Жоспар
1 Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы
1.2 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
2 «Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру.
2.1 Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау.
2.2 «Алатау» ЖШС-нің техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау.
2.3 «Алатау» ЖШС-нің маркетингтік қызметін және бәсекеге қабілеттілігін талдау.
3 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары.
3.1 Бәсекеге қабілетті өнім өндірудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру.
3.2 «Алатау» ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі
- Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.
Қазақстандағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы экономикалық өсудің негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан-2030» даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді./1/.
Сыртқы нарықтарда тұтыну үшін күрес шын мәнде бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауадың бәсекеқабілеттілігі мен оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекетті, экономиканы құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі БСҰ кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 2004 жылдың 19 наурызында елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауы соған дәлел болып отыр. Ол жолдауда мынандай сөздер келтірілген:
“Мемлекеттің бәсекеге қабілетті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің бараныша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып отыр. Біз бұған өз еліміздің бәсекеқабілеттілігін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз”./2/.
Сондықтан қазіргі таңда маркетингтің Қазақстанда қалыптасуы мен бәсекеге қабілетті өнім шығару аса маңызды, актуалды мәселе болып отыр.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – маркетингтің және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалады:
- Маркетинг және бәсекеқабілеттіктің териялық және әдістемелік мәселелені зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау;
- Қазақстандағы құс еті нарығын зерттеу;
- Кәсіпорындағы маркетинті басқару процессін қарастыру;
- Кәсіпорынның маркетингтік қызметін және өнімнің бәсекелік қабілеттілігін талдау және оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
Сапа мен бәсекелестік — өзіне нарық жағдайында сәйкес тауар белгілерін құрайтын көп аспектілі түсінік. Мысалы: баға, сервис, жарнама, өткізу каналдары, жеткізу мерзімдері, сапа және тағы басқа. Сапа – бәсеке көрсеткіштерінің ең маңыздысы және оның «табиғи» реттегіші.
Сапа — тауар бәсекелестігі элементі ретінде үлкен күш пен шығынды, өндірістің техникалық базасын және оның объектілерін дер кезінде жаңартуды талап етеді. Бірақ, егер елде сапаға қойылатын талап төмен немесе тауар бәрі бір сатып алынып жатса, онда өндірушілерде «артық» күш жұмсау ынтасы жоғалады.
Әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді істі ғана жүзеге асырады, сәйкесінше, шаруашылықта кез-келген үрдіс көпшіліктің немесе мемлекеттің мүддесіне сәйкес келгенде ғана жүзеге аса бастайды. Осылайша, «көрінбейтін қол» принципіне сәйкес бәсекелестік сапаны қамтамасыз ету механизмі ретінде, ал сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып нарықтық экономика тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды механизмі болып табылады.
Бәсеке – бұл өнімді өндіру мен тауар және қызметті өткізудің тиімді шаруашылықтары үшін өндірушілер арасындағы күрес. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – деп нақты сатып алушы үшін берілген өнімнің тартымдылық дәрежесі аталады. Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілік тауардың ерекше сипаттамасы емес, тұтынушы үшін тартымдылығымен байланысты. Осылайша, тұтынушының суверинитеті байқалады: ол объективті қателессе де шешуші сөз сонда. Сонымен бірге, тауардың күшті бәскелестік қабілеттілігі мен сату көлемі арасын тең деп санауға болмайды, олар бір-бірімен байланысты болса да әр түрлі мағынаға ие. Біріншіден, сатып алушыны қанағаттандырмайтын (сәйкесінше, бәсекге қабілетсіз) өнімдер дефицитте немесе таңдау болмаған жағдайда белсенді сатылуы мүмкін. Екіншіден, төмен сапалы тауар сатуға итермелейді. Үшіншіден, бәсекеге қабілетті тауар тұтынушының кейбір тобына ғана бағытталуы мүмкін.
Халықаралық ИСО 9000 анықтамасына сәйкес: «Өнімнің сапасы – бұл белгіленген немесе ойлаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілеті бар өнімнің немесе қызметтің жалпы сипаты». Сондықтан сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Өнімнің сапасына нарық талаптары; адам өміріне, денсаулығына және қоршаған орта қауіпсіздігі; жоғары техникалық деңгейі, сенімділігі; қазіргі талаптарға сай дизайні эстетикалық – эргономикалық қаситтері; жөндеуге қолайлылығы, ұзақ мерзімділігі; стандарттау және унификациялау дәрежесі; патентті-құқықтық қорғалуы және басқа да факторлар ықпал етеді.
Қазақстан экономикасының бәсекелестігін арттыру отандық өнімдердің сапасын арттыру арқылы жүзеге асатынын ескерсек, бұл бағытта Үкіметтің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 590 қаулысымен бекітілген «2001-2005ж. арналған республикалық «Сапа» бағдарламасын» қабылдағанын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама отандық тауарлар мен көрсетілген қызметтер мен бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімдердің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындар қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындайды.
Негізгі мақсаты мен міндеттері болып:
- көзделген өткізу нарығы стандарттарының талаптарына сай және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын ішкі және сыртқы нарықтарда сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлар мен көрсетілген қызметтерге жобалау мен өндіру үшін жағдай жасау;
- отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу;
- өнімдер мен көрсетілген қызметтер сапасын және бәсекеге қабілеттілігі саласында нормативті-құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету;
- Мемлекетте экономиканы тиімді реформалау процесінің жеделдетуін қамтамасыз ететін тауармен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруға жәрдемдесетін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік жағдайлар жасау.
Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде, сондай-ақ макро және микро деңгейде қарастыру керек.
Өнімнің сапасын көтеру:
— өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;
— экспорт құрылымын жақсартуға;
— ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа өткізу нарықтары мен гүлдену.
Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күннен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.
Өнім сапасы мәселесі — тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.
- Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;
− сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы.
- Өнім сапасы:
− өнімнің техникалық — функционалдық қасиеттері;
− қосымша пайдалылықтың болуы;
− өнімнің танымалдық деңгейі.
- Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
− жарнаманың тиімділігі;
− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда: «Сапа бағдарламасы, «Жеңіл және өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы, «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы» мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын «Демпингке қарсы шаралар туралы», «Теріс пиғылды бәсеке туралы» ішкі нарықты, шет мемлекетпен субсидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған «Субсидиялармен орын толтыру шаралары туралы» және Президентіміз бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкішіліктер алдына қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді стратегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен Заңдар жатады.
Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т.б. жатады.
Сатып алушылардың 80% өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор:
− функционалдық қасиеттер тұтыну.
— әлеуметтік арналымы;
— эргономиялық қасиеттер –
эстетикалық қасиеттер
— экологиялық қасиеттері,
— гигиеналық қасиеттер
. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т.б.-мен анықталады.
1.2 Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін құрайтын көрсеткіштерді толығымен қарастырып өтейік:
Техникалық көрсеткіш — нарықта тұтынушылар ұсынатын талаптарға өнімнің сапасының, техникалық деңгейінің сәйкес келуімен анықталады. Бұл талаптар біздің елімізде де, шет мемлекеттерде қол жеткізілген ғылыми техникалық прогресстің және әлеуметтік-экономикалық деңгейінің жеке және қоғамдық қажеттіліктерді сипаттайды.
Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге талаптары ұлттық және халықаралық стандарттардан көрінеді.
Стандарттау дегеніміз – шығаруға дайындалған өніміне, оны маркировкалау әдістеріне, қорабына, тасымалдауына және сақтауына техникалық көрсеткіштерді (нормаларды) дайындау және белгілеу./5/.
Стандартталатын затпен анықталатын құжат – стандарт деп аталады. Стандарттар өнімнің толық сипаттамасын, оны өндірудің техникалық шарттары, қабылдау, сорттау, қораптау, тасымалдау және сақтау ережелерін қамтиды. Өнімнің сапасын бағалау кезінде ең бірінші оның стандартқа сәйкестігіне көңіл бөлінеді. Стандарттарға сәйкес келу – реттелетін тұтынуылық параметр. Оны бұзған жағдайда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі нөлге теңеледі.
Өнім сапасы – тауар өнімінің бір бірлігін өндіруге белгіленген техника деңгейіне жету дәрежесі. Ол органолептикалық әдіспен (сезім мүшелері арқылы) немесе техника құралдарын, реактивтерді, аппарат, приборларды қолданып лабараториялық зерттеулер жүргізумен анықталады.
Өнімнің техникалық бәсекеге қабілеттілігі — өте икемді және динамикалық көрсеткіш. Ол белгілі бір өнімді өндіретін ірі әлемдік және мемлекет ішінде болатын ғылыми техникалық прогресс қарқынына сәйкес және перманентті өзгеріп отырады.
Коммерциялық жағдай. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын коммерциялық шарттарға келесілер жатады:
- Бағалық көрсеткіштер;
- Жеткізілетін тауар төлемі мен жеткізу шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер;
- Өндірушілер мен тұтынушылар нарығындағы кеден және салық жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер;
- Сатушылардың міндеттері мен кепілін орындау дәрежесін бейнелейтін көрсеткіштер.
Бәсекеге қабілеттілікке тауар өндірші беретін кепіл мен көрсетілген мерзімде жоғары сапалы және берік тауарды жеткізу міндеттемелерін орындау да әсер етеді.
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|||||
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігіне көптеген факторлар әсер етеді. Енді солар жеке тоқтап көрейік.
Жалпы жоспарда кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн факторларды макроэкономикалық және микроэкономикалық .
Макроэкономикалық факторларға:
- Мемлекеттiң ролi бәсекелестiк жағдайы — нарыққа қатысуын бақылау,
- Еңбектi және капиталды бөлу;
- Айырбас курсы, пайыз мөлшерлемесi;
- Қоғамдық сектордың нарықтық жүйеге салықтық жүйемен және өнеркәсiптiк саясат күшiмен ену;
- Әлеуметтiк тұрақтылық деңгейi.
Ал микроэкономикалық факторларға келесiлер жатады:
- Негiзгi қорлар
- Жұмыс күшi (
- Технологиялық мүмкiндiктер
- Басқару (
- Коммуникация және инфрақұрылым
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау бүгінгі күні өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Өнімнің бәсекелік қабілеті оның құрамындағы заттармен, сапасымен, беріктігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен және сол сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі қажет.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді. Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы- ол өнімнің тартымдылық қасиеті, оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және оның тартымдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының талаптарына талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бәсекелік тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады.
Нарықтағы өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау үшін, ең алдымен әрбір көрсеткіштің түтынушы үшін салыстырмалы маңыздылығы анықтап алу қажет. Бұл үшін тұтынушылардан алынған жауаптарға сараптық бағалау жүргізіледі.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың келесі кезеңі, яғни оның тартымдылық қасиеттері деңгейін анықтау да, сапа деңгейі іспеттес, салыстырмалы түрде балдық жүйемен жүргізіледі. өнімнің тартымдылық қасиеттері бойынша маңыздылық қасиеттерін анықтау үшін сараптық бағалау нәтижелері сұрыпталады. Оның ішіне: өнімнің тартымдылығы, сауда белгісінің беделі және сенімділігі, сыртқы қорабының келбеті, таңдау еркіндігі.
Жалпы алғанда, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мәселесі әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр. Тек сапалық немесе құндылық көрсеткіштермен ғана емес, сол сияқты өнімнің тартымдылық қасиеттерімен де шетелдік өнімдерден ерекшелену міндетін орындау үшін әрбір кәсіпорын өзінде бар мүмкіншіліктерді барынша пайдалану және оған мемлекет тарапынан кең қолдау көрсету қажеттілігі айқын сезіледі.
2 «Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру.
2.1 Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау.
Әлемде жұмыртқаны тұтыну динамикалық түрде дамуда. 2000 жылы жұмыртқаны тұтынудың орташа тұтыну көлемі 833 млрд. данаға жетті. Жұмыртқаны әлемдік өндіруден лидерлер болып Қытай (314 млрд. дана), АҚШ (83,5 млрд. дана), Жапония (41,8 млрд. дана), Ресей (34,5 млрд. дана) табылады.
1 диаграмма — Әлемдегі ең ірі жұмыртқа өндірушілер
1 кесте — Дүние жүзіндегі жұмыртқаны тұтыну
Мемлекет |
Жан басына шаққандағы тұтыну дана/жыл |
Дания |
360 |
Жапония |
347 |
Чехия |
327 |
АҚШ |
270 |
Германия |
268 |
Қытай |
265 |
Франция |
255 |
Ресей |
242 |
Қазақстан |
113 |
1 Кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан мен Ресейдегі жұмыртқаны тұтыну деңгейі дамыған мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда төмен. Болжам бойынша Қазақстан Республикасында жұмыртқаны тұтынудың жылына адам басына шаққанда 2005 жылы 120 жұмыртқадан көп болады.
Қазақстанда 1 дана жұмыртқаның бөлшек бағасы 5 центті құраса, АҚШ-та 3,3 цент. ҚР-да көтерме бағасы 7-8 цент болса, АҚШ-та 7,6 цент болады.. Баға бойынша басқа ақуызы бар азықтарға қарағанда жұмыртқаға деген сұраныс айтарлықтай икемді.
Құс етін әлемдік өндіру мен пайдалану ерекше қарқынмен өсуде. Соңғы 10 жыл ішінде ол 50%-ке өссе, сиыр және қой еті 20%-ке ғана өскен. Жалпы соңғы 20 жылда құс етінің әлемдік орташа өсімі 5,2% болған. Жоғарғы өсу деңгейін Қытай көрсетіп отыр: он жыл бойы жылына 15% өсуде. Бүгінгі күннің өзінде Азия құс етін өндіру көлемі бойынша бірінші орынға шықты.
Қазақстанда отыз жыл бұрын өнеркәсiп негiзiнде жұмыртқа және құс етi өндiрiсi бойынша қуатты сала құрылған едi. Бұл сала халықтың жоғарғы тұтынымды өнiммен қамтамасыз етiп қана қоймай, оның қомақты бөлiгi мемлекет шегiнен тыс жерге имтортталды.
