АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫ

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………….6

1- ТАРАУ. АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………….7

1.1. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі……..………. 7

1.2. Геологиялық құрылымы……………………………………………………………………9

1.3. Тектоникалық құрылымы мен жер бедері…………………………………… 11

2-ТАРАУ. АВСТРАЛИЯНЫҢ ФЛОРАСЫ, ТОПЫРАҒЫ ЖӘНЕ ФАУНАСЫ ………………………………………………………………………………………………..14

 

2.1. Флорасы……………………………………………………………………………………….14

 

2.2. Топырағының таралу ерекшеліктері………………………………………………………..17

 

2.2. Жануарлар дүниесі…………………………………………………….……………………..19

 

Қорытынды…………………………………………………………………………21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Жұмыстың мақсаты –Австралия материгінің физикалық географиялық қалыптасу ерекшеліктеріне қарай отырып флорасының және топырағының жануарлар дүниесінің таралу заңдылықтарымен ерекшеліктеріне талдау жасау. Австралия материгі — Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, Шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасы нашар тілімденген.  Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады  көлемі- 7631,5 мың км2.

 Австралия дан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық.және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы apaдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.

Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі (Меланезия, Микронезия және Полинезия).

Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста недәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Австралияның континентті массивтерінің ролі зор.

Өзінің географиялық жағдайы мен орографиялық ерекшелігі бойынша Австралия 10° оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарайғы Африкаға біршама ұқсас келеді, климат жағдайларының қалыптасу заңдылықтары да біркелкі болады.

Климаттың құрылуы және органикалық дүниенің түзілуі жөнінен Жаңа Зеландия Австралиямен байланысты, Шығыс Азия аралдары Евразияға қандай қатынаста болады. Тынық мұхиттың ашық бөлігінің аралдары пайда болуы жөнінен Тынық мұхит платформасымен (талассократонмен) байланысты және оларға өмір бойы құрлықтың ірі алаптарының әсері тимеген. Олардың табиғатының өзіндік өзгешелігі бар және Аустралия материгінің табиғатымен ешқандай байланысы жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- ТАРАУ. АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі

 

Дүние жүзі материктеріне талдау жасай отырып оның ішінде Автралия материгінің көлемі жағынан Астралия материгі  -Жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латыншаІ australis — оңтүстік деген сөзінен шыққан.

Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, онтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте — Иорк мүйісі (10°41’о.е.) оңтүстікте-Оңтүстік-Шығыс мүйіс (39°11’о.е.), батыста — Стип-Поинт мүйісі. (113˚ ш. б.), шығыста — Байрон мүйісі (153°34′ ш. б.). Аустралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады  көлемі — 7631,5 мың км2.

 Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст Грут-Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте — материктік кайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр батыстағы ең ірі арал-Дерк-Хартог, шығыста-Фрейзер.

Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Аустралияны, сондай-ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды

Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық.және жанар тау текті көптеген ірілі-үсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы apaдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.

Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Аустралияға ең таяу жатқан Жаңа Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвинея Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Меланезияға Жаңа Гвинея Соломон аралдары, Жаңа Каледония т.б. кіреді. Меланезиядан солтүстіктегі және 177° ш. б. батысқа қарай жатқан ұсақ аралдарды (Мариан, Каролин, Маршалл т.б.) Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлігінде 177° ш.б. шығысқа қарай барлық аралдар Полинезияға жатқызылады. Олар Гавай, Лайн, Қоғам және т.б..                                                                                                                                      Бұл тарихи және этнографиялық жағынан осылай бөлінген бірақ ол Мұхиттық аралдардың генетикалық және физикалық-географиялық белгілеріне қарай бөлінуге сәйкес келмейді.

Жаңа Гвинеядан, шығыста Фиджи аралдарын коса, Жаңа Зеландияға дейінгі аралдар доғасы аралдарды және материкті бөліп, жататын су бассейндерімен бірге Тынық мұхит геосинклинальды белдеуінің жалғасы болып табылады. Климаттың құрылуы және органикалық дүниенің түзілуі жөнінен ол Австралиямен тығыз байланысты, Шығыс Азия аралдары Евразияға қандай қатынаста болса, ол да Аустралияға сондай қатынаста болса да. Шетелдік әдебиетте оны кейде Неоаустралия деп те атайды. Бұл аралдық доғаны Ав­стралиямен бірге қарастыруға болады. Тынық мұхиттың ашық бөлігінің аралдары пайда болуы жөнінен Тынық мұхит платфор-масымен (талассократонмен) байланысты және оларға өмір бойы құрлықтың ірі алаптарының әсері тимеген. Олардың табиғатының өзіндік өзгешелігі бар және Австралия материгінің табиғатымен ешқандай байланысы жоқ.

 

Австралияға солтүстігінен эпиконтиненттік Тимор және Арафур теңіздері, сонымен бірге Карпентария шығанағы ұласып жатыр. Тайыз сулы өңір материктің Үнді мұхитымен ұласып жатқан батыс және оңтүстік жағалауларын бойлап созылып кетеді. Шығысынан Австралияны жер қыртысы мұхиттық немесе өтпелі типтегі терең қазан шұңкырлар болып табылатын (5000 м-ден аса) Маржанды, Тасман теңіздерімен ұласады.

Үстінде материктік және маржан аралдары бар су асты қыраттары мен жоталарын бөлетін Фиджи, Жаңа Каледония т. б. қазан шұңқырлардың тереңдігі кем түспейді. Сырт жағынан, ішінара теңіздер жағынан да аралдар доғасын бойлап ең тереңдігі 9, тіпті 10 мың м-ден асатын науалар (Меланезия, Витязь, Тонга, Кермадек т. б.) созылып кетеді.

