Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………………………….2
Негізгі бөлім:
І. Aқша теориясының эволюциялық дамуы
- Ақшаның пайда болуы және даму процесі…………………………..3
- Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері……………………………6
- Ақша түрлерінің экономикадағы орны……………………………….16
ІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша реформаларының даму ерекшеліктері.
- Ақшаның өтпелі кезеңдегі алғашқы даму жылдарына сипаттама………………………………………………………………………….21
- Ұлттық Банктің ақшаны тұрақтандырудағы шаралары……26
Қорытынды……………………………………………………………………….30
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………31
Кіріспе
Ақша қазіргі — өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгісі. Оның қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды біріккен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Ақша тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арсында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы экономикада ақаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарады. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісім-шарт бойыеша натуралды өлшеммен бөлінді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімінің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолдануда.
- I. 1.1 Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген тауар зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы болып отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. “Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша”.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға таңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 1 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.)
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды.
Тауар айналысының тарихи эволюциалық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген “біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтар ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүиесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың касасында 5450 руб. Күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда , Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат — қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі “экзотикалық” ақшалар болған. Каролин аралдары тобында Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәселесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,құйма түріндегі тұздар, т.б.
Адамзат металл ақшаларға дейін жүздеген ақша түрлерін пайдаланған. Ежелгі Месопотамия және Египет мемлекеттерінде айырбас кезінде металл құймаларын байланыстырушы ретінде пайдаланған. Кейде осы металл ақшаларды дөңгелек, жарты дөңгелек формасында жасаған. Біртіндеп адамдар құймаларды белгілі салмақта жасау және бағалы металдар – алтын мен күмістен жасау тиімдірек екенін түсінді. Құйманы таза алтын мен күмістен жасамай, оған қорғасын, қалайы немесе басқа да арзан металл араластыруға болатын болды. Сыртқы көрінісінен таза құйманы жасанды құймадан ажырату қйын болды. Ол үшін металл пробасын, салмағын тексеру қажет болды. Жасанды ақша шығаруға, бағалы металға арзан металды араластыруға шек қою үшін, мемлекет металл ақшаларды таңбалай бастады. Осылайша алғашқы монеталар пайда болды.
Қазіргі кезде ежелгі монеталар б.з.д. 17 ғасырда малазиялық мемлекет Лидияда пайда болғаны анықталған. Бұл монеталар алтын мен күмістің электр-қорытпасынан болған. Кейінірек Лидиядан тәуелсіз күмістен соғылған монеталар Эгина аралында пайда болды. Себебі дәл сол жерде монета түріндегі ақшаны қажет еткен ұсақ сауда дамыған.
Көп уақыт өтпей қарапайым лидиялық және эгиндік монета соғу техникасынан біршама жетілген түріне көшті: әдетте құю арқылы алынатын монеталық дөңгелекшелер, оны екі целиндірлік немесе квадраттық мөрі бар қимаға салған және астыңғы жағын төске бекітіліп, үстінен балғамен ұрған. Билеуші немесе билеуші халық, кейбір қалалық құдайлар немесе әулиелер туралы жазулар мен кескіндер әрқашанда монета түрінің негізгі бөлігі болған. Себебі монета – бұл салмағы мен тазалығы мемлекетпен куәландырылған, кепілдік берілген металл бөлігі. Монета басылған кескін – оны жасап шығарған мемлекет немесе қаланың мөрі сияқты.
Сирек те болса мемлекетпен емес, шіркеу немесе жеке тұлға атынан шығарылған монеталар кездеседі. 16-17 ғасырларда Англияда, Солтүстік Америкада, Канадада жеке монеталар соғылған. Мысалы, Бэтсрел деген банкир өзінің Сесарфордтондағы (Солтүстік Каролина) шеберханасында алтынмен 11 млн. Франк монета шығарған. Монеталарда олардың салмағы, банкирдің аты-жөні мен тұрғын-жайы көрсетілген.Бірақ бұндай жеке ақшалар сирек болған.