Бiздiң мемлекетiмiздiң құс шаруашылығының дамуы үшiн ең маңыздысы, ол сөзсiз табиғатта кездеспейтiн және өзiнiң жаратылуы ғылымға байланысты өнiмдiлiгi жоғары құстың жаңа отандық кроссының пайда болуында едi.
1990 жылдары құс басының тез қысқаруы нәтижесiнде сала әжептеуiр экономикалық залалға ұшырады.
1992 жылы жұмырқа өндiру көлемi 3 565 млн. дана деңгейiнде болған . Диаграммада көрiп отырғанымыздай 1996 жылы республика бойынша, жұмыртқа өндiру 3 есеге дейiн қысқарды, яғни 1 1 262 млн. данаға дейiн. Саланы қайтадан көтеру 1997 жылы басталды, бұл уақытта нарықтың өсуi өткен жылға қарасты 0,27% болды. 2002 жылғы нәтиже бойынша Қазақстанда жұмырқа өндiру көлемi 2 102 млн. дананы құрады, 2001 жылмен салытырғанда 13,3% көбейдi. Жалпы алғанда 1997- 2000 жылдар аралығында нарықтың жалпы орташа өсуi 9% құрады. Ескеретiн жағдай, берiлген кезеңде жұмырқа өндiруде халықтың өзi айналысатын шаруашылығының үлесi үлкен деңгейде тұр (2002 жылы халықтың үлесi үй шаруашылығымен қоса алғанда 46,9%құрады, немесе 985 млн.дана дана жұмырқа). ҚР министрлер кабинетiнiң қаулысына оралсақ 2000 жылы халықтың жұмырқа өндiру дәрежесi жылына 1 400 млн. дана болу керек едi, мандардың бағалауына сүйенсек, қазiргi таңда халықпен өндiру өзiнiң шыңына жеттi және көпшiлiктiң көз-қарасы бойынша, оптималды өндiру жақын арада жылына 1 млрд.жұмырқа құруы қажет. Сәйкесiнше халықпен өндiру деңгейi қазiргi таңда қажеттi деңгейде болып тұр.
Кесте түрiнде оны былай көрсетемiз. Бұл кестеден көрiп отырғанымыздай жұмырқа өндiру бойынша қай аймақ қанша өндiретiнiн және шаруашылық категориялардың осының iшiндегi үлесi көрсетiлген:
2 кесте — ҚР өңірлері бойынша жұмыртқа өндірісі (млн. дана)
Жұмырқа өндiрiсi |
2001 жыл |
2002 жыл |
2003 жыл |
2004 жыл |
Қазақстан Республикасы |
1512,4 |
1692,2 |
1855,3 |
2102,3 |
Ақмола облысы |
132,8 |
162,9 |
185,1 |
22,5 |
Ақтөбе облысы |
70,8 |
71,1 |
72,4 |
83,8 |
Алматы облысы |
328,8 |
418,9 |
415,6 |
494,8 |
Атырау облысы |
0,9 |
0,8 |
0,9 |
4,8 |
Шығыс Қазақстан облысы |
190,6 |
207,4 |
240,2 |
257, |
Жамбыл облысы |
45,0 |
53,9 |
65,5 |
74,4 |
Батыс Қазақстан облысы |
27,0 |
28,3 |
33,3 |
37,4 |
Қарағанды облысы |
128,8 |
147,5 |
172,2 |
190,9 |
Қостанай облысы |
258,4 |
253,2 |
246,8 |
284,9 |
Қызылорда облысы |
18,8 |
23,6 |
24,3 |
28,6 |
Маңғыстау облысы |
— |
— |
3,5 |
1,7 |
Павлодар облысы |
48,8 |
65,5 |
112,0 |
126,8 |
Солт. Қазақстан облысы |
105,2 |
141,3 |
143,2 |
142,8 |
Оңт.Қазақстан облысы |
94,6 |
111,1 |
132,6 |
154,2 |
Астана қаласы |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,5 |
Алматы қаласы |
7,9 |
6,4 |
8,2 |
6,1 |
Республикада құс өндiруден ең жоғарғы жыл 1990 деп белгiленген. ең минималды өсу 2004 жылы байқалған. Бұл басқада республика экономикасы салаларының өсу қарқынымен салыстырғанда және 2003 жылмен салыстырғанда өндiрiлген өнiм 4 % өсiмшесiн құрады.
соңғы үш жылдың iшiнде өңдеушi кәсiпорындардың саны ауыл шаруашылығында екi есеге дейiн өстi.
2.2 «Алатау» ЖШС-нің техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау.
«Алатау» ЖШС-гі өзiнiң қызметiн 1998 жылы наурыз айынан бастаған. «Алматы Құс» АҚ-ы франчайзингтiк компания болып табылады және өз бетiнше ет және жұмыртқа өндiрумен айналыспайды. Компания активтерiн жалға бередi. Жалға алушылар бәсеке негiзiнде таңдалып ұйым оның қызметiне қатаң бақылау жасайды. Табыс құс фабрикасын жалға алушылардың төлемi мен жұмыртқаны өткiзуден жиналады. Сонымен, «Алатау» ЖШС-і «Алматы Құс» АҚ-ның акционері болып келеді. «Алатау» ЖШС-і жарғылық қордағы қарапайым акцияның 1,7% құрайды. Бүгінгі күні «Алатау» ЖШС келесідей қуатқа ие: жылына 855 кг тауық еті және 12 511 000 дана жұмыртқа өндіріледі.
«Алатау» ЖШС мен “Алматы Құс” АҚ арасындағы қатынас келiсiм шарт арқылы бақыланып, шарттары жарты жылда бiр рет қаралып отырады. Жалға алушылардың қызметiне, яғни «Алатау» серіктестігіне “Алматы Құс” АҚ-нан азық сатып алу және жалға алған фабрикаларда жұмыртқа және құс етiн өндiрiп, компанияларға сату жатады. «Алатау» серіктестігі “Алматы Құс” АҚ-на жалға алған мүлiктiң амортизациялық аударымына процент түрiнде ай сайын жал соммасын төлеп отырады. “Алматы Құс” АҚ-ы бөлшек бағаны әрбiр жалға алушы үшiн өндiрiстiк өзiндiк құнға жуық деңгейде жұмыртқа өндірісі жоспарланып отыр. “Алматы Құс” АҚ-мы мен Дистрибьютерлер арасындағы қатынас “Сеймар” сауда белгiсiн жалға беру арқылы құрылды. Дистрибьютерлер функциясына “Алматы Құс” АҚ-нан жұмыртқаны сатып алып, Компанияға франшиза төлеу жатады. Кез-келген дистрибьютор “Сеймар” өнiмiн белгiлi регионда таратуға эксклюзивтi құқыққа ие. Өз регионында дистрибьютер жiберу бағасын өз бетiнше тағайындайды. Жеке сатушылар мен келiсiм жасап, өз сауда саясатын анықтайды.
