АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: Адамның басқа қасиеттері

ЖОСПАРЫ

 

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

ІІ.1 Қабілеттер концепциялары

ІІ.2 Нышан және қабілет

ІІ.3 Педагогтық қабілет және оның құрылымы

ІІ.4 Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара

       байланысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер    

 

Кіріспе

Адам — көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» еңбегінде былай деп жазды: «Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі — жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы — тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басьшан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.

Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен түрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда — адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.

Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық жэне жеке тәжірибелерден алынған психологиялық қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде басқа адамның әрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады.

Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бүл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология кене әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пэн ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.

XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нүхқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау жэне жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп   аталған   психиканы   зерттеудің   кезеңі   айтылған.   Бұл   XIX ғасырдың  соңғы  ширегінде  болды,  бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.

Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне үлдтасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір белігі сананың интероспективтік психологиясының теңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін табады.

 

Қабілет.  Қабілет жайында жалпы түсінік

Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.

Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой дене күші) қабілетті кісі — қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.

Қабілетті адамның жетістігі — оның жүйкелік психикалық қасиеттері кешенінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса — онда іс-әрекетгі табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса — онда индивидте қабілет болмағаны.

Міне, сондықтан қабілетті адамның басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорция сезімі, музыкалық есту т.б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де — жеке адам қасиеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуде қамтамасыз етуде жеке адам қасиеттерінің бірігуі деп анықтауымызға болады.

Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие . Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шығармашылық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

 

Қабілеттің құрылымы. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті — әрекет үстінде дамып жетілетін көру талдағыштарының жаратылысынан ырғақты, бояуды, жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге көркем шығармашылық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір құбылыстарындагы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау жэне типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй және қабылданатын суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.

Қабілет деңгейі. Қабілеттердің құрылымы — жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің дамуын репропродуктивтік және шығармашылық деп аталатын екі деңгейге беледі. Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам — білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде — адам жаңа, соны туынды жасай алады.

Әрине, бүл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес. Біріншіден, репропродуктивтік әрекеттің қандай түрінде де шығарманың элементі болады, ал шығармашылық әрекетке репропродуктивтік енеді, мұнсыз шығарма болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру үрдісінде, іс-әрекет үрдісінде деңгейлердің біріншісінен екіншісіне «ауысып» отырады, осыған орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске түседі. Тіпті өте дарынды  адамдардың  өздері  де  өмір  жолын   біреуге  еліктеуден бастағаны, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана шығармашылыққа ауысқаны белгілі.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі — «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.

Таланттылық — даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жагдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мэселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың жэне адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.

Қабілет түрлері. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.

Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады.

Арнаулы қабілет — іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.

Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым, өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік жатады.

Өмір шындығының керсетуі басқаша. Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі — оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерін тигізеді.

 Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бүл жайт қабілет түрлерін бір-біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екендігін көрсетеді.

Үшіншіден, практикалық қабілеттер шығармашылық эрекетте жоғары деңгейде дамыған интеллектісіз дамымайды және іс жүзіне аспайды. Мәселен, адамның конструктивтік-техникалық қабілеті көбіне үлкен ғылыми дарынмен байланысты, дарынды өнертапқыш жиі-жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да жаңалық енгізеді. Дарынды ғалымда үлкен конструкторлық қабілетте болуы мүмкін (Жуковский, Циолковский, Эдисон, Фарадей т.б.).

Сөйтіп іс-әрекеттің қай-қайсысы да қабілеттің жалпысына да, арнаулысына да белгілі бір талап қояды. Адамды тар өрісті мамандыққа баулудың, қабілет аясын тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек жеке адамның жан-жақты дамуы ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс беруіне, қалыптасуына кемегін тигізеді. Бұдан, әрине, адам қабілеті мен бейімділігі байқалған салада маманданбауы керек деген қорытынды шықпайды.

Демек жіктеудің ақиқатты негізі бола тұрса да қабілеттердің нақты түрін талдайтын жеке жағдайдың әрқайсысында жалпы және арнаулы компоненттері ескерілуі тиіс.

