдың қара сөздері» 32-137 бет.
  10. В.В. Воголовский «Жалпы психология», Алматы, «Мектеп»,
    1980ж, 323-324 бет.
  11. Балалар энциклопедиясы 70-74 бет.
  12. Ж.Базилов, С.Калиев «Қазақ халқының салт-дәстүрлері жөне демократ ағартушылар», Алматы, 1993ж 31 бет.
  13. ЕАбетаева «¦лағат» журналы, 12 .2002ж

«Абайдың педагогикалық және психологиялық көзқарастары», 49-55 бет

  1. Богдамова, Қайыров,  «Адамгершілікке тєрбиелеу өліппесі»,
    Алматы, 1998ж
  2. М. Жұмабаев «Педагогика», Алматы 1993ж, 42-21 бет.

 

  1. И. Жарықбаев «Жантану негіздері», Алматы 302,316-
    317,313бет.
  2. М. Зейнеденова. ¦лағат журналы 11. 2002ж

«Ақыл-ой ұстаханасында», 46-47 бет.

  1. Б.К. Игенбаев «Адамгершілік сабақгары», 147 бет.
  2. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» 2 басылымы,
    117-119бет.
  3. «Психология», Орта  мекгепке  арналған  окулық,  Алматы
    1953ж, 178 бет.
  4. А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиясы», Алматы 2000ж.

 

  1. Ұлмекен Қосбайқызы, Таңбаева «Жасымнан ғылым
    бар деп ескердім» Бастауыш мекгеп К2,1995ж, 45 бет,
  2. Зәуреш Қазмағанбетова «Бастауыш класта Абай
    шығармасын оқыту» Бастауыш мектеп ШД995ж,5 бет,
  3. Омар Қаймолдаұлы «Абайнама құдіреті»
    Бастауыш мектеп N5 1995ж, 3 бет.
  4. Бастауыш мектеп N5 1995ж, 19 бет.
    Ақбота «Бала біздің болашағымыз»
  5. Ә.Тоқбергенов «Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу»
    Бастауыш мектеп N5 1995ж, 9 бет.

         А.Кобесов «Абай және діни тәрбие мәселелері»
             Бастауыш мектеп N7-8 1995ж, 1 бет.

  1. Ғ. Қарамолдаева «Абай және музыка»
    Бастауыш мектеп 41-45 бет, N7-8 1995ж.
  2. К. Төлімұлы «Абайдай ақын бар ма?», «¦лы Абай
    жылының шарапаты»

И.Құнантаева,    И.Халтова    «Абай    шығармалары    төрбие
жұмысында», Бастауыш мектеп N7-8 1995ж, 45-46 бет. 12-13 бет.

  1. Ж. Таубалдиева «¦лттық төрбие арқауы»
    Бастауыш мектеп N11-12 1995ж, 45 бет.
  2. ¦йқасов «Абай заман туралы» Бастауыш мектеп N7-8 1996ж, 38 бет.
  3. Бастауыш мектеп N9-10 1996ж, 36 бет.

И.  Құнантаева,  И.  Халтова  «Абай шығармалары тәрбие жұмысында»

  1. Бастауыш мектеп N3 1998ж, 29 бет.

Ж. Момынбаева «Жасымнан ғылым бар деп ескердім»

 

  1. Сағымбала Әбенова «Абай және табиғат»

Бастауыш мектеп N3 1999ж, 33 бет.

  1. Ә.Әмірова «Абай мұрасы мектептегі тәрбие жұмысында»
    Бастауыш мектеп N1 2002ж, 6 бет.
  2. К. Төрешова «Ана тілі сабағы» Абайдың қара сөздері, Бастауыш мектеп N4 2003ж, 33 бет.

  37.Бастауыш мектеп N9-10 1995ж,  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зере

Ұ¦лжан

Ибрагим

¦лы ақын

 

Әсемпаз болма әрнеге

АБАЙ

Ғылым таппай мақтанба

 

 

 

Күз

Қыс

 

 

Жазғытұрым