Австралияны солтүстік және солтүстік-шығыстан ұласып жатқан теңіздердін, бетіндегі судың температурасы жыл бойы + 27, + 28°-қа тең Маржанды теңіздіқ онтүстігінде ол қыста 19°С-ге дейін, Тасман теңізінде +16, +12°С-ге дейін төмендейді. Маржан­ды теңізден жылы Шығыс Аустралия ағысы шығып, материктің жағасын бойлап оңтүстікке қарай бағыт алады. Судың тұздылығы барлық жерде 34,5—35,5%-ге тең. Судың тұрақты жоғары температурасы Маржан кұрылыстарының дамуына қолайлы жағдай туғызады, олар Маржанды теңізде өте-мөте тараған. Оның алабында материктік кайраңның шетін бойлап 2300 км-ге Үлкен Тосқауыл риф созылып кетеді. Оңтүстікте оның ені 150 км-ге жетеді. Оның кедір-бұдыр, эрозиямен тілімденген бетін толысу кезінде су басады. Рифті қиып өтетін енсіз каналдар ашық теңізден тереңдігі 50 м-ден аспайтын Үлкен лагуна дегенге апарады. Онда кеме жүзе алады, сондықтан да рның жа-ғаларында Аустралияның ірі порттары орналасқан. Соңғы жылдары маржан ғимараттары әдеттен тыс көбейіп кеткен «тікенді  тәж» деп аталатын теңіз жүлдыздарының шабуылынан қатты зардап шегуде. Олар Үлкен Тосқауыл рифінің бір бөлігін құртып та жіберген және бұл бірегей табиғи қүрылымды түгелдей құрту қаупін төндіреді.

Үнді мұхитындағы судың температурасы оңтүстікке қарай бірте-бірте төмендейді. Материктің батыс жағалары манында Батыс Аустралия суық ағысы өтеді, бірақ ол қыста ғана пайда болады және ауа мен судың температурасына күшті әсер етпейді.

 

1.2. Геологиялық құрылымы

 

Австралия Гондвана құрамынан дербес материк ретінде юра кезеңінің соңында бөлінді. Оның құрлығының сол кездегі пішіні қазіргіге толық сәйкес келмейтін. Солтүстік Шығысы Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігіне дейін созылып, оның үстіне солтүстік-батыс бөлігін Үнді мұхитының суы алып жататын Шығыс және онтүстік-шығысынан ежелгі Австралия платформасына дейін Шығыс Австралия (Тасмания) аймағыньщ тептегіс қатпарлы құрылысы жанасып жатыр. Ол онтүстік-шығысында байкалдық құрылымнан шығыс шеті солтүстік-шығысындағы герциндік құрылымға дейінгі әр түрлі жастағы түзілімнен тұрады. Оңтүстікте Бұл аймак сол кезде материкпен жалғасқан Тасманияға дейін созылып жатты.

Мезозой кезінің басында Бұл қатпарлы аймақ платформа сипатына ие болды да Австралияның ежелгі платформасымен тығыз тұтасып кетті. Материктің шығысынан оны Тынық мұхит платформасынан беліп түрған Жаңа Гвинея-Жаңа Зеландиялық аймақтың Тынық мұхит геосинклинальдық белдеуі қоршайтын.

Платформаның архей фундаменті шығыңқы жатқан неғұрлым ежелгі учаскесі батыста, 120˚-меридианның екі жағында жататын. Солтүстік және батысында протерозой немесе теменгі палеозойда дамуы басталған майысу жатыр. Олардың шегінде интенсивті шөгінділер жиналуы болған. Матерпктің орталық белігінде едәуір кенініректе Амадиес майысуы қалыптасқан.

Бор және палеогон кезеңі ішінде ежелгі және жас платформалардын, түйіскен аралығында Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан Бассейні (Орталық жазык) мен Муррей (Марри) өзені бассейнінің синеклизалары пайда болды. Бұл синеклизалар материктің шығыс бөлігін батысынан ұзақ уақыт беліп тұрған теңіз трангрессиясын алып жатты.

Материктің кепшілік бөлігінің сол кездегі климат жағдайы аз зерттелді. Оның батыс жартысының ішкі аудандары аридтілігімен ерекшеленеді деген болжамдар бар.

Австралияның оқшаулығы, батысы мен шығыс аудандарының  байланыссыз жатуы, аридтік жағдайдың басымдылығы органикалык, дүниесінің дамуында оның жоғары эндемизм мен архаизмділігіне себепші болды. Сірә, бор дәуірінің соңында—Австралиядағы кайнозойдың бас кезінде қалталы және жұмыртқалағыш сүтқоректілердің кейін құрып біткен алғашқы өкілдері пайда болса керек. Бұл уақытта қазіргіге жақын флора дами бастайды.

Мезозойдың соңы мен кайнозой дәуірінің ішінде тау қалыптасу процесі Тынық мұхит шеңберінің шегінде болды. Бұл Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландия аралдарына дейінгі аралықта тау құрылысы қалыптасуына алып келді, сондай-ақ Австралияның жас және ежелгі шегіндегі платформалардың белгілі салдарлары да болды. Ежелгі платформалардың үлкен бөлігінде кайнозой бойында рельеф ертедегі болған докембрий рельефінің негізінде дамыды. Көтерілу жүріп өтті және Австарлияның батысында денудация күшейді. Әсіресе күшті өзгеріске ішкі платформалық цокольдық таулардың түзілуі жүрген платформаның орталык, бөлігі ұшырады, мұнда архей және протерозойдыц шығыңқы жатқан орнында терең ойыс Амадиеспен (авлакогенмен) бөлінген Макдоннел мен Масгрейв таулары көтерілді.