17 ғасырдың екінші жартысында қағаз ақшалар шықты, ал 19 ғасырда олар алдыңғы орынға шықты. Металл ақшалар айырбас үшін, көмекші ролге ығыстырылды. Монеталардың өзі экономика тарихында маңызды қайнар көз болуды доғарды.
1.2 Ақша экономикадағы ролін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбас процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
- құн өлшем және баға масштабы
- айналыс құралы
- төлем құралы
- қорлану және қор жинау құралы
- дүниежүзілік ақша
Ақшаның кез-келген тауарларға теңгерілу қызметі ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқаратын қызметі – ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Таурдың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Срндықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар – адам еңбегінің өнімі, ол өнімлерді біріне-бірін теңестірудің біріңғай негізі – абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны – тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі – ол ақшаның экономикалық қызметі яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен – құқықтық сипаттамадағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарына металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Соның негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі – айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналды. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А – ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т – ақшаға басқа қажетті тауар сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А – процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нақты тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып, түйісіп біртұтас тауар айналысы процесін (Т-А-Т1-Т2 А1-Т2-А2) құрайды. Осы процестер барысында ақша бірінші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп ақша айналысын құрайды. Сөйтіп, ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;
ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын) емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар-ақша айналысының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызды. Ол үшін нақты ақша – алтынның символы ретінде кембағалы монеталар мен қағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік беріп, адамдар мойындауы қажет. Соның нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше белгілерімен куәландырылған ұлттық ақшалар мен майда монеталары дүниеге келді.
Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша мөлшері сатылатын тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, солғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналыстағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кембағалы ақша құнсызданады. Оны ғылым тілінде «инфляция» деп атайды.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл – тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы — несие беруші, ал сатып алушы – борышқор деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін төлеу;
в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д) құқықтық-сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктері: бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және қолма-қол ақшалармен қатар несие ақшалары да жүреді.
Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбіне төлем құралы ретінде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол ақшаны қатыстырмастан қарыз міндеттемелерін (мысалы вексель) өзара есепке алу жолымен өтуге мүмкіндік туғызады.
Ақша төлем құралын атқаруына байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәнге ие болады. Атап айтқанда, тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма-қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымға ақша қажеттігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтелетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша (жабдықтаушының шоты бойынша) уақытында төлем түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді (өтеу мерзімі өткен қарыздар, бюджетке төлейтін төлемдер, жалақы бойынша және т.б. төлемдер).
Сөйтіп ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол – алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.
Ақшаның келесі қызметі – қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты.
Тауар айналымының үзіліссіз бірқалыпты жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша мөлшерін қосып, кейде, керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі. Көктемде егін егу үшін алдын-ала қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткізу, тұқым және жанар-жағар майларды дайындау және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек. Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдік, әшекей бұйымдарын жинау, жеке қор жинауға құмарлық т.с.с. Әлеуметтік себептер де ақша жинауға әсер етеді.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз және несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адмдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдар түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Ал толық құнды ақша (алтын) материалданған құн ретінде жалпы байлықтың өкілі болып табылады. Мұның мәнісі, ақшаның байлық құру құралы қызметін тек толық құнды ақша ғана: алтын құймалары, одан жасалған әшекей бұйымдары, сонымен қатар қымбат тастар атқарады. Бұндай қор – елдің байлығының көрінісі. Байлық мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде стихиялы құбылыстар кезінде жұмсалады.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметі арқылы ұлттық таюысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының интеграциялдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар – ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғы-шарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-сатыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша «өзінен ұлттық мундирін шешіп», яғни алтын құймасы формасында айналысқа түседі. 1867 ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезден алтын дүниежүзілік ақша ретінде танылып, үш түрлі бағытта қолданылды. Атап айтқанда:
- бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады
- бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді. (Мысалы, егін шықпай қойған жылдары – астық, қант)
- қоғамдық байлықты материалдандыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция (соғыста жеңілген мемлекеттің жеңіп шыққан мемлекетке төлейтін соғыс салығы) салығын төлегенде, репарация (жеңілген елдің жеңген мемлекетке соғыс зиянын түгел, ия жартылай төлеуі) зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.
