АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы архетиптер

 

 

 

Мазмұны:

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..

Негізгі бөлім.

 

2.1. ХУІ ғасырдағы Швейцария одағының құрылуы…………………………………

2.2. Швейцария кантондарының саяси құрылысы……………………………………

2.3. Швейцариядағы Реформацияның алғы шарттары……………………………

2.4. Цвинглияндық Реформация кезіндегі

Швейцариядағы әлеуметтік саяси күрес……………………………………………….

 

Қорытынды …………………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі…………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

      XVI ғасырдағы XVI ғасырда Швейцария одағының территориясы таны да үш кантонның — Базель, Шаффгаузен (1501) және Аппепцелляның (1513), сондай-ақ Бернаның Савойямен жүргізген күресінің барысында қосылған кейбір жеке жерлердің (Ваадт және басқалары) есебінен ұлғайды. Одаққа енді ол үш толық праволы кантондар еніп, елдің халқы 1500 жылға қарай шамамен 850 мың адамға жетті. Щвейцария одағының саяси құрылысы бұрыңғьтсынша — орталық өкіметтің тұрақты органдарынсыз және біріккен қарулы күштерінсіз — конфедерация болып қала берді. Жалпы мәселелерді одақтық сеймдерде — тагзатцунгтарда кантондардың толық праволы уәкілдік депутаттары шешті. Калтондар сонымен бірге өздерінің одақтық жерлерін билеп отырды. Ал жеке кантондардың немесе тұтас алғанда, конфедерацияның жаулап алған фогтстволарын тиісінше конференцияның немесе кантон өкіметтерінің тағайындап қойған фогттары басқарды. Бұл жерлердің ешқандай саяси праволары болмады және олар кантондардың билеуші олитархиясының жасайтын озбырлықтары мен қанауларының объектілері болып табылды.

      Швейцария кантондарының экономикалық құрылымы мейлінше ала-құла болды. Бірақ олардың едәуір бөлігі үшін феодалдық қатынастардың дамығандығы,   қауым-марканың ұзақ  уақыт сақталып  қалуы және басқа елдермен салыстырғанда ерікті шаруалар топтарының тым көп болуы тән нәрсе болды.

 

 

  1. ХУІ ғасырдағы Швейцария одағының құрылуы.

 Ормандық кантондар — Швиц, Ури, Уятервальден, Цуг және Люцерн — бұлардың қалың орман-тоғайлардың, адам жетпес таулы шыңдардың және биік тау шалғындардың аудандары еді. XVI ғасырда сауданың өріс алып, жолдардың жақсартылуына байланысты егіншілік енді тиімсіз салаға аяналды да, өнімі Швейцария мен европа елдері рыноктарына жөнелтілетін сүтті мал шаруашылығына жол берді. Әсіресе Швейцария сырының даңқы жер жарды, тіпті Орыс мемлекетінде де оған сұраныс көп болды. Жергілікті сиырлардың өнімділігі мол асыл тұқымдарын сақтау мақсатымен қатаң шек қоюшылық енгізілді, яғни  ірі қараны тірідей сыртқа шығаруға немесе сырттан әкелуге толық тыйым салынды. Ормандық кантондарда астық тіпті шаруалардың оздеріне де жетпеді, сондықтан қажетті астықты Цюрих пен Люцорн арқылы шетелдерден әкеліп отырды. [1]

        XIII—XIV ғасырлардағы азаттық күресінің барысында ормандық кантондардағы шаруалар қауымдарының көпшілігі дүнияуи және діни феодалдардың жерлерін басып алды, болмаса олардан сатып алынды. Бұл жағдай мұнда ерікті шаруалар шаруашылықтарының басым болуына мүмкіндік берді. Бірақ оның есесіне феодалдық сеньорлардың орындарын жекелеген кантондар немесе түгел сфедерациялар басып алған жағдайлардың өзінде де, фогтсволықтардағы феодалдық-крепостниктік тәртіптер қаймағы бұзылмастан ел сақталып қала берді. Жер пайдалануда үш танапты егіс жүйесі үстемдік етті, мұнда еріксіз ауыспалы егіс басым болды да өнім қалып болғаннан кейін бұл алқап мал жайылымына

________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 97 бет

айналдырылды.

       Қауым-марка, әсіресе, егіншілікті аудандарда едәуір ыдырады. Ормандар, балық аулайтын жерлер, биік тау шалғындары бірлескен түрдеде пайдаланылды. Бірақ қауымның толық праволы, толық үлесті мүшелерінің саны азайды да, ал жартылай  жабдықты, жері аз және жерсіз шаруалардың саны көбейетүсті. Соңғы екі категориялардағылар альмендамен тек қауымның пайдасына, ягни ең алдымен оның ауқатты тобының пайдасына міндеткерліктер атқарып, жұмыспея өтеу шарттарымен ғана пайдалана алатын болды. Ауқатты шаруалар альмендамен пайдалануды бірте- бірте озбырлықпен иемденіп алып, оны деревняның кедейлерін кіріптарлыққа салудың құралына айналдырды.

