Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше нысандары ретінде
М А З М Ұ Н Ы |
КІРІСПЕ |
І — ТАРАУ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
1.1. Кедендік бақылау жүргізудің ұғымы мен принциптері; |
1.2. Кедендік бақылау жүргізудің нысандары мен тәртібі; |
1.3. Адамның жеке басын тексеріп қарау. |
II – ТАРАУ. ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
2.1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке |
2.2. Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібі; |
2.3. Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру. |
III – ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ |
3.1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметіне талдау; |
3.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу мәселелері мен оларды шешу жолдары. |
|
Қорытындылар мен ұсыныстар. |
Қолданылған әдебиеттер тізімі. |
І — ТАРАУ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың, кедендiк режимдердi қолданудың, кедендiк төлемдерi және салықтарды алудың, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билiк қатынастарына негiзделген кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
кедендiк бақылау — Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша, оның iшiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Кедендiк бақылау жүргiзуді кеден органдарының лауазымды адамадары жүзеге асырады.
Кеден органдарының лауазымды адамдары:
- Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына;
- оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге;
- кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты;
- тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына;
- кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен кезден бастап және:
1) кеден кодексінің 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда, еркiн айналыс үшiн шығарылғанға;
2) жойылғанға;
3) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттiк меншiкке айналдырғанға;
4) тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетудi жүзеге асыруға тiкелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткенге дейiн кедендiк бақылауда болады.
Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не оларды қайта өңдеу өнiмдерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен кедендiк режимдердiң талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы мiндеттемелерiн орындауына кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда — тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу — тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол берiледi.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге мiндеттi.
Кеден органы кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы.
Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын кейiнгi операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлiк құжаттаманы және басқа да ақпаратты, оның iшiнде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы хабарлауға мiндеттi.
Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттарды осы Кодекстiң 431-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шарттық негiзде өзге де ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
Мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардан тартылған мамандар мен сарапшылар мемлекеттiк құпия, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.
Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтер, оның iшiнде электронды нысандағы мәлiметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады.
- КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ ЖҮРГIЗУДIҢ НЫСАНДАРЫ
МЕН ТӘРТIБI
Кедендік ресімдеу, күні бұрынғы операциялар жүргізу, тауарларды қайта тиеу, оларды қарау және кедендік тексеру орындары, уақытша сақтау орындары, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының тұрақтары, кеден қоймалары, арнайы экономикалық аймақ аумақтары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері және жолаушылармен тауар ағымдарының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстары дамуының қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын Қазақстан Республикасы кеден органдарының орналасқан орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Кедендік бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген орындарда құрылады.
Орындарды кедендік бақылау аймағы деп тану үшін:
1) уақытша сақтау орындары деп тану туралы шешім және уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы, кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия;
2) кеден органының орналасқан орны туралы тіркеу құжаты;
3) Кеден кодексінің 20-бабына сәйкес, кедендік ресімдеу орындарын оның ішінде әуежайларда, порттарда, теміржол станцияларында белгілеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының шешімі;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық өткізу пункттерін немесе арнайы экономикалық аймақты құру (ашу) туралы акт негіз болып табылады.
Тұрақты кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:
- автомагистралдарда — жарық шағылыстырғыш қабаты бар ақпараттық-нұсқау белгілерімен және (немесе) «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың талаптарына сәйкес ішкі және сыртқы жарықтандыру;
- Ережеде көрсетілген өзге де орындарда — мынадай мөлшердегі белгілермен: биіктігі — 50 см, ені — 100 см. Белгінің көк алаңында ақ әріптермен үш жолға (қазақ, орыс және ағылшын) үш тілде «Кедендік бақылау аймағы» жазуы орындалады. Әріптердің мөлшері биіктігі бойынша — 10 см, ені — 3,7 см болуы тиіс;
- кедендік бақылау аймағы суда жарық шағылыстырғыш бояумен орындалған «Кедендік бақылау аймағы» жазуы қызыл түсті бояумен белгіленуі мүмкін.
Кедендік бақылаудың уақытша аймақтарын құру туралы шешімді кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс қарауды немесе кедендік тексеруді жүзеге асыру қажеттілігі жағдайында кеден органының лауазымды адамы қабылдайды. Уақытша кедендік бақылау аймағын белгілеудің мерзімі 8 сағаттан аспауы тиіс.
Уақытша кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:
- уақытша бақылау аймақтарының шектері периметрі бойынша бірдей аралықтарда «кедендік бақылау аймағы» деген жазуы бар ені 50 миллиметрден кем емес ақшыл сары түсті созылмалы жолақпен, не бір бірінен 2 метрден аспайтын қашықтықтағы және 0,5 метрден кем емес, алайда қаралатын немесе тексерілетін көлік құралынан 4 метрден артық емес қашықтықтағы жол конустарымен шектеледі.
- уақытша кедендік бақылау аймағы автомобиль жолдарына жақын (оларға жақын алаңдар мен түйісулерде) орналасқан жағдайда, 3.17.1 жол тобының «Кеден» белгісі қолданылады;
- уақытша кедендік бақылау аймағы оның шектері басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмейтіндей етіп белгіленеді.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы қызметтері лауазымды адамдарының кедендік бақылау аймағына кіру және онда жүріп-тұруы Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен және оның бақылауымен мынадай құжаттардың:
қызметтік куәліктің;
тиісті мемлекеттік орган құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және алдын алу жөніндегі ұйымдастырушылық жедел-профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арнап тіркеген қаулының немесе нұсқаманың болуы шартымен жүзеге асырылады.
Кедендiк бақылау нысандары:
- кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
- ауызша пiкiр сұрау;
- түсiндiрмелер алу;
- кедендiк қадағалау;
- тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру;
- тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау;
- жеке тексеру;
- тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бiрдейлендiру белгiлерiн соғу;
- тауарлар мен көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру;
- тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу;
- үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.
Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру
Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексередi.
Кеден органдарына кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендiк статистиканың мәлiметтерiн талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәлiметтердi өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен жүзеге асырылады.
Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органы кедендiк декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәлiметтердi сұратып алуға құқылы.
Iрiктеп тексеру негiзiнде кеден органдарының құжаттар мен мәлiметтердi тексеруiне жол берiледi.
Кеден кодексінің 442-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәлiметтер сұрату және оларды тексеру, егер кеден кодексінде тiкелей өзгеше көзделмесе, тауарларды шығаруға кедергi жасамауға тиiс.
Ауызша пiкiр сұрау
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi жүргiзу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пiкiр сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пiкiр сұрау нәтижелерi жазбаша нысанда ресiмделмейдi.
Түсiндiрмелер алу
Түсiндiрмелер алу — кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтердi бiлетiн өзге де адамдардан кеден iсi саласындағы қажеттi ақпаратты алуы.
Түсiндiрме жазбаша нысанда ресiмделедi. Адамды түсiндiрме алу үшiн шақыру туралы хабарламаға тиiстi кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендiк қадағалау
Кедендiк қадағалау — кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру
Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде халықаралық почта жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендiк бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жерi, жай-күйi, мөлшерi туралы, тауарларда, көлiк құралдарында және олардың жүк тиелетiн бөлiктерiнде кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және басқа да қондырылған бiрдейлендiру құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау үшiн жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру — егер мұндай тексеру көлiк құралы мен оның жүк тиелетiн бөлiктерiн ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендiк бақылау мақсаттары үшiн тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлiк құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және өзге де тауарларды бiрдейлендiру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.
Кедендiк бақылау аймағында тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi тексеру кезiнде қатысуға тiлек бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру нәтижелерi бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудiң нәтижелерi кедендiк мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгiленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамның талабы бойынша акт жасауға мiндеттi. Кедендiк қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға тапсырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау
Кедендiк тексерiп қарау — кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлiк құралының жүк тиелетiн бөлiктерiн не ыдыстарды, контейнерлердi және тауарлар бар немесе болуы мүмкiн өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты iс-әрекетi.
Кедендiк тексерiп қарау тауарларды кедендiк мақсаттар үшiн бiрдейлендiру, мәлiмделетiн мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау не Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай ақпаратты тексеру, сондай-ақ iрiктеп тексерудiң негiзiнде кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында жасалады.
Белгiленген жағдайды қоспағанда, декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi өздерiнiң бастамасы бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау кезiнде қатысуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар декларант немесе өзге тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын тексерiп қарау кезiнде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi жәрдем көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы арнайы уәкiлеттiк берген өкiл болмаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын жеке тұлға осы мiндеттi атқарушы болып табылады.
Кеден органы декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
- аталған адамдар тауарлар мен көлiк құралдары тапсырылғаннан кейiн он күн өткен соң келмеген жағдайда;
- ұлттық қауiпсiздiкке, адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени игiлiгiн сақтауға қауiп болған жағдайда және кейiнге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;
- тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберген кезде;
- тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында кедендiк режимдi бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк тексерiп қарау жүргiзуге құқылы.
Аталған жағдайларда тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi және уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша кедендiк тексерiп қарау актiсi ресiмделедi.
Егер кедендiк декларацияда көрсетiлген тауарлардың бiр бөлiгi бiр атаудағы тауарлар ретiнде кедендiк тексерiп қарауға ұшыраған болса, онда мұндай тексерiп қараудың нәтижелерi кедендiк декларацияда көрсетiлген осындай барлық тауарларға қолданылады.
Кедендiк тексерiп қараудың нәтижелерi бойынша екi дана етiп акт жасалады. Кедендiк тексерiп қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiде мынадай мәлiметтер:
1) кедендiк тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргiзу кезiнде қатысқан адамдар туралы мәлiметтер;
2) декларанттың, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендiк тексерiп қарау жүргiзудiң себептерi;
3) кедендiк тексерiп қараудың нәтижелерi көрсетiледi.
Актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға не оның өкiлiне тапсырылады.
Жеке тексерiп қарау
Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiндегi жеке тексерiп қарау Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн не кедендiк бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, кеден органы басшысының, оны алмастырушы адамның не Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пунктi уәкiлеттi лауазымды адамының жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Жеке тексерiп қарау жүргiзуге байланысты рәсiмдi және жеке тексерiп қарауды рәсiмдеу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Жеке тексерiп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмiн көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексерiп қарауды жүргiзу кезiндегi құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркiмен беру туралы ұсыныс жасауға мiндеттi.