«Алатау» серіктестігінің негізгі қызметі:
— Құс өнiмiн өндiру және сату;
- Ел қолданатын тауар өндiру және сату;
- Көтерме және жеке сауда;
- Сыртқы экономикалық қызмет;.
Құс фабрикасындағы жаңарту және қайта құру жұмыстарының нәтижесiнде 2002 жылдың аяғында компанияның өндiрiстiк қоры 65% болды.
Бройлер етiнiң алғашқы өндiрiсi 2002 жылдың тамыз айында басталды. Ұйым инкубациялық жұмыртқалардың алғашқы партиясын Голландиядан алып келедi. Бройлердiң алғашқы өндiрiсiнен бастап-ақ нәтижелер жақсы бағаланып, айтарлықтай сұранысқа ие болды.
Ұйым жылдам қарқынмен дами отырып 2003 жылдың мамыр айында келесiдей нәтижелерге жетедi: реконструкция жасалып, құс фабрикалары iске қосылды, инкубациялық парктер iске қосылып, өз өнiмдерiнiң өндiрiсiнде жұмырқа инкубацияланды; құс етiн өндіру бойынша дистребютерлiк жүйе қалыптасты; ”Сеймар” брендi бойынша шығарылған жаңа өнiмдердi тұтынушыларға жеткiзу үшiн ауқымды жарнама жұмыстары жүргiзiлдi.
Кестеден көрiп отырғанымыздай артықшылығы бар акциялардың ең үлен үлесi “Сеймар” ААҚ-ң үлесiне тиiп отыр. Ал қарапайым акцилардың ең үлкен үлесi “Алматы Құс” ААҚ –ң үлесiне тиiп отыр.
5 кесте — «Алатау» ЖШС-нің негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі |
2003 жыл |
2004 жыл |
Ауытқу |
|
+/- |
% |
|||||
1 |
Өткізілген өнім көлемі |
мың тг |
1 581 484 |
2 030 692 |
+449 208 |
128 |
2 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг |
1 147 564 |
1 505 992 |
+358 428
|
125 |
3 |
Жалпы табыс |
мың тг |
133 920 |
224 700 |
+90 780 |
168 |
4 |
Кезең шығындары |
мың тг |
298 747 |
447 104 |
+148 354 |
137 |
5 |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың тг |
264 827 |
322 404 |
57 577 |
122 |
6 |
Негіізгі емес қызметтен түскен табыс |
мың тг |
406 670 |
389 589 |
-17 081 |
95
|
7 |
Таза табыс |
мың тг |
470479 |
498395 |
27898 |
105 |
8 |
Жұмысшылар саны |
адам |
610 |
592 |
-18 |
97 |
9 |
1 жұмысшының еңбек өнімділігі |
мың тг |
2571 |
3430 |
+859 |
133 |
10 |
Жұм-дың еңбекақы қоры |
мың тг |
170 990 |
190 600 |
+19 700 |
111 |
11 |
1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы. |
тг |
23 359 |
26 829 |
+3 470 |
115 |
12 |
Негізгі қордың орташа жылдық құны |
мың тг |
532 687 |
811 703 |
+279 016 |
152 |
13 |
Өнім рентабельдігі |
% |
41 |
33 |
-8 |
80 |
14 |
Өндіріс ретабельділігі |
% |
83,3 |
61,4 |
— 26,9 |
70 |
15 |
Қор сиымдылығы |
мың тг |
0,34 |
0,39 |
0,05 |
115 |
16 |
Қор қайтарымдылығы |
мың тг |
2,94 |
2,56 |
-0,38 |
87 |
17 |
Қормен қарулану |
мың тг |
866 |
1 371 |
+505 |
158 |
18 |
1 тг өткізілген өнімге шаққандағы шығын |
тг |
0,91 |
0,96 |
0,05 |
105 |
4 кесте
5 кесте — «Алатау» кәсіпорынының қаржы тұрақтылығын бағалайтын көрсеткіштер
№ |
Көрсеткіштер |
2003 ж. |
2004ж. |
жыл бойғы өзгеріс |
пункт б/ша өзгеріс |
|||
мың тг |
% |
мың тг |
% |
мың тг |
% |
|
||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1
1.1 1.2 |
Авансталған капитал, оның ішінде: меншікті капитал қарыз капиталы |
6247282
1769647 4502635 |
100
28,3 71,7 |
6436072
1937425 4478647 |
100
30,4 69,6 |
+163790
+167778 +196002 |
2,6
10 -0,6 |
х
2,1 -2,1 |
2 |
Тәуелсіздік коэф. ( 1,1 / 1) |
х |
0,283 |
х |
0,304
|
х |
х |
0,021 |
3 |
Қаржыландыру коэф.( 1,1 / 1,2) |
х |
0,393 |
х |
0,437 |
х |
х |
0,026 |
4 |
Меншікті капитал мен қарыз к. қатынас коэф. (1,2/1,1) |
х |
2,544 |
х |
2,288 |
х |
х |
-0,25 |
Әр құс фабриканың технологиялық процесте өзiнiң қызметi бар.
Әдетте жұмыртқалайтын тауық 560 күн өмiр сүрiп 50 кг жем тұтынады. Өмiрiнiң 440 күнiнде орташа 347 жұмыртқа табады.
Мұндай тауықтар 116 күнiнде жұмыртқалап бастайды. Тағы 440-445 күннен кейiн жұмыртқалау кезеңi аяқталғанда құс сойылып сорпа ретiнде өткiзiледi. Жылына 2-3 рет ең жақсы таңдалған өндiрушiлерден құс фабрикасына жақсы тұқымды жұмыртқа немесе күндiк балапан әкелiнедi.
Осылардан жаңа ата-аналық отар басталады. Ата – ана отары жетiлгеннен кейiн өндiрiстiк отарды құру үшiн инкубациялық жұмыртқа табады. Оның 10 ақау деп табылып, ал қалғандары инкубаторға жiберiледi. 21 күннен кейiн инкубатордан балапандар шығады. Әдетте инкубациялық жұмыртқалардың 90% балапан шығады. Оның жартысы жұмырқалайтын тауық. Тауықтар жас балапандар зонасына жiберiледi де опда 120 күн болады. Бұл жерде тауықтардың 2 — 4% жоғалтылады.
2.3 «Алатау» ЖШС-нің маркетингтік қызметін және бәсекеге қабілеттілігін талдау.
«Алатау» ЖШС-нің маркетингтiк қызметiне келетiн болсақ компанияда маркетингпен “Маркетинг және Өткізу” бөлiмi айналысады. Бұл бөлімнің өзі бірнеше бөлімдерден тұрады.
Маркетингті зеттеу бөлімі, мұнда ең бастысы әлеуетті тұтынушуларды анықтау. Олардың қажеттіліктерін зерттеу, нысаналы нарықты таңдап алу үшін тауарға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе нарыққа жаңа тауарды дайындау, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.