Палеогон кезеңінде оңтүстікке, Үлкен Аустралия шығанағының солтүстігіне карай Юкла ойысының түзілуі жүріп, ол теңіз суына батты.                                                                                                                                                           Неоген кезінде теңіз құрғап, оның орнында Налларбор жазығы пайда болды.

Жаңа платформаның палеозойлық құрылысының тегістегтген орнында ең жаңа қозғалыстар нәтижесінде Үлкен Суайырық жота-сы, Флиндерс пен Маунт-Лофти таулары көтерілді/ Көтерілу Тас­ман теңізі жағалауларының төмен түсуімең жарықтар пайда болуымен және әсіресе онтүстік-шығыста базальт вүлканнзмдерінің күшті байқалуымен коса жүрді. Онтүстікте төмен түсу Басс бұғазы мен Тасманияның бір бөлігінің пайда болуына алып келді

Неоген бойы мен антропогеннің бас кезінде климат жағдапы әлденеше рет өзгеріске түсті: аридтану кезеңі ылғалдану кезеңімен ауысты. Плювиалдық кезеңнен Австралияның қуаң аудандарында тек ішінара тұзды суға толған немесе толық сорға айналған гидроморфтық қызыл түсті қабаттар, күрғаған өзен арналары көя қазан шұңқырлары ғана сақталған. Теңізден босаған жас жазықта Аустралияның неғүрлым ірі өзендер жүйесі калыптасты.

Тынық мұхит белдеуі шегінде тау түзілуімен банланысты Оңтүстік-Шығыс Азия мен Австралия арасындағы құрлық недәуір ұлғайды, Зонд архипелагы Жаңа Гвинея мен Австралияның ірі аралдары арасында көптеген қайраңдар, аралдар мен құм қайырлар пайда болды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Австралияға Азиялық жануарлардың келуі үшін құрлықтың мұндай ұлғаюы жеткіліксіз еді, алайда, ол материкте адамдардың пайда болуын толық камтамасыз етті. Ежелгі адамдар ішінара құрлықпен таяз сулы бұғаздар арқылы, ішінара салдармен Кіші Зонд аралына, содан кейін Жаңа Гвинея мен Аустралияға еткен Олармен бірге сірә, кейбір өсімдіктер де, сондай-ақ Аустралияның жабайы фауналар кұрамындағы сүткоректілердің жалғыз өкілі динго иті де келуі мүмкін.

 

1.3. Тектоникалық құрылымы мен жер бедері.

 

Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық рельеф пен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейін таралуын алдын ала белгілеп берді.

Материктің жартысынан көбін алып және Арафур теңізінің Үлкен Австралия шығанағы мен тағы басқаларының эпиконтинентальды бассейндеріне жапсарлас жатқан ежелгі Австралия платформасы архейлік және теменгі протерозойлық фундаментке ие онда алтынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Фундамент материктің батысында, орталық бөлігі мен солтүстіпнде жер бетіне шығып жатыр. Қалған территорияда ол протерозой және палеозой жасындағы жамылғы шегіндінің астында жатыр. Бұл жамылғының ең қалың жері материктің соптүстігі мен батысындағы ежелгі синеклизаларда болады (Каннинг Ким­берли, Перт және басқалары).

Оңтүстікте, жас синеклиз Юкланың Австралия мен жақын жатқан аралдардың тектоникалык, картасы шегінде, шығыста, Үлкен Артезиан алабы майысуының жас платформамен шекарасы бойында мезокайнозой теңіз шөгінділерінің қабаты жатыр. Протерозой жамылғысының шөгінділерінде темір рудасының қоры (Хамерсли жотасы), неғұрлым жас шөгінділерде көмір және біршама жуықта табылған мүнай мен газ қоры бар. Австралияның Бұл бөлігі жер бедерінің басым типтері ежелгі қыртыстын, желге мүжілген қабаттарымен аяқталып, денудация жасымен сәйкес қабат-қабат жатқан биіктігі 400—600 м цокольды жазыктар болып   табылады, Бұлармен   жоғарғы протерозой мен палеозой жамылғысының таралу аимағындағы кабатты жазықтар араласып жатады. Материктің батыс шеті мен оның орталық бөлігінде, яғни ең жаңа тектоникалық активті аймақтарда жақпарлы эпиплатформалы таулар; солтүстік-батысында Хамерсли, оңтүстік-батысында Стирлинг пен Дарлинг, материктің орталығында Макдоннелл мен Масгрейв көтеріліп тұр. Ежелгі және эпипалеозой платформасының жас майысуының жүйесіне биік жас және аласа кабатты аккумулятивті (Налларбор, Орталық жазық, Муррей — Дарлинг жазығы, Карпентария шығанағының жағалау жазығы, Жаңа Гвинеяның оңтүстігіндегі жазық) жазықтар үйлесіп келеді. Материктің шығыс және оңтүстік-шығыс шеті мен Тасмания, сондай-ақ Муррей жазығынан батыс пен солтүстік-батысқа қараған ауданда байкалдық, ерте палеозойлық.

Автралия мен оған жақын жатқан аралдардың пайдалы қазбалары.

