Жоспар
|
Кіріспе |
|
1. |
Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының тарихы аспектілері |
|
1.1 |
Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері 1917ж. дейінгі кезеңдегі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы |
|
1.2 |
ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы |
|
|
|
|
2. |
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері |
|
2.1 |
Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі |
|
2.2 |
Құқықтар, бостандықтар және міндеттер қағидаларының мазмұны |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды |
|
|
|
|
|
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер |
|
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси жэне экономикалық реформалар түлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бүрыңғы кеңес дэуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады.20 қыркүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген[4].
Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Ал тақырыптың зерттеу пәні: ҚР адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, оның дамуының ерекшеліктері, бағыттары, қағидалары, тенденциялары және заңдылықтары.
Зерттеудің әдістемелік негізі-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүйелі зеріттелуінен сондай-ақ оның конституциялық-құқықтық және халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырудан тұрады.
- Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының тарихи аспектілері
1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері
Адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі барлық мемлекеттердің саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық тәжірибесі мен теорияда да ең басты орындарының бірінде тұратыны анық, себебі әңгіме ең басты әлеуметтік кұндылық туралы болып отыр.
Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жыйынтығы адам қүқықтарының жалпы мәртебесін құрайды. Ал ол өз кезегінде үш жеке мәртебеден қүралған:
— мемлекетде, жеке түлға да араласуға қүқықығы жоқ бостандық саласы;
— мемлекетке тиесілі яғни, өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекетке жүгіну;
— мемлекетті құруға және басқаруға, қоғамдық өмірге белсене араласа алуға құқығы [11.29б.].
Жалпы сөзбен айтқанда адам құқықтары жекелік ерекшеліктеріне қарамастан барлық жерде, барлық уақытта және барлығы үшін тиесілі. Олар тұлғадан бөлінбейді, яғни тұлғаны құқықтарынан айыру мүмкін емес. Сонымен қатар тұлға өз құқықтары арқылы өзінің әр түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғау мен өтеуі үшін заңды құрал ретінде де қолдана ала алатыны мәлім.
Адам құқықтарының түсінігі мен құрамы категорияларын қарастырғанда ғылыми теория тұлғаның өмір сүрген немесе өмір сүріп жатқан қоғамның саяси және экономикалық жағдайына көңіл бөлінетін нақты-тарихи анализ негізінде жүргізілуі тиіс деп түжырымдайды. Н.Н. Моисеев бұл жайлы келесідей көз-қараста : «Өркениет дамуы контекстінен тыс адам құқықтары мәселесін қарастыру өте күрделі. Себебі адам қүқықтары мен құндылықтары түсінігі адам санасында өзінің өмір сүріп жатқан өркениетпен және ертеректе қалыптасқан өмір сүру мен жүріс-тұрыс ерекшеліктерінің қалыптасуында» дейді[12] .
Көптеген ғалымдарға саяси-құқықтық ілімдер талдауының әдістемелік негізі — ең алғаш өркениеттің шығыс және батыс деп екіге бөлінуі болып табылады. Шығыс — этатизімнің жоғарылығымен, меншіктің мемлекет иелігіне көшумен, ұжымның жеке тұлғалардан үстемдігі, жеке тұлға ұғымының болмауы яғни, адам құқығы мен бостандығы категорияларының болмауымен сипатталады. Ал, батысқа тән құбылыстар — индивидуализм,ежелгі мемлекеттердің экономикалық базисі болып келген – құл иеленушілік болды[13] Адам құқықтары концепциясының философиялық бастамаларын біз Батыс және Шығыс өркениеттерінен қатар көре аламыз, бірақ, алғаш оның дамуы соңғысынан басталғанын айта кеткен жөн[14]. Аталған құрылымның орын алуының өзі басынан тең құқылықты жоққа шығарған. Адам бұнда толық субъект болып тек азамат ретінде танылған кезде ғана саналған деп жазған М.Ю.Козлихин[15]. Тек азамат барлық құқықтар мен бостандықтарды, солардың ішінде ең басты болып саналатын саяси құқықтарды иелене алды. Осыдан кейін орын ауыстырған саяси және экономикалық формацияларда феодалдық формация шегінде адам құқықтарын мейлінше күшейтіп, мемлекеттік істерді басқару ісіне біртіндеп барлық қоғам мүшелері үшін тең деп танылып, олардың қатыса алуына жол ашады. Бұнда қалың құқықсыз бұқара орын алып отырған билік иелерін жоюмен қорқыту арқылы өз дегендеріне қол жеткізіп отырды. Орта ғасырға тән биліктің абсолютизімінің орнына мемлекет пен тұлға арасындағы конституциялық шарт келеді. Бұнда басшылыққа алынған идея болып бостандық және тұлғаның жекелілігі болып танылады (Г. Гроций, Д. Локк). Аталған теорияны кеңінен қарастырған француз ойшылдары Ш. Монтескье және Ж.Ж. Руссо. Біріншісі саяси бостандықты жеке қауіпсіздікпен, индивидтін билік етушілердің қысымынан бостандығымен теңестіреді, осының ішінде осы кезде орын алып отырған мемлекеттің нысанына сүйемелденіп қазіргі кездегі ең басты саяси-құқықтық қағидалардың бірі болып табылатын билік тармақтарының бөліну қағидасының пайда болуын алып келеді[16]. Руссоның еңбектерінде назар биліктің әлеуметтік табиғаты мәселелеріне және оның халыққа тиесілілігіне бөлінеді [16].
Аталған идеялардың қоғамдық санаға әсері ретінде адамның теңдігі мен бостандығы туралы лозунгтары бар және олар кейіннен 1789 жылғы адам мен азаматтардың құқықтары туралы Декларацияда көрініс тапқан Ұлы француз революциясы болып табылады. Онда келесідей жазылған: «Адам тумысынан еркін және тең құқылы болып келеді. Кез келген мемлекеттік бірлестіктің мақсаты адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтары болып табылатын бостандық, меншік, қауіпсіздік және қудалауды болдырмау болып табылады». Сонымен қатар Декларацияда сөз және баспа бостандығы, сенім-наным бостандығы және кінәсіздік призумциясы жарияланды.
Ал АҚШ-да адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтарының қалыптасуы еркіндік үшін күреспен бірге ұштасады. Америкалық демократияның негізін қалаушы Т.Пейн мен Т.Джефферсонның көзқарастары 1776ж. Вирджиния штатының құқық Декларациясынан өз көрінісін табады. Олар «барлық адамдар тумысынан тең және олар өмірге, еркіндікке, бақытты өмір сүруге құқылы» деген ақиқатты ұстанады. «Егер мемлекет құрылымы адамның табиғи құқытарына сай келмесе, оны бұзса, келісіммен жүргізілмесе онда халық билікті олардың құқықтарын қорғау үшін жүмыс жүргізетін, оларға қамқор болатын билік түрін тиімді етіп өзгерте алады» дейді Т.Джефферсон[17]. Бірақ В.Остинскидің айтуы бойынша адам құқықтарының концепциясы ағарту кезеңінде шектеулі болды дейді. Барлық адамдарды крепостнойлардан босатқанымен саяси құқықтарды тек аздаған меншік иелеріне ғана берді. Ал әйелдер, жастар, мүліксіздер және ақ нәсілді еместер тыс қалып қалды. Сонымен қатар аталған концепция жергілікті және қара нәсілді американдықтардың жоюын және басынуын тоқтата алмады [18].
Жалпы алғанда қазірге дейін өз мемлекеттерінде орындалып жүрген осы ұлы құжаттар қазіргі кездегі өркениеттің негізін салғаны және онда демократиялық және құқықтық мемлекеттің мәні мен мақсаты айқындалғаны хақ[19]. Қазіргі кезде әлемдегі экономикалық және саяси-құқықтық жағынан дамыған мемлекеттер осы табиғи-құқықтық концепцияны ұстанады. Біздің мемлекетіміз де аталған концепцияны ұстанады. Осылай Қазақстан Республикасының 1995ж 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құықтары мен бостандықтары» деп бекіткен. Ал 12 баптың 2 тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылып, олардан ешкім айыра алмайды және заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталатыны көрсетілген[20].