Дегенмен, тіпті алтын стандартты ақша жүйесі кезінде де ағымдағы халықаралық есеп айырысу алдыңғы елдердің ұлттық валютасымен жүргізілді. Халықаралық төлем айналымында негізінен несие құралдары жүрді. Мысалы, 1913 ж. халықаралық есеп айырысудың 80 проценті ағылшындық фунт стерлингпен толтырылған аударым векселімен жүргізілген, ал халықаралық есептеудің сальдосын (қалдығын) өтеу үшін ғана алтын қолданылған.
Әлемдік байланыстардың интенсивтендірілуі және несие қатынастарының дамуы, сонымен бірге әлемдік біріңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық айналымға алтынның орнына кейбір ұлттық валюталарды енгізуге мәжбүр етті. 1922 ж. Генуяда өткен бірінші халықаралық келісімде ағылшынның фунт стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жариаланып, халықаралық айналымға енгізілді. Екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінің негізі бекітілді. Бұл келісім АҚШ-тың долларына фунт стерлингке резервтік валюта статусын берді. Одан кейін дүниежүзілік ақшаның жаңа формалары пайда болды: СДР – халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу (ақша) өлшемі (1970 ж.), ЭКЮ – аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 ж.), оны Еуропа валюта жүйесіне мүше-мемлекеттер қолданады. Ал 1999 ж. 1 қаңтарында енгізілген жаңа валюта – еуро бірте-бірте ЭКЮ-ды айналыстан ығыстырады деп күтүлуде.
Айта кететін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.
Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілерінің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:
- бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғары үлесті салмағы бар;
- бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.
Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда. Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де кездеседі.
Алайда, дүниежүзілік ақша ретінде тек алтын танылғансын халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркін айырбасталуы тиіс. Бұл қасиеттің болмауы дүниежүзілік төлем қатынастарының дағдарысын көрсетеді.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жуйесі 1995 ж. 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі – биметаллизм және монометаллизмге тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
«ақсақ» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табиғатына қарама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда – 1871-1873 жж., Францияда – 1876-1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1834-1852 жж., Үндістанда 1852-1893 жж., Нидерландыда 1847-1875 жж. қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда – 1700 фунт стерлинг, Францияда – 215 мың франктің құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегида және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталисттік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқтатылды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизміні құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
1.3 Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы) ақшалар және құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар).
Нағыз ақшалар – бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар 7 ғ. б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы 9-10 ғ.ғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын моенталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де 19 ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орында, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіру және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті де бірдей атқарады.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері боған:
- Алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
- Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
- Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынтыландырмады.
Сонымен, алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің соғыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері.Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: нағыз ақшаларға және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері болған:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдың құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
- бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. 17 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық бюджеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 ж.ж. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген бағасы бар құнды білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге, несиеге берілумен байланысты пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың эконмикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; қағаз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасаумен сипатталады.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.
Вексель – белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша міндеттемесін білдіреді. Вексельдің екі түрі болады: жай вексель және аудармалы вексель.
Жай вексель – борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі.
Аудармалы вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанттың) қарызды алушыға (трассатққа) төлеу туралы бұйрығынан білдіреді. Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аудару туралы қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әрбір иноссант, вексель бойынша бірлескен түрде жауап береді.
Жай вексель мен аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері болып табылады. Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық вексель – белгілі бір соманы қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
- абстрактылық, яғни вексельде мәміленің нақты түрі көрсетілмейді;
- дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейін қарыздың міндетті түрде төленуге тиісті;
- айналымдық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Банкнота – қазіргі уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен Орталық банктен шығарылатын, несиелік айналыс құралы.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендей айырмашылықтары бар:
- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал, банкнота- мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
- кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, оған мемлекет кепілдік береді.