антропогендік көтерілуінің нәтижесінде түзілген орташа және ала­са катпарлы-жақпарлы таулар бар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Австралияның тау құрылысының өн бойында   полиметалл, мыс, қалайы, алтын кен орындары бар. Тау бөктері майысуының палеозойлық қатпарлы құрылымдарында  тас көмір мен қоныр көмірдің, сондай-ақ   мұнай мен газдың көп корлары шоғырланған.

Шығыс Австралияның тау жер бедерінің негізінен солтүстікке карай 28° оңтүстік ендікте ені неғүрлым үлкейе түсетін Үлкен Суайрық жотасын құрайды, ол оңтүстікке карай тарыла береді. « Ең биік шыңдары әк тасты Қөгілдір таулар мен Австралия Альпасында (2000 метрден астам) жатыр. Соңғының шыңдарында жер бедерінің таулы-мұзды түрлері кездеседі.

Тау бөктерінің теңіз жағы мен ірі жарықтар түбінде жас акку-мулятивті жазыктар жатыр.

Материктің көптеген аудандары үшін жанар тау әрекеті арқылы пайда болған әр түрлі жастағы жер бедері тән болады. Материктің солтүстік-батысында палеозойдағы жанар тау әрекеті нәтижесінде Антрим үстірті түзілді.

Кайнозой жасындағы (үстірт, вулкандық таулар) вулканогендік түрлер негізінен шығыстағы тау күрылыстары бар жерлерде кездеседі.

Жаңагвинея-Жаңазеландия аймақтарының аралдары үшін қатпарлы және жақпарлы-қатпарлы жас таулардың вулканды үстірт және вулканды таулармен (әсіресе Жаңа Зеландияда), жас аккумулятивті жазықтармен үйлесе таралуы тән.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ТАРАУ АвСТРАЛИЯНЫҢ ФЛОРАСЫ, ТОПЫРАҒЫ ЖӘНЕ ФАУНАСЫ

2.1. Флорасы

 

Австралия флорасының құрлықтың басқа бөліктерінен ерекшелігі соншалық, бұл материк Тасманиямен бірге Австралиялық айрықша флора патшалығына бөлінген. Мұхиттық аралдар Палеотропикалық өсімдіктер патшалығының әр түрлі аймақтарына жатады. Алайда Австралия мен Мұхиттық ірі аралдардың үлкен бөлігінің жақын болуы және қазіргі флора қалыптасуы басталған сол кезде олардың арасында құрғақтағы байланыстың болуы, Австралия мен кейбір Мұхиттық аралдардың өсімдіктер жамыл-ғысында көптеген ортақ элементтердің болуын туғызады.

Австралияның тропикалық флорасының қалыптасуы бор кезеңінде басталды және кайнозойдың басында Австралияның құрлықтың басқа учаскелерімен кұрлық арқылы байланысы болған кезде жалғаса түсті. Мезозойдың аяғына дейін Австралия Оңтүстік Америкамен және Антарктидамен қосылып жатты, шығыстағы, солтүстіктегі аралдармен олар арқылы Азиямен байланыс неогенде де болған еді. Мұнымен Австралияның оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен сондай-ақ Азиядан және Мұхиттық аралдармен кейбір флоралық ортақтығы осыған байланысты. Кайнозой кезеңінің ортасынан бастап-ақ Австралия басқа материктерден оқшауланып қалған болса керек, сондықтан оның фло­расының құрамында әлемнің басқа бөліктерінде кездеспейтін элементтер басым келеді. Екінші жағынан, Австралия флорасында басқа материктерде кең таралған көптеген түқымдастар жоқ. Сондай-ақ материктің флорасында өсіруге жарамды азықтық өсімдіктердің болмауы да қызықты, сол себепті Аустралияның байырғы халқы егін шаруашылығын білмеген.

Аустралия территориясының езінде флора қалыптасуының өзара байланыссыз орталықтары болды: оның біреуі оңтүстік-батыс пен орталық бөлікте, екіншісі шығыста еді. Осы орталықтардың арасында теніз алабы жатқан болатын, ол құрғады да, есімдік антропогеннің басында өсті.

Антропогенде Аустралияны мұз басқан жоқ, оның климаты мезозойдың соңынан бері қауырт өзгеріске ұшыраған жоқ.

Австралия флорасы дамуының барлық осы ерекшеліктері оның негізгі белгілерінің қалыптасуына — ежелгілігі мен эндемизмнің жоғары дәрежеде болуына себепші болды. Эндемик есімдіктердіа көптігіне қарай жер шарында Австралиялық өсімдіктер патшалығына тең келетін жер жоқ — оның алабында есетін өсімдік түрле-рінің 75%-і эндемик өсімдіктер. Мәселен эвкалипт1 туыстастардың барлық 600 түрі дерлік, қарағанның 280 түрі, казуариннің 25-ке жуық түрі эндемик болып табылады. Араукария, протея, оңтүстік шамшат өсімдіктері Антарктика және Кап флорасына ортақ бо-лады.

Кейбір деректер бойынша Eucalyptus тұқымдастарының ғана 350-ге жуық түрі бар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Қазіргі климаттық жағдайға байланысты Австралия мен мұхиттық аралдардың топырақты-өсімдік жамылғысы шеткі аймақтарынан материктің орталығына карай, барған сайын ксерофитизациялана түсу жағына қарай өзгереді. Аралдардың және материктердің оңтүстік жиегіндегі ылғалды тропиктік және субтропиктік ормандары ішкі бөліктер бағытына қарай саванналармен сирек ормандармен және бұталы тоғайлармен ал одан соң шөлейт, шел формациялармен ауысып отырады.