Баға бөлімшесінде
Өткізу бөлімінде
Жарнама бөлімінде
Маркетенгті бақылау
Бөлiм өз қызметiн жақсы атқарады десек те болады. Себебi нарықты зерттеп, бәсекелестердiң әлсiз, күштi жақтарын қарастырып, өнiм сапасын жақсартуға байланысты түрлi iс-шаралар жүргiзiлу деп — сызбада көрсетілгендей маркетинг бөлімшелері олардың атқаратын қызметіне сай бiрiншi кезекте компанияның өткiзу нарығын қарастырып кетейiк. Жалпы алғанда өткiзу нарығы ретiнде Алматы қаласы және Алматы облысының тұтыну нарығын айта кетемiз. Бұл жұмысқа дистрибьютерлер тартылған және аз дәрежеде сауда делдалдары қатысады.
4 сызба — Өнімді өткізу нарығы
Компанияның талаптарына сәйкес iрi диллерлер уақытылы және белгiлi мерзiм бойынша келесiлерге ( шағын делдалдар) , яғни сату өткiзу орындарына тартады. Тұтынушылар үшiн бұл талаптар оларға сапалы және арзан өнiмдердi (бәсекелестерге қарағанда) тұтынуға мүмкiндiк бередi.
Кәсіпорын жабдықтаушылармен сенімді байланыста және олармен ұзақмерзімді келісімшартқа тұрады. Ұйымның негізгі жабдықтаушылары төменде көрсетілген.
6 кесте — Негізгі жабдықтаушылыр
Өндіріске қажетті шикізат |
Жабдықтаушы ел |
1 күндік балапандар |
Испания, Украина |
Ветеринарлық препараттар мен вакцина |
Нидерланды |
Премикстер( дәрумендер мен минералдар) |
Польша |
Гофротаралар |
Қазақстан |
Электр энергиясы |
қазақстан |
Көмір |
Қазақстан |
Соя шроты |
Қазақстан |
Ашытқы |
Қазақстан |
Тары, арпа |
Қазақстан |
Күнбағыс майы |
Қазақстан |
Балық ұны |
Ресей |
7 кесте — «Алатау» ЖШС өнім түрлері.
Атауы |
Салмағы, гр. |
“Супер” |
65 |
«Экстра» |
82 |
«Стандарт» |
50 |
«Оптима» |
42 |
«Мелкое» |
35 |
6 Кестеден көріп отырғанымыздай жабдықтаушылардың көп бөлігі Қазақстанның кәсіпорындары екен. Бұл жегеніміз отандық өндірушілер де бәсекеге қабілетті өнім шығарады деген сөз.
Ал енді «Алатау» ЖШС жұмырқа түрлерінің ассортиментін қарастырып өтейік. Жоғарыда айтып кеткендей “Алматы Құс” АҚ-ы “Сеймар” сауда белгісімен нарыққа танымал.
«Сеймар» жұмыртқалары сатылу алдында құс фабрикаларының лабораторияларында түрлi стандарттарға сәйкес тексерiстен өтедi. Өндiрiс нәтижесiнде өнiмнiң келесiдей түрлерi алынады:
7 кесте — «Алатау» ЖШС өнім түрлері.
Атауы |
Салмағы, гр. |
“Супер” |
65 |
«Экстра» |
82 |
«Стандарт» |
50 |
«Оптима» |
42 |
«Мелкое» |
35 |
Жұмырқаның салмағына қарай да бағасы белгіленеді.
Қазiргi таңда я жұмыртқа өндiрiсi болсын, не болмаса құс етi өндiрiсiнiң тауашасы (ниша) өте сиымды болып келедi және республика аумағында берiлген өнiмге жоғары сұраныс бар. Жұмыртқа өнiмi нарығы қатысушыларының күштiлерiне “Алматы Құс” АҚ, Семей құсфабрикасы, “Қостанай құсфабрикасын” жатқызуға болады.
10 кесте — “Алматы Құс” АҚ-ң негізгі бәсекелестері
Бәсекелестiк факторлар |
“Алматы Құс” АҚ |
“Бент” АҚ |
“Rube-Rose” |
Өнiм |
|
|
|
Сапасы |
4,5 |
4 |
4 |
Стиль |
4,5 |
3 |
3,5 |
Сауда белгiсiнiң танымалдығы |
5 |
4 |
4 |
Талғамдық сапасы |
5 |
3,5 |
3,5 |
Қорабы |
4,5 |
3 |
4 |
Сақталу мерзiмi |
5 |
5 |
4 |
Бағасы |
|
|
|
Прейскурант |
4,5 |
3 |
3 |
Жеңiлдiктер |
4 |
4 |
4,5 |
Төлем нысандары мен мерзiмдерi |
4,5 |
4 |
3 |
Өткiзу арналары |
|
|
|
Тiкелей жеткiзу |
0 |
4 |
0 |
Сауда адамдары |
3,5 |
4 |
3 |
Көтерме делдалдар |
4 |
4 |
3 |
Диллерлер |
4 |
4 |
3,5 |
Нарықта шоғырлану көлемi |
4 |
4 |
3,5 |
Тиiмдiлiгi: |
|
|
|
Қоймалық бөлмелердiң |
4 |
4,5 |
4 |
Қорларды бақылау жүйесiнiң |
5 |
4 |
3,5 |
Тасымалдау жүйесiнiң |
4,5 |
4,5 |
3,5 |
Нарықта өнiмдi жылжыту |
|
|
|
Тұтынушылар үшiн жарнама |
5 |
0 |
0 |
Сауда делдалдарына жарнама |
4 |
0 |
3 |
Персоналды дайындау және даярлау |
4 |
3 |
3 |
Өнiмдi көрсету |
4 |
3 |
3 |
Бәсекелестiк негiзде сату |
4 |
3 |
3 |
Сауда делдалдарын марапаттау |
3 |
3 |
5 |
БАҚ өнiм туралы айту |
5 |
4 |
3 |
Жалпы қорытынды |
98,5 |
82,5 |
77,5 |
Компания негiзгi бәсекелестiк артықшылықтар келесi бағыттар бойынша алынады:
- Бағасы – Hubbard ISA және ROSS 308 тұқымы өнiмдiлiгi жоғары құс түрi болып келедi. Компания қызметi қазiргi таңда осыған бағытталған.
- Сапасы – компания өнiмi үнемi санитарлы – ветеринарлы талаптарға сәйкес тексерiлiп сертификацияланады.
- Қорабы – қорабы-ең көп көңiл тауар сапасына және қораптық сыртқы келбетiне аударылады. Бiрiншiден, қорап сыртында тауар белгiсi қолданылады, бұл тұтынушы үшiн танымал және өнiмнiң жақсы сапасымен ассоциацияланады. Екiншiден, қорап (пакетте) тұтынушы үшiн өте ыңғайлы және берiк болып келедi. Сонымен қатар қорап сыртындағы бояуы өнiмге жұқпайтындай қылып етiлген. Бұдан басқа қорапта (пакетте)өнiмнiң сапасы мен оның тағамдық құндылығы туралы толық ақпарат жазылған.
- Бройлер өндiрiсi процессiн ұйымдастыру, толық циклға негiзделген: инкубациялық жұмыртқа алудан бастап дайын өнiм алуға дейiн.
