АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық – саяси көзқарастары

 

 

Ж о с п а р

 

 

Кіріспе.

І. Тарау.

ХІХ ғасырдың  ІІ   жартысындағы  қазақ  ағартушыларының  қоғамдық – саяси   көзқарастары

1.1 Ағартушы ғалым Шоқан Шыңғысұлы  Уәлихановтың өмір  жолы

1.2  Халыққа  білім беру  жайлы ағартушы  ақын Абай  (Ибраһим) Құнанбайұлы

ІІ. Тарау

2.1 Орыс-қазақ  мектептерінің  кейінгі халі

2.2 Шоқан Уәлихановтың  ғылымға  сіңірген халі

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

ХІХ  ғасырдағы  қазақ  халқының болашақ  тағдырын  орыс мәдениетімен бірлікте   алып, қараған  Шоқан, Ыбырай, Абай    секілді ұлы ағартушы  демократтар тарихымызда  өшпестей   із  қалдырды. Олар  көп салалы мәдениеттің    барлық  сбаласын дамытуға үлес  қосты. Оның  үстіне   олардың   әрқайсысының мәдениетте   түбегейлі   айналысқан,  белгілі  бір   бағыттары   болды.  Осы  қызметіне    қарап халық  Шоқанды  — ғылымды   дамытушы Ыбырайды – оқу ағарту  ісін  дамытушы,  ол мәдениет  пен  білімнен   артта  қалған  ел – жұртын көрші елдің өнер – білімін, техникасын  игеруге  шақырып  қана  қоймай, сол  игі   істі    тікелей  жүзеге   асыруға   да  өлшеусіз  үлес  қосты. Қазақ   даласында,   тұңғыш  рет    орыс  үлгісіндегі   пәндік  білім  беретін  мектептер   ашып, оған   орыс алфавиті, негізінде  оқулықтар  жазды, өзі  сабақ беріп,    жаңа  талапқа  сай   келетін   мұғалімдер   дайындауға   күш  салды.

Абай да патшалық дара биліктен орыс халқын айыра білді. Орыс-қазақ еңбекшілерінің достығын уағыздаған Абай ұлы халықтық тілін, мәдениетін үйренуге шақырды.

Абай әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Алайда бай рулық-патриархалдық топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уландыруға тырысты. Білімді де талантты Әбдірахманның, одан кейін сүйікті баласы Мағауияның аурудан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақын қайтыс болды. Тамаша «Ғаклияның»— нақыл сөздердің авторы Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, ойлы мазмұны — ұрпақтарға қалған өшпес мұра.

Абайды — әдебиетті    дамытушы  деп   бағалайды.

XIX  ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНІПІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ

Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың

ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов

XIX ғасырдың екінші жартысы — орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игеру қажеттігі және орыс-қазақ қатынастарынын, тереңдеуі өлкені зерттеу барысына да әсер етті. Дүние жүзіне белгілі ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанский (1827—1914) Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхаттар жасады. Өлкені жан-жақты зерттеушілердің бірі болды. Оның басшылығымен дайындалған «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы» деген еңбектің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы ғалым Верный, Семей және баск,а да Қазақстан қоныстарында болған. Өлке туралы ұлы саяхатшының сипаттамасы мен тарихи шолуынын, маңызы зор.

Орыс ғалымдарынық қазақ халқы тарихын, материалдық мәдениеті мен тұрмыс-салтын, өмірін зерттеулері — қазақ-орыс достығының тамаша беттері. Көрнекті шығыс зерттеушісі академик В. В. Радлов (1837—1918) Іле алқабын, Жетісуды зерттеді, халық ауыз әдебиетінін, үлгілерін жинастырып, жариялады.

М. Красовский «Сібір қырғыздарынын, облысы» деп аталатын өз еңбегіндегі қазақ халқы тегінің шығуына көңіл бөлді. Көрнекті зерттеуші Л. Мейердін, «Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы» атты еңбегі Кіші жүз тарихын статистикалық жағынан сипаттауға арналды.

Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген А. Н. Добромыслов. «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты еңбегінде Қазақстаннын, саяси тарихы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сақталған. Сонымен қатар қазақ халқының келелі мәселелеріне И. И. Крафт, В. Виткевский, Н. А. Макшеев, Л. Ф. Костенко тағы да басқа авторлар өз еңбектерін арнады. Архивтерде жатып қалған белгісіз болған деректерді жарыққа шығарып, орыс-қазақ халықтарынын, байланыстарын барынша зерттеуде де бүл авторлар ірі үлес қосты.[1]

Украинанық ұлы ақыны Т. Г. НІевченконын, шығармашылығында да қазақ халқы тақырыбы белгілі орын алады. 1847—1857 жылдар аралығында қазақ жерінде айдауда болған ақын жергілікті тұрғындардың қайыршылық өміріне көңіл аударды. Оның «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар» және басқа суреттері — тұрмыстын, шындық жақтарын бейнелеген туындылар. «Менің ойларым» деген өлеңде қазақ және украин халықтарынын, өмірін салыстыра жырлайды.

Қазақ халқының қоғамдық ойы мен мәдениетінің дамуында мәдени ағарту және тұқғыш ғылыми ұйымдар мен мекемелердің ашылуы, олардың қызметі айрықша болды.