       Басқа ел патшаларының жалдамалы әскерлерінде офицерлік қызмет атқарған шаруалардың жетекші топтарының көпшілігі дворян атағына ие болды. Рас, бұл оларға өз отанында ресми артықшылықтар  бермеді. Бірақ солай бола тұрғанымен де, бұл жағдай орманды кантондарда экономикалық және саяси жағынан үстемдік етуші бай жер иелері олигархиясының құрылуына себепші болды.

         Ормандық кантондардың қалаларынан Люцерн ерекше көзге түсті. Мұнда жергілікті қажеттерді қанағаттандыратын шұға тоқу кәсіпорындары қанат жайды және олар XV ғасырдың аяғынан бастап сауда-тарату кеңселеріне кіріптар болып қалды. Қала халықтарының атқаратын қызметінің ең басты саласы Сон-Готард асуы арқылы жүретін транзитті саудаға, атап айтқанда, сауда жүктерін тасымалдау жұмысына қызмет істеу болды. Қалған жағдайларда жердің аздығы мен патриархтық қалдықтардың сақталуы, сауда және өнеркәсіп жүйелері орталықтарының жоқтығы ормандық кантондарда өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтірді және халықтың өндіріс қызметі саласында өзіне орын таба алмай бос сенделген қоғамдық топтарын туғызды. Мұның нәтижесі «түздегі кәсіпшіліктің» бір түрі — әскерге жалдануға әкеп соқтырды. Ал мұның қоғамға әлеуметтік және саяси зардаптары тимей қоймады. Қалалық кантондар — Цюрих, Базедь, Берна және Сен-Галлеа  Женева сияқты одақтық жерлердің экономикалык, құрылысы мүлдем басқаша болды. Бұлардың далалық алқаптарында егіншілік өріс алды. Бернаға тәуелді Ваадт аймағы астықты өңірдің бірі деп саналды. [2]

         Цюрих пен Женева округтарында (бұл қалалар, әсіресе оларда реформациялық қозгалыстың дамуымен байланысты көңіл аудартады), ормандық кантондарға қарағанда, фөодалдық жер қатынастары анағұрлым көбірөк дамыды. Атап айтқанда, рөформацияға дейін Цюрнх каптонында 270 сеньорийлер болды. Қауымдық қатынастар белгілі бір дәрежеде ыдырады және альменданың көлемі де кеміп, ол жердің тек 25%-ін ғана құрады. Ормандардың үлкей массивтері жайылымдарға айналдырылды. Бүкіл пайдалануға жарамды жерлердің 21%-ін шалғындықтар алып жатты. Тәуелді шаруалар чинши мен деснтина төледі, кейбір заттай міндеткерліктер мен жұмыспен өтеу борышын атқарды. Шаруалар астығын тек өздерінің кантондың қалаларының рыноктарында сатуға міндетті болды. Женевәның және басқа қалалардың селолық округтарында, сондай-ақ Цюрих көлі ауданында XVI ғасырда өкіметтердің ерекше

________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 99 бет.

қамқорлығына алынған жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісі кең етек жайды. Мұнда аренданың үстем формасы жарма-жаршылық болып табылды. Бұл жерде арендаторлардың қатарына жүзім егушілердің арнаулы цехтарына біріктірілген қала халықтары да қосылды.

Көптеген кантон қалаларыньгң және одақ жерлерінің экономикалық өмірінің орталығы ауыл шаруашылық саласында емес, қол-онер кәсібі мен сауда саласында болды. Конфедерацияның аса ірі қаласы, Берн маңызды сауда және қолөнер кәсібі меы финанстың орталығы ретінде қалыптасты. Оған таяу тұрған Берндік Юреде Швейцариядағы ең ірі темір кендері шахталары орналасты. Бұларға 1520 жылы 400-ге жуық кен қазушылар қатысып, рудниктермев көршілес Лауфенбург қаласында 18 ұста дүкені жұмыс істеді. Кен қазуға қатысушылардың едәуір тобы өздеріне қаржы беретін ірі купецтерге тәуелді болды. Көлемі жағынан конфедерацияның (XVI ғасырда 15 мыңға жуық тұрғындары болған) екінші қаласы саналған Базель, көбінесе транзитті сауданың ірі орталығы ретінде қалыптасты. XV ғасырда және XVI ғасырдың бірінші агарегінде мұнда Германия, Англия, Нидерланды және Италияда операциялар жүргізген бірнеше ірі сауда компаниялары жұмыс істеді. Цехтық қолөнеркәсібі әжептәуір дамыды, ал кейбір салаларда, мысалы, қағаз өндірісінде капиталистік мануфактура да қалыптасты. XVI ғасырдың бірінші ширегінің аяқ шетіне таман әлденіп алған цехтар бағаларды, атап айтқанда, нанның бағасын өсіруде монополиялық артықшылық-тармен пайдаланушы сауда компанияларының көпшілігін жою жөнінде үлкен табыстарға жетті.