Өндiрiсте қолданылатын құрал жабдықтар 100 % ауыстырылған. Бұл жаңа технологиялық құрастырмалар есебiнен бройлердi өсiруге көмектеседi, ол құстың жарақат алуын төмендетiп және құрамажем мен ауыз суға үзiлiссiз қол жетерлiкке алып келедi және қосымша салмақ алуда негiзгi фактор болып келедi.
11 кесте — SWOT – талдау
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
· нарықтағы 6 жылғы тәжірибе · банктердің несие берудегі сенімі · жоғары профессионалды команданың болуы · салада брендттің танымал болуы · жекешелендіру мен тоқтап тұрған құс фабрикаларын қалпына келтірудегі жоғарғы тәжірибе · өндірістік құс өсіру бойынша білімділік · ҚР-ның Үкметі тарапынан ұйым стратегиясын саяси қолдау |
· жобаларды жүзеге асыру үшін меншікті капиталдың жеткілікті болмауы · иелікке алған құс фабрикаларындағы негізгі қорлардың жоғарғы тозу деңгейі · ұйым брендінің халықаралық деңгейде айтарлықтай танымал болмауы · ТМД елдерінде саяси байланыстың жеткіліксіздігі. |
Мүмкіндіктері |
Қауіпті тұстары |
· ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанда «ұзақ» және «арзан» ақшаның болуы · ТМД елдеріндегі экономикалық өсу · ТМД елдеріндегі тұтыну секторының өсуі · жоғары рентабельді, өте ауқымды сала · тұтынушылардың отандық тауарларды көбірек тұтынуға бейімделуі · жергілікті шикізаттың болуы · өндірістік қуаттың болуы |
· саяси тәуекелдер · заңдық реттеу · құс өнімдеріне импорттың жоғарылауы · негізгі өндірістік қорлардың тозуы · күшті бәсекелестердің пайда болуы · саладағы профессионалды кадрлар дефициті |
Ал енді “Алматы Құс” АҚ ғы маркетингті ұйымдастыру мен оның өнімінің бәсекеге қабілеттігін қорытындылайтын болсақ, мұндағы маркетингпен айналысатын бөлім өз жұмысын жақсы атқарады. Өнім бәсекеге қабілетті деп қорытынды шығаруға болады.
3 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары.
3.1 Бәсекеге қабілетті өнім өндірудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру.
Әлемдік нарықта қалыптасқан өнімді ұсыну мен оның сұранысына қатысты маркетингтік қағидалар қоғамның дамуына, тұтынушылардың талғамдарына, ұсыныстың артуына байланысты жаңа бағытта көрініс таба бастады. Негізгі үш қағидадан тұратын бұл бағыттың негізгі нысаны болып тұтыну нарығының қажеттілігін ескеру саналады:
- Тұтынушыныңы қажеттілігін ескеру.
- Өзгермелі сұранысқа тез икемделу.
- Өндірістің тиімділігін арттыруда маркетинтік кешенділік сипатын ұстану.
Сонымен аталған бағыт кәсіпорынның тарапынан басқаруға келетін, нақты нарыққа тиісті жауап қайтара алатын, өзара тығыз байланысты жүйені құрайды. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру тетіктері сол өнімнің нақты нарықтағы тұтынушылардың талғамдарына сәйкестік деңгейімен айқындалады. Бұл шарт өнімнің бәсекелік деңгейін анықтауды қажет етеді. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау, ең алдымен, оның сапалық құрамына тәуелді (өңделу деңгейі, дәмі, пішіні, сақталу мерзімі, түсі және т.б.). Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Ішкі нарықтағы жұмыртқа өнімдерінің бәсекелік ортасы, сондай-ақ сыртқы тасымалдаушылардың бәсекелік ортаға әсері өндірушілерді баға саясатын дұрыс жүргізуге итермелейді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы, ол өнімнің тартымдылық қасиеті. Оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және өнімнің танымалдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бәсекелік тұрақтылығының жоғарлауына кепіл болады.
Қазақстан Республикасында жұмыртқа және құс еті өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыруда, осы сала кәсіпорындарында, жоғарыда аталған маркетингтің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жасайтын маркетинтік бөлімдер ұйымдастырылған жөн. Бұл кәсіпорындарда арнайы маркетингтік жүйені ұйымдастыру олардың нарықпен тығыз байланысты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
- Қазіргі кезде жұмыртқа өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарға нарықтағы сұраныстың сипаты, оның сыйымдылығы, бәсекелестерінің мүмкіндіктері және бәсекелік саясаттары туралы толық мәліметтердің жетіспеушілігі байқалады.
Ұсынылатын жаңа өнімнің тартымды келбеті мен сату мәдениеті тұтынушыға жағымды әсер ететіндей саясат қалыптастыру, оның сапалық белгілерінің негізгі сипаттарын көрсете білу маркетингтік жүйелік саясаттың маңызды буынына жатады.
Өнімнің сұранысын қалыптастыруда ішкі нарықтағы тұтынушылар мен сыртық нарыққа шығу мүмкіндіктерін де назардан тыс қалдырмаған жөн.
Отандық кәсіпорындардың өнімді өткізу саясатындағы ең бір әлсіз тұсы өнімді жарнамалау деңгейінің төменділігі. Көптеген тұтынушылардың отандық өнімдердің тұтынушылық сипаттарын жете білмегендігі олар туралы ақпараттың аздығы, осыған сәйкес танымалдылығы жоғары шетелдік өнімдерге сұраныстың қалыптасатыны сезілуде.
3.2 «Алатау» ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі ұсыныстар.
. Біздің ойымызша қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін көтерудің шаралары келесідей:
- Маркетингтік зерттеулердің негізінде бәсекеге қабілеттілік саласындағы жүйелі зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу.
- Микродеңгейдегі маркетинг және менеджментті жақсарту. Маркетинг өндірістік шығындарды азайтуға бағытталуы керек.
- Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі. Несие алуды жеңілдету.
- Мемлекеттік деңгейде ішкі нарықтағы тауарды жылжытуда ақпаратты қолдау. Нарықты, бәсекелестік деңгейін, шикізатты, материалдарды жеткізуде стратегиялық серіктестерді білу қажет.
- ҚР-ң “Теріс пиғылды бәсекелестік” Заңының бұзушылығына жол бермеу.
- Өндірістің техникалық және технологиялық деңгейін көтеру мақсатында жекелеген тұтынутауар нарығын өндіруге инвесторлар тарту. Әлемге танымал тауарлық белгілерді иемденуге мемлекеттік көмек көрсету.
Осындай шараларды жүзеге асыру отандық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы орнын тұрақтандырады. Тауар және тұтыну нарығында сапалы отандық тауар өнімінің көбеюіне және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік береді. Ал енді жеке “Алатау” серіктестігінің маркетингтік қызметі мен бәсекеге қабілеттігін жетілдіру жолдарын қарастырып өтейік. “Алатау” серіктестігінің барлық кешендi маркетингiн қолдану тиiмдiлiк көрсекiтштерiн жақсартады және тұрақтандырады.