XIX ғасырда халықтың жақаша сауатын ашып, тіл білімі мәселесін зерттеуді жолға қоюда Тобольск, Томск, Орынбор, Саратов, Астрахань және басқа қалалар гимназияларында татар тілін оқытудық біршама рөлі болды. Қазан және Петербург университеттерінің шығыстану бөлімдері де Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге ат салысты.

Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845 жылы ашылған орыс географиялық қоғамынық Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі және басқа жерлердегі бөлімдері мен бөлімшелері үлкен рөл атқарды.

XIX ғасырдың екінші жартысында ұйымдастырылған облыстық статистикалық комитеттер қазақ өлкесінің тарихы, этнографиясы, материалдық мәдениеті жөнінде көптеген мәліметтер жинады. Олар «Облыстарға шолу жасау» жинақтарында жарияланды.

Қоғамдық кітапханалар жергілікті халықты ағарту ісіне тартуда бірқатар еңбек сіңірді. Азаттық қозғалыстың Қазақстанда айдауда болған өкілдері: Е. П. Михаэлис, А. Леонтьев, Н. Долгополов, С. С. Гросс, А. М. Богомолец, т. б. қазақтар арасында жиі болып, ауылдарды аралап, Ресейде жүріп жатқан оқиғалармен таныстырды, сауатын ашты. Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығынын, тамаша бір көрінісі — Абай мен Е. П. Михаэлистін, қарым-қатынасы.

Шоқан Уәлихановтың шын есімі — Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан — анасынын, еркелетіп қойған аты.

1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінін, атамекені Сырымбетте өткізген. Сырымбет — Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан — ақ қалыптаса бастады. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін үлкендерше тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шоқан сүйікті әжесі жөнінде суық хабарды алған бойда Сырымбетке арнайы келіп, Айғаныммен қоштасып, оны ақырғы сапарына шығарып салады.[2]

Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясы өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, декабристер С. М. Семенов, А. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенті С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың аульщда талай рет болып жүрген.

1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет сапар шегіп, әкесімен Омбыға келеді. Әкесі өзінің орыс достары көмегімен баласын сол кездегі ен, алдыдғы қатарлы оқу орнына Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Декабрист И. Завалишеннің берген бағасы бойынша, ол «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы» еді.

Белинский мен Герценнің азаттыққа шақырған идеялары Шоқан білім ала бастаған Сібір кадет корпусына да жетті. Кадет корпусы жан-жақты әрі терен, білім беретін оқу орны болды. Қазақстан географиясына да зор көңіл бөлінді. Бірақ өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу мен игеру патшалы Ресейдің әскери стратегиясы тұрғысынан қажет еді. Қазақ халқының тарихына да көңіл бөлінетін. Шоқаннын, көрнекті орыс ғалымы И. Н. Березинмен, таңдаулы ұстазы Н. Ф. Костылецкиймен байланыста болуы әуелден-ақ ғылыми бағытын дұрыс анықтауға себепші болды.

Пушкин мен Лермонтовтық поэзиясы Шоқанға да әсер етті. Олардын, көптеген өлеңдерін жас Шоқан жатқа білді, сол кездегі Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Айдаудағы ақын С. Ф. Дуров, саяхатшы, ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанский, Г. Н. Потанин, Ш. Уәлихановтын, білімділігін жоғары бағалаған. 1853 жылы кадет корпусын он сегіз жаеында бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атақ алды.[3]

Батыс және шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген Шоқан шығармашылық еңбек етуді адсады. 1855 жылы ол генерал Г. X. Гасфорттық сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстанды аралады, Іле Алатауы өңірінде болды. Шоқан тарихи аңыздарды, өлеңдерді жинай жүрді. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстық көлдің көлемін топографиялық суретке түсірді. Кей маршруттарда ол көрнекті ғалым, географ П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен бірге болып, достығы жалғаса түсті. 1856 жылдың күзінде екеуі Құлжаға барып қайтады. Ол Қытай мен екі арадағы сауда байланысын жақсартуға өз үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізеді.

1857 жылы Ш. Уәлихановтың Алатау қырғыздарына сапары Қашғар экспедициясынын, алдындағы сын қадамы болды. «Манас» атты алып шығармаға көңіл аударды. 1858—1859 жылдары Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашғар саяхатына барып қайтты. Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұқғыш барған Шоқан еді.

Петербургте болған жылдар (1859—1861) Шоқан өміріндегі ең бір қызықты кезең болды. Орыстың озат ойлы интеллигенциясымен араласа жүріп, ол өзінін, білімділігін, талантын танытты. Шоқан шығысты зерттеушілер В. В. Григорьевиен, В. П. Васильевпен, В. В. Веньяминов-Зерновпен, Петербург университетінің профессоры, Құлжадағы бұрынғы орыс елшісі И. Захаровпен, сыншы Н. Н. Страховпен, ақындар А. Н. Майковпен, Я. П. Полонскиймен және басқа орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы екілдерімен байланысын үзбеді.[4]

Шоқаннық достары ішінде аса көрнекті орыс жазушысы Ф. М. Достоевский де болды. Тұңғыш рет 1854 жылы Омбыда танысқан, кейіннен Семейде жалғасқан бұл достық — ғалым өміріндегі ірі оқиға. Бұл достық Петербургте де үзілмеді. 1861 жылдан кейінгі дара билеушілікке қарсы күрестен соң бұрынғы бағытынан ауа бастаған өз досының көзқарасына Шоқан сын көзбен қарады.