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексерiп қарау жүргiзу кезiндегi iс-әрекетi жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның:
1) жеке тексерiп қарау жүргiзу басталғанға дейiн оны жүргiзу тәртiбiмен және жеке тексерiп қарау жүргiзу туралы шешiммен танысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектiлерi болып табылатын өзiнде жасырған тауарларын өз еркiмен беруге;
3) жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамының жеке тексерiп қарау жүргiзу туралы хаттамаға мiндеттi түрде енгiзе отырып, мәлiмдеме жасауға;
4) жеке тексерiп қарау жүргiзудiң нәтижелерiмен және iс жүргiзу құжаттарымен танысуға;
5) жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне осы Кодекске сәйкес шағым жасауға;
6) адвокаттың қызметтерiн пайдалануға құқығы бар.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлген жеке адамға жеке тексерiп қараудың жүргiзiлгенi туралы хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып қойғаны туралы актi берiледi.
Жеке тексерiп қарауды тексерiлiп қаралатын адаммен бiр жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екi куәгердiң қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуiне және олардың тарапынан жеке тексерiп қараудың жүргiзiлуiн қадағалау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс. Тексерiп қаралатын адамның дене органдарын тексерiп зерттеудi маман-дәрiгер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргiзуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, маман-дәрiгердiң кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмiн орындаудан жалтаруға құқығы жоқ.
Жеке тексерiп қараудың жүргiзiлгендiгi туралы уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша хаттама жасалады.
Хаттамаға — жеке тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды адамы, өзiне қатысты тексерiп қарау жүргiзiлген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексерiп зерттеу жүргiзiлген кезде — дәрiгер қолдарын қояды.
Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бiрдейлендiру белгiлерiн қою
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеден органдары кедендiк бақылауды тауарларда (олардың орамаларында) арнаулы таңбалардың, бiрдейлендiру белгiлерiнiң немесе оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелудiң заңдылығын растау үшiн пайдаланылатын тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болуын тексеру жолымен жүзеге асырады.
Тауарларда арнаулы таңбалардың, бiрдейлендiру белгiлерiнiң немесе тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болмауы, егер өзiнен мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделi адам басқаша дәлелдей алмаса, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды кедендiк ресiмдеу мен шығару жүргiзiлмей жүзеге асырылған тауарлар әкелу ретiнде қаралады.
Тауарлардың және көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру
Кедендiк бақылаудың нысаны ретiндегi тауарлардың және көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру мынадай жағдайларда:
- тұлға кеден кодексінің ережелерiне сәйкес кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған рәсiмдерiн қолдану туралы мәлiмдеген кезде;
- Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен есепке алынуға тиiс тауарларды шартты түрде шығарған кезде;
- кеден брокерлерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдер шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;
- кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезiнде қолданылады.
Кеден кодексінде көрсетiлмеген жағдайларда, есеп пен есептiлiк жүйесiн тексеру кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi тексерудi пайдалана отырып кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде iске асырылуы мүмкiн.
Тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзу
Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын, тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленген тауарларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары осы Кодекске сәйкес кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау кезiнде тұлғалар беретiн мәлiметтер негiзiнде, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандарда Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдаланатын тұлғалар және осы Кодексте белгiленген өзге де тұлғалар олардың есебiн жүргiзуге және кеден органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен есептiлiк тапсыруға мiндеттi.
Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргiзу мақсатында кеден органының лауазымды адамдары қызметтiк куәлiгiн және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары, кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар болатын, не болуы мүмкiн, не кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға (тексерiп қарау мен тiнту жүргiзу құқығынсыз) кiруге құқығы бар.
Кiруге прокурор рұқсат ететiн тұрғын үй-жайларды қоспағанда, аумаққа және үй-жайға кiргiзуден бас тартқан жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары, аумаққа және үй-жайға екi куәгердiң қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiрудiң барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етедi. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларға кiруiне қарсылық көрсеткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Кейiнге қалдыруды күттiрмейтiн жағдайларда прокурордың рұқсаты талап етiлетiн әрекеттер рұқсатсыз да, бiрақ кейiннен прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде жазбаша хабардар ете отырып жүргiзiлуi мүмкiн. Прокурор аталған хабарламаны алғаннан кейiн жүргiзiлген әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда күшiн жояды немесе тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды өз қаулысымен тоқтатады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының жекелеген объектiлерге кiруiнiң арнаулы тәртiбi белгiленсе, онда мұндай объектiлерге кiру осы заң актiлерiнде айқындалған тәртiппен жүргiзiледi.
Кедендiк бақылаудағы, оның iшiнде шартты түрде шығарылған тауарлардың бар екендiгiн растау мақсатында жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды тексеру уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, бос қоймаларда, арнаулы экономикалық аймақтарда, бажсыз сауда дүкенiнiң үй-жайларында, сондай-ақ осы Кодексте көзделген кедендiк рәсiмдердiң немесе кедендiк режимдердiң шарттарына сәйкес тауарлар болуы тиiс тұлғаларға жүргiзiледi. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру тауарлардың жоғалғаны, оларды иелiктен айырғандығы не оларға осы Кодексте белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өзге де тәсiлмен билiк етiлуi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшiн, сондай-ақ iрiктеп тексеру негiзiнде жүргiзiледi.
Жоғарыда аталған көрсетiлмеген тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын тексерудi кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына осы Кодексте көзделген тәртiптi бұза отырып әкелiнген тауарлардың бар екендiгi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексерiп шығу үшiн жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi жөнiнде уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша акт жасалады, оның екiншi данасы тексеру жүргiзiлген тұлғаға берiледi.
Үй-жайлар мен аумақтардың кеден кодексінің 89, 104, 130, 145, 246-баптарында белгiленген бағалау талаптары мен шарттарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тексерудi де кеден органдары жүзеге асырады. Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган белгiлейтiн нысан бойынша қорытынды жасалады.
Адамның жеке басын тексеру
Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргiзiледi.
- Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
- Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.
- Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
- Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
- Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.
- Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
- Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
- Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
II – ТАРАУ. ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕКСЕРУ
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру — сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының орындалуын кеден органдары жүзеге асыратын тексеру. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру кеден кодексінде көзделген негiздемелер бойынша түрлерге бөлiнедi және жүргiзiледi.
Қажет болған жағдайда кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексерудi кеден органдары басқа да мемлекеттiк органдарды тарта отырып жүргiзуi мүмкiн.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) жоспарлы тексеру — кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке нақты қатысушыны алдын ала жоспарланған тексеру. Жоспарлы тексеру:
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгi деңгейдегi тәуекел санатына жатқызу мәртебесiн беру және бекiту;
- шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билiк ету жөнiндегi шектеулер мен шарттарды сақтау;
- кеден режимдерiнiң шарттары мен талаптарын сақтау;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау;
- кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган берген лицензиялардың талаптарын сақтау;
- мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдарының ресми өтiнiштерi;
- тәуекелден сақтандыруға арналған алдын алу шараларын қолдану негiздемелерi бойынша тағайындалады;
2) жоспардан тыс тексеру — мынадай:
- мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдары берген Қазақстан Республикасының кеден заңдары талаптарының бұзылуын куәландыратын, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдарының деректер базалары мен банктерiндегi ақпараттарды талдау нәтижелерi бойынша мәлiметтер алу;
шет мемлекеттердiң салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесiнде алынған мәлiметтердi тексеру; - Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайлар негiздемелерi бойынша тағайындалатын тексеру;
3) рейдтiк тексеру — Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдары кеден органдарымен бiрлесiп жүзеге асыратын тексеру;
4) үстеме тексеру — кеден органдары тексеру жүргiзген кезде тексерiлетiн субъект берген мәлiметтерiнiң дұрыстығын растау мақсатында үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда, үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
5) құжаттық тексеру — ұйғарым ресiмдеудi талап етпейтiн және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар берген жүктiң кедендiк декларацияларындағы, тауарға iлеспе және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi зерделеу және талдау негiзiнде тiкелей кеден органдары жүзеге асыратын тексеру.
Құжаттық тексеру тiкелей кеден органы орналасқан жер бойынша жүргiзiледi.
Кеден органдары кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзудi мынадай кезеңдiлiкпен:
1) жоспарлы тексерудi — кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтiң нақты қатысушысына қатысты жылына бiр реттен жиi емес;
2) рейдтiк тексерудi — Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдары белгiлеген мерзiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
Шектеу мына жағдайларда көзделмейдi:
- жоспардан тыс тексерулер жүргiзу кезiнде — аталған тексерулер Қазақстан Республикасының кеден заңдары талаптарының бұзылғандығын куәландыратын, мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдары берген мәлiметтер алынған кезде, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдарының деректер базалары мен банктерiндегi ақпаратты талдау нәтижелерi бойынша; шет мемлекеттердiң салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесiнде алынған мәлiметтердi тексеру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тағайындалады;
- үстеме тексерулер жүргiзу кезiнде — аталған тексерулер тексерiлетiн субъект пен үшiншi тұлғаның өзара байланысының жекелеген мәселелерiн қозғайды;
- құжаттық тексерулер жүргiзу кезiнде — кеден органдары аталған тексерулердi кеден органының қарауында жатқан, кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн берiлген кедендiк декларациялар мен құжаттарды қайталап тексеру арқылы жүзеге асырады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын, кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтiң қатысушыларын тексерудiң кезеңдiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру уәкiлеттi орган немесе уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi не кеден берген нұсқама ұсыныла отырып жүргiзiледi.
Нұсқамаға кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қоюға тиiс, ол елтаңбалық мөрмен расталған, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелген болуға тиiс.
Нұсқама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес прокуратура органдарында тiркелуге тиiс.
Кеден органының нұсқамасында мынадай деректемелер:
- нұсқаманың кеден органында тiркелген күнi мен нөмiрi;
- нұсқаманы енгiзген кеден органының атауы;
- сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушының толық атауы;
- сәйкестендiру нөмiрi;
- тексерудiң мақсаты;
- кеден органы тексерушi адамдарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты;
- тексеру жүргiзудiң мерзiмi;
- тексерiлетiн кезең болуға тиiс.
Бiр нұсқаманың негiзiнде кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысушыға бiр ғана тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
Кеден кодексінің 462-бабының 2-тармағында көзделген тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, алдыңғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiлген қосымша нұсқама ресiмделедi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға мiндеттi түрде қызмет куәлiгiн көрсете отырып, нұсқаманы тапсырған кез тексерудiң басталғаны болып есептеледi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген нұсқаманы алудан бас тартуы тексерудi тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.
Тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.