Сонымен қатар дүние жүзілік тарих тек табиғи-құқықтық доктринаны ғана қарастырып қана қоймаған. Ғылыми әдебиеттерде табиғи құқықпен қатар позитивті құқықты да қарастырған мағлұматтар жиі кездестіріледі. Бұндай құбылыс көбіне Кеңес дәуіріндегі құқыққа тән болды. Егер табиғи-құқықтық теория адамның құқықтарын бөлінбес, санадан немесе құдай берген деп ойлауға, не адамға тумысынан тиесілі деп жорамалдаса позитивті бағытты ұстанушылар пайда болған және пайда болуы мүмкін құқықтар тек мемлекетпен беріледі деп санайды. Бірінші жағдайда заң оған дейін орын алған құқықтар мен бостандықтарды бекітуші деп қарастырылса, екіншісінде — оларды қалыптастырады. Бірақ кеңес дәуіріндегі ғалымдар мемлекеттің берген құқығынан басқа құқық бар екенін, яғни табиғи құқықты мүлдем жоққа шығарды деп ойлау қате. Адам құқықтарының мемлекеттік емес қасиеттерін И.Е. Фарбер, Е.А. Кучинский, А.П. Таранов өз еңбектерінде бөліп көрсеткен. Сонымен қатар жоғарыда аталған ғалымдар адам құқықтарын заңда көрініс таппаған жағдайда еш күші және маңызы жоқ деп таниды[21].
Кез келген құқық түсінігі егер ол синтез, қосынды, аталған бағыттардың қосындысы болып келмеген жағдайда дұрыс деп санайды. Сонымен қатар аталғандардың әр бірі екіншісіне тежеу ретінде, яғни әділеттілік шегінен шықпай заңсыздыққа жол бермейтін күш деп қарастырады. Аталған мәселе бойынша қазіргі заман ғалымдармен екі бағытты да ұстанатындығын және мемлекеттің конституциялық тәжрибесінде көрініп отырғандай адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуын табиғи құбылыс деп қарастырған күннің өзінде олардың позитивті рәсімделуін жоққа шығармайды. Табиғи құқық адамның мемлекет пен қоғамға өз құқытарының бұзылғандығын байқаған жағдайда оларды қалпына келтіруге моральдік негіз береді деп айтуға мүмкіндік береді. Бірақ оларды өмірге жүзеге асыра алмайды, ал позитивті құқық керісінше, өзінің мазмұны жағынан тар бола тұрса да, құқықты қамтамасыз ету амалдары кең болып келеді[22].
Осылайша қазіргі замандағы демократиялық құқықтық мемлекеттерде сонымен қатар Қазақстан да бір-бірімен конкуренциядағы теориялар: табиғи және позитивтік теорияларды жақындастыру мен біріктіру әрекеттерін аңғаруға болады. Ал ол өз ретінде адам құқығы статусын бекітудің оптимальділігін қамтамасыз етеді. Мемлекет табиғи құқықтың қей моральдік негіздеріне сүйене отырып адам құқықтарының абсолюттілігі мен бөлінбейтіндігін мойындай отырып олардың заңды түрде нақты орындалуын қадағалайды. БҰҰ-ң ұстанатын идеялары мен екі негізгі қызметін атауға болады. Олар адам құқықтары жөнінде халықаралық құқытық актілерді әзірлеу және мемлекеттердің адам құқықтарын дұрыс орындалып жатқанын қадағалау. Қазақстан Республикасы осы саладағы халықаралық интеграция процесстерінен тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта біздің республикамыз адам құқықтарына қатысты әр түрлі аспектілерді реттейтін ондаған халықаралық шарттарға қол қойып жұмыс істеп отыр.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелері мемлекеттің ішіндегі адам құқықтарын қамтамасыз ету механизіміне өзінің оң септігін тигізді. Осындай институттардың қатарына Қазақстан Республикасында өз орнын тауып отырған омбудсмен институтын атауға болады.
Бүгінгі таңдағы алға қойып отырған басты мәселелер қатарына мемлекеттік басқару және сайлау салаларын модернизациялау,бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін нығайту, құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру, сатылап сот присяжныйларын енгізу болып табылады .
Адам құқықтарының қалыптасуы және дамуына әлемдік өркениет тарихы тұрғысынан көз жүгіртсек аталған процесс аяқталуға жақын деп санау қате болады. Адамзаттың прогресс жолымен жүруі әр атқан жаңа күні адам құқықтарының жаңа аспектілерін ашып оларды қоғамдық-саяси, мемлекеттік-құқықтық тәжірибеге енгізіп, оны сезінуге талап етеді. Қазақстан Республикасы да аталған процестің басты қатысушыларының
бірі болып табылады.
Әр мемлекеттің тәжірибесі көрсетіп отырғандай Конституция адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы мен дамуы, қоғамның дамуындағы формациялық ерекшеліктеріне сай орын алатын обьективті көрінісі болып табылады. Аталған тұрғыда Қазақстан Республикасы да тыс емес. Қазіргі кезде орын алып отырған адам құқықтары туралы концепциясын түсіну үшін оның даму барысында басынан өткерген тарихи сатыларын түсіну керек. Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуын талдау барысында елдің конституциялық қалыптасуының тарихынсыз жаңа тәуелсіз мемлекет конституционализм теориясының дамуын елестете алмаймыз дейді А.К.Котов[10] .
Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі концепцияның қалыптасуы мен дамуын ашатын ірі үш кезеңге бөлуге болады.
— 1917ж дейінгі қазақ мемлекеттілігі.;
— Кеңестік дәуір (1917 – 1990жж.);
— Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт (1990ж бері).
Әр кезең әлеуметтік және қоғамдық ортаға, мемлекеттің саяси және экономикалық негізіне өз септігін тигізе отырып адам құқықтары мен бостандықтары саласына жаңа идеяларды алып келді. Сонымен қатар идеялар, дәстүр, кей қоғамда қалыптасып қалған нормалар тек одан кейін орын алған кезеңдерге ғана өз септігін тигізіп қана қоймай, ерекше атап өтетін жай адамдардың санасында да белгілі уақыт аралығында өз ықпалын қалдырды.
- 1917ж. дейінгі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
Қазақ қоғамында орын алған саяси-құқықтық ұйымдасуы ерекшелігі мен Алаш үкіметінің ұсынған прогрессивті конституциялық идеяларымен сипатталады.
Қазақ қоғамында тұлғаның құқықтық мәртебесінің концептуалдық негіздері қазақ қоғамында ғұн, сақ, түрік қағандықтары кезінде қалыптасқан. Ұзақ жылдар аралығында адам мен билік аралығындағы қатынас ұдайы дамып және жетіліп отырды, сонымен қатар ол адам құқықтарын бағалауда саяси-құқықтық баға беруді және белгілі бір қатаң ретті сақтап отырды. Жоғарыда аталғандардың көбісін Қазақ хандығының құрылу (ХІҮ-ХҮғғ) кезеңінде анық байқай аламыз. Мемлекетте жоғарғы орган болып халық жиналысы — құрылтай болып саналды. Оның негізгі функциясы болып ханды сайлау болып табылады және ол меритократия, яғни сол орынға сай келетінін ғана сайлау қағидасына сүйене отырып жүзеге асырылды.
Пайда болған әр түрлі дауларды шешу, келесіде пайдалануға мүмкіндік беретін нормаларды қалыптастыру билер институтына тапсырылған болатын. Олар сот және заңшығарушылық билікке де ие болды. Сонымен қатар қоғамның мемлекеттің араласуынсыз дау шеше ала алуы құқықтық дәстүрдің реттеушілік қасиетінің жоғары болғанын көрсетеді[21].
Аталған демократиялық институттардың құрылуы ең алдымен халықтың құқықтық санасының жоғары болғанының шарты болып табылады. Қазақтардың бостандық пен теңдікті қастерлегені салыстырмлы түрде әйелдің еркі мен теңдігі, жеке тұлғаға деген сыйластық және билікке құл секілді бағынбауы арқылы көрінеді дейді А.Нысанбаев[13.220б.].
Қазақ мемлекеттілігінің демократиялық идеяларын
қалыптастырғандардың және Алаш Ұлттық автономиясының (1917-1919жж.) конституциялық нормаларын әзірлегендердің ішінен А.Бөкейхановты, А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты атауға болады. Алаш Үкіметінің ұсынған бағдарламаларында сөз, баспа, одақтасу не бірігу бостандығы, таңдау құқығы, ешкімнің тиіспеушілік, сот арқылы өз мүдделерін қорғау секілді және теңдік, өкілдік, халық суверенитеті жөнінде басты идеяларды бекітті[22].
Қорыта келгенде қазақ мемлекеттілігі кезеңіндегі адам құқықтары жөніндегі идеялар әлі күнге дейін өз өзектілігін жоймаған. Аталған кезең әлі күнге дейін қазақ ғалымдары арасында талқыға өте қызықты болып келеді[23-27].
- ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасыныц тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт. Қазақ АССР-ң 1990 ж. 25 қазанда қабылдаған тәуелсіздік туралы декларациясы39 адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының қалыптасуының жаңа бір кезеңі болып келеді. Аталған құжат мемлекетті демократизациялаудың негізгі идеяларын, құқықты, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерді көздеген және біздің мемлекетте нағыз конституциялық құрылымды қалыптастыруға үлкен септігін тигізді дейді А.К.Котов40.
Декларацияда адам құқықтары мен бостандықтары концепциясын анықтайтын ең бір басты ережесі ретінде мемлекеттік биліктің жалғыз ғана қайнар көзі және суверенитеттің иесі ретінде өз билігін тікелей немесе өз өкілдері арқылы жүзеге асыра алатын Қазақстанның көп ұлтты халқын тану болып табылады (4п.). Алғаш рет конституциялық тәжірибеде биліктің үш заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлінуі орын алды (7 п.). Декларацияда саяси және идеологиялық көптік қолдау тапты, яғни мемлекет пен қоғамды қалыптастыруға және белсене араласуға теңдей құқық берді (5 п.). Көп партиялық саяси жүйенің негізі болып саналды. Жетпіс жылдан астам уақыттан бері көлеңкеде қалған діни ұйымдар шықты. Сонымен қатар адам құқықтарының орындалуы мен қамтамасыз етілуінің кепілдігі ретінде олардың ұлтына, қай партияға тиесілі екеніне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең деп санау болды. Приверженность общечеловеческим ценностям выражает признание
Академик С.З.Зиманов аталған Декларацияда қарада көрінетін ақтай адамды оның ұлтына, сенім-нанымына қарамастан тең құқықты және тәуелсіз тұлға ретінде танып, осының арқасында мемлекет аумағында тұратын халықтар татулығы мен консолидациясын орнату идеясы айқын көрініп отырғанын айтады41.
Адам құқықтары концепциясының дамуында келесі бір маңызды оқиға 1991 ж. 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы болып табылады. Аталған заң Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекет құру туралы алға қойған мақсаттарын айқын көрсетті (1 бап).
1993ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы осыған дейін қабылданған нормативтік актілерде көзделғен адам мен мемлекет арасындағы қатынас жүйесін одан әрі дамытып бекітті.
Негізгі заңда белгіленгендей адам және оның өмірі, бөлінбес
құқықтары мен бостандықтары басты құндылық деп есептелді. Мемлекет өз қызметін адам мен қоғам мүддесіне сай жүргізді (Конституциялық құрылым негізінің Үшінші ережесі).
Жаңа Конституцияда адам құқықтарының конституциялық мәртебесін анықтауға бөлінді (1 Бөлім). Адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды шектеу туралы нормалар енгізілді (өзге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында). Және осының ішінде конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар қозғалмауы тиіс болды (2 бап). 1993ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы алдыңғы Кеңес дәуіріндегі Конституциялардан айырмашылығы ол тікелей әсері және жоғарғы заңды күшке ие болды (Конституциялық құрылым негізінің Жетінші ережесі).
Сонымен қатар, Конституцияда адам құқықтары саласындағы халықаралық нормативтік құқықтық актілердің басымдылығы жөніндегі норма (3 бап) орын алғанымен адам жеке тұлға ретінде толық санала қойған жоқ, ал оның құқықтары әлде де мемлекетпен туындайтын қатынастар призмасынан қаралып отырды. Оған мысал ретінде 1978ж. Конституциядан келген құқықтарды келтіруге болады. Аталған мәселе назарсыз қалуы мүмкін емес еді, сондықтан қазақстандық ғылымда демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайту туралы дискуссиялар пайда бола бастады, сонымен қатар билік тармақтарының бөліну моделін жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизімінің эффективтілігін арттыру мәселесіне де назар аударылды42.
1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Аталған Конституцияның қабылдануына 1993ж. қабылданған Конституцияның мемлекеттік билік институттардың құрылуының кемшіліктерін жоюмен қатар адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шебін кеңейту болып табылады. Аталған кемшіліктердің орын алғанына қарамастан, 1993ж. қабылданған Конституцияның оң ізін де атап өткен жөн. Қазақстандық ғалымдармен қатар 1993ж. Конституцияның оң ықпалы туралы Ә.Кекілбаев былай дейді: «1993ж. Конституция сол кездегі ауыр жағдайға қарамастан кеңестік мемлекеттіліктен және тоталитарлық режимнен демократиялық мемлекетке ауысуды бейбіт жолмен жүзеге асуын бекітті. … Бірақ бекіткен идеалары құқықтық астары жеңіл жобаланған себепті орныға алмады». Бірақ, оның да өзіндік пайдасы болды43. Н.Ә.Назарбаев: «осы кезде орын алған келеңсіздіктер болашақта дұрыс бағытта өсіп-өрбуге мысал болды» -, дейді.
Жаңа Конституцияның жобасын дайындауға ең үздік деген ғалымдар мен практиктер қатыстырылды. Және қалың бұқара халықтың ойы да ескерілді. Осы күрделі жұмыстың аяғы болып 1995ж. 30 тамыз күні бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы болып табылды.
Мемлекет және қоғам құрылымының фундаментальді негіздері
Конституцияның ібабында былай дәйектелді: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жэне әлеуметтік мемлекет деп таниды және оның басты құндылығы болып адам, оның құқықтары мен бостандықтары саналады». Жоғарыда айтылғаннан адам құқықтарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерде нормативтік-табиғи доктрина негізге алынғанын көруге болады. Алғаш рет негізгі заңмен «адам құқығы» атты дара юридикалық категорияны бекітеді. Алдындағы Конституция болса адам құқықтарын азаматтың статусымен байланыстырған болатын- ды. Өзгеріс тек терминологиялық алмастыру емес, нағыз демократиялық бастаулармен бірге белгіленген индивидтің статусын белгілейтін құқықтық негіз. Осылайша адам құқықтарының қазіргі кездегі теориясына орай «адам құқықтары» мен «азамат құқықтары» мазмұны жағынан пара-пар емес, олар тұлғаның статусын айқындайтын әр түрлі аспектілер. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттердің Конституцияларында екі ұғым қоса қолданылады. Аталған ойды жақтаушы А.Е. Лукашева адам мен азаматтың құқықтары деп екі бөліп қарау тұлғаны тек мемлекетпен немесе тек қоғаммен байланыстырып қоюдан арылтады деп санайды.
1995ж. Конституция алдыңғыға қарағанда адам мен азаматтың құқықтарының мазмұнын саяси жэне экономикалық шарттарды ескере отырып неғұрлым кеңейтіп қарастырады («Адам және азамат» 2 тарау). Осында тағы бір айта кетерлік жай адам мен азамат кұқықтары мен бостандықтарына арналған тарау БҰҰ-мен қабылданған Халықаралық адам құқықтары туралы декларация және адам құқықтары жөніндегі Халықаралық пакттар негізінде жасалуы. Жеке тұлғаның құқықтары қазіргі кезде расында ұйымдастырушылық, экономикалық, саяси және құқық негіздер де қамтамасыз етіліп отырады.
Н.Ә.Назарбаев атқарылған жұмыстарға баға бере отырып, Негізгі Заң арқасында Қазақстанда адам өзін-өзі толық көрсетуі үшін (самореализация) және қоғамның әрі қарай демократизациялануы үшін пайдалы жаңа құқықтық кеңістік пайда болғанын, сонымен қатар экономикалық еркіндік, саяси және идеологиялық әр алуандылық, заң алдында барлығының теңдігі Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына негізгі шарт ретінде болып отыр деп тұжырымдайды. Өткен жылдар орын алып отырған Конституцияның демократиялық негізінің бар екенін қөрсетіп отыр. Е.Жұмабаевтың айтуы бойынша, конституциялық модельге болашақта өзін әлі толығымен орнықтыру керек, «бір нәрсе анық, Конституцияның экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерге ұшырауы мүмкіндігіне қарамастан оны жетілдіріп қорғауымыз қажет. Бірақ орын алып отырган конституциялық модельді өзгертуді болдырмауға тырысу керекпіз». Айтылған тұжырыммен келіспеу мүмкін емес. Н.И.Акуевтің айтуы бойынша, конституциялық жетілдірудің өнері мен ұлылығы қоғамның нағыз қажеттіліктерін анықтау, әлеуметтік процесстерді реттеп, бөлек күштерді гармонияға келтіріп, оларды тепе-теңдікке келтіріп, қоғамдық татулық пен саяси қалыпты орнықтыру болып табылады44.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының дамуына келетін болсақ, бұл процесс ешқашан біркелкі және белгілі бір ретпен жүретін процесс болмағанын айту керек. Адам құқықтары туралы идеялардың бір уақытта күрт төмендеуі, мемлекет пен тұлға арасындағы қатынастардың пайда болуы мен реттелу амалдары туралы алуан түрлі концепциялардың орын алғаны өз әсерін тигізді. Ата-бабаларымыздың зор тәжрибесі мен қазақ халқының өзіндік ерекше саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени танымын ұстанып отырған адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының қалыптасуына алып келді.
- Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері.
2.1. Адам және азаматтың құқықтары бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі.
Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқығына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқығын тікелей реттемейді. БҰҰ жарғысы (1 баптың 3-ші тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұрақты тұратын барлық адамадардың, қандайда болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілер адам мен азаматтардың келесідей негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялайды: кез келген адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір – қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және басқалардың денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таниды. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматтқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады» (12 баптың 2-ші тармағы). Бұл адамның табиғи құқығын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып танылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген 2-тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқығымен бірге азаматтардың құқықтары мен міндеттері айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12 баптың 3-ші тармағы). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заңы тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттері мен бірге «адам құқығы» ұғымы бірнеше рет танылады. Сөз жоқ, «адам құқығы» мен «азамат құқығы» ұғымы бір біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматтыққа қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкімде айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының азаматтарына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтары мен бостандықтары шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға да берілген. Алайда «азаматтық құқығы» азаматтық құқығына ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа меңінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай айырықша міндет жүктейді. Міне осы негізде Қазақстан Републикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса онда «барлығы», «адам», «әркім», «ешкім де емес» деген терминдар қолданылады. Егерде құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-ші бапта : әркімнің құқық объектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерменқорғауға құқылы делінген. 14-ші бапта «Заң мен сотта жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-ші бапта былай жазылған «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, бұған айырықша мән беріледі» Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандайда жағдай бомасын азаматтықтан айыруға болмайды. Конституцияда Республика заматының әскери қызметті өтеудегі міндет айырықша атап көрсетіледі және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнайы мәртебеге иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-ші бабында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады» деген.
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуына ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір – қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс жасайды. Адам өзінің құқығы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде бір мемлекеттік орган, бірде бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығын шектеген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.
Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы — өмір сүру құқығы.
- Әркімнің өмір сүру құқығы бар;
- Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиуға құқығы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі». (Конституцияның 15-ші бабы) Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән жайларда қолданылады. Өлім жазасын қолдану туралы үкім шығармас бұрын сот мұндай ең ауыр жазаны қолданудың мән-жайын жан жақты дәлелдеп, өлім жазасына кесілген адамды толық сипаттап көрсетуі тиіс. Сонымен бірге сот сотталушының психикалық дертке ұшырамағанын да анықтауы тиіс. Мұндай дертке ұшырағандарға жаза мүлдем қолданылмайды.
Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуге құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалынған ба, жасы, отбасылық жағдайы және тағыда басқа мән жайлар ескеріледі.
Жек адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады.
«Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (17-ші бап).
Конституцияның осы қағидасы негізінен, лауазымды адамдарға қатысты. Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін адамның қадір-өасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді – кесілді тиым салады. Азаптау — ұрып-соғу, төбелесу, денеге жарақат салу түрінде көрінуі мүмкін.
Сондай-ақ ар намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатыстылығын белгілеуге құқылы. Егер адам қайсы бір дінге сенетін болса оның діни рәсімдерді әдет-ғұрыптарды орындауына кедергі келтіруіне құқығы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа адамның қоғамның заңды мүдделеріне кеселін келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқығы мен бостандықтарын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге тиым салады. Конституция бірде бір діннің артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқығын бұзу болып есептелінеді. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау, ұрлау мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.
Заң ар намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматтық міндетін орындаудан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың заңды атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқығы жоқ. Діни бірлестіктерді мемлекеттерден бөлу ар намыс бостандығының басты кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдары діни бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды. Қайсы бір дінге немесе дінге сенбеушілерге жеңілдіктер берілмеуі тиіс. Сонымен Конституция діннің қоғамдағы орнын белгілейді.
«Республикада саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол берілмейді (5-ші бап)».
Бұл ереже әр түрлі бағыттағы дінге сенбеушілердің арасында бейбіт қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, көптеген діндер және діни бағыттар бар қоғамда қайсы бір дін иделогоиясының мемлекеттік дін идеологиясына айналып кетпеуіне кепілдік жасайды. Адамдардың өткен және бүгінгі ұрпағы «мәңгілік» және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен жеке басқа табынушылығы мен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған. Коммунистік партия идеологиясының қатігез үстемдігін басынан кешірді. Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да адам да ұтқан жоқ. Айналып келгенде мұндай жағдай Коммунистік партияны басын жұтып тынды. Айта кету керек, тек діни идеология ғана емес, сондай-ақ қандайда болсын саяси партияның , басқа да кез келген қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология ретінде белгілене алмайды. Бұл арада ешқандай демократияны шектеушілік жоқ. Керісінше, Қазақстанның мемлекеттік өмірін идеяландыру құрсауынан босатау алуан пікірлі демократияның дамуына ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті — ар намыс пен қадір-қасиеттін жоғары қояды. Ар намыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. «Басыңды арың сақтайды», «Ардан ақыл туады, ақылсыздық ең соңғыңды қуады», «Дүреленсеңда арыңды сақта» дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздың да «Арың үшін жан пида», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қанатты сөздер ықылым заманнан бүгінгі күнге дейін жетті. Ізгілікке негізделген қоғамда ар намыс пен ар ождан заңмен қорғалады. Сондықтан Қазақстан Республикасын Конституциясының 17-ші бабында «Адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған.
Бұл қағида қылмыстық және азаматтық заңдарда нақтыланады. Егер кімде кім адамның арнамысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей алмаса, онда ол қылмыстық, мүліктік жауаптылыққа тартылады. Жәбірленуші, егер мұндай мәліметтер жалған деп есептесе сот арқылы беделін қалпына келтіруге, сондай-ақ келтірілген моралдық зардап үшін мүліктік құн талап етуге құқылы.
Заң дамның қадір-қасиеті мен ар намысын кемітетін қылық ретінде қорлауға тиым салады. Қорлау – жағымсыз, жалпы адамзаттық мораль қағидалары тұрғысынан бұған жол берілмейтіндей нысанда көрінген іс әрекет және сөз.
Жеке өмірге араласпау тұрғын жайға қол сұқпаушылықты белгілеуді білдіреді. Үй иесінің келісімінсіз ешкімнің де басқа дамның үйіне, басқа дамның пәтеріне басып кіруге құқығы жоқ. Тұрғын үйге өз бетімен басып кіруге : үй иесінің еркінен тыс ашық немесе үй иесі жоқ кезде жасырын басып кіру жатады. Бұл үшін заң тіпті қылмытсық жауаптылықты да белгілейді. Мұндай жауаптылық билікті теріс пайдалану жолымен басып кірген жағдайда, заңсыз (прокурордың рұхсатынсыз) басып кірген жағдайда қозғалады. Тұрғын үйге полиция қызметкері қылмыскердің ізіне түсу және қылмыскердің тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда кіреді.
Адамды тұрғын үйден айыруға тиым салынады. Егер адам тұрғын үйге меншік құқығына ие болса, онда ол оны иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.
Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан нарықтық экономика деп аталатынға өту процессін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттар:
— Жеке және мемлекеттік меншікке негізделген экономиканы құруда;
— кәсіпкерлікке немесе материалдық игіліктер, өндіріс, құрылыс, көлік, жеке сауда саласында қоғам үшін пайдалы кез келген нысандағы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден көрінеді.
Нарықтық экономика жеке меншік иелерін өндіріс құралдарынан жеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм-ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншікте адамдарды қанаудан арашалай алмады.
Қазіргі заманға алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншіктің дамуын бетімен жіберуге болмайды. Ол мемлекет арқылы реттелуі тиіс. Мемлекет меншіктің жинақталуына бірақ кәсіпкерлік қызмет қоғам экономикасының қалыптасуы мен дамуына ықпал етуіне бағытталған жеке бастамаға қолдау көрсетуі тиіс. Оның үстіне Қазақстан мемлекеті адамдар игілігіне, демократия мен әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі ретінде «орташа» таптың қалыптасуына игі ықпал етеді деген үмітпен жеке меншік иелерін мүмкіндігінше көбірек қалыптастыруға қолдау көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттік меншіктің елеулі бөлігін жекешелендіру (жеке адамдарға беру) жүргізілуде. Жекешелендіру мынандай мәселелерді шешеді:
- жекешелендірудің мақсаты — әр адамға оның мемлекеттік мүліктегі үлесін бөлу;
- жекешелендіруге қатысатын әр азамат мемлекеттік мүліктегі үлеске құқығын куәландыратын құжат алады.