    Цюрихтың экономикалық базасы ең алдымен цехтың тоқыма қолөнер кәсібі болды. Қала маңында қосалқы кәсіпшіліктер, соның ішінде таратып берушілердің заказдарын үйде отырып істеушілер кеңінен дамыды. 1336 жылы саяси өкіметті цехтардың басып алуы, қаланың шетіндегі саяси тірес және Цюрихтың орман кантондарымен қақтығысып қалуы салдарынан, тоқыма қолөнер кәсібінің барлық салаларының құлдырауына әкеліп соқтырды. [3]

        XV ғасырдың аяғына дейін ең маңызды сауда-қолөнер кәсібі мен финанс орталығы, кері кетіп құлдыраған орта ғасырлық гаампан жәрмеңкелерінің мұрагері — Женева болғанды. XVI ғасырдың бас кезіне таман Женевада 10 мыңға жуық адам болды. Оның жыл сайын жеті рет болатын жәрмеңкесіне Италия, Франция, Германиянын, әр турлі товарлары бар купецтері жиналатын. XV ғасырдың аяғында жылына 10 мың кесекке дейін шұға тоқитын цехтың фрейбург шұғашылары өз өнімінің ең көбін осы Женева рыногына шығарып тұрды. Женеваның ақша рыногында ең ірі итальян банкирлері — Медичи мен Перуцци және Сосеттидің агенттері белсенді түрде әрекет жасады. Қалада жібек тоқитын, зергерлік бұйымдар жасайтын және басқа қолөнер кәсіптері біраз

дамыды. Олардың бәрі де цехтық бұғаулардың құрсауынан азат етілді. Лион жәрмеңкелерін ұиымдастыру Женеваның бүкіл шаруашылық өміріне жәнс Фрейбургтің шұға өндірісіне қатты    ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 101 бет

соққы болып тиді. Мұның шығаратын өнімінің көлемі XVI ғасырдың басында 75 процентке қысқартылды.

  XV ғасырдың аяғында және XVI ғасырдың басында Сен-Галлендө зығыр кездемесі өнеркәсібінің және Луганода шұға тоқудың дамығандығын айта кету қажет. Бұлардың шығаратын өнімдері экспорт салаларына арналды. Осынау іске цехтармен қатар купецтік капитал да белсенді қызмет атқарды. [4]

Тұтас алғанда егіншілікте, қолөнер кәсібінде, саудада жәнс XV ғасырдың аяғында Швейцария өнеркәсібініц кейбір салаларында прогрессивтік тепденциялармен (алғашқы капиталистік) қатар реакциялық тендендиялар да орын алды. Олардың өзара күресі кантопаралық қайшылықтармен және жанжалдармен астаса келіп, Швейцария одағының келешектегі әлеуметтік-саяси дамуы бағытын белгілеп берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» Алматы, 1979ж.

 

  1. Швейцария кантондарының саяси құрылысы.

       Швейцария кантондарының саяси құрылысы  олардың   әлеуметтік-экономикалық   бейнесіне сәйкестендіріліп жасалынды. Орман каптон-дарында марканың ыдырап, әскерге жалданушылықтың өрістеуі барысында қауымдар советтері барған сайын жер иелерінің билеуші тобының құралына айнала бастағаны айқын аңғарылды. Бұл билеуші топ жері аз қауым мүшелерін, қауым шеңберінен тысқары тұрған присельниктер «татвнерлерді>> және фогтствольгқтардағы тәуелді шаруаларды рақымсыз қанады. Каитондық советтердің қатары сайлаусыз-ақ толықтырылып отырды; олардағы лауазымдар өмірлік болды. Туған-туысқандық және бірлесіп заңсыздықтар жасау арқылы бір-бірімен тығыа байланысты болған билеуші олигархия өздерінің отандастарын ешбір аяусыз қанады.

        Әскерге жалданушылық 1516 жылы Францияның королы I Францикспен жасалған шарттан кейіп бүкіл мемлекет көлемінде ұйымдасқан кәсіпшілікке көшіп, бостандық сүюші Швейцария халқының қарғысына айналды. Әрбір кантон әскерге жалданушыларды тауып, жеткізіп беріп тұрғаны үшін басқа елдердің билеушілерінен ақша алып, олардың бір бөлігін қауымдардың арасына, бір бөлігін қалалардың магистраттары мүшелерінің арасына бқліп беріп отырды. Бұл жағдай өз отандастары азаматтарының қанымен, елдің мүдделерімен санаспай сауда жасау кәсібін туғызып, ақыры коррупцияға әкеліп соқтырды. Парақорлық, бөтен елдерде қаза тапқан жалданушылардың арттарында   қалған   жетім-жесірлерінің   пенсияларын иемденіп келушілік кантоналдық  өкіметтердің   әдеттегі   істеріне айналды.