Экваторға іргелес жаткан Жаңа Гвинея аралының солтүстік бөлігі мен ұсақ  аралдардағы   ылғалды тропиктік ормандарда

өсімдіктердің азиялық және эндемик түрлері көп, сондай-ақ аустралия өсімдіктерінің саны да недәуір. Жағалауларға жакын жерлерде бұл ормандарды мангр тоғайлары ауыстырады.

Австралия материгінде ылғалды тропиктік (жаңбыр суына өсетін) ормандар аз. Олардың неғұрлым кең алабы жауын-шашын мол және тұрақты жауатын Кейп-Йорк түбегінің шығыс жағалауында 20° оңтүстік ендіктен солтүстікке қарайғы жерде бо­лады.

Австралияның солтүстігіндегі өзен аңғарларын бойлай ылғалды тропиктік орман суайрықтарындағы саванналар мен сирек ор­мандар таралған аймаққа ұласады.

Австралия мен Жаңа Гвинеяның ылғалды тропиктік ормандары пішініне, ішінара құрамына қарай Оңтүстік Азия ормандарына ұқсас келеді. Онда кейбір пальмалар (мысалы, кентия.— kentia), лавр, фикус пен бұршақ тұқымдастар өседі.. Лиандар улы шырмауық, бұрыш және ротанг пальма-лианы болып саналады. Австралияның ылғалды тропиктік ормандарында азия мен аустралиялык злементтерден басқа антарктида мен кап флорасының кейбір өкілдері кездеседі. Бұл ормандардың топырақтары батпақты ойпаттарда күлгін түсті қызыл топырақ типіне, баурайлар мен суайрықтарында күлгін латеритті топырақ типіне жатуы мүмкін.

Қалың тропиктік ормандар сондай-ақ Австралияның Үлкен Суайрық жотасын бойлай кетеріліп, Аустралияның бүкіл шығыс шетін жауып жатыр. Бұл ормандар кәдімгі ылғалды тропиктік ормандардан түр құрамының біршама кедейлігімен және пальма мүлде жоқ дерлік эвкалиптің алуан түрлерінің басым болып келуімен ерекшеленеді. Алайда бұл ормандардың ағаштары орасан зор биіктікке жетеді де, ал лиандары мен эпифиттерінің молдығы женінен олар ылғалды тропикалық ормандардан кем түспейді. Олардың түптерінен қызыл-сары ферралит топырағы түзіледі.

Шығыс Австралия ормандарының фонында өсетін эвкалиптер сыртқы түрлері мен келемдері жөнінен өте әр түрлі. Олардың кейбіреулерінің жапырақтары көгілдір немесе сұрғылт түсті келеді, бұл оларға өзгеше және біршама енсіз түр береді. Бұл ормандар үшін сондай-ақ ағаш тәріздес және шеп тәріздес папоротниктер тән. Алуан түрлі эпифитті өсімдіктер көбіне ашық әрі әдемі гүлдейді. Олардың арасында әсіресе орхидей түқымдастарыньщ әр түрлі өкілдері ерекше көзге түседі.

Австралияда тропиктік сирек ормандар мен саванналар недәуір үлкен аудан алып жатыр. Олар материктін. солтүстігінде көбіне оңтүстік ендіктен 20° солтүстікке карай үлкен кеңістікті жауып жатыр. Шығыста ашық түсті саванналы ормандар мен кәдімгі саванналар оңтүстікке карай недәуір сүғына ене түскен. Орман­дар, сондай-ақ Жаңа Гвинея аралының онтүстігіндегі кеңістікті де алып жатыр.

Австралия саванналарын ылғалды маусым кезінде сарғалдақ, лала гүл және орхидей түкымдас ашық гүлді өсімдіктер, әр түрлі астық тұкымдастар жауып жатады. Саваннаға тән ағаштар — бұтақтары жіп тәріздес жапыраксыз, эвкалипт, қараған, казурин (Casuarina) ағаштары. Сондай-ақ, сабағы жуан, ылғал қорын жинайтын ағаштар да кең таралған. Олар — Stzeculazia, туыстастарының бөтелке ағашы деп аталатын бірнеше түрлері. Осы өзгеше есімдіктердің болуы — Австралия саванналарын басқа мате­рик сгванналарынан біршама ерекше көрсетеді.

Саванна неғізінен эвкалиптердің әр түрлерінен тұратын сирек ормандармен үйлесіп келеді. Мүндай ормандарда ағаштар сирек болады, сондықтан құрғақ маусым кезінде топырағы құрғап, жаңбыр кезінде құлпыра көктейтін қалың шөптермен көмкеріліп қалады. Эвкалипт ормандары Кейп-йорк түбегінің үлкен бөлігі мен Аустралияның солтүстік жағалауларының кең алқаптарын жауып жатады.

Саванналардың ағаш тектес өсімдіктері мен эвкалипті ормандарын жергілікті халық жыртуға жарамды, топырақтағы ылғалды сақтайтын жер алу үшін өртейді. Эвкалипт ылғалды үлкен мөлшерде буландырады, сондықтан қуаң аймақтарда ол ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.

 

2.2. Топырағының таралу ерекшеліктері

Австралия саванналарының топырағы қызыл, ферралит тәріздес топыраққа жатады, ал неғүрлым құрғақ жерлері қызыл-қоңыр, сілтілігі күшті және қызыл-қоңыр сілтілігі әлсіз топырақ болып келеді.