 

 

Қабілеттер концепциялары

Қабілеттердің туқым қуалау теориясы. Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі — қабілеттері жеке адамның биологиялық анықталған қасиеттері, олардың көрініс беруі және дамуы атадан мұра болып қалған қорға тәуелді екенін қолдайды. Мұндай пікірді психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері өз көзқарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлелдегісі келеді. Мәселен XIX ғасырда өмір сүрген Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Гальтонның көзқарасын ілгері дамытқан Котс адамдардың деңгейін белгілі адамдарға энциклопедиялық сөздікте берілген орын саньшен анықтаған. Гальтон мен Котс талант түдым қуалайды, ал қоғамның айрықша жағдайлы топтарының екілдерінде мұндай мұра ерекше мол деген тұжырымға келген.

Осы ғалымдардың зерттеу әдістемесі мен ғылыми сынды көтере алмайтындығын, ал тұжырымдарының бір жақтылығын айта кету керек. Халықтан шыққан атақты адамдар есімінің тарихта аз болу себебі — нағыз талант иелерінің, тіпті даналардың аштықтан, әділетсіздікпен күрес жолында қаза болуынан танылмай қор болып өткендігінен деп түсіну қажет.

Қабілеттілік адаммен бірге туады дейтін концепцияның соңғы кездегі өкілдері өз пікірлерін бір аналық ұрықтан пайда болған егіздерді зерттеу арқылы дәлелдеуге тырысуда.

Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін көзқарастың шындықпен сәйкес еместігін өмір шындығы көрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың өмірбаяндарын объективті тұрғысынан талдау — көп жағдайда, көрнекті адамдардың ерекше дарыны жоқ отбасынан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немере-шөберелері дарындылық көрсетпегенін дэлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен ғалымдар отбасы ғана жатпайды.

Батыс Германия теоретигі Г.Вальтер өзінің «Қабілетті балалардың мектеп қабырғасында өту жолының әлеуметтік айырмашылықтары» дейтін еңбегінде қабілеттіліктің өскен ортаға тәуелділігі шамалы, ол түгелдей әуелде орын тебетіндікке, яғни, тұқымқуалаушылыққа байланысты деп жазды. Сөйтіп, жеке адам қасиеттері тұқым қуалайды деген теориясымақ даму мәселесін жоққа шығарады.

Батыс Европаның кейбір прогресшіл пиғылдағы ғалымдары да тұқым қуалау теориясына қарсы екенін атап өткен жөн. Мәселен Швейцария психологы В.Бобен осы жасанды доктринаға орай тәрбие шараларынан бас тарту қылмыс болар еді деп атап айтқан. Алдыңғы қатарлы ағылшын педагогы Саймон реакциялық теорияға бұдан да батыл және принципиалдылықпен қарсы тұрады. «Кеп типті мектепке оқушыларды іріктеп алу жүйесі негізінен таптарға бөлінген қоғамға қызмет етеді». Онда өзінің барлық азаматтарының қабілетін пайдалануға жағдай жоқ, сондықтан да олардың дамуына шек қойылады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы саудада өндірісте, азаматтық қызметте, армия мен юриспруденцияда жоғары қызметтердің барлығы да негізінен адамдардың шағын тобының еншісіне тиетіндей болып құрылған».

Ағылшын биохимигі С.Роус адам қабілетінің дамуына биологиялық жағдайлардан гөрі әлеуметтік жағдайдың кедергісі мол дейді. Шынында да, қоғамда әлеуметтік жағдайлар жеке адамның дене, ақыл-ой, мамандық жағынан дамуына кедергі жасайды. Осындай пікірге агылшын психологы Д.Киджен де қосылады, ол тәрбие — адамның дамуында шешуші орын алады дейді.

Қабілет жайлы бірінші концепцияға қарама-қарсы екінші концепция — қабілетті түгелімен орта мен тәрбие анықтайды. Мәселен XVIII ғ. Гельвеций тәрбие арқылы даналықты қалыптастыруға болады деп жариялады.