Тексерудi жүзеге асыратын кеден органы қызметiнiң аймағы шегiнен тысқары жерде құрылымдық бөлiмшелерi бар кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру кезiнде тексеру жүргiзу мерзiмi алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзу мерзiмi кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға кеден органының құжаттар беру туралы талаптарын тапсырған және оларға сұратылған құжаттарды берген кездiң арасындағы уақыт кезеңдерiнде, сондай-ақ кеден органының сұратуы бойынша мәлiметтер мен құжаттар алу кезiнде тоқтатыла тұрады.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы осы Кодекстiң 452-бабына сәйкес кеден органының лауазымды адамдарын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жiберудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тексеру жүргiзушi кеден органының лауазымды адамдарын көрсетiлген аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жiберудi қамтамасыз етуден бас тартылған жағдайда хаттама жасалады.
Хаттамаға екi куәгердiң қатысуымен тексеру жүргiзетiн кеден органының лауазымды адамы және кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы қол қояды. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы көрсетiлген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бас тартудың себептерi туралы жазбаша түсiнiк беруге мiндеттi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының, егер:
- нұсқама табыс етiлмеген не белгiленген тәртiппен ресiмделмеген;
- нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi басталмаған немесе өтiп кеткен;
- кеден органдарының осы лауазымды адамдары нұсқамада көрсетiлмеген;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеруге жататын аумаққа немесе үй-жайға жiберу үшiн арнаулы рұқсат қажет болса, ал лауазымды адамдардың аумаққа немесе үй-жайға кiруге мұндай рұқсаттары болмаған;
- сұратылған құжаттаманың тексерiлетiн кезеңге қатысы болмаған жағдайларда кеден органының лауазымды адамдарына тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберуден бас тартуға не оларға құжаттарды бермеуге құқығы бар.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзу кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары:
- тауарлар мен көлiк құралдарының болуын тексеруге және оларға кедендiк қарауды жүзеге асыруға;
- кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысты құжаттарды, оның iшiнде бухгалтерлiк құжаттаманы тексеруге;
- тұлғалардан кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi жүзеге асыруға қатысты құжаттар, оның iшiнде бухгалтерлiк құжаттамалар, анықтамалар, жазбаша және ауызша түсiнiктер алуға;
- тауарлар мен көлiк құралдары бар үй-жайларды мөрлеуге;
- Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысты және кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алып қоюға құқылы. Алып қою кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға алып қойылатын құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алу мүмкiндiгi берiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
Алынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қайтарылады.
Аталған шараларды қолданбау кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды жасыруға әкеп соғуы мүмкiн ерекше жағдайларда мөрлеу және алып қою жүзеге асырылады.
Тексеру аяқталғаннан кейiн кеден органының лауазымды адамдары:
1) тексерудiң жүргiзiлген орнын, акт жасау күнiн;
2) тексеру жүргiзген кеден органы лауазымды адамдарының лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын;
3) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
4) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының орналасқан жерiн, банк деректемелерiн;
5) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының кедендiк және қаржылық есептiлiк жүргiзуге, кеден органдары өндiрiп алатын кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiне жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
6) алдыңғы тексеру мен бұрын анықталған Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы мәлiметтердi;
7) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы тексеру үшiн тапсырған құжаттар туралы мәлiметтердi;
8) кеден iсi саласында анықталған құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң тиiстi нормаларына сiлтеме жасай отырып, егжей-тегжейлi сипатталуын;
9) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыны тексерудiң нәтижелерiн көрсетiп тексеру актiсiн жасайды.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға тексеру актiсiн тапсырған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталған күнi болып есептеледi.
Егер тексеру аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу анықталмаған жағдайда, тексеру актiсiнде тиiстi жазба жүргiзiледi.
Тексеру актiсiне тексеру барысында алынған құжаттардың көшiрмелерi, есептер және басқа да материалдар қоса тiркеледi.
Тексеру актiсi тексеру жүргiзген кеден органы лауазымды адамының қолы қойылып үш дана етiп жасалады.
Тексеру актiсi тексеру актiлерiн тiркеудiң арнаулы журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, байлап-қайымдалған және кеден органының мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.
Тексеру актiсiнiң бiр данасы кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға қол қою арқылы немесе тексеру актiсiн алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен берiледi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы тексерудiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының басшысы немесе уәкiлеттi лауазымды адамы тексеру актiсiне тиiстi жазба жасайды.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру аяқталғаннан кейiн тексеру актiсiнде көрсетiлген нәтижелердiң негiзiнде кеден органы осы Кодекстiң 350-бабында көзделген нысанда кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама шығарады.
Хабарлама кеден кодексінің 350-бабында көзделген тәртiпке сәйкес кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға жiберiледi.
Кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама алған кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы оны кеден кодексінің 350-бабында белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде тексерудiң нәтижелерiне шағымдануға құқылы.
2.2. ЖЕКЕ ТЕКСЕРУ РӘСІМДЕРІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 196 бұйрығымен бекітілген «Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің ережесі» адамның жеке басын тексеріп қарауды реттейді. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген.
Осы Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің ережесі Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленді және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.
Ереже Қазақстан Республикасы кеден органдарының барлық лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті болып табылады.
Жеке тексеру кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Кедендік бақылаудың Кодекстің 471-бабына, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 693-бабына сәйкес анықталған нысандарынан босатылған адамдар жеке тексерілуге ұшырауы мүмкін емес.
Кеден органының басшысы (оның орнындағы адам) қабылдаған анықталған жеке тұлғаны жеке тексеруді жүргізу туралы шешім осы Ережемен белгіленген нысанда жазбаша ресімделеді. Шешімде жеке тексеруді жүргізу тапсырылған кеден органының нақты лауазымды адамы көрсетілуі қажет. Жеке тексеруді жүргізу туралы шешім тексерілетін тұлғаға қолхат арқылы хабарланады.
Жеке тексеруді тексерілетін тұлғамен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамы сол жыныстағы екі куәлардың қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін бөлінген үй-жайда жүргізеді.
Үй-жайға бөгде жеке тұлғалардың енуі және олар жағынан жеке тексеру жүргізуді қадағалау мүмкіндігі болмауы тиіс.
Тексерілетін тұлғаның дене мүшелерін тексеруді қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдаланумен тек дәрігер-маман ғана жүргізуі тиіс.
Жеке тексеру жеке тұлғаның өзінде жасырылған тауарларды анықтау үшін қажетті шектерде тексерілетін тұлғаның намысын төмендету мен денсаулығына зиян келтіруді және заңсыз мүлкіне залал тигізуді болдырмайтын сыпайы нысанда жүргізілуі қажет.
Кеден кодексінің 527-бабына сәйкес тексерілуге жататын адамдардың кеден органдары лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыруға құқығы бар.
Тексерілетін тұлға жеке тексеру жүргізу жөніндегі кеден органдары лауазымды адамдарының әрекетіне Қазақстан Республикасы Кеден кодексінде белгіленген тәртіпте шағымдана алады.
Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес тексерілетін тұлғаның адвокаттың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
Жеке тексеруге қатысатын адамдар.
Жеке тексеру жүргізуге тексерілетін жеке тұлғаның туысқаны болып табылатын немесе жеке тексерудің белгілі бір нәтижелеріне ол жеке, тікелей немесе жанама мүдделлі деп санауға мүмкіндік беретін өзге де жағдайлары бар кеден органының лауазымды адамы жіберілмейді.
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеруді жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайлар болған кезде кеден органының басшысы (оның орнындағы адам) жаңа шешіммен жеке тексеру жүргізуді кеден органының басқа лауазымды адамына тапсырады. Сол негіздерде тексерілетін тұлғаның, ал кәмелетке толмаған немесе қабілетсіз тұлғаларды жеке тексеру кезінде – оның заңды өкілі немесе оны алып жүрушы адамның кеден органының көрсетілген лауазымды адамына, сондай-ақ жеке тексеруге қатысатын өзге адамдарға қарсылығы мәлімделуі мүмкін. Қарсы болу туралы өтініш себепті болуы қажет. Қарсы болу туралы өтінішті кеден органының басшысы (оның орнындағы адам) қарайды. Қарсы болу туралы өтініш берілген кезде жеке тексеру ісі тоқтатыла тұрады.
Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес жеке тексеру жүргізу тапсырылған кеден органының лауазымды адамы:
1) жеке тексеру басталар алдында жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оның орнындағы адамның жеке тексеру туралы шешімін ұсынуы;
2) жеке тұлғаны құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға және жасырылған тауарларды өз еркімен беруді ұсынуы;
3) белгіленген нысанда жеке тексерудің хаттамасын жасауы тиіс.
Куәлар ретінде (екі адамнан кем емес) тексерудің нәтижелеріне мүдделі емес Қазақстан Республикасының кез-келген кәмелетке толған азаматтары (көлік қызметкерлері, жолаушылар және басқалары) шақырылуы мүмкін.
Жеке тексеруге қатысуға Қазақстан Респуликасы заң актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес кеден органы басшысының немесе оның орнындағы адамның жеке тексеру жүргізу туралы шешімін орындаудан бұлтартуға құқығы жоқ дәрігер-маман шақырылуы мүмкін.
Егер тексерілетін тұлға мемлекеттік немесе орыс тілін білмесе, жеке тексеруге қатысуға аудармашы тартылады.
Аудармашы ретінде тексерудің нәтижесіне мүдделлі емес, жеке тексеру жүргізу кезінде білу қажет тілдерді білетін (сақау және саңыраулардың белгілерін түсінетін) кез-келген кәмелетке толған адам тағайындалады.
Аудармашы оның барлық кезеңдерінде (осы Ереженің 22-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) жеке тексеруге қатысады. Осы Ереженің 22-тармағының екінші абзацында көрсетілген жеке тексеру кезеңінде аудармашының қатысуы тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша мүмкін.
Тексерілетін тұлғаның келісімімен аудармашы ретінде кеден органының қызметкерін тартуға жол беріледі.
Егер, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу кезінде оларды шешу үшін арнайы танымдар талап етілетін мәселелер туындаған жағдайларда жеке тексеруді жүзеге асырушы кеден органының лауазымды адамы өзге де мамандарды тартуы мүмкін.
Жеке тексеру жүргізу кезеңдері
Жеке тексеру үш кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезең (дайындық) жеке тұлғаға қолхат алу арқылы кеден органы басшысының (оның орнындағы адамның) жеке тексеру жүргізу туралы шешімін жариялаудан басталады. Тексерілетін тұлғаға, сондай-ақ жеке тексеру жүргізуге қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Тексерілетін тұлғаға кеден бақылауынан жасырылған тауарларды өз еркімен беру ұсынылады.