Жалпы банкнотаны екі түрге бөлуге болады: классикалық және жай банкноталар.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде металға еркін алмастырылатын, яғни металиен қамтамасыз етілген Орталық банктің билетін білдіреді.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан айырмашылығы бар:
- жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретінде қызметінен, ал банкнота – ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
- эмиссиялық әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны – Орталық банк шығарады;
- қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылады, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
- ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқтатылғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық банктің портфелі көбірек қазыналық вексельдер және міндеттемелермен толықты.
Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банктің билеттерін білдіреді. Бірақ та олар металға ауыстырылмайды, яғни өз кезегінде банктің активтерімен ғана қамтамасыз етіледі.
Қазіргі айналыста жүрген Орталық банктен шығатын банкноталар алтынмен қамьтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде банкноталардың эмиссиялануының келесідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:
- шаруашылықты банктік несиелеу жолымен;
- мемлекетті банктік несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында;
- активті төлем балансы бар елдерде (Германия, Жапония т.б.) ресми валюталық резервтерінің өсуі жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда, коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуымен байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда боған. Алғашқы чектер 1683 ж. Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чектің мынадай түрлері бар:
атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
келісілген чек – банк белгілі бір соманы төлеуге келісім береді.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
- ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
- ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
- ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.
Банктік операциялардың механизациялануы мен автоматтандырылуы, ЭЕМ кеңінен пайдалануға өтуі электрондық ақшалар арқылы қарызды өтеудің жаңа әдістерінің пайда болуына мүмкіндік жасады.
Банк ісіне ЭЕМ енгізу негізінде чектердің несиелік карточкаларға ауысу мүмкіндігі туды.
Несиелік карточкалар – бұл нақты ақшалар мен чектердің орнын ауыстыратын, сондай-ақ оның иесіне қысқа мерзімді несие алуға мүмкіндік беретін есеп айырысу құралын білдіреді.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың келесідей төрт түрі пайдаланылады: саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Бірақ та біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады. Бүгінгі күні біздің елімізде саудаға арналған несиелік карточкалармен қатар бензин сатып алуға арналған несиелік карточкалар да қолданылады.
- II. 2.1 Қазақстан Республикасында 1993 ж. ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі – ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 ж. басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. қолма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, 1981-1985 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.
1991 ж. қаңтарындағы «КСРО Мемлекеттік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы» КСРО Президентінің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
1992 ж. қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейдің Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рубльдің (сол кездегі жоқ мемлекеттің) басты эмитенті қызметін атқаруды соған міндеттеді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттігін тудырды. Республикалар өздерінің егемендігін жариалаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамасыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық – ақша шығаратын станок – біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбәр тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж. маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом шығарды.
1992 ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды. Қолма-қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша құнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайтын.
Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша-несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей Банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша (рубль) зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет — өзінің ұлттық валютасын енгізу – болмай қалмайтын процесс. Ол 1992 ж. маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусьтің өз ұлттық валюталарын егізуімен жалғасты. 1993 ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.
1993 ж. 15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды. Онда қойылған міндет:
біріншіден, ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындық болуы;
екіншіден, бұл ең маңыздысы – рубль зонасынан шығатын мемлекеттер айналымнан шығарылған КСРО-ның банкнотасын толық көлемінде оларды жою үшін Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.
Бұл міндеттемелерді орындау – айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік ақшаны пайдаланатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою болатын, яғни бір ел басқа елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түрікменістан, Әзербайжан, Армения, Молдова тастап шықты.
Сол кезде рубль аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта, 1993 ж. көктемінде жаңа ресейлік 1993 ж. үлгідегі рубль шығарып, оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады. Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет – Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді (өз ұлттық валютасын 1995 ж. енгізген Тәжікстанды қоспағанда).