Соңғы кездердегі көрнекті американ ғалымы У.Эшби қабілет, тіпті данышпандықтың өзі де — өмірде жүре пайда болған қасиеттермен, атап айтқанда, балалық шақта, одан кейінгі кезеңдерге, білім алу үрдісінде саналы түрде ақыл-ой әркетінің бастапқы және кейінгі бағдарламасын қалай қалып алғандығымен анықталады дейді. Біреулерге бағдарлама — шығармашылық міндеттерді шешу, ал енді біреулерге тек репродуктивтік міндеттерінің шешу міндеттерін береді. Эшби еңбекті қабілеттің екінші факторы деп санайды. Мың рет сәтсіздікке ұшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан — қабілетті, ал екінші реттен соң мәселені шешпей тастайтын адам — қабілетсіз дейді ол.

Сырт қарағанда екінші концепция жеке адамның дамуына шек қоймайды, адамның мүмкіндіктеріне күмән туғызбайды. Бірақ бұл теориямен бұрын да, қазір де ғылыми келіспеушіліктер бар.

Қабілеттегі табиғи және жүре пайда болатын қасиеттердің диалектикасы. Кептеген психологтар қолдайтын қабілет жөніндегі үшінші концепцияның өкілдері әлдеқайда дұрыс позицияда тұр.

Ғалымдарының қабілет концепциясы табиғатынан барлық адамдарға адамдық даму мүмкіндіктері тән екендігін анықтайды. Осымен бірге кеңес психологтары белгілі бір қабілеттің қалыптасуына, дамуына дара табиғи нышандардың болуының да жақсы әсер ететіндігін мойындайды. Қабілеттер қолайлы әлеуметтік жагдайларда іс-әрекет үстінде қалыптасып отырады. Бұл концепция практика және арнаулы зерттеулермен дәлелденіп отыр.

 

 

 

Нышан және қабілет

Психологтар Г.С.Костюк, А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев нышандарды тек анатомиялық-физиологиялық жағынан қарастырмай, мұны бәрінен бұрын жас бала іс-әрекетті алғаш меңгере бастаған кезеңге немесе кей жағдайда, белгілі бір қызметпен жүйелі түрде айналыса қоймаған ересек адамдардан байқалатын психофизиологиялық қасиеттер деп қарайды. Бұл, мәселен, заттардың түстерін жақсы ажырата алу, көру есі, музыкалық есту т.б. нышан әрекет үстінде байқалады. Мәселен, біреуге музыка, енді біреуге сурет өнері күшті әсер етеді. Бірақ бұл әлі де аздау. Жоғары сенсорлық-моторлық сапалар мен бейімділік сәйкес келетін салаларда болған күш сынаудың шешуші мәні бар.

Былайша айтқанда, нышанды әлі дами қоймаған, бірақ іс-әрекетте алғаш сынаудан-ақ көрініс беретін — қабілеттің бастапқы табиғи негізі деп білуіміз керек.

Қабілеттің мидың қүрылымының белгілі бір тума анатомиялық ерекшеліктерімен, ең алдымен, оның микроқұрылымының ерекшеліктерімен байланысты болатыны сөзсіз. Мұндай ерекшеліктер жеке адамның мінез-құлқынан және бейнелендіру үрдісі сипатынан аңғарылады.

Н.С.Преображенская мен С.А.Саркисовтың зерттеулері адамның ми қыртысының үлкен жарты шарындағы жасушалардьщ орналасуында айтарлықтай дара айырмашылықтар болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ ми жасушалары қабаттарының құрылымында дара айырмашылықтар болатындығы бұлардың ми қызметіне, атап айтқанда, қабілеттердің көрініс беруіне қатысы болатындығы аталып өтілді.

Қабілеттер және жүйке қызметінің типтері. Мидың тума ерекшеліктері өмір әрекеті үрдісінде өзгеріске ұшырап отыратын  адамның типтік ерекшеліктерінде тікелей көрініс береді.