1861 жылдың көктемінде белгілі ғалым болып танылған Уәлиханов ауруға шалдығып, аулына қайтады. Шкірлес достарының арасында Петербургте екі жылдай болған Шоқан үшін бұл кезең жарқын да, қуанышты да болды. Ағайын-туысымен келісе алмаған сон, Шоқан Омбыға келді, қазақтың сот реформасындағы кейбір мәселелермен айналысты. 1864 жылы Шоқан Уәлиханов генерал М. Г. Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алудағы әскери қимылдарға қатысады. Алайда генералдың әділетсіз істеріне мейлінше налыған Шоқан 1864 жылдың маусым айында басқа да М. Г. Черняевқа наразы офицерлермен Верныйға қайтады.

1865 жылдың  «Русский инвалид» газетінің 51 санында көрнекті жас қазақ ғалымынын, Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланды. 1865 жылдын, сәуір айында Шоқан Уәлиханов Алтын Емел жотасынын, етегінде Көшен тоғаны деген жерде, Албан руынын, аға сұлтаны Тезектің  аулында қайтыс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы халық ағарту ісі

1867—1868 жылдардағы әкімшілік-территориялық реформалар, біртіндеп қарқын ала бастаған қоғамдық қозғалыс империяның ұлттық аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді.

XIX ғасырдың 60—70-жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми қоғамдар, көпшілікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің жолға қойылуы қоғамдық өмірдің жандануына алғышарт тудырды.

Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да көп ұлтты қазақ өлкесін де тұңғыш мектептердің  қызметіне жаңа бағыт берді. 1868 жылы құрылған Түркістан статистикалық коми-теті, 1878 жылы ұйымдастырылған Семей облыстық және кейінгі жылдары бірінен кейін бірі жұмысын жолға қойған басқа да облыстық статистикалық комитеттердің қазақ және өлкені қоныстанған басқа да ұлттар арасында ғылым мен білімнің, сауаттылықтын, негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды.

Қазақстанды зерттеуге, бірқатар еңбектер жариялауда пәрменді рөл атқарған Орыс географиялық қоғамының Түркістан, Батыс Сібір бөлімдері, кейіннен ашылған Семей бөлімшесі қазақ жерінде ғылыми экспедициялар ұйымдастыруда, өлкенің табиғат байлықтарын меңгеруде, жергілікті тұрғындардын, өкілдерін осы ұйымдарға тартуда ерекше үлес қосты. Ұлы Абай Құнанбайұлы Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болғаны жұртшылыққа белгілі. Қазақ даласында тұңғыш кітапханалардың ішінде ерекше көзге түскен 1883 жылы ашылған Семейдегі қоғамдық кітапхана. Алғашында кітап қоры 260 томнан ғана тұрған бұл кітапхана жылдан-жылға өсе бастады, қоғамдық өмірдің бір орталығына айналды.

Осы қалаға жер аударылған А. Блек, Е. П. Михаэлис, П. Лобановский, С. С. Гросс және де жергілікті халықтың өкілдері, соның ішінде Абай Құнанбайұлы кітапханаға құнды басылымдарды жинауға ат салысты. Кейіннен Ресейдің әр түкпірлерінен осы кітапханаға көптеген журналдар, әр ғылым салаларынан кітаптар келіп түсе бастады.

Қоғамдық ақысыз пайдаланатын кітапханалар Торғайда, Орынборда ашылды. XIX ғасырдың 90-жылдарында Қостанайда ұйымдастырылған кітаптарды ақысыз пайдалануға рұқсат етілген мектептің мақсаты ішкі істер министрлігі нұсқауында анықталғандай, қала тұрғындарының әр түрлі ғылым салаларынан білімін көтеру еді. 1876 жылы Ташкентте ұйымдастырылған халықтың сауатын көтеруді басты мақсат еткен арнайы комиссия да жергілікті тұрғындар арасында Қазақстанның оңтүстік аудандарында бірқатар ізгі істерді іске асырды. XIX ғасырдың екінші жартысында өлкеде әр түрлі мектептердің ашылуына әсер еткен басты фактор тек ағартушылық ғылыми мекемелер мен кітапханалар болып қойған жоқ. Патша үкіметінің отаршылдық басқару жүйесіне тілмаштар-ды даярлау қажеттілігі шаруашылық және чиновниктік әкімшілік мұқтаждығына қызметкерлердің жетіспеуі аралас орыс-қазақ мектептерін жылдан-жылға көбейтуді қажет етті. 1861 жылы Троицк қаласында, Торғай мақайындағы Орынбор бекінісінде, Қазалыдағы № 1 фортта ашылған орыс-қазақ мектептері қазақ жастарын қамтуға тырысқан осындай типтегі оқу орындары болды. Алайда жеке бекіністерде ұйымдастырылған қазақ мектептерінің материалдық қамтамасыз етілуі, ондағы оқушыларға білім беру дәрежесі өмір талабына сай келмеді. Қазалы және Перовскідегі мектептер кейіннен қалалық училищелер болып қайта құрылды. Онда Қазанда, Петербургте білім алған ұстаздар сабақ берді.