Цюрихтың магистратында цехтар үстемдік етті. Сырттан қара-ғанда бұл басқарудың демократиялық формасы сияқты болып көрінді, ал іс жүзінде, цех мастерлері мен бай бюргерлердің мүдделерін қорғады. Қалалық магистрат орта ғасырдың корпоративтік құрылысты сақтап қалып, нығайту және жаңа прогрессивті бастамаларды тұншықтыру саясатын жүргізді. Әскерге жалданушылық пен коррупция мұнда да әдетке айналды.

Бернде, Базельде, Фрейбургте, Женевада саяси артықшылық патри-циандық фамилиялардың қолдарында қалып отырды. Бұлардың ең басты байлығы — жер мен рента және ақша болды. Кантондардың арасында кейбір сауда-қарым-қатынастары бола тұрғанмен, Цюрях, Базель, Винтертур, Шаффгаузен, Фрейбург пен Бернның цехтары өзара қалааралық одақтар жасасқанмен, кантондардың экономикалық байла-ныстары әлсіз болды және мұнда жалпы щвейцариялық рынок қалып-таспады. Негізінен соғыс — саяси және ең бастысы кантондардың көрші-лес державалардан, әсіресе, австриялық Габсбургтерден өздерінің тәуел-сіздігін сақтап қалу мақсатымен біріккен әр түрлі тілдерде сөйлеуші конфедерацияның ұлттық ортақтықы нығайтуға қажетті айтарлықтай алғы шарттары болмады. Өздерінің экономикалық қуаттылығымен, орманды кантондардың мешеулеп артта қалуларымен, олардың астық және товарлармен жабдықталу жағынан басқа қаладардан тәуелді екендігімен дайдаланған Цюрих, әсіресе, Берн конфедерациядағы үстемдік жағдайға талаптанды және кейінде бұл мақсаттарына жетті де. «…Альпінің қайсар бақташылары.,,— деп жазды Энгельс,— цюрихтық, люцерндік, берндік және базельдік мешандардың езгісіне түсу үшін австриялық дворяндардың үстемдігінен сытылып шықты».

  1. Швейцариядағы Реформацияның алғы шарттары.

        Реформацияның Швейцарияда пайда болуына және оның түбегейлі нәтижеге жетуіне жергілікті жағдайлардың ықпалы айтарлықтай болды. Әлеуметтік-экономикалық  жағынан   баяу даму,   патриархтық дәстүрлерді бүркемеленген бір топ дәулетті жер иелерінің саяси үстемдігі, «мазасыз элементті» басқа елдердің әскерлеріне жалдануға мәжбүр ету жүйесі орманды кантондардағы тап қайшылықтарының шиеленісуін тежеді. Бұл жағдайлар орманды кантондардың саяси ұйымын тұрақтандырып, оларды сыртқы саясат аренасында өзге елден кісі тартушылар: католиктік Франция корольдарына, австриялық және испандық Габсбургтерге, Рим папасына қосақтап қойды. Тек билеуші топтардың өзара күресі орманды калтондардың саяси өміріндегі керенаулыққа сәл де болса серпін беріп отырды. Кантондардың қол астындағы фогтсволықтарда езілген шаруалар оқтын – оқтын көтерілістер жасап тұрды, бірақ олар мейірімсіздікпен жазаланып, тойтарыс тауып отырды. Орманды кантондар негізінен сол бұрынғы күйінше Реформацияға және онымен қоса жүргізілген таптық шайқастарға қатыспастан шеткері қала берді. [5]

   Қалалық кантондар мен даму дәрежесі жағынан соларға жақын тұрған одақтық жерлердегі жағдай басқаша болды. Мұнда капиталистік қатынас бой көрсете бастады. Қалалардың билеуші цехтық және патрициалдық олигархияларына қарсы оппозицияда болған бюргерліктің алдыңғы қатарлы топтары жұмысқа жарамды жүрттың бәрінің де әскерге жалдана беруіне тыйым салуды барған сайын

   ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 102 бет

 

батылырақ талап етті. Әскерге жалданудың өзі жалдамалы отрядтарда офицерлік қызмет атқарып жүрген және қалаларға дшпан дворяндардың топталушылығын күшейте түсті. Бұл мәселенің оңай болмағанын 1519 жылдың қарсаңында Цюрих халқының 25 процент  кеміп кеткендігінен де айқын көруге болады.

Мүдделері жекелеген кантондардың тар шеңберлерінен асып кеткен бюргөрліктің прогресшіл топтарының арасында Швейцарияны орталық өкіметі бар федерацияға айналдыру ниеттері пайда болды. Олардың  ойынша басшылық, етуші жетекші орынды қалалық кантондар өз қолдарына алуға, шіркеудің жерлерін конфискелеп мемлекет  қарауына беруіне тиісті болды. Қалалық плебс билеуші топтың озбырлығы мен шіркеудің ашқарақ тойымсыздығынан азап шекті аз де, қалалық кантондар мен фогтстволықтарға тәуелді шаруалар одалдық езгінің бұғауын сыпырып тастаудың сылтауын ғана күтіп отырды.