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң мәнiн тереңiрек критерилерiн және факторларына көңiл бөлейiк, бұл жерде критерии ретiнде өнiмнiң сапалық және сандық сипаттамасы түсiндiрiледi. Оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн негiзгi болып келетiн, ол фактор ретiнде – тiкелей, себебi бәсекеқабiлеттiлiк бiр немесе бiрнеше критерилерiнiң өзгеруi үшiн қажеттi және жеткiлiктi болуы. “Алатау” серіктестігінің тауарларының бәсекеқабiлеттiлiк критерилерiне мыналарды жатқызса болады:
— Сапа деңгейi және оның тұрақтылығы;
— Жаңашалдықтың деңгейi ;
— Имидж;
— Тұтыну бағасы;
Тұтынудағы жаңашылдық тауардың жаңалық дәрежесi ретiндегi тұтынушы позциясымен анықталады. Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Шетел тәжiрибесi көрсеткендей, бес жыл бойы бiр өнiм түрiн шығарып келетiн компаниялар және тұтынушылық жаңашылдыққа өнiм өндiрiсiн өткiзуiн дайындамағандықтан, бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтады. АҚШ фирмалары тауар-жаңалықтар есебiнен 30-50% пайда алады.
Ассортименттi тиiмдi жаңалаудың басты шарты құрастырылатын жаңалықтарға инвестиция және жаңашылдықты ендiрудiң нәтижесiнде тиiмдiлiк алынуы керек, ол – инновация. “Алатау” серіктестігі енгiзген жаңашылдығының бiрi құс етiн тiтiркендiргiш мұздату (метод шоковой замарожки). Бұның негiзiнде жұмсақ ет бола отырып, өзiнiң тұтынушылық көрсеткiштерiн жоғалтпайды. Бұл жоба арқылы нарықта пайда болатын жаңа құс етi (дәстүрлi түрге қарағанда тоңазытылғанан кейiн құс етi мұз мұз болып қалады) бұзылмайтын болып шығады.
“Алатау” серіктестігінің өнімінің өзіндік құны жұмыртқаға 3 теңге, ал бір килограмм құс етіне 120 теңге болып отыр. Жаңа техниканы енгізумен жұмыртқаға 2 теңге данасына, ал құс еті үшін 100 теңге бір килограммға жетуі мүмкін. Сәйксінше жаңа техниканы қолдану сапаға әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның барлық маркетингтік қызметі маркетинг тұжырымдамасының негізі болып келетін қағидаларына бағытталуы керек. Маңызды қағидалардың бірі болып икемділік қағидасы саналады. Кәсіпорын өнімінің оңды жылжыту үшін потенциалды клиенттермен және сауда делдалдарымен тұрақты және тиімді байланысып тұруы қажет. Бұл компания мен оның тұтынушыларын жақындатады.
- Жарнаманың тиімділігін көтеру үшін кәсіпорынға ақпараттық толқын бағытталған халықтың ең жиі шоғырланған ортасын анықтау қажет және ақшаны қайда жұмсау дұрыс болатынын шешу керек .
Жалпы айтқанда , “Алатау” ЖШС-нің маркетинг қызметін жоғарылату үшін келесі шараларды қолдану қажет:
- Тауар қозғалысының есебін үнемі жүргізу және көбірек сатылатын тауарды анықтап осының негізінде өнімге деген бағаны дифференциациялауға және нақты мен қатаң бағалар саясатынан бас тарту керек;
- Сату және жылдам жеткізу арналарын жетілдіру (жаңа тоңазытқышы бар көлік құралдарының санын көбейту);
- Тиімді жарнамалау жұмыстарын жүргізу, әсіресе көп шоғырланған халықтың тығыз қоныстанған жерлеріне (Оңт. Қазақстан аумақтары)
- Маркетинг бөлімінің сыртқы нарықтардан келетін ақпаратты өңдеу жұмыстарын үйлестіру және соның негізінде бәсекелес ірі компаниялар туралы мәліметтер алу
Қорытынды.
Дипломдық жұмысты орындау барысында біз сапаның өнімнің бәсекелік қабілеті мен өндіріс тиімділігіне үлкен әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа — әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын көрсететін синтетикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл түсінік өнімнің құрамын және сипаттамаларын білдіреді.
Тауар сапасын арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет сапаны басқару жүйесі табылады.
Тауардың сапасын көтеру стратегиясын жүзеге асырудағы кері байланысының маңызды элементі болып олардың сертификациялануы табылады. Мұнда жаңа отандық тексеру және сертификациялау орталықтарын құру, сертификациялау орталықтарын жарнамалау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындайды.
Дипломдық жұмыстың орындалуы барысында статистикалық, ақпараттық және т.б.мәліметтерді, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ұсыныстарын пайдалана отырып сапаны басқару мен сапаны көтерудің теориялық мәніне толық сипаттамалар жасалып, тәжірибелік тұрғыдан бірнеше зерттеулер жүргізіліп, бірқатар талдаулар жасалынды. Негізінен бұл зерттеулер мен талдауларда: кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын анықтау, кәсіпорын өндіретін өнімінің жергілікті бәсекелес кәсіпорын өнімдерімен салыстырылып маркетингтік талдаулар (анкеталық сұраулар жүргізу, эксперттік баға беру) жасау арқылы өндірілетін өнімнің беделін, сапасын, жағымдылық қасиеттерін, бәсекелік қабілетін және т.б.анықтау; кәсіпорынның ұйымдасу түрі мен оған бірқатар ұсыныстар келтіру және өндірілетін өнім сапасын анықтау (ҚР МемСТ-на сәйкестігін) сонымен қатар ҚР-ның Президентімен және Үкіметімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың орындалу тәртібімен танысу қарастырылды.
Қазіргі таңда біздің елімізде маркетингке жаңадан көп көңіл бөлініп келе жатыр. Себебі маркетингті жетілдіру арқылы өнімнің бәсекеқабілеттігіне қол жеткізуге болады. Бүгінде бәсекеге қабілетті өнім ғана сұранысқа ие болады. Маркетинг теориясының тәжірибесін зерттей келе мынандай қорытындыға келеміз: “Маркетинг дегеніміз – тұтынушылар сұранысының келісімі және оларды тиімді түрде қызмет атқару үшінкәсіпорынның табыс табу мүмкіндігіне негізделген өндірістік және өткізу қызмтін басқару жүйесі”.
Ал өнімге сұраныс болды деген сөз кәсіпорынның пайдасының ұлғаюына алып келеді. Мұндай жағдайда тек кәсіпорын басшыларына ғана емес, мемлекетке, халыққа өте пайдалы болып келеді. Көптеген кәсіпорындар нарыққа шығар алдында маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Ол нарықтағы бәсекелестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
БСҰ-на мүше болу қарсаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелері деназардан тыс қалған жоқ. Өнімнің сапасын арттыру жолында бір-бірімен сабақтас әр сала кәсіпорындарының тізбектелген жүйесін құру мен осы шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар туғызу үшін қай саланың қай жағынан қолдауды қажет ететіндігі анықталып, ұсыныстар жасалды.