Екінші кезең – тікелей жеке тексеру кезеңі. Кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға тікелей жеке тексерудің басталуы туралы хабарлайды. Бұл кезеңде жеке тұлғаның заттары, киімдері мен денесін қарау, қажет болған жағдайда оларды зерттеу жүзеге асырылады.
Маман (дәрігер-маманнан басқа) мен аудармашы тексерілетін тұлғаның денесін қарау жүргізілетін үй-жайда, сондай-ақ тұлға денелік киімде не киімсіз болған уақытта қатыспаулары қажет. Аталған үй-жайда осы уақытта суретке, киноға түсіру және бейне жазбаға жол берілмейді.
Үшінші кезең – аяқтаушы. Бұл кезеңде жеке тексеруді құжатты ресімдеу жүзеге асырылады. Құжатты ресімделу Кеден кодексінің 448-бабына және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 626-бабына сәйкес жеке тексеру хаттамасын жасаудан тұрады.
Жеке тексерудің дайындық кезеңі
Кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаны оған қатысты жеке тексеруді жүргізу ниеті туралы хабардар етеді, жеке тексеруді жүргізу туралы кеден органы басшысының (оның орнындағы адамның) шешімімен таныстырады.
Жеке тұлғаның жеке тексеруді жүргізу туралы шешіммен танысу фактісін жеке тексеру жүргізу туралы шешімге тиісті жазба және қол қою жолымен аталған тұлға куәландырады. Мұндай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда жеке тексеру жүргізу туралы шешімді жариялаған Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамының және куәлардың қолымен куәландырылған жеке тексеру жүргізу туралы шешімге белгі қойылады.
Жеке тұлғаның жеке тексеру жүргізу туралы шешіммен танысқан сәтінен бастап жеке тексеру жүргізуге тағайындалған кеден органы лауазымды адамының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тексеруді жүргізу мен ресімдеудің уақыты, орны, тәсілі мен рәсіміне кез-келген нұсқауы мен талабы оған қатысты жеке тексеру жүргізіліп отырған жеке тұлға үшін міндетті болып табылады.
Жеке тұлға жеке тексеру жүргізу туралы шешіммен танысқаннан кейін тұлға жеке тексеру жүргізу үшін арналған үй-жайға кіргізіледі, ол жерде куәлардың қатысуымен оған құқықтары түсіндіріледі.
Жеке тұлға дәлелді бас тарту өтініші жағдайында кеден органының лауазымды адамы оны кеден органы басшысының (оның орнындағы адамның) назарына жеткізеді, өтінілген бас тартуға қатысты қабылданған шешіммен тұлғаны таныстырады.
Тұлғаға кеден бақылауынан жасырылған тауарларды өз еркімен беру ұсынылады. Берілген тауарлар жеке тексеруге қатысатын адамдарға ұсынылады.
Егер тұлға жасырылған тауарларды өз еркімен беруден бас тартқан жағдайда не егер кеден органы лауазымды адамының мұндай тауарларды бергеннен кейін де жеке тұлға кеден бақылауынан қандай-да бір тауарларды жасырады деген жеткілікті негіздері болса, кеден органының лауазымды адамы тікелей жеке тексеруге көшеді.
Жеке тексеруді жүргізу тәртібі
Тексеруге қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны жүргізу басталғанға дейін ауызша нысанда тексерілетін тұлғада оқпен атылатын, газ және суық қаруларының және шабуыл жасау үшін жарамды басқа да заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ еркін айналымына тыйым салынған өзге де заттардың жоқтығына көз жеткізу қажет.
Жеке тексеру санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін Қазақстан Республикасы кеден органының осы мақсат үшін арнайы жабдықталған бөлінген үй-жайында жүргізіледі.
Жеке тексеру әуежайдың, вокзалдың, көлік құралдарының (каюта, купе және басқа) санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін бөлінген үй-жайларында, сондай-ақ көлік ұйымдарының, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарының бөлінген үй-жайларында жүргізілуі мүмкін.
Жеке тұлғаны жеке тексеру жүргізілетін үй-жайға алып бару кезінде аталған тұлға өзінде бар тауарларды, заттарды, құжаттарды лақтырып жібермеу не жойып жібермеу үшін бақылау қамтамасыз етілуі қажет.
Кеден органының лауазымды адамы куәлардың қатысуымен жеке тексеру жүргізілетін үй-жайды алдын-ала тексеруі қажет. Қабырғалас үй-жайлардағы есіктер, терезелер, иллюминаторлар тығындалып жабылуы, шабуыл жасау қаруы ретінде пайдаланылуы мүмкін заттар алып тасталуы тиіс.
Жеке тексеру жүргізілетін үй-жайға бөгде адамдардың енуі және жеке тексеру жүргізуді олардың қадағалау мүмкіндігі болмауы тиіс.
Бір мезгілде бір үй-жайда бірнеше тұлғаны жеке тексеру жүргізуге тыйым салынады.
Кеден органының жеке тексеру жүргізетін лауазымды адамының қарауында тексерілетін тұлғада бар киімді, аяқ киімді және басқа да заттарды егжей-тегжейлі зерттеу үшін қажетті аспаптар, құрал-жабдықтар және тексеретін техникалық заттар болуы қажет.
Жеке тексеру барысында:
1) тексерілетін тұлғада бар барлық ұсақ заттар (таяқ, қолшатыр, портмоне, оттық, автоқалам, портсигар және басқалары) тексеріледі;
2) тексерілетін тұлғадан біртіндеп шешілетін сыртқы киімі, аяқ киімі және бас киімі тексеріледі;
3) тексерілетін тұлғаның барлық денесі денелік киімінің сыртынан жоғарыдан төменге қарай ұстап көріледі;
4) тексерілетін тұлғадан жоғарыдан төменге қарай біртіндеп шешілетін денелік киім тексеріледі;
5) тексерілетін тұлғаның денесі (шаштары, жұдырығы, аяқ-басы және басқалары) тексеріледі.
Жеке тексеру барысында тексерілетін тұлғаның тәртібіне тұрақты қадағалау жүргізу, тексерілетін тұлғада бар киімнің, аяқ киімнің және заттардың жөнделу іздеріне, оның денесіндегі таңғыштар мен дәкеге ерекше көңіл аудара отырып жеке тексерудің аралық нәтижелерін ескеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін сол немесе өзге де заттарды жасырудың сипатты тәсілдерін ескеру қажет.
Киімді және аяқ киімді тексеру кезінде ортопедиялық аяқ киімдерге, бас киімдерге, сондай-ақ киімнің тігістеріне, жамауларына, қайырмаларына, иықшаларына, астарына, аяқ киімнің белдігіне, қонышына, ұлтарағына, өкшесіне ерекше көңіл бөлу керек.
Жеке тексеруге қатысатын адамдар тексерілетін тұлғаның мүлкіне ұқыпты және мұқият қараулары қажет.
Тексерілетін тұлға тауарларды өз еркімен берген жағдайда, аталған тұлға тағы да қандай-да бір тауарларды жасырады деген жеткілікті болжам негіздері болмаса, кеден органының лауазымды адамы оларды алып қоюмен шектелуге құқылы. Нақты шешім жеке тексеру хаттамасында көрсетілуі керек.
Өз еркімен берілген немесе жеке тексеру кезінде табылған тауарларды көру үшін жеке тексеруге қатысатын тұлғаларға ұсынады және тексерілетін тұлғаның қолы жетпейтін жерлерге қойылады.
Жеке тексеру аяқталғаннан кейін оны жүргізген кеден органының лауазымды адамы жеке тексеру жүргізілген үй-жайды мұқият тексеруге міндетті.
Үй-жайда жеке тексеру басталғанға дейін болмаған заттар табылған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы олардың кімдікі екенін анықтау үшін шаралар қабылдауы тиіс.
Жеке тексеруге қатысқан адамдарға тексерудің нәтижелерін, жеке тексеру кезінде белгілі болған тексерілетін тұлғаның дене ерекшеліктерін жаюға тыйым салынады.
Жеке тексеруді құжатты ресімдеу
Жеке тұлғаны жеке тексеру жүргізу үшін кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қойған жеке тексеруді жүргізуге арналған шешімнің (1-қосымша) болуы міндетті.
Жеке тексеру аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамы белгіленген нысан бойынша (2-қосымша) жеке тексеру хаттамасын жасайды.
Хаттаманың көшірмесін тексерілетін тұлғаға не оның заңды өкіліне қолхат арқылы тапсырады.
- Жеке тексеру хаттамасына:
- жеке тексеру жүргізген кеден органының лауазымды адамы;
- куәлар ;
- осы Ережеге сәйкес жеке тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдар;
- оған қатысты жеке тексеру жүргізілген жеке тұлға қол қояды.
Оған қатысты жеке тексеру жүргізілген жеке тұлға жеке тексеру хаттамасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамада бұл туралы куәлардың қолы қойылып куәландырылған тиісті жазба жасалынады.
Жеке тексеру хаттамасына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың объектісі болып табылатын тексерілетін тұлға өз еркімен берген заттар;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың объектісі болып табылатын жеке тексеру барысында табылған және алынған заттар;
3) жеке тексеру барысында орындалған фотографиялық суреттер мен негативтер, киноленталар, аудио және бейне жазбалар;
4) тексерілетін тұлғаның, медицина қызметкерінің, маманның, куәлардың жеке парақтардағы түсініктері мен өтініштері;
5) құжатты түрде тіркелген қадағалаудың, өлшеулер мен зерттеулердің нәтижелері қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың объектісі болып табылмайтын өзге де заттар жеке тексеру аяқталғаннан кейін тексерілетін тұлғаға қайтарылып беріледі, бұл туралы хаттамада тиісті жазба жасалады.
Тексерілетін тұлға өз еркімен берген, одан жеке тексеру барысында табылған және алынған заттар, бейне-, аудио-, фото-, кинопленкалар және басқа заттай дәлелдер жеке пакеттерге салынып оралады және сүргіленеді. Пакеттерде қажетті түсініктемелер болуы тиіс және куәлар мен жеке тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды адамының қолдарымен куәландырылған болуы қажет.
Жеке тексеру хаттамалары «Жеке тексеру хаттамаларын тіркеу журналында» (3-қосымша) күнтізбелік жылдың басынан бастап ұлғаймалы тәртіппен міндетті түрде тіркеуге жатады.
Қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғалған кезде жеке тексеру хаттамасының түпнұсқасы тиісті қылмыстық істің немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істің материалдарына қоса беріледі. Кеден органында оның көшірмесі қалады.
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
200 __ жылғы “____” __________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және
оны ресімдеу тәртібінің ережесіне
1-қосымша
Жеке тексеру жүргізу туралы
шешім
200 __ жылғы «____» ___________ ______________________
хаттаманы жасау орны
_______________________________________________________________
(кеден органының бастығы немесе оның орнын ауыстыратын адам, аты-жөні)
________________________________________________________________
____________________________ жедел ақпаратты қарап
БЕЛГІЛЕДІ:
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін/ кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзиттік аймағындағы азамат/ша ________________, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың объектілері болып табылатын заттар/ тауарлар, валюта қаражаттары болуы мүмкін және бермейді.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабын басшылыққа ала отырып,
ШЕШТІ:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________ тұратын азаматқа/шаға ___________________________ жеке тексеру жүргізілсін.
Бастық _________________________ __________________________
(Тегі, аты-жөні) қолы
Маған шешім 200___ж. «____» ____________жарияланды ______________
қолы
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
200 __ жылғы “____” __________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және
оны ресімдеу тәртібінің ережесіне
2-қосымша
ЖЕКЕ ТЕКСЕРУ
ХАТТАМАСЫ
200 __ жылғы «____» ___________ ______________________
хаттаманы жасау орны
Жеке тексеру _____сағ. _____ мин. басталды
Жеке тексеру _____сағ. _____ мин. аяқталды
________________________________________________________________
(кеден органының атауы, жеке тексеруді жүргізген
________________________________________________________________
және хаттаманы жасаған кеден органы лауазымды адамының
________________________________________________________________
қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________________________________
(кеден органының атауы, оның шешімі бойынша жеке тексеру
________________________________________________________________
жүргізілген кеден органы лауазымды адамының
_____________________________________________________ шешіміне сәйкес, қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)
жеке тексеру жүргізу туралы шешім хабарланған, Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілген ________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның азаматтығы, тегі, аты, әкесінің аты,
________________________________________________________________
туған жылы, төлқұжат деректері)
_________________________________________ жеке тексеру жүргізді.
___________________________________
(тексерілетін тұлғаның қолы)
Қазақ немесе орыс тілін _______________________________ аудармашының (меңгеремін, меңгермеймін)
қызмет көрсетуін ________________________________ және ___________ (қажет етемін (етпеймін))
тілінде көрсетпе беруді қалаймын.
_______________________________
(тексерілетін тұлғаның қолы)
Жеке тексеру жеке тексеру басталардың алдында Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабымен, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 595, 596, 598-баптарымен көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілген, бұдан басқа куәларға олардың жеке тексеру фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландыру міндеттері түсіндірілген
куәлар:
- ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен-жайы,
_______________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері)
- ______________________________________________________________
__________________________________________________________ болуымен, аудармашы _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны немесе қызметінің тегі,
___________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат туралы деректер)
мамандар:
- ________________________________________________________
(тексеруге қатысқан маман-медициналық қызметкердің, маманның
_________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны мен лауазымы)
- _______________________________________________________
____________ қатысуымен ____________________________
(жеке тексеру жүргізілетін орын — әуежай, вокзал, т.б. үй-жайдың,
_____________________________________________ үй-жайында өткізілді.
купенің және т.б. нөмірі, жарықтандыру)
Куәлар: 1. ______________________ 2. _____________________
Маман: 1. ______________________ 2. __________________
Аудармашы: ______________________
Бұдан басқа, қатысушыларға жеке тексеруді жүргізу кезінде ________________ (жеке тексеру кезінде
__________________________________________________________
пайдаланылатын техникалық құралдарды, кино-фото суреттерді, аудио-бейне жазбаларды,
__________________________________________________________
өзге де техникалық құралдарды, медициналық аспаптарды (параметрлері, атауы, түрі,
_____________________________________________________________
маркасы, модельі), оларды қолданудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді көрсету)
________________________________________________________ техникалық құралдары пайдаланылатындығы жарияланды.
Азамат(ша) ________________ кедендік бақылаудан жасырған заттарын өз еркімен беру туралы ұсынысқа ______________________________
_________________________________________
_________________________________________
______________________________________________________ мәлімдеді және өз еркімен ______________________________________
(өз еркімен нақты қандай заттар берілгенін, олардың
___________________________________________________
мөлшері мен дербес белгілерін, тәсілін және жасырылған орнын көрсету)
____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
________________________________________________________ көрсетті.
Азамат(ша) ___________ жеке тексеру нәтижесінде ____________
_______________________________________________________
(тексерудің хронологиялық дәйектілігінде қандай заттар табылғанын,
_______________________________________________________
олардың мөлшері мен дербес белгілерін, тәсілін және жасырылған орнын,
______________________________________________________
не алдағы тексерудің жүргізілмегендігін көрсету)
______________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________ табылды.
Жеке тексеру жүргізудің шегі: _____________________________
______________________________________________________
(жеке тексеру жүргізудің шегі, маманның, медицина қызметкерінің
_______________________________________________________
қатысу дәрежесі мен нысаны)
Хаттамаға қоса: 1. ________________________________________
(жеке тексеру жүргізу кезінде өз еркімен берілген немесе табылған заттардың атауы,
_________________________
мөлшері және дербес белгілері; ұқсастырумен қамтамасыз етудің тәсілдері)
____________________________________________________________
____________________________________________________________
__________________________________________________________
___________________________________________________________
- ________________________________________________________
(жеке тексеру кезінде орындалған фотографиялық суреттер және негативтер, киноленталар,
__________________________________________________________
аудио- және бейне жазбалар, қадағалаулардың, өлшеулердің және зерттеулердің құжатты түрде тіркелген нәтижелері)
- _______________________________________________________
(жеке парақтардағы тексерілетін тұлғаның, медицина қызметкерінің, маманның,
_________________________________________________________
куәлардың түсініктемелері мен өтініштері)
______________________________ берілді.
Тексерілетін тұлғаның тәртібі туралы белгі (қажет болған жағдайда).
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
___________________ жеке тексерудің хаттамасы оқылды, ____________ тіліне аударылды.
Дұрыс жазылды, қатысушылардың атынан толықтырулар, өтініштер және қолдаухаттар _______________________________________
(егер олар түскен жағдайда жеке тексеруге қатысушылардың өтініштерін
_________________________
және қолдаухаттарын көрсету)
________________________
Жеке тексеруді жүргіздім және хаттама жасадым:
______________ _____________________________
(қолы) (лауазымы, тегі, аты-жөні)
Тексерілетін адам: ___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Куәлар: ___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Мамандар: ___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Аудармашы: ___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
200 ___ ж. «____» ___________ хаттаманың көшірмесін алдым:
____________________________ _______________ (тексерілетін адамның тегі, аты-жөні) (қолы)
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
200 __ жылғы “____” __________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және
оны ресімдеу тәртібінің ережесіне
3-қосымша
_________________________________
(кеден органының атауы)
жеке тексеру хаттамаларын тіркеу
журналы
р/с №№ |
Жеке тексеруді жүргізу күні |
Тексерілетін тұлғаның аты-жөні, анықталған деректері |
Жеке тексеру жүргізу туралы шешімді кім қабылдады |
Жеке тексеруді кім жүргізді |
Жеке тексеру нәтижелері |
Жеке тексеру нәтижелері бойынша шешім |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің «Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаларға жеке тексеру жүргізу туралы
нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына
АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
«Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаларға жеке тексеру жүргізу туралы нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрық Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін жеке тұлғаларға қатысты өткізілетін жеке тексеру жүргізудің негіздемесін, тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.
Нұсқаулықта жеке тексеруді жүргізуге және оған қатысуға құқығы бар тұлғалар, олардың құқықтары мен міндеттері, жеке тексеру (тексерудің кезеңдерін) жүргізу кезіндегі кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимылының салдары анықталған. Жеке тексерудің нәтижелерін құжаттамалық ресімдеудің тәртібі, сондай-ақ жеке тексеру жүргізуге және оны тіркеу үшін қажетті процестік құжаттардың нысандары белгіленген. Жеке тексерудің хаттамаларын тіркеу журналын жүргізудің нысанын айқындайтын норма көзделген.
Кеден органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке тұлғаларға қатысты жеке тексеру жүргізуінің рәсімін реттеу, республика Кеден кодексінің нормаларына дұрыс емес түсінік беру мен пайдалану фактілерін болдырмау, сондай-ақ кеден органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу, әрбір аталған іс-қимылға қатысушының құқықтары мен міндеттерін нақты шектеу фактілерін болдырмау, жеке тексеруді құжаттау мен тіркеудің бірізді нысанын белгілеу осы бұйрықтың мақсаты болып табылады.
Кәмелетке толмаған немесе қабілетсіз тұлғаларды жеке тексеру оның заңды өкілдерінің (ата-аналарының, асырап алушылардың, қамқоршылардың, қорғаншылардың) не оларды алып жүретін адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
Жеке тексеру кезінде оған қатыспайтын және оған қатысы жоқ адамдардың қатысуына тыйым салынады.
Жеке тексеруге қатысушы адамдар, оның ішінде куәлар кәмелетке толған және тексерілетін тұлғамен бір жыныста болуы қажет.
Оның құқықтарымен жүргізу кезінде міндеттерімен таныстыруға және жеке тексеру басталар алдында жеке тұлғаға аталған шешім туралы жариялауға, жеке тексеру жүргізу туралы кеден органы бастығының (оның орнындағы адамның) шешімімен оны таныстыруға, тексерілетін тұлғаның сұрауы бойынша оған жеке тексеру жүргізу туралы шешімнің көшірмесін тапсыруға, оны;
3) жеке тексеруге қатысатын барлық тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
4) жеке тексеру жүргізу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын және осы Нұсқаулықтың ережелерін қатаң түрде сақтауды қамтамасыз етуге;
5) 6) тексерілетін тұлғаны жеке тексерудің хаттамасымен таныстыруға міндетті
Куәлар :
1) жеке тексеру жүргізуші лауазымды адамның шақыруы бойынша ол белгілеген орынға және уақытында келуге;
2) жеке тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және тиісті хаттамада өзінің қолын қоюмен оның қатысуымен болған іс-қимылдарды жүзеге асыру фактісін, олардың мазмұнын және нәтижелерін куәландыруға міндетті.
Куәлар :
- тексерілетін тұлғадан алынған заттарды қарау кезінде қатысуға;
2) жеке тексерудің хаттамасына енгізуге жататын жүргізілген іс-әрекеттері жөнінде ескертулерді жасауға құқылы.
- Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы жеке тексеру жүргізуге шақырған дәрігер-маман:
1) тексерілетін тұлғаның денесін оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірместен жеке тексеру жүргізуге;
- тексерілетін тұлғаның денесін тексеру бойынша түсініктеме беруге;
3) өзінің қолын қоюмен оның қатысуымен болған аталған іс-қимылдарды жасау фактісін, олардың мазмұнын және нәтижелерін куәландыруға міндетті.
Дәрігер-маман:
- өзінің шақырылуының мақсатын білуге;
2) егер оның тиісті арнайы білімі мен дағдысы болмаса жеке тексеру жүргізуге қатысудан бас тартуға;
3) жеке тексерудің хаттамасымен танысуға және тексерілетін тұлғаның денесін қарауға қатысты бөлімінде ескертулер жасауға;
4) қажет болған жағдайда тексерілетін тұлғаның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және оған залал келтірмейтін техникалық құралдарды (мысалы: медициналық аспаптарды, жабдықтарды және басқаларды) пайдалануға құқылы.
Жеке тексеру жүргізуге қатысуға Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы тартатын маман:
1) жеке тексеру жүргізетін кеден органы лауазымды адамының нұсқауларын нақты басшылыққа алуға;
2) тексерілетін тұлға жасыратын заттарды табу және алудың барысы мен нәтижелерін оны тіркеу үшін өзінің арнайы білімі мен дағдыларын пайдалана отырып жеке тексеруге (осы Нұсқаулықтың 27-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) қатысуға;
- тауарларды жасырудың мүмкін болатын орындары мен тәсілдерін жеке тексеру жүргізетін кеден органы лауазымды тұлғасының назарын аударуға және оларды табу туралы нұсқамалар беруге;
- өздері орындайтын іс-әрекеттер жөнінде түсініктемелер беруге;
5) өзінің қолын қоюмен оның қатысуымен болған аталған іс-қимылдарды жасау фактісін, олардың мазмұнын және нәтижелерін куәландыруға міндетті.
Маман:
1) өзінің шақырылуының мақсатын білуге;
2) егер оның тиісті арнайы білімі мен дағдысы болмаса жеке тексеру жүргізуге қатысудан бас тартуға;
3) жеке тексеру жүргізетін кеден органы лауазымды адамының рұқсатымен тексерілетін тұлғаға сұрақтар қоюға;
4) ғылыми-техникалық құралдар мен жасырылған заттарды табу мен алу үшін әдістерді пайдалануға, бұл ретте өтініш жасауға;
- бақылау, өлшеу және зерттеу жүргізуге;
6) арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін мәселелер бойынша жеке тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамына кеңестер беруге;
7) ол қатысқан кезде жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркеудің толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертулер жасауға құқылы.
Аудармашы:
1) егер оның аударма үшін қажетті білімі болмаса жеке тексеруге қатысудан бас тартуға;
2) аударма жасау кезінде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;
3) жүргізілуіне ол қатысқан жеке тексерудің хаттамасымен танысуға және аударманы тіркеудің толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға құқылы.
Аудармашы:
1) жеке тексеру жүргізетін лауазымды адамның шақыруы бойынша ол белгілеген жерге және уақытында келуге және оған тапсырылған аударманы нақты және толық орындауға;
2) оның қатысуымен жүргізілген жеке тексерудің хаттамасына қолын қойып аударманың дұрыстығын куәландыруға міндетті.
- Тексерілетін тұлға жеке тексеру барысында жеке тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамының заңды талаптарын орындауға міндетті және мыналарға:
1) жеке тексеру жүргізу басталғанға дейін жүргізу тәртібімен және жеке тексеру жүргізу туралы шешіммен танысуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларды өз еркімен беруге;
- өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;
- қарсылықтарды өтінуге;
- түсініктемелер беруге, өтініш беруге;
6) оны жасаудың аяқталуы бойынша жеке тексеру хаттамасымен танысуға және оның мазмұны бойынша ескертулер жасауға;
7) ана тілін немесе өзі білетін басқа тілді, сондай-ақ аудармашының қызметін пайдалануға;
8) адвокаттың қызметтерін пайдалануға;
9) жеке тексеру аяқталуы бойынша, егер жеке тексеру жүргізу кезінде өз құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалды деп санаса, кеден органының лауазымды адамының іс-әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
2.3. ҚОЛ ЖҮГIН, ТЕҢДЕМЕ ЖҮКТI, ЖҮКТI, ПОШТАНЫ, БОРТ ТАҒАМЫН, ӘУЕ КЕМЕСIНIҢ ЭКИПАЖЫН БАҚЫЛАУ, ТЕКСЕРУ МЕН ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН ТЕКСЕРУ
Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 маусым N 723 Ережелерi қабылданған. Аталған «Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 97-бабына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясына (1944 жыл) сәйкес әзiрленген.
Ереже қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау мен тексеру, iшкi және халықаралық желiлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы Тiзбе бойынша мемлекеттiң лауазымды адамдарынан, сондай-ақ дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдардан басқа, жолаушылардың жеке басын тексеру тәртiбiн белгiлейдi. Бақылау мен тексерудiң мақсаты ұшулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жолаушылардың, экипаж мүшелерiнiң, жер үстiндегi қызметкерлердiң, халықтың өмiрi мен денсаулығын сақтау, әуежай құралдарын заңсыз араласу актiлерiнен қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына, кеден органдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне және пайдаланушыларға қол жүгiн, теңдеме жүктi, поштаны, борттық тағамды, әуе кемесiнiң экипажын тексеру және әуе кемелерiндегi жолаушылардың жеке бастарын тексеру құқығы берiледi.
Тексерудi осы мақсатқа арнайы тағайындалған адамдар әуежайда не әуе кемесiнде жүргiзедi.
Жолаушы тексеруден бас тартқан жағдайда тасымалдаушы ондай жолаушымен жасалған әуе тасымалы туралы шартты бұзуға құқылы.
Әуе кемесiнде жүк тиелгеннен кейiн барлық сыртқы есiктер жабылған сәттен бастап, жүктi түсiру үшiн сол есiктердiң кез келген бiреуi ашылған сәтке дейiн тексеру жолаушының келiсуi-келiспеуiне қарамастан жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы Тiзбе бойынша мемлекеттiң лауазымды адамдарын, сондай-ақ дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарды қоспағанда, әуе кемесiмен тасымалданатын әрбiр адам тексеруден өткiзiледi.
Тексерудi жүргiзу ережесi мен тексеруге құқығы бар адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Халықаралық авиажелiлерде қол жүгiн, теңдеме жүктi бақылауды, тексерудi, жолаушылар мен әуе кемелерi экипаждарының мүшелерiн, сондай-ақ жүктердi, почтаны, борт тағамын жеке тексерудi Қазақстан Республикасы әуежайларының, кеден және шекара органдарының қызметкерлерi жүргiзедi.
Қол жүгiн, теңдеме жүктi бақылау, тексеру және әуе кемесiнiң жолаушылары мен экипаж мүшелерiнiң жеке басын, сондай-ақ жүктi поштаны, борт тағамын тексеру азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға тыйым салынған Қауiптi жүктер мен нәрселердiң тiзбесiнде белгiленген қауiптi жүктер мен нәрселердi, сондай-ақ есiрткiнiң барлық түрлерiн (бұдан әрi — Тiзбе) заңсыз алып жүрудi болғызбау үшiн жүргiзiледi. Тiзбенi Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Iшкi iстер министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кірiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен келiсiлгеннен кейiн мемлекеттiк көлiк басқармасының органы бекiтедi.
Авиабилеттердi сату үшiн бөлiнген орындар, әуежайлардың (қалалық аэровокзалдардың) касса залдары Тiзбемен, жолаушылардың құқықтары мен мiндеттерi бөлiгi бойынша осы Ережеден алынған үзiндiлермен жабдықталады және жолаушылардың бәрiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Қол жүгiн, теңдеме жүктi, бақылау мен тексеру және жолаушыларды жеке тексеру ұшуға арналған билеттi ұсыну бойынша жүргiзiледi.
Қол жүгiн, теңдеме жүгiн және жеке басын тексертуден бас тартқан жолаушыларды тасымалдауға жол берiлмейдi.
Бақылау мен тексеру кезiнде техникалық құралдар қолданылады. Бақылау мен тексерудi ұйымдастыру үшiн жауапкершiлiк авиакомпаниялар мен авиакәсiпорындарының басшыларына жүктеледi.
Қол жүгiн, теңдеме жүгiн бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң алдында жолаушыға өзiнде бар болуы мүмкiн Тiзбеде белгiленген қауiптi жүктер мен нәрселердi көрсету жөнiнде ұсыныс жасалуға тиiс.
Жолаушының өзi алып жүрген қол жүгiн, теңдеме жүгiн бақылау мен тексеру оның қатысуымен жүзеге асырылады. Кешiктiруге болмайтын жағдайда мұндай теңдеме жүк жолаушы жоқта қаралуы мүмкiн.
Теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты жолаушы болмағанда теңдеме жүктi бақылау мен тексеру әуежайлар басшыларының, авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi бастықтар орынбасарларының, тасымалдарды ұйымдастыру қызметiнiң, осы қызметтiң ауысылымдары, қалалық аэровокзал, қызмет атқаратын аумағында әуежайлары (қалалық аэровокзалдар) бар милиция бөлiмшелерi бастықтарының, ал шекаралық және кедендiк бақылау жасалатын әуежайлар аймақтарында — шекара әскерлерi бақылау өткiзу пункттерi және кедендер (кеден бекеттерi) бастықтарының дәлелдi шешiмi (жазбаша түрде баяндалған) бойынша жүргiзiледi.
Аталған бастықтар жоқ кезiнде тексеру туралы шешiмдi белгiленген тәртiппен олардың орнын басшы адамдар қабылдауы мүмкiн.
Аталған жағдайларда теңдеме жүктi қарап шығу екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырылып, тексеру хаттамасы ресiмделедi. Теңдеме жүгiн, қол жүгiн немесе жолаушыларды тексеру кезiнде азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттардың, жүктердiң немесе нәрселердiң табылу фактiсi, сондай-ақ теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты тексеру актiмен ресiмделедi және арнаулы журналда тiркеледi.
Жолаушылардың жеке басын тексеру техникалық құралдармен бақылау тексерiсiнiң белгiлерi бойынша, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгi қызметi мен құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының дәлелдi шешiмдерi бойынша азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктер мен нәрселердi табу үшiн қажеттi шегiнде жүргiзiледi.