           Жұртқа қиянат етушілік нен жезөкшелік жасаудың және клириктердің топас надандығының   салдарынан католиктік  дін иелерінің беделі түсіп кетті. Ал шіркеудің идеология саласындағы монополиялық жағдайын дүнияуи білім беру жүйесі мен гуманизмнің табыстары мейліпше әлсіретті. Бұлардыц мықты тірегі 1460 жылы негізі қаланған Базель университеті болды. XVI ғасырдың алғашқы отыз  жылында көрнекті гуманистер Иоганн Рейхлиннің, Эразм Роттердамскийдің, Себастьян Бранттың, Беатус Ренанустың және басқаларының  есімдері осы университетпен байланысты болды. Гуманистік  үйірмеге   қосылган   баспа иелері   Фробэн жәяе   Амербах гмаинстердің еңбектерін жарыққа шығарып отырды. Гуманистердің бәрі дерлік католицизмге адал беріліп, Базельде реформация жүрзілгеннен кейін оны тастап кетті. Олардың қызметі католицизмнің догматтарын сынауға, поптар мөн монахтардың надандықтарын әшкерелеуге көмектесті.

           Кантондарда түбінде таптық шайқастарға соқтыратын әлеуметтік-саяси қайшылықтардың өрістеуі жағдайында Ульрих Цвинглидің (1481 — 1531) Цюрихтегі реформациялық және саяси қызметі кеңінен қанат жайды. Деревня старостасының баласы од Вена университетін  бітіргеннен соң, Базельде латын тілінен сабақ берді және гуманистік идеялармен әуестенді. Ол 1506 жылы жоғарғы дәрежелі атақ алып, Гларусте священник болып істеді. Ал 1515 жылы полктың священнигі ретінде Мариньян түбіндегі швейцарлар үшін қайғылы қырғын соғысқа қатысты. Бұл оның әскерғе жалдану ісін жек көруін нығайта түсті. Цвингли жекелеген рөформациялық қағидаттарды өзіне қатты әсер еткен Лютер шыққанға дейін-ақ, 1516 жылдан бастап айтып жүрді.   1518 жылы Цюрихқа  қайтып келгеннен кейін,  Цвингли  катиликтік шіркеуден біржолата қол үзіп кетпей, тек оның догматтарын сынаумен және өзінің діни доктриналарын жасаумен шектелді. [6]

   Цвинглидің діни догматикасының лютерандықпен ортақ ұқсастығы көп болды. Лютер сияқты, Цвингли де өзінің ілімін, папаның кейінгі қаулылары мен схоластикалық теологтардың еңбектеріне емес, қасиетті кітаптың, таураттың қағидаларына сүйеніп негіздеді. Ол индульгенцияны, дін иелерінің некесіздігін, «әулиелерге» табынып, бас июшілікті, шіркеу клирінің верархиясын, монахтықты, құдайға құлшылық етудің католиктік сән-салтанатын теріске шығарып, Лютерге

   ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 103 бет

 

қарағанда, «арзан қолды шіркеудің» идеясын анағұрлым дәйекті түрде жүргізді. Бірқатар жагдайларда мистикалықтан қол үзе отырып, Цвингди догматтар мен құпияшылықтарды тәптіштеп талдап, түсіндіруге тырысты. Атап айтқанда, ол христиандық діннің ең басты сиқырлы құпиялығынан, яғни причащениеден «құдайдың рахымын» емес, тек «құпия кеш» туралы естелікті ғана көрді. Бұл кеште інжілдік аңызға сәйкес, Христос адамзаттың кінәларын жуып-арылтуда өз басын қандай азапқа байлап отырғаны жайында шәкірттеріне әцгімелеп, айтып беріпті-міс. Бірақ лютеранлықңа қарағанда, цвинглидің шіркеуді ұйымдастырудың негізіне республикалық принцип алынды. Бұл принципті уағыздаушылар дүнияуи адамдар болды. Қауымның басшыларын шіркеуге келуші діншілдердің өздері сайлап қойды. Тұтас алғанда шіркеу сайланып қойылғап өкіметтерге —- Цюрих қаласының магистратына бағынды. Осы және басқа да жағдайлар кейіннен Цвинглидің бюргерлік-республикалық рсформациясының кпязьдыққа айналған Лютердің реформациясынан алшақтап кетуіне себепші болды.