Сөйтіп әр бір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншікке ие болады. Яғни, жалпыға бірдей мәрелік бастау қамтамасыз етіледі. Ал одан арғысы әркімнің жеке қабілетіне және басқа да мән жайларға байланысты болады. Кеңестік Конституция тек азаматтың ғана өзіндік меншігін нығайтты. Ол жалақының есебінен құрылды және адамның қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етті. Жеке меншіктің өзі байудың қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жеке меншікке құқық адамның өзіндік меншігі құқығынан елеулі түрде ерекшеленеді.
Меншік иесі өз меншігіне заңға сәйкес билік етуге құқылы. Бұл өз мүлкін жекеленген адамға, қоғамға зиянды түрде, яғни басқа адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттің заңды мүделеріне нұхсан келтіре отырып пайдалануға болмайды деген сөз.
Жеке меншік әр түрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, силық алу, бағалы қағаздарды өткізу және тағы басқалардың нәтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлекет арқылы қорғалады.
Мемлекет өз азаматтарының меншікке құқығын ел ішінде де, сондай-ақ сырт жерлерде де қорғайды. Мемлекет жеке меншікті: біріншіден, қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлықтан, талан-таражға салудан, бұзылудан), екіншіден оған нұқсан келтіретін кез келген іс әрекеттен қорғайды. Жеке меншікке қол сұққаны үшін кінәлі қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады. Заң жеке меншікті мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтан мүлікті алу туралы шешім шығарса, онда ол келтірілген залалдың орнын толтыруды немесе мүлікті қайтаруды талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.
Жекешелендіру процессінде жеке меншіктің құрылуының қайнар көзі болып табылатын жеке кәсіпкерлікке айырықша назар аударылады.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Нарықтық қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке бостандықты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға талпынған адамдардың талаптары басылып тасталды. Мұндай қызмет заңсыз баяудың негізі, ізгіліктің жойылуына апарып соқтыратын тоғышарлық идеологияның көрінісі деп есептелді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлік толық дерлік таратылды. Осының кесірінен адамдар жүздеген жылдар бойы сақталған ұлттық кәсіпшілік дәстүрін жалғастыру және жетілдіру мүмкіндігінен айырылды(қолымен кілем тоқылды, зергерлік іс ж.т.б.). Бұл адамдардың шаруашылық өміріне елеулі зиян келтірді, кәсіпкерлік құлшынысты басып тастады, еңбек дағдыларының жойылуына әкеліп соқтырды. Осындай саясаттан мемлекетте, қоғамда, халықта, әр адам да ұтылды. Енді кәсіпкерлік қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгерді.
Сонымен бірге кәсіпкердің мүлкі заңмен қорғалады. Ешкімнің оған қол сұғуға құқығы жоқ. Тек заң негізінде ғана кәсіпкердің мүлкін алып қоюға не оның қызметін шектеуге болады. Мысалы, кәсіпкердің қызметін қоғамның, азаматтардың, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қорғау мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету және тағы басқа мақсаттарда шектеуге болады. Басқаша айтқанда, адам адамдарға, қоршаған ортаға (жерді бүлдіру, суды ластау ж.т.б.), қоғамға залал келтіретін кәсіпкерлік қызметпен айналыспауы тиіс.
Кәсіпкерлікпен жеке дамдар немесе адамдар тобы айналыса алады. Мемлекет кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер белгіледі: мемлекеттің қорынан несие бөледі, қажетті жабдықтармен және басқалармен қамтамасыз етед. Мұндай көмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кәсіпкерлерге жасалады. Ол түсінікті, мұндай кәсіпкерлер экономиканы дамытуға, адамдардың осындай тауарларға сұранысын қанағаттандыруға ықпал етеді. Өндіріспен айналысатындарға (фермерлерге, тұтыну тауарларын өндірушілерге, және басқаларына) қолдау көрсететін кәсіпкерлікпен бәсекені қолдау қоры құрылды.
Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқытарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.
«Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» (24-ші бап).
Сонымен, еңбек ету бостандығы құқығы, біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, әр бір еңбек етуге қабілетті адамның өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынға, мекемелер мен ұйымдарға жұмысқа орналасуға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден, бұл құқық адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.
Бұл арада атап өткен жөн, жаңа Конституция бұрын болғандай еңбек ету міндеттілігін көздемейді, заң мұндай адамдарды арамтамақтар деп атаған еді. Бір кездерде олар үшін арнаулы еңбек пен тәрбиелеу лагерлері де құрылды. Алайда, күштеу, барлық уақыттағы сияқты, игі нәтиже берген жоқ. Қандай себеппен болсын жұмыс істегісі келмегендер (нашақорлар, маскүнемдер ар намыстан айырылып, азған адамдар) жұмыс істемеудің жолын тапты. Шамасы, адамға ықпал етудің екі жолы бар. Ол жұмысқа еңбек қабілеті бола тұрып еңбек істегісі келмейтіндерді қоғамдық мінеу. Жалқауларды, еңбекке сырт қараушыларды бүкіл халық сынға алады. Конституция, заңдар адамның жұмысқа өзінің орналасуына құқық береді. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шарты жасалады.
Жалдаушы адам еңбек шарттарында қатысушылардың бірі болып табылады. Ол еңбек шарттарына өз атынан қол қояды, өзіне қабылдаған еңбек ету (қызмет ету) міндетін өзінің жеке еңбегімен орындайды. Жұмысқа жалдану үшін адам жұмыс істеуге қабілетті болуы керек, яғни жұмысты қабілетіне қарай өзі саналы түрде таңдауы, және жүктелген міндетке жауап беруі тиіс.
Жоғарыда айтылғандай ешкімнің ешкімді зорлап жұмыс істетуге құқығы жоқ. Жұмысқа зорлау – құлдықтың белгісі. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті көздегендей: «Ешкімді еріксіз немесе міндетті еңбек етуге мәжбүрлеуге жол берілмейді» (3-а тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясы бұл талапқа толық жауап береді, аталған пактте мынандай да қағида бар: « қылмыс үшін жаза каторгалық жұмыстармен қоса бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын елдерде, 3-а тармағы осындай жаза тағайындаған құдіретті сот үкімі бойынша каторгалық жұмысты орындауға тосқауыл болып есептелінбейді». Тиісінше Қазақстан Республикасының сот үкімі бойынша еріксіз еңбекке рұхсат ететін қағидасы халықаралық құқықтың жалпыға мәлім нормаларына қайшы келмейді. Төтенше немесе әскери жағдай жарияланған кезде заң азаматтардың белгілі бір жұмыстарды міндетті түрде орындау жағдайын қарастыра алады. Мұндай мәжбүрлеу азаматтардың, қоғамның заңды мүдделеріне қастандықты болдырмау және қорғау қажеттігінен туындайды.
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары еңбек бостандығын жариялай отырып, еңбек шарттарының еркіндігіне де кепілдік береді. Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда, нарықтық қатынас жағдайында жеке кәсіпорын пайда болған кезде мемлекет онда жұмыс істегісі келетіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді. Жеке кәсіпорын (кәсіпкерлер) жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару мәселелерін заң негізінде өз қалауларымен шешеді. Мемлекет, бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегідей, олардың саны қысқарып жатқандықтан, оларды өз кәсіпорындары мен мекемелерінде орналастыруға мүмкіндіктері жоқ. Соның нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады. Мемлекет оларға немқұрайлы қарай алмайды, сондықтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын арнаулы органдар құрады. Жұмысынан айырылған немесе жұмысты алғаш іздеушілер, сондай-ақ ұзақ үзілістен кейін жұмысқа орналасқысы келетіндер, жұмыссыз деп танылып, тіркеле алады. Тіркелгеннен кейін сегіз күннен соң жұмыссыз адам жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мезгілі заңда қарастырылған. Жұмысқа орналастыру органдары жұмыссыздар үшін жұмыс іздестіруі тиіс.