Қазақстанда халыққа білім берудің басты бағыттары «Орал, Семей, Торғай Ақмола және Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы «уақытша ережелерде» анықталды. Ағарту ісінің дамуына қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқы берілді.

Ал мұсылман дін өкілдеріне қазақ ауылдарында мешіттердің жанында мектептер ашу үшін уездік басқармадан ерекше рұқсат алуы қажет болды. Ал осы молдалардың өтінішімен ашылған мектептердің негізгі шығынын өтейтін де қазақ шаруалары болды. Қазақ шаруаларының балаларының шамалы ғана ақы төлеп, казак станицаларында, орыс қыстақтарындағы мектептерге балаларын оқуға беруге рұқсат етілді. Алайда қазақ жастарын орыс мектептерінде оқытуда патша үкіметінің мақсаты тек балалардың сауатын ашу емес, сонымен қатар отаршылдық пиғылын іске асыру болды.[5]

Мектеп, медреселерде қазақ жастарының білім алуына мейлінше қарсылық жасауы патша үкіметінің Орта Азиямен Қазақстанда ислам дінінің тарауына қарсылығының бір көрінісі еді. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің 1867 жылғы «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» да исламдық мектептерге шек қоюға бағытталған арнайы әкімшілік тықсыру еді. 1879 жылы желтоқсанның 11-күні сол Крыжановский халық ағарту министріне жолдаған хатында Орал, Торғай облыстарында сауаттылық дәрежесін көтеру мәселесін айта келе,    қазақ   мектептері   үшін   арнайы   оқытушылар даярлайтын оқу орындарын ашуды қажет деп тапты, оны бітіргендерді ауылдық старшын, болыстық іс жүргізуші, тіпті молда қызметтеріне тағайындау ұсынылған еді. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі 1883 жылы Орынбор губерниясының Орск қаласында ашылды. Осы кезде Торғай облысының мектептерінің инспекторы қызметіне ағартушы Ыбырай Алтынсарыұлы тағайындалды. Бұл маңызды істі шешуді тездетті.

XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда ағарту ісінің төмендегідей жүйесі қалыптасты: бастауыш оқу орындары, приход мектептер кластары, толықтырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептер, ауылдық және сауаттылықтың негізіне үйрететін мектептер. Орта оқу орындары, реалдық училищелер, қыздар мен ер балалар гимназиялары. Сонымен қатар мұғалімдер семинариялары да орта буындағы оқу орындарына теңестірілді. Арнайы маман даярлайтын оқу орындары: қазақтың мұғалім даярлайтын мектептері, ауылшаруашылық, мал дәрігерлік, Торғайдағы қолөнершілік мектептері, Оралдағы қолөнер кәсіпшілігіне шәкірттер даярлайтын арнайы мектеп, Омбыдағы механикалық-техникалық училище, Атыраудағы теңізге жүзу ісін меңгеретін мектеп т. б. әр түрлі материалдық жабдығы бар оқу орындары болды. Оқу ісінің ұйымдастырылу сапасына қарай 1872 жылы Омбыда, 1879 жылы Ташкентте ашылған мұғалімдер институты да Ресейдегі орта оқу орындарына жатқызылды.

XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде екі сегіз класты ер балалар гимназиясы, екі жеті класты қыздар гимназиясы, Верный қаласында сегіз класты Әскери гимназия, Оралда реальдық училищенің 6,7 және 8 класты ер балалар гимназиясы, Семейде төрт класты ерлер, 5 класты қыздар гимназиясы ашылды. Сонымен қатар Қазақстанда шіркеу приход мектептері, жексенбілік сауат ашатын мектептер де болды. Бұған сондай-ақ білім беруде қалыптасқан оқу орындарынын, қатарына мұсылман мектебі мен медреселерді де жатқызған жөн.

Патша үкіметінің кедергі жасауына қарамастан, мұсылмандық мектептер мен медреселер жастардын, сауатын ашуға, инабаттылыққа баулуда белгілі рөл атқарғаны белгілі. Пантюркизм мен панисламизмнің орын тебуіне қарсы күрес дегенді желеу еткен облыстың генерал-губернаторлары осы мұсылман дінімен байланысты оқу орындарының оқытушыларын әрдайым қуғындап, әкімшілік шаралармен қыспаққа алып отырды.     1870    жылы    наурыз    айының    26-сында қабылданған үкіметтің «бұратана» халықтар арасында сауаттылықты ашу туралы арнайы ережесінде мешіттердің  жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндетті деп танылды.