Цвннглиандық көзқарастардың экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесі де лютерандықтан едәуір басқаша болды. Цвинглиан-дықта Цюрихтың бюргерлік оппозшгиясының арман еткен мүдделерінің ішкі қайшылықтары бейнеленді. Цвингли монастырьлардың жер иеленушілігін жәнс шіркеудің алымқорлығын, өсімқорлық процент пен крепостниктік тәртіптерді мойындамай қатты сынады. Бірақ ұсақ меншікті қорған, нағыз рсспубликашыл болды. Ол княздар мен монахтарды тирандар деп санады. Ал әскерге жалдану мен бөтен елдердің билеушілерінің беретін пенсияларын және басқа да қайыр-садақаларын сатылғыщтықтың және әр түрлі моральдық азғындаушылықтың қайнар көзі деп білді. Цвингли мінез-құлық пен әдет-гұрыптың тазалығына, «бұрынғы замандагы» өмірдің қарапайымдылығына (бұл шақыру оның өмір сүрген кезіндегі буржуазиялық ұқыптылықтың идеалымен үйлестірілді) және цюрихтық қауымның өзімен-өзі болушылығына қайтып оралуға шақырды. Бірақ ояың осы соңғы талабы Цвинглидің нақ өзінің күшті швейцариялық федерацияны (Германияның дротестанттық князьдарымен одақтаса отырып) құруға бағытталған жоспарларына мүлде қайшы келді.

        Цвкнглядің ілімі бюргерлік яен қалалық плебстің СОндай-ақ шаруалардың, әсіресе фогтстволықтардағы шаруалар арасынан қызу қолдаутанты. Осы қағиданы   жақтаушылардың   қысымымен   1522 жылы магистрат оразаны, дін иелерінің некесіздігін жою жөнінде жарлық беріп, Цюрихты епископ Констанцскийдің діни өкіметінен тәуелсіз деп жариялады. 1523 жылы январьда Цвингли, Лютерге еліктей отырып, өзінің «67 тезисін» жариялап, оларда өз ілімінің негіздерін баяндады. Реформаның ісін магистраттың қолына тапсыра отырып, Цвингли өзінің тезистерінде, шіркеудің дұнияуи өкіметті өзі иемдену жөніндегі талаптарының қандайы болса да негізсіз деп мәлімдеді. Қорытынды тезисінде, Цвингли «алым-салықтар мен десятинады, балаларды шоқындыру мен причащениенің   дәлелділігі   жөнінде мәселе көтеруші адамдардың қай-к,айсымен болса да емін-еркін пікір алысуға дайынмын» деп жариялады. Мұның өзі оның шаруалардың феодалдық міндеткерліктерді жою туралы қойған талаптарыяа, сон-дай-ақ Цюрихте бой көрсете бастаған анабаптистердің аса радикалды программасына көнуге даяр екендігін көрсетті.

Бірақ магистрат және онда мәжіліс құрушы адамдардың өздері де қаланың кедейлері мен фогтстиолардың шаруаларын қанаушылар еді. Сондықтан олар аса сақтык, жасап, Цвииглидің ұсынғая программасын ішінара және бірте-бірте жүзеге асырып отырды. 1523 жыды бұл іс кантонға қарасты шіркеулер мен монастырьлардың мүліктерін алып, монастырьларды қайта құрумен және оларды бірте-бірте жабумен анықталды. Бұрынғы монастырьлық щаруалардың атқарып келген міндеткерліктері өзгерілмей қалпында қалды. Бірақ енді олар қаланың қайырым жасауға арналған қажеттеріне жұмсалды. Ал мұның өзі шаруалар мен қалалық цлебстің арасына жік салуға әкеліп соқтырды.

1524 жылы дін туралы екі рет айтыс өткізілді. Онда Цвингли жеңіп шықты. Сойтіп, 1524—1525 жылдары Цюрихте жүргізілген реформация негізінен аяқталды: католикктік ғибадаттар тоқтатылды, икондар мен католиктік табынушылықтың басқа да бұйымдары шіркеуден аласталды, ал жай адамдар екі бейненің алдында тұрып  та діни жораларды жасайтын болды.

     Сонымен қатар цвинглиандықтың кейбір әлеуметтік-саяси принциптері де жүзеге асырылды: өсімқорлық пеп басқа елдердің әскерлеріне жалдануға және сол елдердің билеушілерінен пенсия алуға тыйым салды. Патрициат пен дворяңдар түгел дерлік біршама демократияландырылған магистраттар ығыстырылды. Цвинглиандық партияның ұйтқысы болған бюргерліктің прогресшіл топтарының өкілдері мен дехтары, магистраттың негізгі көпшілігін құрады. Цвинглиандық енді кантонпың барлық тұрғындары үшін міндетті болып жарияланды. Ал реформациялық шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау жұмысы жанадан құрылған шіркеу ұйымы бағынатын магистратқа жүктелді. Шіркеу және мемлекет-қала, соңғысының басшылығымен бір арнаға тоғысып бас қосты. [7]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 104 бет
  2. Цвинглияндық Реформация кезіндегі Швейцариядағы әлеуметтік саяси күрес.