- Құқықтар, бостандықтар және міндеттер қағидаларының мазмұны
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары концепциясының орталықтандырылған көрінісі болып тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы қағидалар болып табылады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы қағида -адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін бекітіп, олардың орындалуын мемлекет тарапынан мойындалып, қамтамасыз етілетін бастауда[4].
Заң әдебиеттерінде қағидалардың алуан түрі берілген. Ол заңды кұ-былыс, себебі олардың бастаулары тым ұқсас болып келеді. Қағидалар адам құқықтары концепциясының негізі ғана емес, күнделікті қолданыстағы нормалардың ішінде ең тиімдісі болып келеді. Сонымен қатар басты қағидалар арасындағы негізгі мәселелердің бірі олардың реттілігін немесе иерархиясын анықтау болып келеді. Біздің ойымызша, Конституцияда адам құқықтық мәртебесінің негіздерін қалыптастыру түрлі заңи күші бар нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәселе біздің құқық ғылымымызда қарастырылмаған. Бірақ батыс және ТМД мемлекеттерінде бұл мәселені Конституцияның «ядросын» немесе «қатаң» бөлігін анықтау арқылы, яғни ол конституциялық құрылымның негізі ретінде қалыптастырып және сәйкесінше «жұмсақ», яғни, қалған барлық ережелер құрамын анықтау арқылы реттеген. Бұнда Конституцияның нормаларын түсіндіру «қатаң» бөлік арқылы жүзеге асыратынын айта кету керек. Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет және қоғам құрылысының негіздері «Жалпы ережелер» бөлімінде көрініс тапқан[1]. Біздің Конституциямызда «Ешқандай Конституцияның басқа ережелері конституциялық құрылым негіздеріне қайшы бола алмайды» деген РФ Конституциясының 16 бабының 2 тармағы сияқты арнайы норма қылып ерекшелеу орын алмаған, бірақ бұл оны бөлектеп шығаруға немесе «Жалпы ережелер» бөлімінің мәртебесін арттыруға шектеу бола алмайды[11]. Осыдан көретініміздей, Конституцияның барлық ережелері өз бастамаларын осы аталған тараудан алады, себебі бұл тарау тек қана негізгі құқықтық институттардың ұғымы болып табылмайды, сонымен қатар, концептуалдық-идеологиялық мазмұнын құрайды. Осыдан тұлға құқықтық мәртебесінің қағидалары және градация туралы толық көзқарас болу қажет.
Біздің ойымызша, адамның құқықтық жағдайын анықтайтын қағидаларды негізгі және туынды деп екіге топтастыруға болады. Негізгі құқықтардың қатарына:
— Адам, оның құқықтары мен бостандықтарын қоғам мен мемлекеттің
басты құндылығы деп санауы;
— демократизм қағидасын;
- заңдылық қағидасын;
- мемлекеттің әлеуметтік бағыт-бағдарын анықтау қағидасын
жатқызуға болады (Конституцияның 1б,1т.) [1].
Негізгі қағидалар адам құқықтары концепциясы идеяларының айқын көрінісі болып табылады. Ал қосымша қағидалар болса негізгі қағидаларды айқындаушы, толықтырушы ретінде орын алып оларға қайшы келе алмайды. Сонымен қатар топтастырылған қағидаларға берілген анықтамалар ғылыми әдебиеттерде қолданылмайтынын, бірақ топтастыру негіздері ресейлік ғылыми әдебиеттерінде орын алатынын айтқымыз келеді.
Адам, оның құқықтары мен бостандықтарын қоғам мен мемлекеттің басты құндылығы қағидасы табиғи-құқықтық адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының айқын көрінісі. «Адам құқығы» категориясының құқықтық және әлеуметтік-саяси тұрғыдан қарастыру барысында ол ең алдымен жалпы гуманистік ой тудырады, деп жазады Н.А.Шайкенов[45]. Бұнда бастысы, адам құқықтарының мақсаты қылып адамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету деген тұжырымға келеді. Тіршілік көзінің барлығы адамға келіп тіреледі. Адам бір жағынан максимум бостандық пен ерік иесі, ал екінші жағынан мемлекет тарапынан олардың құқықтары қамтамасыз етілген. Сонымен қатар адам құқықтары абсолюттік және бөлінбестік сипатқа ие (Конституцияның 12б,2т.). Адам құқықтарының абсолюттілігін олардың бастауы мемлекеттен тыс орын алатыны, сондықтан олар объективті және оның еркінен тыс орын ала алатынын білдіреді. Айтылғандардан адам құқықтарының бөлінбейтінділігі орын алады, яғни адам құқықтары мен бостандықтары кез келген біреумен шектеуі және айыра алмайтынын білдіреді. Адам құқықтарының бөлінбейтінділігі мәселесіне оларды заңды айыру және шектеу мәселесі де кіреді. ҚР Конституциясы ондай мүмкіндіктер орын алу шарттарын және ретін анық айқындаған. Ал адам құқықтарын қорғауды жүргізу орын алған кезде оның айқын шептерін айқындау ғылыми әдебиеттерде адам құқықтары мен бостандықтары шектерін шектеу қағидасымен анықталады. Ол өз ретінде құқықтар мен бостандықтардың ешкімнің тиіспеуі қағидасының негізінде, яғни, ең алдымен құқықтың өзінің жойылуына жол бермеуді білдіреді.
Адам құқықтары мен бостандықтары негізінде мемлекеттің бүкіл аппараты және қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Оның арқасында қоғамдық дамудың бағыт-бағдары, ұстанатын идеясы да анықталады. М.Т.Баймахановтың айтуы бойынша, «конституция адамдардың мемлекеттегі құқықтары мен бостандықтарының жалпы идеологиясын әдебиеттерде «… адам — мемлекеттің басты байлығы ретінде анықтап, олардың дамуына бағыт бере отырып ешкімнің аттауға құқығы жоқ шектерді анықтап отырады», — дейді [28].
Аталған көзқарастарды заң тұрғысынан қарастырғанда адам құқықтары идеологиясы негізінде барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың қалыптастырылуы тиіс. Осыған байланысты ғылыми конституцияның әлеуметтік механизіміндегі қозғалысының басты бөлшегі болып табылады» делінген.
Демократизм қағидасы тарихта қоғамның мемлекеттік ұйымдастырылуының қалыптасуы нәтижесінде пайда болған мемлекеттік биліктің неғұрлым прогрессивті ұйымдастыру идеялары ретінде көрініс табады. Қазақстан Республикасының талдау сөздігінің авторларының айтуы бойынша, демократиялық мемлекет — Қазақстанды ондағы орнықты тұратын халқының Конституцияны қабылдау, мемлекет басшысын және Парламентін сайлауға құқығы бар республикалық жолмен қалыптасқан мемлекет ретінде тануға мүмкіндік береді делінген. Мемлекет демократизімінің басты белгісінің бірі болып «халық суверенитеті» болып танылғаны хақ. Ал ол өз ретінде мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнары және ол билік органдарын қалыптастыруға және мемлекет өмірі үшін маңызды мәселелерді шешуге белсене қатысатынын білдіреді. Солайша демократизм қағидасын «халық суверенитетінің» екі негізгі көрінісінен байқауға болады. Олар: тікелей және өкілдік демократия (Конституцияның 36.2т.) [].
Анықтаушы фактор ретінде бұнда халық — белгілі бір ұлт өкілдері немесе ерекше бір әлеуметтік топ емес, билікті жүзеге асыру үшін тең құқыққа ие мемлекет азаматтары болып табылады. ««Қазақ халқы» деген сөздің Конституциялық үғымы болып, қазақ ұлтымен ортақ тарихи өмір сүрген және Конституцияда белгіленгендей ұлттық және азаматтық теңдікке ие тұлғалар» полиэтникалық тұрақты адамдар ұйымы. В.А.Кимнің айтуы бойынша, қазақ ұлтының және өзге диаспоралардың тең құқықтығы олардың бірдей дәрежеде еркін дамуына барлық мүмкіндіктер жасайды дейді[38]. Халық билігінің жүзеге асуының бірден бір белгісі болып Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Ол халық бірлігінің және мемлекеттік биліктің бірлігінің, Конституция мызғымастығының, билік органдарының халық алдындағы жауаптылығының символы мен гаранты болып табылады (Конституцияның 406. 2;3 т.)
Заңдылық қағидасы — мемлекет актілерімен рәсімделген, қоғамдық байланыстар жүйесін анықтайтын теңдік, еркіндік және әділеттілік идеалы ретінде орын алады. И. Кант мемлекет пен құқықтың пайда болуын адам табиғатының әрі қарай дамуының қажетті факторы ретінде, яғни, адамның өз-өзімен, қоғаммен үйлесімділікте болуына ұмтылуы және өзінің эгоистік сезімдерін баса отырып адам қауымының әрі қарай дамуы үшін
саналы түрде жол берген деп тұжырымдайды[46].
Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекетті әлеуметтік шындық секілді емес ұмтылуға тиіс құндылық немесе идеал ретінде бекітетінін айта кету жөн. Р.Байшевтің байқауы бойынша, бұнда демократизмнің бағыт-бағдары мен құқықтың мемлекетке әсерін осы арқылы байқай аламыз[47].
Тарихта қалыптасқан әдеттер бойынша Конституция құқықтық мемлекеттің белгілеріне тән, егер ол:
- адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық стандарттарына
сай адам құқықтарының табиғи және бөлінбейтін құқықтарының жүйесін
қамтамасыз етіп оны мемлекеттің басты құндылығы деп таныса; - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына жалпы
реттеушілік ұгғым бере отырып оған атқарушылық, заң шығарушылық, сот
билігін байланыстыру арқылы құық басшылығын мойындату. Сонымен
қатар құқықтық заңға орын бере отырып құқыққа қарсы заңның орын
алуына жол бермеу; - адам құқықтары мен бостандықтары дұрыс сақталуы үшін бірін-бірі
тежеп отыру жүйесін орнату үшін билік тармақтарының бөлінуін
қалыптастыру.
Құқықтық мемлекеттің үш негізгі құрамына баға беріп өтейік. Біріншіден, халықаралық актілерде бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық стандарттары туралы сөз болған кезде ұлттық және халықаралық норма арасында қайшылық орын алуы ықтимал. Бірақ тәжірибе аталған мәселе бойынша шешім біртекті емес екенін көрсетеді. Ол халықаралық нормаларды толығымен не ішінара қолдау арқылы немесе ішкі заңға сәйкес емес деп тану арқылы көрінеді. Қазақстан демократиялық мемлекет құру жолын ұстана отырып халықаралық нормаларда белгіленген ережелерге сыйластықпен қарайды. Осылайша адам құқықтары мен бостандықтары мәртебесінің конституциялық бекіту амалдарына талдау бере отырып С.Ғ.Сапарғалиев Қазақстан Республикасы Конституциясы адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарда белгіленген негізгі идеяларын ұстана отырып мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып бекіткенін айтады[9]. В.А. Кимнің адам құқықтары жөнінде ҚР президентінің конституциялық және саяси-құқықтық көзқарастарын зерттей келе «өткенге көз жүгірте отырып, қазіргі кездегі шындық пен халықаралық тәжірибені ескерсек, орын алып отырған Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарының барлығы дерлік ашылып бекітілген,» — деген тұжырымға келуге болады дейді[38].
Президент Н.Ә.Назарбаевтің айтуы бойынша глобальдік тенденциялардың объективтілігі мен міндетті түрде орын алатындылығы негізінде ашық қоғамды қалыптастыру мүмкін жолдардың ең тиімдісі болып келеді. Ал Қазақстан болса дүниежүзілік қауымдастықтың экономикалық және саяси интеграциясына қосылуға әбден дайын деп санайды[2].
Екіншіден —құқық үстемділігін қамтамасыз ету. Құқықтық мемлекеттің бұл белгісін адам құқығы құқық негізі, құқық — заң негізі деген формуламен анық айқындауға болады. Сонымен қатар «тұлға құқығы тек адам құқықтары
концепциясының негізін ғана құрамайды, ол жалпы құқықтың орталық ядросын құрайды» деп те айтуға болады. Сондықтан заң құқықты дұрыс объективті қабылдап қана қоймай дұрыс баяндауы тиіс. Ондай болмаған жағдайда ол өзінің негізгі міндетінен айрылғандай болады.
Адам құқықтарын бұзатын немесе оған нұқсан келтіретін заңдардың шығаруына тыйым салу құқық үстемдігін қамтамасыз етеді немесе нормативтік тілмен айтқанда заң үстемдігін қамтамасыз етеді. Г.Н.Мамоновтың дұрыс байқауы бойынша «заң үстемдігі тек заңның өзі легетимді болған кезде және оның мазмұны құқық жүйесіне қарсы келмеген жағдайда ғана құқықтық сипатқа ие болады». Құқықтық мемлекет адам мен қоғам өміріне араласу мен басқарауды шектейтін нормалар мен қағидалардан аттап өте алмайды[28].
Заң мен мемлекеттің өзге нормативтік құқықтық актілері өте көп және олар әр алуан қоғамдық қатынастарды реттеуге араласады. Және осы әр алуандылықта заңшығарушылық және құқық қолдануда басты бағыт-бағдар болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормаларға үстемдік беріледі. Және олардың дұрыстығы мен тиімділігі адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудегі әсерлілігімен бағаланады деп санайды Е.А.Лукашева[2]. Кез келген билік органының қызметі мен әрекеті адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталғанын және Конституциямен билік органдарына жүктелген басты қызмет болып адам құқықтары мен құқық немесе заң үстемділігін орнату болып табылатынын да айта кету керек. Құқық үстемділігі Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында адам құқықтары мен бостандықтарын құқықтың негізгі элементтерінің бірі ретінде тану арқылы және Конституцияны жоғарғы заңды күшке ие етуі арқылы көрінеді (Конституцияның 4бабы 2 тарм) [1].
Үшіншіден — Билік тармақтарының бөлінуі мен арақатынысы жүйесінің орын алуы. Билік тармақтарының бөліну теориясы мыңдаған жылдық тарихы бар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және қамтамасыз етудің алғашқы институционалдық кепілі болып табылады. Адамды орын алуы мүмкін қыспақ пен зорлықтан қорғау мақсатында құрылған бұл теория бойынша белгілі бір билік тармағының немесе адамдар тобының билікті пайдалана отырып узурпациясын болдырмауға негізделген. Мемлекеттік аппараттардың дамыған кезеңінде жоғарыда аталған теория бір жағынан билік органдарының орталықтанған жүйесін құруды, ал екінші жағынан әр билік тармағының өз алдына қойған мақсаты мен қызметі бар екенін білдіреді. Аталған үш билік тармақтары өз қызметтерін жүзеге асыру барысында бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болу арқылы өзара теңдікті ғана емес сонымен қатар ең басты мемлекет пен адам арасындағы теңдікті ұйымдастырып қана қоймай тұрақтылық қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Биліктің бөліну қағидасы конституциялық-құқықтық жауаптылық институтымен қамтамасыз етілген яғни, билік органдарының өз қызметін жүзеге асыру барысында бір-бірінің және халық алдындағы жауаптылықты білдіреді.
Жалпы айтқанда адам құқықтары мен бостандықтарын мойындау, құқық немесе заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтарының бөлінуінің орын алуы құқықтық мемлекеттіліктің немесе Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген заңдылық қағидасының көрінісі болып келеді.
Мемлекеттің әлеуметтік бағытталған қызмет қағидасы мемлекеттегі орын алған әлеуметтік келеңсіздіктерді жою және әлеуметтік құндылықтарға халықтың едәуір бөлігінің қолын жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді. Аталған қағида мемлекет ішінде орын алмаған жағдайда мемлекет өзінің гумандығы мен жалпы адамдық құндылығын жоғалтады деп айтуға болады. Себебі, формальді теңдік нәтижесінде әлеуметтік құндылықтардың орасан бөлігін объективті түрде көбіне әлеуметтік жағдайларға бейім топтар иемденіп өзгелер яғни өздерінің денсаулық жағдайларына, жасына және өзге факторларға байланысты бұл құндылықтарды пайдалануға және өз қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндігі болмайды. Мемлекеттің әлеуметтік бағытын анықтаудың басты мақсаты ретінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған бұқараға қолдау көрсетуді, материалдық емес салаларды (білім, мәдениет, денсаулық т.б.) қаржыландыру, көздейді. Осылайша халықтың экономикалық теңдігі мен саяси тұрақтылығы және қоғамдық бірлігі қамтамасыз етіліп отырады (Конституцияның 3 бабы 2тарм) [1].
Осылайша адам құқықтарының мәртебесі жөніндегі негізгі қағидалар адам мен билік арасындағы басты ұстанатын негіздерді қалыптастырады. Конституцияның 1 бабынан мемлекеттің қоғаммен орын алатын қатынастарының ішіндегі ең негізгісі болып оның адаммен орын алатын қатынастары екенін көруге болатынын және осы арқылы Конституцияда жоғарғы құндылық ретінде адам туралы ойлар мемлекет туралы ойлармен біріккен.