Шын мәнінде мұсылмандық, әрине, діни мазмұндағы оқу орындарында таза діни сарындағы пәндермен қатар оқушылардың жалпы танымын кеңейтетін, ойлау қабілетін тереңдететін арнайы азаматтық пәндер де оқытылатын. Әрине, оқу бағдарламаларының бір жүйеге келмеуі, мұғалімдерінің құрамының біршама әлсіздігі, ауыл мектептерінің қалалық орталықтардан алшақ жатуы діни мектептерде білім беру ісіне нұқсан келтірді. 8 бен 20 жастын, арасын қамтыған балалар тәлім-тәрбие, білім алатын мектеп уезд орталықтарынын, маңайында орналасқан барлық дерлік ауылдарда ұйымдастырылатын. Көшпенді өмір жағдайында үзбей оқып, сауаттылық көтерудің өзі қиын еді. Кейбір мектептерде тұрақты оқи алмай, тиіп-қашып сауатын ашып жүргендердің ішінде тіпті жасы 40-тан асып кеткен ересек адамдар да кездесетін.[6]

Жалпы алғанда, ірі медреселерде төмендегідей пәндерді оқыту ісі жолға қойылған: фараиз — дүние-мүлікті мұраға қалдыру және бөлу туралы заң усул-фиких — мұсылман заңдарын зерттеу, хикмет — тарих, философия және жаратылыс ғылымдарының энциклопедиясы, наху — араб тілінің грамматикасы, акаид,— догматика, монтық логика. Сонымен қатар, арифметиканық төрт амалы, орыс тілі, сөйтіп медреседе (жоғарғы мұсылмандық оқу орны) жастардың тәрбиесі мен білім дәрежесін, ой дамуының қалыптасуына әсер ететін барлық дерлік негізгі пәндерден сабақ берілетін. XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан мектептерде білім беру жүйесі (кейбір өзіндік ерекшеліктеріне қарамай) жалпы ре-сейлік ағарту ісіне мейлінше жақын еді, және әр түрлі нұсқаулар арқылы үкімет империяның орталық аудандарындағы білім беруді ұлттық аймақтарға таратуға әрдайым мүдделі болды. Торғай және Орал облыс-тарындағы қазақ және басқа тілдерде білім беретін оқу орындары Орынбор оқу округіне бағындырылды. Ақмола және Семей облыстарындағы оқу орындары Батыс Сібір оқу округіне қарады. Әр түрлі сипаттағы оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру кеңсесі Томскі қаласындағы чиновниктерге бағындырылды. Сырдария және Жетісу облыстарындағы оқу   орындарының қызметін қадағалау Түркістан генерал-губернаторлығына тапсырылды. Шыңжаңнан Жетісуға ойысқан ұйғырлар мен дүнгендер санынық біртіндеп өсуі, Оңтүстік Қазақстан өқірінде басқа аудандармен салыстырғанда қазақтардың басымдылығы орыс-«түземдік» мектептердің көбірек ашылуына әсер етті. Осыған байланысты өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі буындағы мектептерде оқу ісін жолға қоюдын, барысында қазақ жастарының араб таңбаларымен сауаттылығын ашуды дамытудың  қажет екенін көрсетті.

Шығыс Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің, Батыс Қазақстанда мұнай өндірісінің жолға қойыла бастауы, өлкенің Орталық аудандарында көмір өндірісінің дамуы осы бай өлкені игеретін білімді инженер-техникалық мамандарды даярлауды күн тәртібіне қойды. Алайда орасан байтақ Қазақстанда шаруашылық салаларында пайдаланатын мамандар даярлайтын бірде-бір арнайы техникалық орындары болмады. Қаржының тапшылығы Қазақстанда ағарту ісін артқа тартқан бір кедергі болды. Мектептерде оқу ісін ұйымдастыруға қажетті қаражаттың бір бөлігі жергілікті халықтан жиналатын. Мемлекет тарапынан өлкедегі оқу орындарына жұмсалатын қаражат мөлшері тым жеткіліксіз еді. XIX ғасырдық аяғында Қазақстанда ағарту ісінде жан басына шағылатын шығын Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлдеқайда төмен еді: Торғай облысында 19,5, Орал облысында — 16,2, Ақмола облысында — 11,3, Сырдарияда — 9,7, Семей облысында — 7, Жетісу облысында 5,5 тиыннан аспады.

Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуын артқа тартқан құбылыстардың бірі — оқу орындарының барлық буындарында дерлік білімді ұстаздардың жетіспеуі. Томскінің, Қазанның, Мәскеудің т. б. ірі мәдени орталықтардың оқу орындарын бітірген мамандар Қазақстандағы ауыр материалдық және тұрмыстық жағдайға төзбей, қайтып оралатын. Жалақынық аздығы, оқу ісін ұйымдастырудағы олқылықтар: оқу құралдарының, кітаптардың жетіспеуі де халық ағарту ісінің қарқындап дамуына кедергі болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарыұлы және

Абай Құнанбайұлы

Ыбырай Алтынсарыұлы (1841—1889). Көрнекті ағартушы, қоғамдық қайраткер, жаңашыл педагог 1841 жылы қазан айының  20-сында (жақаша күнтізбемен — қарашаның 2-күні) дүниеге келді. 1844 жылы әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін, жас Ыбырай атасы Балғожа биден тәрбие алды.

1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген Ыбырай жас кезінен-ақ білімге құштарлығын көрсетті. Мектепте орыс, араб, татар және парсы тілдерінен, басқа да негізгі пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүрген әр текті интеллигенция өкілдерімек танысты. Жасынан жаңалыққа құштар болған Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В. В. Григорьевпен жақындасты. Оның  пәтерінде жиі болып, бай кітапханасын пайдаланды.