            Цюрихтегі цвинглиандықтың табыстары және оның басқа кантондар мен одақтық жерлерде де кең  таралуы   конфедерацияның   ішіндегі

жағдайды шиеленістірді.  Католиктік державалармен байланысты болған ормандық кантондар реформациялық қозғалыстың әрбір көрінісін өз ішінде аяусыз басып тастап отырды және осылай істеуді қалалық кантондардан да талап етті. Фогтстволықтардағы жағдай әсіресе қатты шиеленісті, олардың бір бөлігін қалалық және ормандық кантондар бірлесіп немесе кезектесіп басқарып отырғанды. Фогтстволықтар антифеодалдық және реформациялық қозғалыстың орталықтарына айналды. Қалалық кантондар өздеріне қарсы ормандық кантондардың жүргізген жазалауларына қарамастан, фогтстволарды қолдап отырды. Бірақ шаруалардың жасаған аптифеодалдық қимылдары бұлардың екеуінің де берекесін кетірді. Бұл 1523 жылдың өзінде-ақ айқын аңғарылды. Сол кезде фогтстволықтардағы бірқатар селолық қауымдар, Цюрихтегі, Базельдегі, Шаффгаузендегі, Золотурндегі каптондарда және одақтың жер Сен-Галленде жұрт алым-салықтар мен шіркеулік десятинаны төлеуден бас тартты. Оның үстіне бұларды анабаптистер және соларға жақындау тұрған радикалдық сипаттағы цвинглиандық уағыздаушылар өршелендіріп араздастыра берді. 1524 жылы жазда Тюргау фогтствосында көтеріліске шыққан шаруалар Иттинген монастырын талқандап тастады.

     Германиядағы ¥лы Шаруалар соғысы Швейцарияның шекаралық аудандарынан да қызу қолдау тапты. 1525 жылдың көктемінде барлық фогтстволықтар мен кантондардың көптеген қауымдары — Цюрих, Базель, Шаффгаузен, Золотурп және Сен-Галлеядегі одақтың жерлердің қауымдары шаруалар қозғалысыяың алаңына айналды. Ол Цторих кантонында Грюниигенді, Гаузенді, Штейнді, Кибургті және басқа жерлерді түгел қамтыды. Кейбір отрядтарда бірнеше мың адам болды. Шаруалар немістердің «12 статьясының» мазмұнына жақындау, — крепостникті, кіші десятинаны жою, алым-салықтарды азайту, сот ісін жүргізуді жөнге келтіру, шаруаларға аң және балық аулау правосын беру, деревня пасторын сайлап қою сияқты баяу талаптар қойды. Талаптардың мұндай болу себебі қозғалыстың басында ауқатты адамдар тұрғанды. 1525 жылғы май — июньде қалалық өкіметтердің сұратуы бойынша осы талаптарды тапсырғаннан соң, Цюрих канхонының шаруалары үйді-үйіне тарап, мәселенің шешілуін күтті. [8]

Базель кантонының фогтстволықтарында да шаруалар қозғалысы кең өрістеді. Шаруалар цюрихшілердің программасынаа тым жақын талаптар қояды. Олар әскерге жалданушылыққа қарсы қатты наразылық білдірді. «Бұл үшін біреулер ақша алса, ал екінші біреулері тек семсердің соққыларына ұшырайды»,— деп мәлімдеді. Сен-Галленнің және Золотурн фогтстволарындағы бірқатар қауымдардың шаруалары да қобалжып, қарулы огрядтарға қосылуға жинала бастады. Шаффгаузен кантонындағы қозғалыстың ортальгғы — Галлау округы болды. Мұндағы шаруалар анабаптистік уағызшылардың ықпалында бола тұрып, тек крепостниктікті ғана емес, сонымен қатар басқа да міндеткерліктердің бәрін жоюды талап етті. Бұларға монастырлық

   ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 110 бет

 

жүзім егістерін жарма-жарлық арендаға алған қала маңындағы жүзімшілер цехы да қосылды. [9]

            Барлық жерде де шаруалардың қимылдарына қалалық плебс қызу қолдап отырды. Цюрихтегі плебейлік   оппозицияны   басқарған анабаптистер, мүліктерді бөліске салып, алым-салықтарды жоюдыөкімет біткеннің бәрін дс таратып жіберуді талап етті. Мұнда дін ілімі  мен әлеуметтік-саяси жағынан айқын тұжырымдалған платформасы бар анабатистік қауым құрылды. Ол жалпы еврола-анабаптистік қозғалыстың тарихында елеулі роль атқарды. Қуушылық анабаптистерді қаладан қашып кетуге мәжбур етті; олардың бір бөлігі шаруалар отрядтарына қосылды. Анабаптистердің отрядтардың жетекшілеріне айналды. Цехтық көмекші шеберлер мен қалалық плебстің арасында өріс алған күшті наразылық 1625 жылғы көктемде, олардың жасырын жиналатын жері Базельде байқалды. Сол жиналыстардың бірінде қимылдардың мынадай программасы: фогтстволықтардың көтеріліске шыққан шаруаларымен таныс жасау, монастырьлар мон клириктердің үйлерін талқандау ұйымдастыру, қаланың магистратын күшпен құлату шаралары белгіленді. Алайда заговор ашылып қалып, оған қатысушылар өзге «бүлікшілер» жазаға тартылды. Тек шеберлердің корпорасы болған цехтарға ғана кейбір кеңшіліктер жасалды. Базель кантонының қала адамдары мен

 

   ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 112 бет

 

шаруаларының, көпшілігі Эльзас Оңтүстік Шварцвальде князьдарға қарсы соғысып жатқан неміс шаруаларына қосылып кетті.