Тексеру нәтижесi хаттамамен ресiмделедi, оған тексеру туралы шешiм қабылдаған адам, тексеру жүргiзушi және жолаушы қол қояды.
Жолаушылардың жеке басын тексеруге және теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты жолаушы болмағанда теңдеме жүктi тексеруге осы Ережелердiң 6-тармағында аталған лауазымды адамдардың, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша — әуежайларының (қалалық аэровокзалдардың) тасымалдары ұйымдастыру қызметiнiң диспетчерлерi мен кезекшiлерiнiң, милицияның қатардағы және басшы құрамы адамдарының, ал шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын аймақтарында — шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пунктерiнiң офицерлер құрамының адамдары мен прапорщиктерiнiң, кедендердiң, (кеден бекеттерiнiң) бөлiмдерi бастықтарының, аға инспекторларының құқығы бар.
Ережеледе аталған лауазымды адамдардың тапсыруы бойынша қол жүгi мен теңдеме жүктi жолаушының қатысуымен тексерудi әуежайларының (қалалық аэровокзалдардың) тасымалдарды ұйымдастыру қызметiнiң арнайы бөлiнген қызметкерлерi (кезекшiлерi), шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын әуежайлары аймақтарында — шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiнiң бақылаушылары мен кедендерiнiң (кеден бекеттерiнiң) инспекторлары жүргiзедi.
Жеке басты тексерудi сол тексерiлетiн жолаушымен бiр жыныстағы адамдар ғана әуежайларда (қалалық автовокзалдарда) арнайы бөлiнген, санитарлық және гигиеналық талаптарға сай келетiн үй жайларында жүргiзедi.
Бiр үй-жайда бiрнеше жолаушыны бiр мезгiлде тексеруге тыйым салынады.
Ұшып бара жатқан азаматтық әуе кемесiнде қол жүгiн, теңдеме жүктi тексерудi және жолаушылардың жеке басын тексерудi әуе кемесi командирiнiң шешiмi бойынша экипаж құрамына кiретiн адамдар жүргiзе алады. Қол жүгiн, теңдеме жүктi тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру, қажет болғанда, жолаушылардың келiсiмiнсiз жүргiзiлуi мүмкiн.
Жолаушының жеке басын тексергенде немесе оның қол жүгi мен теңдеме жүгiн тексергенде жолаушы заңсыз әкетуге тырысқан қауiптi заттар, жүктер мен нәрселер табыла қалған жағдайда жолаушы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
Егер қол жүгiн, теңдеме жүктi тексерген кезде және жолаушының жеке басын тексергенде азаматтық әуе кемелерiнде алып жүруге тыйым салынған заттар, жүктер мен нәрселер табылмаған болса, авиакәсiпорындарының лауазымды адамдары, сондай-ақ тексеру жүргiзген басқа да адамдар жолаушыны билет алған рейсiмен немесе кезектi рейспен жөнелтудi және оған келтiрiлген моральдық және материалдық залалдың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өтелуiн қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Тексеруге орай жөнелтудiң кешiктiрiлуi себебi бойынша жолаушы ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартқан жағдайда авиакәсiпорын оның талабы бойынша билеттiң құнын толық немесе оның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.
Қол жүгi мен теңдеме жүкке бақылау, тексеру, жолаушылардың және экипаж мүшелерiнiң жеке басына тексеру жүргiзетiн адамдар жолаушылармен қарым-қатынаста ықтиятты әрi сыпайы болуға және олардың қадiр-қасиетiн төмендететiн әрекеттерге жол бермеуге мiндеттi. Ережелердi бұрмалауға кiнәлi адамдар белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Техникалық кедендік бақылау құралы — бұл, деректер объектілердің құрамындағылардың олардың декларациялаушы құжаттар деректеріне сәйкестігін белгілеу және олардың арасынан кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында, кеден органдары тікелей кеден шекарасы арқылы өткізілетін объектілердің барлық түрлерін жедел кедендік бақылау процесінде қолданатын арнайы техникалық құралдардың кешені.
Техникалық кедендік бақылау құралын қолданудың негізгі ережесі, кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарын және олардың құрамындағыларды қашықтан, бұзбай бақылау жүргізу болып табылады. Техникалық құралдарды пайдалану кезінде дайындаушы зауыт ұсынған техникалық паспорттарда көрсетілген барлық нормалар мен ережелерді сақтау қажет.
Техникалық құралдарды пайдалану адамның, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы және тауарлар мен көлік құралдарына және алып жүруші тұлғаларға залал келтірмеуі тиіс.
Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Рентгендік тексеру техникасы — кеден органдары жолаушылар алып жүретін және алып жүрмейтін жүктерінің халықаралық почта жөнелтімдері мен кіші және орташа көлемдегі ыдыстардағы тауарлардың құрамын оларды ашпастан, рентгенге түсіру әдісімен көзбен көріп тексеру үшін пайдаланатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Аталған жүйелерде түсі бойынша монитордан қарау кезінде материалдарды органикалық және органикалық емес бөлу функциялары пайдаланылады. Кеден органдары стационарлық және жылжымалы жүйені қолданады.
2) Техникалық радиациялық бақылау құралдары — өткізілетін радиоактивтік және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды табуға, таратпауға және бірдейлендіруге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі. Оларға дозиметрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды табудың стационарлық жүйелері жатады.
3) Техникалық іздеу құралдары — жолаушылардың алып жүретін және бірге алып жүрмейтін жүктеріне, халықаралық почта жөнелтімдеріне, тауарларға және көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерге кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі. Мұндай техникалық құралдарға:
металлодетекторлар — қара және түсті металдардан заттарды табуға мүмкіндік беретін электрондық приборлар; портативті, жылжымалы және стационарлық болады;
тексеру айналары — ауыстырылатын әртүрлі нысандар мен мөлшердегі айналар жиынтығы бар телескопиялық ұстағыштар автокөлік құралдарының түптерін тексеруге арналған жарық түсіру қол аспаптарымен, сондай-ақ көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерден заттарды алуға арналған арнайы ілмешектермен бірге қолданылады;
тексеру қуыс бұрғылары — әртүрлі диаметрдегі және ұзындықтағы ерекше шыңдалған металл стержендер, шаншып тесуге болатын объектілерден (жұмсақ және картон орамдардан, көлік құралдарының отырғыштарынан, төгілмелі жүктерден және т.б.) сынамалар алуға арналған арнайы нысандағы тесігі барлары болады;
эндоскоптар — көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлер мен әртүрлі оның ішінде агрессиялы сұйықтар толтырылған ыдыстарды тексеруге арналған оптикалық приборлар. Үш модификацияда дайындалады: қатты»(бараскоптар) — оптикалық қатты бекітілген элементтер мен жарық талшықты жарық түсіру жгуты орнықтырылған әртүрлі ұзындықтағы және диамердегі металл түтіктер, талшықты оптика негізінде орындалған және жарықтандыру мен зерттелетін кеңістікті тікелей шолуға арналған екі жарық талшықты жгуты бар «иілгіш»»(флескоскоптар), сондай-ақ «жартылай қаттылар»;
тексеру шамдары жатады.
4) техникалық бірдейлендіру құралдарды — техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі, оларға:
- кедендік және өзге де құжаттардың, пломбалардың, мөрлердің түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
- қымбат бағалы металдар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
- қымбат бағалы тастар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
- есірткі және жарылғыш заттарды бірдейлендіру приборлары;
криминалистік кешендер; - микроскоптар, лупалар, ультракүлгін шамдар;
рентгенофлуорэсценттік талдағыштар; - өлшеу приборлар жатады;
- энергия ресурстарын есептеу құралдары;
- озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.
5) Техникалық анықтау құралдары — олар бойынша анықтау жүргізу кеден органдарының құзыретіне кіретін қылмыстар туралы істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу процесінде құқық бұзушылықтардың іздерін анықтау мен бекіту үшін, сондай-ақ нақты істер бойынша қызығушылық білдіретін адамдардың берген жауаптарының дыбыс- және бейнежазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Бұл техникалық құралдарға: фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар мен диктофондар жатады.
6) Көзбен көріп бақылаудың техникалық құралдары — техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі шұғыл жағдайларды бақылау үшін кеден органдары пайдаланады. Оларға: бақылаудың оптикалық аспаптары — дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру приборлары, сондай-ақ шолулық телевизияның жергілікті (тұйық) жүйесі — бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады.
7) Аудио және бейнеақпараттар тасымалдаушыларды техникалық бақылау құралдары — техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайдпроекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады.
8) Техникалық жедел байланыс құралдары — жақын ультрақысқатолқынды радиобайланыс (УҚТ-радиобайланыс) аппаратуралары кешенінің көмегімен кедендік бақылау процесін жедел басқару үшін кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі.
Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.
9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салу құралдары — контейнерлерді, вагондарды, цистерналарды, әртүрлі көліктер мен жүктерді рұқсатсыз ашудың алдын алу үшін қолданылатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі. Оларға — ілмекті пломбалау құрылғылары, мөрлер, пломбираторлар, пломбалар, акциздік маркалар, флуорэсценттік фломастерлер жатады.
Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай тәртіпте пайдаланылады:
1) Интраскопиялық техниканы пайдалану кезінде барлық оның техникалық мүмкіндіктерін пайдалану тәртібін сақтау қажет: монитордағы рентгендік бейненің сапасы және оны үлкейту; қараған кезде монитордағы оларға тиісті түстер бойынша материалдар топтарын бөлу (есірткі заттары, жарылғыш және тауарлардың басқа контрабандасын); қайта зерттеу үшін алдыңғы рентгендік бейнені қайтару мүмкіндігі, магниттік таспаға рентгендік бейнені жазу; рентгендік бейнелердің деректер базасын орталықтандырылған бағалау; техника қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау, операторлар, жолаушылар және тексерілетін объектілер үшін рентгендік сәулелену қатерінің болмауы.
Интраскопиялық техника жолаушылардың бірге алып жүретін және жеке жүретін жол жүктерін, халықаралық почта жөнелтімдері мен шағын, орташа және ірі көлемдердегі ыдыстардағы жол жүгін тексеру үшін кедендік тексерудің барлық жағдайларында қолданылады.
Интраскопиялық техникамен жұмыс істейтін қызметкерлер олардың құрылысы, тағайындалуы және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша оқытудан өтуі тиіс. Адам организміне рентгендік сәуле бөлудің ықпалы бойынша оқудан қосымша өтуі тиіс.
2) Радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану кезінде мынадай кезеңдердің сақталуы тиіс:
- бастапқы радиациялық бақылау;
- қосымша радиациялық бақылау;
- терең радиациялық бақылау;
- сараптама.
Бастапқы радиациялық бақылауды тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау аймағына орналастыру кезінде иондаушы сәулелену деңгейі жоғары тауарлар мен көлік құралдарын жедел анықтау, тауарлар мен көлік құралдарының ағынына шығару мақсатында кеден органдарының кедендік тексеруді жүзеге асыратын қызметкерлері жүргізеді. Бұл кезеңде радиациялық бақылаудың стационарлық және жылжымалы аппараттары қолданылады. Бастапқы радиациялық бақылау нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады.
Қосымша радиациялық бақылау мақсаты аппараттардың іске қосылу себептерін анықтау, иондаушы сәулеленудің жоғары мөлшері бар объектілердің орналасқан жерін іздеу мен деңгейін өлшеу болып табылатын бастапқы радиациялық бақылау нәтижелерінің негізінде радиациялауды бақылаудың жылжымалы құралдарымен (дозиметрлермен, радиометрлермен, радиометр-спектрометрлермен) жүргізіледі. Иондаушы сәулеленудің жоғары мөлшері бар объектілер қауіпсіз қашықтыққа әкетілуі тиіс және кеден органдары қызметкерлерінің объектінің жанында болу уақыты шектелуі тиіс радиациялық қауіптілік белгілерін ілу қажет. Қосымша радиациялық бақылау нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады.
Терең радиациялық зерттеу жүргізу үшін мақсаты бөлінетін және радиоактивті материалдарды барынша локализациялау және бастапқы бірдейлендіру болып табылатын сенімді спектромертиялық аппаратура (радиометрлер-спектрометрлер, жылжымалы сцинциляциялық гамма-спектрометрлер, жартылай өткізуші гамма-спектрометрлер) пайдаланылады. Терең радиациялық бақылаудың нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады.
Радиациялық жүкті сараптау қызметтің тиісті саласына тіркелген мамандырылған ұйымдар жүргізеді.
Радиациялық бақылау құралдарымен жұмыс істейтін қызметкерлер халықтың радиациялық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қоршау туралы барлық нормативтік актілерімен таныс болуы тиіс.
Жұмыста Орталық кеден зертханасы әзірлеген радиациялық бақылаудың техникалық құралдарының жекелеген түрлері үшін радиациялық бақылау жүргізудің әдістемелік ұсынымдары мен технологиялық сызбаларын ұдайы қолдануы қажет.
3) техникалық іздестіру құралдарын қолдана отырып кедендік тексеру жүргізген жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау, тауарлар мен көлік құралдарына механикалық зақымдар келтірмеу, жеке тұлғаларды тексеру әдебін сақтау қажет.
Шағын және көшпелі металлодетекторлар металл объектілерін табу мақсатында жеке тексеруді, объектілер мен хат-хабарларға бақылау жүргізу кезінде қолданылады.
Стационарлық металл іздегіштер әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ресімдеу залдарында және т.б. көпшілік адамдар жиналатын орындарда кедендік тексеруді жүргізу кезінде адамның киіміне жасырылған оқпен атылатын және суық қаруларды табу үшін қолданылады. Металл іздегіштерді қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
Тексеру айналары көлік құралдарының түптерін, қол жеткізу қиын және қараңғы орындарын көзбен көріп бақылау үшін кедендік тексеру кезінде қолданылады. Жиынтықтың құрамына телескопиялық өзек, ауыстырмалы айналар мен шамдардың жиынтығы кіреді. Ауыстырмалы айналар күдікті объектіге неғұрлым қолайлы қол жеткізу үшін қолданылады. Тексеру айналарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
Тексеру шұптары сынамалар алу мүмкіндігін қоса алғанда жұмсақ және төгілмелі ортадағы (төгілмелі жүктерді көлік құралдарының кузовтарында, қапшықтарда және т.б. тасымалдау кезінде) бөгде заттар мен орамдарды тексеру үшін тұрақты түрде қолданылады. Шұптарды қолдану кезінде зерттелетін заттарды механикалық бүлдіруге жол бермеуі керек. Тексеру шұптарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
Тексеру эндоскоптарын кеден органдарының қызметкерлері шағын тесіктері бар жабық қуыстардан: корпустар мен блоктардың ішкі жақтарынан, көлік құралдарының құрылымдық түптерінен, бәктерден, контейнерлер мен үй-жайлардан оларды бөлшектеместен контрабанда іздестіру үшін тұрақты түрде қолданады. Тексеру эндоскоптарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
Тексеру шамдарын кеден органдарының қызметкерлері түнгі уақытта және әлсіз жарақтандырылған үй-жайларда кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар фактілерін анықтау мақсатында пайдаланады.
Барлық техникалық іздестіру құралдарының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдары берген гигиеналық сертификаты болуы тиіс.
4) Техникалық бірдейлендіру құралдарын кеден органдарының қызметкерлері мынадай жағдайларда қолданады:
- құжаттар мен ақша белгілерін тексеру кезінде микроскоптар, лупалар, криминалистикалық жиынтықтар, ультракүлгін шамдар қолданылады;
- қатты, сұйық және ұнтақ түріндегі заттарға талдау жасау үшін рентгенофлуорэсценттік анализаторлар қолданылады, аталған құралмен жұмыс бойынша қызметкерлерді дайындаушы зауыт қоса беретін техникалық паспорт пен нұсқаулыққа сәйкес арнайы оқыту қажет;
- есірткі заттарын тексеру кезінде күдікті адамдардың алақанынан және күдікті заттардың беттерінен кейіннен талдауға арналған; детектордың компрессорын қосу арқылы күдікті учаскіден буларды талдауға арналған; арнайы мөлдір ыдыстардағы есірткі заттарының түсіне қарай айыру үшін ампулалар қолдану, детекторге орналастыра отырып салфеткалардың көмегімен микробөлшектер жинау әдісімен есірткі заттарының детекторлары мен экспресс-анализаторлары қолданылады; аталған құралдарды пайдалану жөніндегі барлық деректер дайындаушы зауыт қоса беретін техникалық паспорттар мен нұсқаулықтарда болады;
- жарылғыш заттарды тексеру кезінде микробөлшектерді салфеткалармен жинау және оны талдау жүргізуге арналған детекторға орналастыру жолымен; детектор компрессорының көмегімен күдікті учаскілерден булар жинау жолымен жарылғыш заттардың микробөлшектері мен буларын талдаудың детекторлары қолданылады;
- қымбат бағалы тастар мен металдардың сынамаларын бірдейлендіру үшін қымбат бағалы тастардағы сәулелердің сынуын талдау негізінде жұмыс істейтін құралдар мен қымбат бағалы металдардың электр өткізгіштігі әдісін пайдаланатын құралдар қолданылады; қымбат бағалы тастар мен металдарды ресімдеудің барлық жағдайларында қолданылады;
- тауарлар мен көлік құралдарды тексеру кезінде озонды бұзатын заттарды анықтау үшін бірдейлендіру құралдар, детекторлар және хладагенттер талдағыштар қолданады.
Техникалық бірдейлендіру құралдарын қолдана отырып тауарларды бірдейлендіру нәтижелері аталған тауарларды терең зерттеу үшін сараптамаға жіберу үшін негіздеме болып табылады;
уақыттың бірлік өлшемінде өтетін тауарлардың көлемін қашықтықтан өлшеу үшін кеден органдарымен деректерді алмасу желілерімен байланысты ақпараттық жүйеге өлшемдер нәтижелері жазылатын энергия ресурстарын есептеу құралдары қолданылады.
5) Анықтаудың техникалық құралдары кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың іздерін бекіту мақсатында жедел іс-шаралар жүргізу кезінде қолданылады.
Фотоаппараттар іздер мен оқиға болған жерді түсіру үшін қолданылады.
Бейне камералар қылмыс фактілері мен іздерін жедел түсіру үшін, күдікті адамдарының көрсетімдерін таспада бекіту үшін қолданылады.
Бейнемагнитафондар күдікті адамның қылмыс фактілерін дәлелдеу үшін бейнекассеталардағы бейнежазбаларды көрсету үшін қолданылады.
Диктофондар күдікті адамдардың ауызша көрсетімдерін жедел аудиожазу үшін және оны тергеу әрекеттерінде пайдалану үшін қолданылады.
6) техникалық көзбен көріп қадағалау құралдарын тұрақты түрде кеден органдарының қызметкерлері кедендік бақылау аймақтарындағы жедел жағдайды және кеден органдары әкімшілік ғимараттарының объектілерін түнгі және күндізгі уақытта қадағалау үшін қолданады.
7) аудио және бейне ақпарат тасығыштарын бақылаудың техникалық құралдары осы техникалық ақпарат тасығыштардың экспорты мен импорты кезінде магниттік тасығыштарға (бобиналардағы, пленкалардағы, компакт-кассеталардағы, дискілердегі, ЭЕМ дискеттеріндегі) жазылған аудиоақпараттар мен бейне ақпараттарды көру, тыңдау және өшіру үшін қолданылады. Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе оған әкелуге тыйым салынған аудио және бейне ақпараттар анықталған жағдайда тиісті анықтау органдарына хабарланады немесе ақпараттар техникалық тасығыштан өшіріледі. Шығарылған фотопленкалар мен кинопленкаларды, слайдтар мен микрофишаларды көзбен көріп бақылауды жүзеге асыру үшін де қолданылады.
8) Жедел байланыстың техникалық құралдарын кеден органдары жұмылдырылған топтармен жүргізілетін далалық жағдайларда жедел байланысты қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде қолданылады.
Қазіргі кезде ҚР кеден органдарында жұмылындырылған топтар мен бір жиілікте жұмыс істейтін адамдардың өзара жедел іс-қимылына арналған өз кезегінде бірге алып жүретін, жылжымалы, автокөліктер тасымалданатын және стационарлық радиостанциялар болып бөлінетін ҚТ және УҚТ байланысының радиоқұралдары қолданылады.
9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салудың техникалық құралдары оларды рұқсатсыз ашудың алдын алу мақсатында тауарларды контейнерлерге, вагондарға, цистерналарға, көлік құралдарына және басқа да ыдыс түрлеріне қаттау процесі аяқталғаннан кейін қолданылады. Салынған атрибуттар кеден органдарының қызметкерлері тауардың кеден бекеттері мен өтпелері арқылы транзиті кезінде бірдейлендіру үшін жүк кедендік декларациясына енгізіледі.