Мектепті үздік бітіргеннен кейін 1857 жылы Ыбырай өзінің атасы Балғожа бидін, хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. Ал 1864 жылы Торғайдың жанында Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған мектепте оқытушы болып жұмыс істеді. Жанд мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде. Ы. Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарастары да қалыптасты. 1867—1868 жылдарда өлкені басқарудағы әкімшілік-саяси  реформалардың  отаршылдық  мазмұнына   жете мән бермеген Алтынсарыұлы — отаршылдық өзгерістерді қазақ халқына пайдалы іс деп қарсы алды. Патша үкіметінің қанау саясатын өз шығармаларында жеткізіп сынағанмен де, белгілі ағартушы отаршылдық әкімшілердін, халыққа озбырлығын дәйекті сынамады. Әрине, ауыл ортасынан шыққан Ыбырай қазақ еңбекшілерінің екі жақты езуге душар болғанын балалық шағында да, Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші қызметінде де өз көзімен көріп, халықтың басынан кешіріп отырған ахуалын жақсартуды әрдайым ойлағанына оның көптеген мысал, әңгімелері дәлел. Бай, феодал топтардық көргенсіз қылықтарын әзілдеген Ыбырайға жиі орынсыз жала да жабылатын. XIX ғасырдың екінші жартысында әсіресе патша үкіметінің қазақ шаруаларын өз қоныстарынан ығыстырып, шұрайлы жерді орыс қонысшыларына үлестіруі Ыбырай тарапынан сан рет наразылық туғызды. Жергілікті баспасөз беттерінде ол патша үкіметініқ отаршылдық-аграрлық саясатын сан рет әшкереледі.

Ыбырай Алтынсарыұлының тарихи сахнаға келуі, кейінгі ұрпақтарға есімінін, терең із қалдыруы, ең алдымен оның ағартушылық қызметімен байланысты. XIX ғасырда ресми түрде халыққа білім беру жүйесінде арнайы қызметте болған, ағартушы өзінін, білімің байланыстарың қолындағы мүмкіндікті қазақ жастарын сауаттылыкқа шақырудан аянбады.[7]

1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Әрине, 1868 жылғы Қазан айының 21 күні патша бекіткен Далалық облыстарды басқару жөніндегі «Уақытша ережелер» бойынша Елек, Қостанай (Николаевск), Ырғыз, Торғай уездерін, сонымен қатар Орынбор өңірінің  бірқатар жерін алып жатқан кеқ ауданда әр түрлі буындағы оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру оңай болмады. Тағы да баса көрсететін бір мәселе — ағартушының қызмет бабы жағынан облыстық губернаторға тікелей тәуелділігінің оның ағартушылық қызметіне шек қойғаны. Сондықтан да оның ағарту, халықтың сауатын ашу жөніндегі шаралары губернатордық елегінен өтетін. Өзіне тиісті құқықтарды Торғай облысы жағдайында қалыптасқан саяси және қоғамдық жағдайға сәйкес пайдалана білген Алтынсарыұлының басты үлесінің бірі қазақ жастарын азаматтық білімге тарту еді.

Патша үкіметінің халыққа білім беру саласындағы отаршылдық саясаты үдеп тұрған кезде педагогикалық басқару қызметін жандандырған Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ ауылдарын аралап, өз көзімен көрген олқылықтарды түзеуге күш салды. Әсіресе бір кесел болғаны, сауаттылықты алға бастыруда қаражаттың жетіспеуі. Алтынсарыұлы қазақ ауылдарында жиі болып жаңа оқу орындарын ашу үшін ақша жинастыр-ды, жастарды тәрбиелеуге, оқу ісін  ұйымдастыру ісіне пайдалануға ерекше көңіл бөлді. 

Ы. Алтынсарыұлының ісін жолға қоюдағы тереқ із қалған жарқын істерінің бірі — қолөнершілік, ауылшаруашылық мектептерді ұйымдастыруы. Қазақ аулының шаруашылық, әлеуметтік өмірінде капита-листік құбылыстардың біртіндеп орын ала бастауы, өндіргіш күштерді, табиғат байлықтарын игеретін мамандар әзірлеуді талап етті. Жергілікті жастар арасынан қолөнершілік, ауылшаруашылық және басқа да мамандықтар бойынша білгір адамдарды даярлаудағы ағартушының қызметі бір бөлек. Өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғай қаласындағы ауылшаруашылық мектептің қарамағына қалдырған шешімі де әр салалық мектептердің жұмысын жолға қоюға ерекше мән бергендігі еді.[8]

Ыбырай қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ұйымдастыруы оның педагогикалық саладағы ауыз толтырып айтатын жетістігі. Бастауыш мектептерде сауаттылықты ашу үшін ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Алғашында Троицкіде негізі салынған, кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп өз кезіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болды. Ағартушының жиілетіп ауылдық, облыстық мектептерді ұйымдастыруы, мұғалімдерді қалауы бойынша сараптап таңдап алуы облыстык чиновниктердің наразылығын туғызды. Тіпті ағартушыны жауапқа тартуды талап еткен ұсыныстар да болды.