Австралияның солтүстігі мен шығысының неғұрлым ылғалды аймақтарының материктің орталық және батыс бөлігінің неғұрлым құрғақ аймақтарына ауысуы біртіндеп болады. Шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын орман сиреп, барған сайын ксерофитті түске ие болады. Бірте-бірте олар Австралияда скрэб деп аталатын өзгеше бұталы тоғайларға ауысады. Скрэб — Бұл тікенді бұталы тоғайлар немесе аласа өсетін үсак жапырақты қабықты ағаштар. Олар көбінесе эвкалипт пен қарағаннан тұрады. Онда белгілі бір немесе баска өсімдіктің ба­сым болуы немесе эвкалипт пен қарағанның азды-көпті бір қалыпты үйлесіп келуіне қарай скрэбті әр түрге бөледі. Сондай-ақ скрэб құрамында протейн ағаштары мен казуарин көп. Скрэб тоғайлары шөлейттің климат жағдайларына сәйкес келіп, материктің орталық жазығы мен батыс шетінде үлкен кеңістікті жауып жатыр. Скрэб тоғайларының астындағы топырақ қызыл-қоңыр, көбіне шөл аймақтардың құрылымы нашар топырағына ауысатын сортаң топырақты келеді.

Батыс-Аустралия таулы үстіртінің шөлді аудандарында, сон­дай-ақ ішінара орталық жазықта үлкен аудандарды спинефекс шөлі деп аталатын шөл алып жатыр. Аустралияда спинефекс деп сүйір жапырақты қатты дәнді айтады, олар — Spinifex және Tziodia деген екі түрге бөлінеді, сусымалы қүмдарда және тастак-ты жерлерде сирек, бірақ тығыз бұталы дерновина түзеп өседі.

Материктің орталық, неғұрлым кұрғақ бөліктеріндегі үлкен кеңістікте өсімдік мүлде жоқ және бүтіндей қиыршық тасты неме­се көшпелі қүм төбелер учаскелері болып келеді.

Батыс Австралия таулы үстіртінің тасты шөлдері үшін қалың катты қабат — жамылған учаскелер тән, ол жер қазіргі климат жағдайларына сай келмейді және неғұрлым ылғалды климат жағдайында қалыптасқан ежелгі түзілім болып табылады. Материктің оңтүстігінде шөл тура теңізге дейін келеді, оида құнарсыз әк тасты Налларбор жазығында тек селдір алабота бұталары мен кейбір сораңдарды немесе тырбық эвкалипт тоғайларын кездестіруге болады.

Австралияның оңтүстік батысы мен  шығысында ағашты және бұталы субтропиктік өсімдіктер басым, алайда флорасының құрамында айырмашылық бар.

Оңтүстік-батыс Аустралияның климаты жерортатеңіздік климатқа жақын. Материктің осы бөліктеріндегі өсімдіктер дүниесі үшін мәңгі жасыл түсті эвкалипт ормандары тән, 80—100 м биіктікке жететін әр алуан түрлердің («қызыл ағаш», карри және басқалары) биік сабақты эвкалиптері ағаш тәріздес Xanthorrhea (шөп ағаштары деп аталатын) лала гүл тұқымдастарға жататын, ірі шоқ гүлдер беріп, бұталы келетін (қараған, протейн және т.б.) шоқ тоғайлармен үйлесіп келеді. Материктің түпкіріне жылжыған сайын бұл ормандар кәдімгі аустралиялық түрлерден тұратын максвис тәріздес бұталы тоғайларға ауысады. Олардың астының топырағы сілтісіз коңыр топырақты келеді.

 

Австралияның қиыр оңтүстік-шығысының ылғалды субтропиктік климаты және Тасманияның мұхиттық коңыржай климаты өсімдіктер жамылғысы және флоралар кұрамы бойынша недәуір ұқсас. Онда тек аустралиялық екілдерден ғана емес, сондай-ақ антарктикалық флорадан да тұратын мәңгі жасыл ормандар ба­сым. Бұл ормандарда тағы да басты рольді эвкалиптер, оның ішінде биіктігі 150 метрге жететін алып маңғаз эвкалипт, миндаль эвкалипті және басқалары алады, алайда олармен бірге бірқатар антарктика флорасына тән мәңгі жасьдл шамшат тұқымдас және қылқан жапырақ түқымдастар (Podocarpus) таралған. Папоротниктер мен әр түрлі лиандар үлкен роль аткарады. Сыртқы түрлері жағынан, сондай-ақ недәуір дәрежеде құрамдары жағынан Бұл ормандар Оңтүстік Чилидің ылғалды ормандарын еске түсіреді. Мәңгі жасыл реликтілі ормандар, сондай-ақ, Жана Зеландияның недәуір ауданын, әсіресе таудың батыс баурайларын жауьш жатыр. Сырткы кескіні жағынан ормандар Аустралияның оңтүстік шығысындағы ормандарға ұқсас:   олар сондай-ақ   тығыз және лиандар мен эпифитті есімдіктерге бай. Алайда олардың құрамдарының түрі Австралия мен Тасмания ормандарының құрамдарынан өзгеше. Жаңа Зеландия Палеотропиктерге жататындықтан айырмашылықтары соншалық үлкең айрықша ішкі аймаққа бөлінеді. Оның флорасы айқын аралдық сипатқа не және 80%-ті дерлік эндемиялық түрлерден тұрады. Оның құрамында пальма аз, эвкалипт пен қараған мүлде жоқ, бірак оның есесіне онтүстік шамшат ағаштары ағаш тәрізді папоротниктер, араукарий тұқымдас қылқанды ағаштар, магнолиялар т.б. мол кездеседі.