 

Балада өте ерте байқалатын типтік ерекшеліктер — нышандар, немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Бұл жерде типтік ерекшеліктердің мэні кеп қырлы екендігін ескерте кеткен жөн. Олар қабілет   пен   мінездің   алғышартын   құрайды.   Жалпы   типтердің ерекшеліктері (белсенділіктің күші немесе тонусы, бірқалыптылық, сезгіштік   жэне    бейнелендіру   үрдісінің    шапшаңдық   дәрежесі) қабілеттердің   қалыптасуына   сөзсіз   әсер   етеді.   Мәселен,   жүйке үрдісінің күші оның бірқалыптылығы және шапшаңдығымен үйлесіп (ширақ тип) жеке адамның коғамдық  белсенділігімен ұйымдастырғыштық   қабілеттің   қалыптасуы   үшін   аса   маңызды көптеген ерік-жігер жэне коммуникативтік қасиеттерінің құрылуына қолайлы әсер етеді.   В.Д.Небылициннің  айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі — суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды.

Бүкіл жүйке жүйесінің ерекшеліктерін тұтасынан сипаттайтын типтің жалпы қасиеттерінен басқа жеке талдағыштар жүйелер қызметі ерекшеліктерін сипаттайтын парциальдық типтер де болады. Осы соңғы типтік қасиеттер арнаулы қабілеттерге, бәлкім, тікелей қатысы болар.

Адамның ми қызметінде «төтенше үстеме» — екінші сигналдық жүйе құрылды, ол бірінші сигналдық жүйеге сүйене отырып, әлемде толығырақ, тереңірек, жан-жақты бейнелендіруге мүмкіндік береді. Сол үстеме жэне адамдардың өмір сүру әрекетінің өзіндік ерекшеліктері арқасында адамның бүкіл мінез-құлқына, сондай-ақ таным әрекетіне ізін қалдыратын жоғары жүйке қызметінің арнаулы типтері құрылды. «Екі сигнал жүйесінің арқасында, — деп жазды И.П. Павлов жэне әуелден келе жатқан әр түрлі өмір салтының әсерімен адамдар суреткер, ойшыл жэне орта типтерге бөлінді. Соңғысы екі жүйенің жұмысын тиісті мөлшерде біріктіріп отырады».

И.П.Павлов шындықты образдар арқылы бейнелендіретін бірінші сигнал жүйелері басым келетін адамдарды — суреткер типіне (музыкант, жазушы, суретші) жатқызды. Екінші сигнал жүйесі басым келетіндерден — дерексіз ойлауға бейім ойшыл типтер қалыптасады.

Екі жүйе бір-бірімен тең түскен жағдайда — ортаңғы типті құрайды. Ортаңғы   типтің   өкілдері   суреткер   және   ойшыл   типтердің көптеген бітістерін өздеріне жинақтайды.

Суреткер    тип,    біріншіден,    шындықты    тұтас,    толыққанды қабылдайтындығымен, ал «ойшылдар бытыратып уатады, сейтіп оны жансыздандыратындығымен» сипатталады. Екіншіден, суреткерде абстрактылы қиял басым болады. Үшіншіден, суретші тип аффект эмоциялық әсерге берілгіш келеді, ойшыл типте керісінше екінші сигналдық жүйе біріншіден басым болады.

Бейімділік. Бейімділік — туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі,  симптомы. Бейімділік  баланың (не  ересек  адамның)  іс-әрекеттің   белгілі  түріне   (сурет,   музыка)   ұмтылысынан,   ынтықтығынан керінеді.

Қабілеттің табиғи  алғышарттары белгілі  бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады.

Шынайы   бейімділік   болған   жағдайда   әрекетке   деген   зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге үстірт жай таңдана қараудан немесе беріле эрекет еткенмен, орташа ғана нәтижеге қол жететіндіктен байқалады. Көбінде бейімділіктің мұндай түрі — иланудан, не адамның өзін-өзі иландыруынан, кейде осы екеуінің дамудың потенциалды мүмкіндігінсіз бірігіп келуінен болады.