Қазақ аулында педагогикалық істін, әлсіз дамуы, арнайы көмекші оқу құралдардың тапшылығы Алтынсарыұлынын, орыс демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін кең пайдалануға себепші болды. Белгілі педагог ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің және ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың тағы да басқа ойшылдардың- педагогикалық мұрасын кең пайдаланды. Ыбырай орыс-қазақ мектептеріне арнап екі оқу құралын жазды. «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық» атты еңбектері сол кезде орыс тілінде оқитын қазақ жастарына арналған. Алайда ағартушының «Қырғыз хрестоматиясы» ғасырлар бойы сақталынып келген, әсіресе ауылдарда кен, тараған, үйреншікті араб графикасын ығыстыруға себепші болды. Орыс алфавиті негізінде құрастырылған бұл оқу құралын патша чиновниктері басқа да далалық облыстардағы ауылдық мектептерде пайдалануға мүдделі болды. Әрине, Еділ бойында, Сібірде, Орта Азияда және Қазақстанда миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н. И. Ильминскиймен тығыз байланысты болған Алтынсарыұлы осы белгілі адамның әсерін қабылдамай қоймады.

Ыбырай Алтынсарыұлы педагог, жаңашыл ағартушы болып қойған жоқ, сонымен қатар кейінгі ұрпақтарға мүра қалдырған ғалым-этнограф. Әсіресе Алтынсарыұлының көңіл аударған саласы — қазақ халқының әдет-ғұрпы. Рулық-патриархалдық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды мейлінше әзілдеген ағартушы мазмұны жағынан өткір шығармаларында әдепсіздікті де мейлінше сынады. Ауыл өмірін көптеген әңгімелерде арқау еткен ғалым-педагог осы салада көптеген ой-пікірлерін ұсынды.

Ыбырай сонымен қатар қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялауда белгілі болды. Қазақ халқының тарихы жөнінде де мәліметтер жинаған ағартушы өз шығармаларының әсіресе тәрбиелік мәніне көқіл аударды. Ол отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. Көпшілікке белгілі «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде Торғай өзені бойында жатақшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысқан қазақтардың өміріндегі өзгерістердің уағыздаушысы болды. «Талаптың пайдасы», «Байлық неде» сияқты прозалық шығармаларының мазмұны жаңа өмірді көксеген  ағартушының  арманы.

Абай Құнанбайұлы (1845—1904)— қазақ халқының жазба әдебиетінің  негізін салушы,  ұлы ойшыл ақын Абай (Ибраһим) 1845 жылы Семей облысының  Шыңғыс тауында дүниеге келді. Абайдың әкесі Құнанбай бай — Тобықты руының старшыны болды. Жас Абай  тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орнын ерекше еді.  Абай деп анасының еркелеткен аты кемеңгер кейіннен әлемге жария етті.

Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан білім алды. Кейін ауқатты Құнанбай баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді. Медреседе ол шығыс әдебиетін көп оқыды, қаладан орыс мектебіне де барып жүрді. Мектепте жүрген кезінде өзі де ақындық талабын көрсете бастады. Алайда ел билеу ісіне балаларын да тартқысы келген шонжар Құнанбай Абайдың қаладағы білімін аяқтатпай алып кетті. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған ол, әкесі Құнанбаймен жолы бір емес екенін әбден түсінді.

Ақынның маңайына топтаса бастаған ірі ру басылары, ақсүйектер емес, қарапайым топтан шыққан талантты қазақ жастары еді. Семейде кездескен, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс интеллигенциясы өкілдері де Абайға жан-жақты ықпал етті. Орыстың азаттық қозғалысының Семейде айдауда болған белгілі өкілдері Е. П. Михаэлис, А. Леонтьев, С. С. Гросс, Н. И. Долгополов, тағы басқалар оның ақындық шығарма-шылығынын, демократтық бағытта қалыптасуына себепші болды.

Абай да патшалық дара биліктен орыс халқын айыра білді. Орыс-қазақ еңбекшілерінің достығын уағыздаған Абай ұлы халықтық тілін, мәдениетін үйренуге шақырды.

Орыс демократиялық мәдениетінің көрнекті өкілдері А. С. Пушкинге, М. Ю. Лермонтовқа, М. Е. Салтыков-Шедринге, Лев Толстойға және басқа ұлы ойшыл ақын-жазушыларға бас иді.

Тек ақын емес, сонымен қатар сазгер болған Абай Пушкиннің «Евгений Онегинінен» өзі аударған бөлімдеріне ән шығарды. Абайдың әсерімен ақындығы толысқан Ақылбай, Кәкітай, ақыннын, кіші ұлы Мағауия да орыс мәдениетіне терең көңіл қойып, өздері де поэзиялық туындылар жазды.

Абайдың балалары да әкесінің ақылымен орыс мектептерінен білім алды. Ұлы Әбдірахман Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Патша әкімшілігі халық арасында кең беделге ие болған сүйікті ақынның халық мүддесін қорғауына наразы болды. Полицейлік қарауыл қойып, ақын шығармашылығына губернатордың  қысым жасауы да осыған байланысты еді.