          Швейцария өкіметтері қозғалыстың кең өріс алуынән мазасыздана бастады. Ормандық, кантондар неміс және швейцар шаруаларының бірігуіне кедергі жасау үшін асулар мен таулардағы жол өткелдерін қоршап алды. Ал олардың көтеріліс жасаған неміс шаруалары мен князьдардың арасында жүргізген екіжүзділік «жарастырушылық» әрекетінің мақсаты князьдардың уақыт ұтып, шаруалар отрядтарын талқандауға қажет күш жинай алуына мүмкіндік ойластырды. [10]

      Германиядағы шаруалар соғысының жеңіліп қалуы бұған дабыл болып табылды. Католиктік кантондар фогтстволықтардағы шаруалар және Реформация қозғалысын басып, оларда католицизмді қайта орнатты. Рсформаланған қалалық кантондар кейбір кеңшіліктер жасай отырып (крепостниктік тәуелділікті, шағын десятинаны, мемлекет қарауына жатқан жерлердегі шіркеулік юрисдикцияны жою) бүкіл феодалдың және муниципиалдық алым-салықтардың көпшілігін сол қалпында қалдырды. Сонымен қатар анабаптистер мен шаруа-плебей қозғалысының басшылары және қатардағы қатысушылар қуғын-сүргінге ұшыратылды.

 

 

   ________________________________________________________________

  1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» 113 бет

Қорытынды.

          Қорыта айтқанда Швейцария одағының құрылуы, яғни шаруа-плебей қозғалысының тұншықтырылуы цвинглиандық реформацияның онсыз да әлсіз базасын тарылтып, бірден болмаса да оның провинциалдық  шектелушілігін  көрсетіп   берді. Таяу жылдар ішінде цвияглиандық Реформация бірсыпыра елеулі табыстарға да жеткендей болған еді. 1528 жылы цвилиандық Бернде, содан кейін Базельде, Сен-Галленде, Гларусте және Шаффгаузенде орнатылды. Протестанттық кантондар конфедерацияның ішінде өздерінің айрықша одағын құрды. Цвннглидың жолын қуушылар енді Цюрихтің басшылығымен Швейцарияны біріктіруге де дайындық жүргізген болатын. Алайда бұл жоспарларға ормандық кантондар және осы рольге өзі де дәмелі болған Берн дұшпандықпен және сенімсіздікпен қарады. 1531 жылы бұл іс бос орман кантондарын соғыс шайқасына ұшыратты. Бұл шайқасқа нашар даярланған және өз ішінен ала ауыздық туған Цюрих жеңіліп қалды. Каппельдің және өз ішінен ала ауыздық туған Цюрнхтің әскері талқандалды, ал Цвинглидің өзі осында қаза тапты.

Протестанттық кантондардың одағы ыдырады. Елді саяси жағынан орталықтандыру және оның ұлттық бірлігін нығайтуды шешу мәселелері жүздеген жылдарға кері шегеріліп қалды. Реформациялық қозғалыстың орталығы енді Швейцарияның оңтүстік-батыс бөлігіне ауысты.

 

 

 

 

Сілтемелер:

  1. С.Ә. Тортаев «Орта ғасырлардағы шығыс елдерінің тарихы» Алматы 2000 жыл.
  2. С.Хизметли «Орта ғасырлар тарихы және өркениеті»

Шымкент 2001 жыл.

  1. История стран Азии и Африки в средние века. – М., 1957г.
  2. История стран зарубежного Востока в средние века. – М., 5.Восточная литература РАН, 1995г.
  3. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» Алматы, 1979ж.

7.Осокин И.А. История средние веков Минск, 2003г.

  1. Семенов В.Ф. История средние веков Москва 1975г.

9.История средние веков под. ред. Н.Ф. Колесницкого М, 1980г.

10.Хрестоматия по истории средних веков М, 1981г.

11.Книга чтения по истории средних веков М, 1969г.

12.Всемирная история Москва, 1958г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:

  1. С.Ә. Тортаев «Орта ғасырлардағы шығыс елдерінің тарихы» Алматы 2000 жыл.
  2. С.Хизметли «Орта ғасырлар тарихы және өркениеті»

Шымкент 2001 жыл.

  1. История стран Азии и Африки в средние века. – М., 1957г.
  2. История стран зарубежного Востока в средние века. – М., 5.Восточная литература РАН, 1995г.
  3. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» Алматы, 1979ж.

7.Осокин И.А. История средние веков Минск, 2003г.

  1. Семенов В.Ф. История средние веков Москва 1975г.

9.История средние веков под. ред. Н.Ф. Колесницкого М, 1980г.

10.Хрестоматия по истории средних веков М, 1981г.

11.Книга чтения по истории средних веков М, 1969г.

12.Всемирная история Москва, 1958г.