Оңтүстік-Батыс Австралия, Тасмания және Жаңа Зеландия .ормандарында қоңыр және сары-қоңыр орман топырақтары таралған.

Австралияның өсімдіктер жамылғысында бағалы ағаш, эфир майын, тері илейтін заттар, азықтық жемістер, ағаштың тамыры немесе шыбықтарын беретін бағалы түрлер кептеп кездеседі. Көптеген өсімдіктерді жергілікті халық ертеден-ақ кең пайдаланған, мәселен шептік ағашының тамырлары мен бүршіктерін тағамға қолданады, ал талшықтары аркан, тіпті мата дайыкдауға да пайдаланылады. Алайда материктің жабайы флораларын, жоғарыда айтылғандай, егіншілік мәдениеті үшін өсімдіктер берген жоқ. Көптеген мәдени өсімдіктер — астық дәндері, техникалық және бақша дақылдары, жеміс ағаштары және басқалары Австралияға әкелінді және қазір оның ландшафтында енді маңызды роль атқа­рады. Кейбір әкелінген өсімдіктер үлкен зиян келтірді. Мәселен опунцияның бір түрінің Шығыс Австралияның кейбір аудандарында жиі өскендігі сондай, ауыл шаруашылығында пайдаланатын 20 млн. гектарға жуық құнарлы жерді істен шығарды. Опунцияны құрту үшін Оңтүстік Америкадан оның зиянкестері әкелінді, сөйтіп олар бұл өсімдіктің тарауын шұғыл азайтты.

 

2.3. Жануарлар дүниесі

Австралия фаунасы түрлерінің байлығымен ерекшеленбейді,  әсіресе аралдар фаунасы кедей. Мұның себебі мынау, материк пен аралдар ежелден-ақ жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрды және олардың фаунасы оқшау жағдайда дамыды. Екінші жағынан, Австралия  фаунасында  Оңтүстік  Америка,  Антарктика мен Оңтүстік Азия фауналарының ортақ немесе туыс кейбір өкілдері бар.

 Австралия мен Мұхиттық аралдардың материктік аралдары,  әсіресе Жаңа Зеландия фаунасы өте ежелгілігімен және эндемизмділігімен ерекшөленеді және реликтілік сипаты айқын білінеді. Материктер мен аралдардың жабайы фаунасының құрамында дүниенің басқа беліктерінде таралған жануарлардың көптеген топтары жоқ. Бұл, алдымең плацентарлы сүт қоректілердің бүкіл отрядтары дерлік, құстардың, улы жыландардың т. б. кейбір тектері мен тұтас тұқымдастары. Аустралия мен мұхиттық аралдардың фаунасында ұқсастықтармен қатар, үлкен айырмашылықтар бар, бұл ішкі аймақтарды бөлуге мүмкіндік береді: ол — материк пен Тасманияны, Жаңа Гвинеяны, Жаңа Зеландияны және Полинезияны қосып алатын Австралиялық аймақ. Аустралия фауналарына нағыз тән белгі — төменгі сатыдағы сүт қоректілердің: біртесіктілер мен қалталылардын, кең таралуы. Біртесіктілер немесе клоаолылар, туыстастардың екі тегінің өкі-лі — үйрек тұмсықтылар мен ехидналар, олар тек материк пен кейбір аралдарда ғана сақталған. Калталылар Аустралияға салыстырмалы жуық шамада — антропогеннің басында келген. Аустралия аймағында қалталылардың 130-ға дейін түрлері бар, онын үстіне олар жоғарғы сүт қоректілердің әр түрлі биологиялык типі-не сай келетін түрлі топтарды керсетеді. Олар — қалталы жырт-кыштар, кемірушілер, ермелеушілер, насеком қоректілер, шөп коректілер. Әсіресе кенгуру тұқымдастар өкілдері айрыкша ете көп және пішіндері мен тіршілік дағдылары бойынша да эр түрлі. Сондай-ақ орнитология фаунасына бауырымеи жорғалаушылар мен насекомдарға да үлкен өзгешөлік тән. Олардың арасында эндемиялық түрлер өте көп. Мәселең Аустралия құстарының 666 түрінің 450-і эндемиялы.

Австралия материгінің әр түрлі бөліктерінің фаунасының, қазіргі табиғат жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ішкі әр түрлілік, сондай-ақ тарихи дамудың жағдайларына байланысты. Мәселен ұзақ уақыт бойы теңізбен бөлініп жатқан Аустралияның батыс және шығыс бөліктерінін, арасында үлкен түр айырмашылықтары бар.

Австралияның солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жаңа Гвинеямен кейбір басқа аралдардың ылғалды тропиктік және субтропиктік ормандарына әр түрлі өрмелеуші жануарлар тән. Әсіресе калталы аю немесе коала (Phascolarctos cinereus), қалталы жалқау деп аталатындар қызықты. Ол тіршіліктін, түнгі дағдысын жүргізеді және уақытының кебін ағаштарда, олардың жапырақтарымен қоректеніп өткізеді. Бұдан басқа кебіне тіршілігін ағашта өткізетін кузу (Trichosurus), қант тиіні және ағаш кенгуруы көп таралған. Жаңа Гвинеяда көршілес Азия фаунасынын кейбір өкілдері, мәселең жабайы шошқа бар.