Абай әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Алайда бай рулық-патриархалдық топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уландыруға тырысты. Білімді де талантты Әбдірахманның, одан кейін сүйікті баласы Мағауияның аурудан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақын қайтыс болды. Тамаша «Ғаклияның»— нақыл сөздердің авторы Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, ойлы мазмұны — ұрпақтарға қалған өшпес мұра.[9]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта   келетін  болсақ,  Шоқан  Уалиханов  қазақ   елінің   саяси  өміріндегі    кейбір мәселелердің     шешімі    ұлттық – этникалық  жетілуге    пайымдады.  Жетілмеген саяси жүйенің   қозғаушы   күші  сол   хылықтың  белсенділігін  білімділігін  арттыруда   баса    назар   аударды.  Ыбырай   Алтынсарин  қазақ   халқын    ілгері   дамыту   жолындағы   күрескер  еді.   Ол   аймақта    бастауыш  мектептер  мен   кәсіптік училищелерін   ашу  арқылы   жалпы   және   кәсіптік    білім  ісінің  негізін   қалады.

Сондай – ақ ол  Қазақстандағы    педагогикалық  білім   беру   ісінің   де   негізін  қалаушы. Болашақ   ұрпақты  адамгершілікке   және Отанды   сүюге  тәрбиелеуге   маңызды мәселе  деп   қарайтын. Алтынсарин  мектептерде  орыс   тілімен  қатар   қазақтың  ана  тілін де   жеке  пән  ретінде   қарап, оған баса  назар   аударды.  Сөйтіп, ол  Қазақстанда  ұлы   орыс   халқының   озат   мәдениетін  таратып,  меатептерді  ұлттық   кадрлар  даярлайтын  ортаға   айналдырды. Қазақ  ағартушыларының  бұл   еңбектері  қазақ   халқы  мәдениетінің   даму  тарихында аса зор  оқиға, зор ғылыми   табыс  ретінде  жарыққа  шықты.

Орыс  ғалымдары  қазақ халқының  тарихын,  тұрмысын,   мюәдениетін мен  тілін зерттеуге    көп  жұмыс  істеді.  Еліміздің  мәдениеті   мен қоғамдық ой-пікірлерінің  тарихында  қазақтың   тұңғыш  ғалымы  аса  көрнекті  демократ  зерттеуші  Ш. Уалиханов   құрметті  орын  алды.  Оның  қоғамдық саяси,  ғылыми  және   әдеби    қазақ  даласында   прогресшіл  идеялардың     тарауына  үлкен  жол  ашты.  Бұл  кезде  қазақ  ақын  жазушыларының   кітаптарын  шығаруы   ұлғайды.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Ә. Сыздықов «Ы. Алтынсариннің   педагогикалық  идеялар мен   ағартышылық қызметі» Алматы,  1969 ж.
  2. Мұхамедрахым Жармұхамедов «Ыбырай Алтынсарин  тағлымы» Алматы, 1996 ж.
  3. Ә. Ламешов Ы. Алтынсарин Алматы, 1991 ж.

4.Педагогика   тарихы Ж.  Әбиев Алматы, 2006 ж.

  1. «Таңдамалы шығармалар» Ы. Алтынсарин Алматы, 1988 ж.

6.Ж.  Қасымбаев   «Қазақстан  тарихы»   Алматы,  1998 ж.

  1. Ұ. Есназаров Қазақстанның   физикалық  географиясы

Алматы, 2001 ж.

  1. Т. Тұрлығұлов Қазақ елінің қысқаша   тарихы

Алматы, 1995 ж.

  1. Ш. Уәлиханов Сабақ — әдістеме Алматы, 2002 ж.
  2. Мырзахметұлы Мекемтас «Қазақстан тарихы»

Алматы,  1994 ж.

  1. Абай дәстүрі ХХ ғасыр әдебиеті Абай  Құнанбаев

Алматы,  2007 ж.

  1. 12. Рамазан Тоқтаров Абайдың жұмбағы 1999 ж.
  2. Ы. Алтынсарин «Ек і томдық шығармалар   жинағы» 

Алматы, 2003 ж.

  1. Ә.Ж.Дербісәлин Ы. Алтынсарин жазушылық қызметің туралы Алматы, 1998 ж.
  2. А. Құнанбаев «Таңдамалы шығармалар  жинағы» І-ІІ томдық Алматы, 1972 ж.

 

 

 

Сілтемелер

 

[1]  Шоқан Уәлиханов 114-118 б.

[2] Ыбырай Алтынсарин 119 – 123 б.

[3] Абай Құнанбаев 123 – 127 б,

[4]  Ә. Сыздықов  «Ы.  Алтынсариннің педагогткалық

идеялары мен   ағартушылық     қызметі» 55 — б

[5] Ә. Сыздықов Ы. Алтынсариннің  педагогикалық   идеялар  мен   ағартушылық  қызметі 63 -б

[6] Мұхамедрахым  Жармұхамедов «Ы. Алтынсарин  тағлымы» Алматы, 1991 ж. 20 – б.

[7]   Қазақстанның  физикалық географиясы Ұ. Есназарова

29 – 31 б.

[8]   Қазақстан  тарихы Ж.  Қасымбаев  Алматы,  1998 ж. 

162 – 165 б.

[9]  Қазсқатан тарихы Ж. Қасымбаев Алматы,  1998 ж.

 148 – 152 б.