Бұл жұмысты адам және азаматтың құқықтық жағдайы қағидаларының толық сипаттамасы берілмейді, ол зерттеу ауқымының шектеулілігімен байланысты. Бұнда тек тақырыпты әрі қарай өрбітуге маңызы бар қағидалар қысқаша келтірілген.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген туынды қағидаларға көшуге болады.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарыныц теңдігі қағидасы.
Біріншіден, Конституцияның 14 бабы 1 тармағында барлығының заң мен сот алдындағы теңдігін бекітеді. Заңда адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері нақты бекітіледі, ал сот алдындағы теңдік онда дауды шешу үшін жүгінген кезде орын алуы арқылы көрініс табады. Аталған заң нормасы ҚР барлық азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға түгел таралады.
Екіншіден, барлық тұлғалардың теңдей құқықтық мүмкіндіктері туралы әңгіме болып отыр. Бұнда мемлекет адам құқықтарын олардың нәсіліне, ұлтына, тегіне, тіліне, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, дініне, тұрғылықты жеріне және өзге анықтаушы факторларға қарамастан қамтамасыз ететінін білдіреді (Конституцияның 12-14 баптары). Үшіншіден, біреуінің өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру барысында екіншісінің құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе бұзу орын алмауы тиіс. Аталған жағдайдың орын алуы құқық теңдігі қағидасына нұқсан келтіреді[1].
Адам мен азаматтардыц ортақ міндеттерінің болуы қағидасы. Барлық адамдар Конституциямен бекітілген ортақ құқықтар мен бостандықтарды иемденіп қана қоймай бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекетке деген ортақ саясаты жүзеге асырылады. Ерте кезден бері анық бір ақиқат ол, егер адамдарға тек ортақ құқықтар мен бостандықтарды берген кезде ортақ міндеттерді орнатпаған жағдайда құқықтың ең негізгі мақсаты — әділеттілік бұзылған болар еді. Сондықтан азаматтардың конституционалдық міндеттері ең алдымен қоғам мен оның мүшелерінің мүдделеріне сай болуы тиіс.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қағидасы олардың орындалуын ұйымдастырып және реттеп отырады. Конституциялық нормалармен бекітілген құқықтар мен бостандықтар тұлғаның нақты құқықтық мүмкіндіктері болып табылады. Әңгіме заңда белгіленген адам мен азаматтардың еркіндігі мен мемлекетті және қоғамды басқару ісіне араласа алу ережелерінің нақты іс жүзіне асырылу механизімі туралы болып отыр. Яғни, ол дегеніміз потенциалды жағдайдың немесе статустың нақты кеңістікке ауыстырылуы. Онда индивид Конституциямен бекітілген құқықтар мен бостандықтарды қолдануға барлық мүмкіндіктер жасалады.
Аталған қағиданың негізінде мемлекет тарапынан материалдық, саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық жағдайлармен қатар адам құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының юридикалық әдіс-тәсілдерін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдайда белсенді роль адам мен азаматтық қоғамға (өзін-өзі қорғау) да берілген .
Аталған конституциялық идеяларды жүзеге асыру барысында көптеген келеңсіздіктер орын алып отырғаны да рас және оларды жою Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық қалыптасу жолындағы басты мақсатының бірі болы табылады.
Қарастырылған адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының мәртебесі жөнінде қортынды тұжырым берсек қағидаларды жүйелеу, олардың иерархиясын анықтау және нақты мазмұнын ашу адам құқықтары мен бостандықтары саласында нормаларды және қағидаларды дұрыс түсіну мен қолдануды қамтамасыз етеді деп айтуға болады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі теориялық және тәжрибелік мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстың нәтижесі ретінде келесілерді келтіруге болады:
Біріншіден, қазіргі кездегі демократиялық мемлекеттердің конституцияларын адам құқықтары мен бостандықтары
концепцияларының бағыттарын біріктіруі арқылы өзін жетілдіріп отыр.Біз көптеген елдердің Конституцияларының мазмұнын салыстырмалы – құқықтық талдау әдісі мен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария, КХР, ФРГ, Түркменстан, Белгия, Украина, Қырғызстан Республикасы ж.т.б.) жазба Конституциялардың бәрінде бірдей әдеттегідей адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетініне көзімізді жеткіздік. Мәселенің шындығын айтар болсақ, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25-ші бабында (1992 жыл): «Әркімнің бостандыққа құқығы бар және дербес құқықа ие» — делінсе, 43-ші бабында: «Өзбекстан халқының тарихи, рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат қорғап, сақтауға міндетті» делінген. Пакистан Ислам Республикасының Конституциясының 11-ші бөлімінің 9-шы тармағында (1956 жыл) : « Моралдық немесе көпшілікті тәртіпті сақтау мақсатында заңда қарастырылған әрбір ақылға қонымды шектеулерді сақтай отырып, барлық азамат бейбіт, қарусыз топтасуға құқығы бар» — делінген.
Екіншіден,қағидалар адам құқықтары концепциясының негізі ғана емес, күнделікті қолданыстағы нормалардың ішінде ең тиімдісі болып келеді.Сонымен қатар басты қағидалар арасындағы негізгі мәселелердің бірі олардың реттілігін немесе иерархиясын анықтау болып келеді. Біздің ойымызша адам құқықтары мен бостандықтары қағидасын негізгі және туынды етіп екіге топтастыруға болады. Негізгі қағидалар адам құқықтары концепциясы идеяларының айқын көрінісі болып табылады. Ал қосымша қағидалар болса негізгі қағидаларды айқындаушы, толықтырушы ретінде орын алады.
Үшіншіден,адам құқықтары мен бостандықтарын үш кезеңге бөліну классификациясы негізінде оларды жеке және ұжымдық деп, ал мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруына араласу белсенділігіне қарай негативті және позитивті деп топтастыру орын алатынын көріп, оның мемлекет пен адам және азамат арасындағы қарым-қатынасты реттеуде маңызы зор екенін көре аламыз.
Төртіншіден,заң мен мемлекеттің өзге нормативтік құықтық актілері өте көп және олар әр алуан қоғамдық қатынастарды реттеуге араласатыны мәлім. Және осы әр алуандылықта заңшығарушылық және құқық қолдануда басты бағыт-бағдар болып табылатын адам және азамат құқытары мен бостандықтарына қатысты нормаларға үстемдік беріледі. Және олардың дұрыстығы мен тиімділігі адам құықтарын қорғау мен қамтамасыз етудегі тиімділігімен бағаланады деп санасақ, аталған саланы реттейтін нормаларды жетілдіру керек екенін ескерген жөн. Аталған мәселені шешудегі тиімді жолдарының бірі болып адам құқықтары мен бостандықары саласында мағлұматтарды жинақтаушы орталық банк құру болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж. 30 тамыз
- “Қазақстан Республикасындағы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Конституциялық заңы.07.10.1998ж.
- “Алматы қалалық сотының 1-ші инстанцияда азаматтық істерді қарайтын соттардың жұмысы туралы” 2005ж. Ведомстволық статистикалық есебі
- “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасының заңы. 05. 1996 г. N 3-1
- Назарбаев Н.А. Осмысление пройденного и дальнейшее демократическое реформирование общества//Вести Казахстана.-1995.-1 июля.
- Президент Республики Казахстан. Концепция правовой политики Республики Казахстан: Указ от 20.09.2000г.// САПП РК. -2002.-№31.—83.
- Общая теория прав человека/Рук.авт.колл. и отв. ред. доктор юридических наук Е.А.Лукашева.- М.: издательство НОРМА, 1996г. –с.
- Права человека: учебник для ВУЗов/ отв.ред.- член-корр. РАН, доктор юридических наук Е.А.Лукашева.-М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА – М, 1999.-573с.
- Лупарев Г.П. Правовое положение личности в зарубежных странах: Учебное пособие.- Алматы: ВШП «Әділет», 2001.-216с.
- Права человека: Учебное пособие.-Алматы: Данекер,1999. – 251с.
- Ким В. Годы созидания. Анализ политических и конституционно-правовых взглядов первого Президента РК.- Алматы: ТОО «Эдельвейс», .
- Ғ.С.Сапарғалиев «ҚР Конституциялық құқығы» академиялық курс.- Алматы: Жеті жарғы, 2002-528б.
- Котов А.К.Сувернный Казахстан: гражданин, нация,народ (вопросы конституционного права).- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-288с.
- Конституция Российской Федирации: Проблемный каментарий/отв.ред. В.А.Четвернин.-М., 1997.-702с.