Сөйтіп қабілет — адамның табиғи және жүре пайда болтын қасиеттерінің сомдалып құйылуы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында өңделіп, дамып жетіледі. Іс-әрекет үстінде табысты қызмет үшін қажетті жаңа қасиеттер де жэне жетіспей жатқан табиғи қасиеттерді ауыстырғыштар да (компенсаторлық механизмдер) құрылады.

 

 

Педагогтық қабілет және оның құрылымы

Педагогтық қызметте табысқа жету бірқатар себептермен: мұғалім білімінің тереңдігі және кеңдігімен, оның жалпы мәдениет деңгейімен, әдістемелік қарулануымен, ақырында оныц жеке басының ерекшеліктерімен анықталады. Осы айтылғандармен қатар табысқа жетуде, ең бастысы, қызметтің шығармашылық сипатта болуында педагогтық кабілеттің елеулі мәні бар.

Дәл болмағанмен кісідегі кейбір елеулі белілер бойынша педагогтық кабілеттің бар-жоғын топшылауға болады. Ол белгілер: тұрақты педагогтық байқағыштыққа бейімділік, педагогтық қиялдау.

Педагогтық қызметке бейімділік. Мұғалімдік қызметке деген бейімділік ұстаздық жұмысқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға қажетті ішкі жағдайдан тұрады. Егер адамда мұғалімдік жұмысқа деген бейімділік болса, онда ол педагогтық қызметтен ләззат алады да бар күш-жігерін өзі сүйген іске жұмсауға талпынады. Осындай бейімділіктің, ал кейінен істі жан-тәнімен сүюдің негізінде бастапқы кезде саналы түрде болмаса да балага деген үйір сезімі, ал содан соң оларға деген айқындалған саналы сүйіспеншіліктің жатуы мүмкін.

Педагогтық жұмысқа бейімділік мектепте оқып жүрген жылдардың өзінде көрініс беруі мүмкін. Ол тек мұғалім боламын деген талаптан ғана емес, сондай-ақ жас шәкіртермен жүргізілетін қоғамдық жұмысқа ынтадан да білінеді.

Педагогтық қызметке бейімділіктің тұрақтылығы мен күшіне қарай сол адамдағы педагогтық қабілеттің қандай дэрежеде екендігін анықтауга болады. Іс-әрекет үстінде педагогтық қабілеттің негізгі қасиеттері жай көрініп қана қоймайды, одан әрі дамиды.

Байқағыштық. Мүғалімге тән жіті байқағыштық — педагогтық қабілеттің өзекті қасиеті. Бүл оқушыны ұғынуға, оның әр түрлі эмоциялық жағдайының, ұшыраған қиындықтарының басты себептерін байқауға жәрдемдеседі. Байқағыштық қасиет арқасында мұғалім шәкірт мінез-құлқындағы көзге түсе бермейтін өзгерістерді қалт жібермейді және оның болашағын болжай алады. Осындай педагогикалық байқағыштық оқушыларға білім беру және тәрбиелеуді білгірлікпен жүзеге асыру жолында мұғалімнің сүйеніші болатын жеткілікті материал береді.

Педагогикалық қиялдау. ¥стаздық қабілеттің жетекші қасиеті -педагогикалық қиялдау. Бұл мүғалімге шәкірттің дамуын жобалауға қажетті. Баланың өткен және қазіргі өмірін терең білуге сүйеніп, мұғалім оқушының келешекте қандай жағдайда, қандай болатынын топшылай алады. Логикалық оймен біте қайнасқан шығармашылық қиял педагогтық талантқа тән педагогтық тапқыштықты қамтамасыз етеді. Талантты мүғалім — жаңашыл.

Балалар ұжымымен істес болатын мүғалімдерге ұйымдастырғыштық қабілет қажет. Мұғалімнің мамандығына орай (тарихшы, математик, физик т.б.) басқа да арнаулы қабілеттер қажет болады. Мәселен, әдебиет пэнінің мұғалімі керкемдік талғаммен қоса әдеби шығармашылық қабілетке ие болса, нұр үстіне нұр.