Тропиктік орман құстары алуан түрлі және бай келеді. Лира құйрықтылар (Menula superba), аустралия фаунасынын, эндемиялық өкілі нағыз казуар (casuarius, casuarius), шұбар және ашық бояулы пейіш құстары, әр түрлі тоты кұстар, американ колибриінің туысы, сыртқы түрі мен қоректену тәсілі жағынан оларды еске түсіретін — бал сорғыш кұстар. Австралия аймағы үшін тән эндемия — қоқыс тауықтар немесе үлкен аяқ тауықтар (Медарос-lidae), бір қызығы, олар жұмыртқаларын баспайды, оларды әр түрлі шіріген қоқыстарға көміп тастайды. Суаттарда австралия крокодилдері мен тасбақалары мекендейді. Кос мекенділер өкілдерінен ағаш көлбақалар бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Австралия Гондвана құрамынан дербес материк ретінде юра кезеңінің соңында бөлінді. Оның құрлығының сол кездегі пішіні қазіргіге толық сәйкес келмейтін. Солтүстік Шығысы Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігіне дейін созылып, оның үстіне солтүстік-батыс бөлігін Үнді мұхитының суы алып жататын Шығыс және онтүстік-шығысынан ежелгі Австралия платформасына дейін Шығыс Австралия (Тасмания) аймағыньщ тептегіс қатпарлы құрылысы жанасып жатыр. Ол онтүстік-шығысында байкалдық құрылымнан шығыс шеті солтүстік-шығысындағы герциндік құрылымға дейінгі әр түрлі жастағы түзілімнен тұрады. Оңтүстікте Бұл аймак сол кезде материкпен жалғасқан Тасманияға дейін созылып жатты.

Австралия флорасының құрлықтың басқа бөліктерінен ерекшелігі соншалық, бұл материк Тасманиямен бірге Австралиялық айрықша флора патшалығына бөлінген. Мұхиттық аралдар Палеотропикалық өсімдіктер патшалығының әр түрлі аймақтарына жатады. Алайда Австралия мен Мұхиттық ірі аралдардың үлкен бөлігінің жақын болуы және қазіргі флора қалыптасуы басталған сол кезде олардың арасында құрғақтағы байланыстың болуы, Австралия мен кейбір Мұхиттық аралдардың өсімдіктер жамыл-ғысында көптеген ортақ элементтердің болуын туғызады.

Австралия саванналарының топырағы қызыл, ферралит тәріздес топыраққа жатады, ал неғүрлым құрғақ жерлері қызыл-қоңыр, сілтілігі күшті және қызыл-қоңыр сілтілігі әлсіз топырақ болып келеді.

Австралия фаунасы түрлерінің байлығымен ерекшеленбейді,  әсіресе аралдар фаунасы кедей. Мұның себебі мынау, материк пен аралдар ежелден-ақ жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрды және олардың фаунасы оқшау жағдайда дамыды. Екінші жағынан, Австралия  фаунасында  Оңтүстік  Америка,  Антарктика мен Оңтүстік Азия фауналарының ортақ немесе туыс кейбір өкілдері бар.

 Австралия мен Мұхиттық аралдардың материктік аралдары,  әсіресе Жаңа Зеландия фаунасы өте ежелгілігімен және эндемизмділігімен ерекшөленеді және реликтілік сипаты айқын білінеді. Материктер мен аралдардың жабайы фаунасының құрамында дүниенің басқа беліктерінде таралған жануарлардың көптеген топтары жоқ. Бұл, алдымең плацентарлы сүт қоректілердің бүкіл отрядтары дерлік, құстардың, улы жыландардың т. б. кейбір тектері мен тұтас тұқымдастары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Рябчикова А.М. Физическая география материков и океанов М.: Высшая школа. 1988.
  2. Власова Т.В. Физическая география материков М.: ТУГК, 1986.
  3. Притула Т.Ю. Физическая география материков и океанов М.: Владос, 2003.
  4. Богданов Д.В. География мирового океана М., Наука, 1975
  5. Ерамов Р.А. Физическая география Зарубежной Европы. М., 1973
  6. Географический атлас М., ГУГК. 1983
  7. Игнатьев Г.М. Тропические острова Тихого океана М., 1975

8 Лукашева Е.Н. Южная Америка М., 1958

  1. Кист А. Австралия и острова Тикого океана М., Прогресс, 1980
  2. Вальтер Г. Растительность земного шара. М.,1968
  3. Атласы Мирового океана. ГУНИО МО СССР., 1974
  4. Физико-географический атлас мира М:; ГУГК.1964
  5. Власова Т.В. Физическая география частей света М.: Просв., 1961.
  6. Терехов Н.М. Малый атлас мира М.: Дизайн, 2003.
  7. Залогин Б.С. Моря М.: Мысль, 1999.

16.Физико-географический атлас мира М.: МГУ, 1964№

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

  Бұл курстық жұмыста Австралия материгінің физикалық географиялық ерекшеліктеріне қарай отырып оның флорасы, топырағы және жануарлар дүниесінің таралауын талдайды. Жұмыстың бірінші бөлімінде Австралия материгінің географиялық орны, оған ұласып жатқан теңіздер, материктің қалыптасу кезеңдері, тектоникалық құрылымы мен жер бедерінің ерекшеліктері. Жұмыстың екінші бөлімінде материктің өсімдіктер және топырағы, жануарлар дүниесі олардың таралу патшалықтары қалыптасу кезеңдері әндемик түрлері қарастырылған. Жұмыс қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер көрсетілген.