1993 ж. 23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж. Шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін (1991-1992 жж. 50, 100, 200, 500, 1000 сом) және 1992 ж. шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000 рубльді айналыстан шығарылатыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгіленген болатын. Екі күннен соң Ресей Президентінің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйегіне дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтілді.
Сөйтіп, 1992-1993 жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жж. банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңес Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп. Шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда «Хариссон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта — 1, 3, 5, 10, 20,50 және 100 теңге – дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды. Осы Жарлыққа сәйкес:
1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиынна құралды, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
Қома-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтармен салымдар 500 рубль 1 теңге арқатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп. Ол туралы төл құжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге болды.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғышқы ұлттық валюта – теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылар бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жариаланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банкі сатып алып, өз резерв қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банкі сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы миністірлігіне 180 млн. Доллар берді. Бұл 17 жылға берілген «жұмсақ» несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 ж. ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
Айналымға теңгені инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1991 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғни кәсәпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компанисы басталғанда теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993 ж. 2500% болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 % дейін төмендеді, 1995 ж. Қазақстандағы инфляция 58% болды.
1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.
1998 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдерді біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион теңгеден асқан!) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігін және теңге мен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 ж. күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999 ж. сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премьер-министр былай деген: «Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсынытың қалай қалыптасатынына байланысты анықталды, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді. Ендігі жерде олай болмайды…
Қазақстанның төңірегіндегі елдерде – біздің негізгі сауда әріптесімізде – ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Ресейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай төрт есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанды теңге тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 %-ке дерлік немесе 1 млд. 300 млн. доллар мөлшерінде кеміді, ол біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млд. 250 млн. долларға қысқарды.
Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі шектеулер қойдық және Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 %-ке дейін жеткіздік. Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірушілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда…
Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар – теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек.»
Сонымен Қазақстан теңгесі міне он жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.
2.2 Ұлттық банк заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу фомасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылды.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариалануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 ж. дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алды, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі- кәсіпорындар арсындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 ж.жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбею нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл – сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақша құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбею орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервте жатады. Міндетті резервтер бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады.).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңеуінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасының қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл — айналымдағы қолма-қол ақашалрдың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда мультипликациаланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интесивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффиценттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақша айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімінің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 ж. Францияда 68,5%, Германияда – 64,5%, Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ-та – 77,5%, Жапонияда – 116,7% болды. Қазақстанда 1995 ж. монетаризация деңгейі 12%-ке жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.
Қорытынды
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды.
Өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдыры, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.
Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша.
Сөйтіп, ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ эквивалент ролін атқару.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арсындағы экономикалық қтынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Қолданылған әдебиеттер.
- Г.С. Сейітқасымов Ақша, несие, банктер: Оқулық.. – А.: Экономика, 2001
- Н. Назарбаев Қазақстан-2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – А.: Білім, 1997
- Алмазова О.Л., Дубоносов Л.А. Золото и валюта: прошлое и настоящее. – М.: Финансы и статистика, 1998
- Саниев М.С. Деньги, кредит, банки. – А.: Алматинский коммерческий институт, 2000
- Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов, 1999
- Б. Кошенова Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. – А.: Экономика, 2000
- Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка: Учебное пособие. – А.: Экономика, 1996
- Мақышев Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – А.: Қазақ Университеті, 2000
- Русско-казахский словарь предпринимателя. – А.: МЧП, 1993
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 1995ж. 30 наурыз
- Лаврушин О.И. Деньги, кредит, банки. – М.: Финансы и статистика, 1999
- Банки Казахстана: Современные деньги, №8/1998
- Банки Казахстана: Из историй денег, №2/2001
- Банки Казахстана: Монета как составляющая часть национальной валюты Казахстана, №5/2002
- Деньги и кредит: Деньги, выпуск, защита, №4/2002
- Вопросы экономики №9/2002
- Вестник КазГУ: Денежно кредитная политика РК, №5/2002