Арнаулы қабілеттерінің өрісі кең ұстаздар оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып қана қоймай, шығармашылықпен ойлауға машықтандырады.

Сөйтіп, педагогтық қабілетке міндетті түрде ие бола отырып, оның әр түрлі қабілеттер мен үйлесімін табу ғана жас жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу ісінде зор жетістіктерге жеткізе алады.

 

 

 

 

 

Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы

Қабілет — жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа касиеттерімен табиғи бірлікте болады.

Қабілет және наным. Көптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша, адамның іс-әрекетіне, әсіресе шығармасына оның нанымы із қалдырады.

Маңызды әлеуметтік талпыныстар — адамның белсенділігін арттырады. Егер адам халқына қызмет етуді, адамзатты, тым болмаса Ұжымын материалдық немесе рухани жағынан байыта түсуді мақсат түтса — онда осы мақсат алдағы міндетті орындауға қажетті қуат береді. Керісінше, идеялық талпынысы жоқ, күнделікті күйкі тіршілікпен немесе той-даңғазалықпен өмір сүретін адам қоғамдық іске күш жұмсағысы келмейді, қабілетті дамытуға қажетті қуат пен белсенділік көрсете алмайды.

Сезім және қабілет. Іске деген сүйіспеншілдік, оған шын берілгендік — талант пен қабілеттің дамуы мен көініс беруінің басты шарты.

Іске беріле, құмарта қарау, әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын, оның нәтижелерін, табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының (адамның шығармашылық ісінің объектісі ретінде) жеке адамға қалайша әсер етуінің күш-қуатын түсіне білумен тығыз байланысып жатады. Эмоциялық әсерлену күші бір жағынан объектінің сипатымен, екінші жағынан адамның сезімталдығымен анықталады.

Ерік сапалары және қабілет. Шығармашылық істің қандайы болмасын адамның барлық күш-куатын жұмсауды қажет етеді. Шабыттану мен көңіл тасудың уақытша жылт етуі үздіксіз қажырлы еңбек етуді қамтамасыз ете алмайды: бұл үшін жүйелі және белгілі тәсілмен еңбек етуге қол жеткізетін, кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін жігер қажет.

Мақсаттан қайтпау, батылдық, ерлік және өзін-өзі ұстай білу, табандылық және дербестілік — бұлар аса дарынды, көрнекті қайраткерлер де бөлек емес болатын ерік сапалары.

Еңбек сүйгіштік және қабілет. Жеке адамның еңбек сүйгіштігі мен жұмысқа аса қабілетті болуы оның іске берілгендігі мен жігеріне байланысты. Іске берілген адамның барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайтыны — табиғи нәрсе. Сондықтан көптеген дарынды адамдардың өз жетістіктеріне баға бергенде еңбекқорлық пен жұмысқа қабілеттілікті бірінші орынға қоятыны тегін емес. Эдисон ез жетістігіндегі еңбек пен дарын ролін бағалай келіп, мұнда тек бір пайыз қана даналық, ал оның есесіне 99 пайыз маңдай тері бар деген.

Жұмысқа деген зор қабілеттілік еңбек үрдісінің жэне мұрат тұтқан нәтижесінің салдары ретінде туады, сондай-ақ ол тұрақты еңбек эдетінің нәтижесі. Жұмысқа қабілеттілікте, әрине, табиғи ерекшеліктің де, мэселен, типологиялық қасиеттердің де (төзімділік) үлесі бар. Өнімділік — жұмысты тиімді үйымдастыруға, демек, жеке адамның жинақылығына тэуелді. Еңбек сүйгіштік — қабілеттің дамуына, тәжірибенің молаюына, білімнің, іскерлік пен дағдының калыптасуына тәуелді. Іс-әрекет үстінде қабілеттердің негізін құрайтын жүйке жүйесінің табиғи қасиеттері де дамып, машықтана түседі жэне әрекеттің құрамына енетін компенсаторлық және қосымша механизмдер жасалады. Соларға қарай қабілет туралы белгілі пікірге келуге болады.