Ауыл шаруашылығындағы өндірілетін өнімнің сапасын арттыруда басты рөлге ие болатын өндірістің қызметін әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру жұмыстары мен өндіріске қазіргі заман талабына сай инновациялық жетістіктерді енгізу екенін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техника, құрал-жабдықтарының 70 пайызға жуығы бәсеке қабілетті өнім өндіруге жарамсыз кешегі күн құралдары екенін, ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман талабына сай жаңа құрал-жабдық қана емес сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың болуы шарт екені баршамызға белгілі.
Тәжірибе көрсеткендей, бизнестегі жетістіктер маркетинг қызметінің сапасына байланысты болады. Сондықтан, нарықта әрекет етуші кез келген кәсіпорын үшін маркетинг қызметін тиімді ұйымдастырудың маңызы зор.
Аталған жағдайлар маркетинг мәселесінің теория және практикасын тереңірек зерттеу жолдарын ашуға тиісті. Маркетингтік мақсаттар мен стратегеялық бағдарламасы, сонымен қатар уақытты ескерумен байланысты екендігін ескерген жөн.
Нарықтық жағдайда қызметін жүргізетін кез келген ұйымға нөмірі бірініші мәселе – бұл өмірін сақтап қалу және үзіліссіз дамуын қамтамасыз ету. Ұйым күтіп отырған болашақта өзінің нарықтағы орны мен бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуында өзінің миссиясы мен стратегиялық мақсаттарын айқындап, оған жетуде стратегияны жүзеге асыру керек екендігі сөзсіз. Тәжірибе көрсеткедей көптеген кампаниялардың жабылуы немесе бәсекелестік күрсте жеңілуінің өз стратегиялық мақсаттарын айқындамағандықтан, тек ағымдық пайданы ойлағандықтан.
Дипломдық жұмысты орындау барысында біз тауардың сапасына ішкі және сыртқы секілді факторлар топтары әсер ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторлар ішкі факторлар секілді өндірілетін өнім көлеміне тікелей әсәр етеді, сондықтан сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:
— өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне септесуі;
— қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін және халық шаруашылығы саласындағы техникалық ілгерілеудің негізгі бағыттарын ескеруі;
— тұрақты болуы;
— өнімнің жарамдылығын көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;
— бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;
Кәсіпкерлік стратегиясына жаңаша көзқарас — сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.
Осы орайда “Алатау” серіктестігінде маркетингтік қызметінің болашақтағы позициясы мен бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуда маңызы зор. Өзінің ішкі өндірістік мүмкіндіктерін, яғни техника мен технологияның сала аралық деңгейге көтеру, сату көлемін ұлғайту. “Алатау” серіктестігінің нарықтық жағдайының өндірістік экономикалық сипатын зерттеу нәтижесінде маркетинг қызметін кешенді пайдалану арқылы олардың жоғары әлеуетке ие болғаны анықталды. Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі бір кемшілік – маркетингтік қызмет негізінен жарнама және өткізу қызметі арқасында ғана жүзеге асырылады.
Шетелдік маркетинг жолдарын қазіргі Қазақстан экономикасына енгізуді қолға алған жөн. Оның арасындағы біздің мемлекеттік өндірісті, байланыс және ақпарат жүйелерінің ерекшіліктерін ескеру қажет. Сондықтан, еліміздің экономикасын нығайту жолында маркетингті кеңінен қолданып, дұрыс шешімдер қабылдауға тиіспіз.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалардың түрлі қиындықтарға кездесуінің субьективті себептері де мол. Реформа қалтарысы көп, зардабы мол үрес барасы болғандықтан түрлі қиындықтардың туындауы қалыпты құбылыс.
Уақыт — әділ қазы, көш – жүре түзеледі дегендей, дамушы елдердің бәріде өз реформаларын сәтті аяқтары хақ. Сол қатада Қазақстанның да аяғынан тік тұрып, саяси және экономикалық дербестігін толық қолына алып, өркениетті ел қатарына қосылатынына кәміл сенемін.
Пайдаланылған әдебиет көздері
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030: Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, Қауіпсіздігі және хал – ауқатының артуы Ел Президентінің Қазақстант халқына жролдауы.А : Юрист, 2001г.
- Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін.// Егемен Қазақстан 19 наурыз.
- ҚР “Бәсеке және монопольдік қызметті шектеу туралы” Заң .// Егемен Қазақстан, 2001жыл ,27 қаңтар.
- ҚР “Тамақ өнімдері сапасы мен қауіпсіздігі туралы” Заң.// ҚР Парламентінің жаршысы, 2004 №16.
- ҚР “ стандарттау және сертифмкаттау туралы” Заңы //Егемен Қазақстан1993,17 қаңтар
- Закон РК “ О недобросовестной конкуренции” // Азия – ЭЖ , июнь №2.
- Абрамова Г.П. Маркетинг : вопросы и ответы; М; Агропромиздат 1991 год.
- Алтынбаев Б.А. Истаева А.А. Основы маркетинг Алматы, Экономика 2002 год.
- Ассель.Г. Маркетинг :принципы и сратегия; М: Инфра – М 1999 год.
- АзоевГ.Л. Конкуренция: сратегия анализ и практика. Москва Центр экономики и маркетинга. 1996 год.
- АзоевГ.Л., Членков А.Т. Конкурентные приемушества фирмы. – ОАО “Типография”, 2000 год.
- Баринов В.А. , Макаров Л.В. Основы маркетинга ;М: изд. РИОР,2004 год.
- Басовский Л.Е. Маркетиг: курс лекции; М: Инфра – М, 2004год..
- Березин И. Маркетинг и исследование рынка. М: Русская деловая литература, 1999 год.
- Беляевский И.К. Маркетинговый анализ . М:Финансы и статистика
- Джумагельдиева Т.Л. Конкуренция: иеория и механизм развития. Алматы 2003 год.
- Голубков Е.П. Основы маркетинга. М: изд-во “Финпресс” 1999 год.
- Генри.А. Мар
- Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. А: Экономика 1998 год.
- Есімжанова С.Р. Маркетинг. Алматы, Экономика 2003 жыл.
- Ильюшенко Е.В. Маркетинг на предприятии. М. “Экоперспектива” 2000 год.
- ҚР Стасистикалық Агенттігінің жинақтары.
- ҚР БСҰ кіруі. 2004 часть 2. Опредиление конкурентоспособности товаров.
- Материалы международной конференций 18-20 мая 2005 Измаханова А.А. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары.
- Мамыров Н.К.,СахановаА.,Ахметова Ш.,Брузатии Ш., Госудаоство и бизнес.Алматы, Экономика 1999 год.
- Мамыров Н.К., Менеджмент и рынок: казахстанская модель.Қазақ энциклопедиясы, 1998 жыл7
- Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері, Қазақ Университеті 2002 жыл.
- Критерий и факторы конкурентоспособности продукций //Каз ЭУ хабаршысы 2003 № 9
- Ковалев А.И., ПривалавВ.П. Анализ финансового состояния предприятия. М:Центр экономики и маркетинга.
- Протасов В.Ф.Анализ деятельности предпиятия: производство, экономика, финансы, маркетинг.