Оқушыларды бақылай отырып, мұғалім біреулерін — қабілеті жақсы,   екінші   біреулерін  —  қабілеті   шамалы  деп   негізсіз  айта алмайды. Былай да болып шығады: оқушы математикаға қабілетті, бірақ өз ойын ауызша не жазбаша білдіруге нашар немесе тіл, әдебиет, жалпы гуманитарлық ғылымдарға деген қабілетін керсете алады, бірақ оған математика, физика, техниканы үйрену қиынға түседі.

Қабілеттілік деп — адамның білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуына көмектесетін психикалық қасиеттерді айтамыз.

Қабілеттілік тек іс-әрекетте ғана көрінеді. Қабылдауда, мысалы, бояу түстерінің болмашы айырмашылығын байқау, заттарды бірден «көре білу», пропорционалды қатынастарды түсіну (суретші жұмысында), абсолюттік есіту (музыкамен айналысқанда), байқағыштық (іс-әрекеттің өте көптеген түрлерінде) т.б. көрінеді. Кейбір қабілеттіліктер жадында жақсы қалдырумен байланысты (мысалы, оқу материалын тез де берік игеруге қабілеттілік, оны жеңіл және дәл қайта айтып беру). Адамның ойлау қызметінде (материалды түсінуі, қиын есептерді шығару, ойының тереңдігі, сыншылдығы, тапқырлығы) қабілеттілік айқын көрінеді. Қабілеттілік үшін, эсіресе жазушы, өнер тапқыш еңбегінде қажетті, шығармашылық қиялдың үлкен маңызы бар.

Қабілеттілік білім, ептілік, дағды негізінде көрініп, дамығанмен олармен ғана шектеліп қоймайды. Сондықтан баланың білімінің шамалылығын, оның қабілетінің жоқтығынан деп қалмас үшін оқушылардың қабілеттілігін анықтауда өте сақ және ұқыпты болу керек. Қандай да бір себептерден мектепте нашар оқыған, болашақта ірі ғалым болып шыққандар жөнінде кейде осындай қателіктер жіберілген. Осы себептен де қабілеттілік туралы қабілетінң нашарлығы емес, білімінің аздығын көрсететін кейбір қасиеттері негізінде ғана қорытынды шығару дұрыс болмас еді.

Қабілеттілік — жалпы және арнаулы қабілеттілік болып бөлінеді. Жалпы қабілеті күшті адам қызметтің эр түрімен де ойдағыдай айналыса береді. Жалпы қабілеті бар оқушыларға әдетте, барлық пән жеңіл түседі де жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік адамның қызметтің белгілі бір түрімен табысты түрде айналысуына мүмкіндік береді. Мысалы, математикаға, техникаға, әдебиетке, музыкаға, бейнелеу (көркем) өнеріне т.б. қабілеттілік.

 

 

Қорытынды

Қоғамдық өмірде, ғалымда, әдебиетте, өнерде т.б. принциптік тұрғыдан жаңа нәрсені ашқандар данышпан болып есептеледі.

Данышпан адам шығармашылығының өнімі іс-әрекеттің қандайының болса да дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Данышпан адамдар адамзат дамуындағы жол көрсеткіш жарық жұлдыз қызметін атқарады, тарихи тұлға болып табылады.

Адамның қаблеттілігі, жоғарыда айтылғандай, оның бейімділігімен тығыз байланысты. Сондықтан қандай да бір іске ынта қоюымен жиі айналысу — іс-әрекеттің осы түрдің қабілетінің барлығын көрсетеді.

Қабілеттілік таза ой еңбегі үстінде, мысалы, ғалым, жазушы, конструктор т.б. айналысатын еңбекте ғана көрініп қоймайды. Қабілеттілік дене еңбегінде де әсіресе қызметті «жоғары» және «төмен» деп бөлмейтін, қарапайым жұмысшыны немесе ауыл шаруашылық еңбеккерлерін техникалық озық шығармашылықпен айналысуға, жаңалық табуға, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетуге бастап отырған біздің елімізде көрініп отырады.