АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесіндегі жаңа бет-бұрыстар

 

 

 

 

                                                 

 

                                                        Мазмұны.:

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………………………..3

І тарау.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

1.1.ХХ ғасырдың баскезінде қабылданған оқу бағдарламасының негізі……………………………4

1.2.Отандық тарихты оқытудың ерекшеліктері мен кемшіліктері……………………………………..7

ІІ тарау. XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесіндегі жаңа бет-бұрыстар

2.1.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуына тарихшылардың көзқарасы……………………9

2.2. Тарихтың дербес курстарының енгізілуі…………………………………………………………………12

Қорытынды……………………………………………………………………………………………………………….16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………………..17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасырдың 40-60 жылдарытарихи білім беру салаларында ілгерілеу ішінара байқалғаны мен 50-жылдардың соңына қарай тарих пәнін оқытуда әлі де біраз кемшіліктер бары байқалды. Олар: орталау мектепті бітіретін оқушылар өз Отаны тарихынан тек элементарлық қана білім алды, ал шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихынан мүдде хабары болмады, орта ғасырлар тарихы мен ежелгі дүние тарихы оқулықтарында едәуір артық материалдар болды. Басты кемшіліктің бірі — оқушылар орта мектепті бітіргенде өз өлкесінің, өз халқының, туып өскен республикасының тарихын білмей шығатындығы еді.

50-жылдардың соңына дейін Кеңес мемлекеті мектептерінде одақтық республикалар тарихын оқыту мәселесі кетерілген де, күн төртібіне қойылған да жоқ. Мұның оқушыларға тарихтан сапалы білім беруге, оларды кейінгі жылдары уақыт талабына сай тәрбиелеуге үлкен зияны тиді.

 

Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:Курстық жұмыстың негізгі қарастырған саласы ХХ ғасырдағы тарихи  білім беру  тақырыбында болғандықтан менің алдыма қойған мақсатым Тарихи білім беру жүйесінің негізгі принциптерін анықтау арқылы ХХ ғасырдағы берілген  тарихи білімдерге  сараптама жасау.

Алдыма қойған міндеттерім:

  • -Тақырыпқа объективті көзқарас білдіру;
  • -Оқу материалдарының өзектілігін айқындау;
  • -Сол кезеңнің еңбектердің құрылымына талдау жасау;
  • -Қайта құрулар кезінде белең алған кемшіліктердің себептеріне талдау жасау;

 

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс Кіріспеден негізгі  мәселелер қаралған ІІ тараудан және Қорытынды  мен Пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.

1.1.ХХ ғасырдың бас кезінде қабылданған оқу бағдарламасының негізі.

 

Қазақстан Халық ағарту Халық Комиссариатының алқасы 1934 жылы орта мектептің жетінші оқу жылы үшін Қазақ ССР тарихының программасын бекітті, ол 1934 жылы шыққан программалар құрамында жарық көрді .

Бағдарламаның кіріспесінде автор Қазақ тарихының дүние жүзі тарихы сабақтарына қосымша өтілетінін, оны оқытуға 24 сағаттай уақыт бөлінетінін ескертеді.

Бағдарлама Қазақ тарихын ерте дәуірден бастап 30-жылдарға дейін қамтиды. Ол кіріспеден және үш дәуірден түрады.

Автор кіріспеде кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көп өзгерістердің болғандығын айта келіп, артта қалған ұлттардың капитализмге соқпай, социализмге өту жөніндегі лениндік ілімді қазақ халқы тарихының айқын көрсететінін, сондықтан да оны жастарға оқытып үйретудің маңызды екеніне назар аударады./1/

Бірінші дәуір — «Қазақ халқының капиталистік деуірінен бұрынғы даму тарихы (XVIII ғасыр)» — деп аталады. Мүнда біздің эрамыздан бұрынғы дәуірден бастап, XVIII ғасырға дейінгі аралық қамтылған. Бұл ұзақ уақыт тарихы бес тақырыпқа бөлініп берілген.

«Қазақстан патша өкіметінің отары болғандығы және Қазақстаңда Октябрь төңкерісінің тууына себеп-жағдайы (XVIII—XIX ғғ.)» — деп аталатын екінші дәуір төрт тақырыпты қамтиды.

Үшінші дәуірге, — дейді автор, — Маркстың белгілі қисын сөзімен байланыстырып алғанда шынында қазақ еңбекшілерінің тарихының басы болады — деп атап көрсете келіп, … бұл бөлім былайша жіктелуі керек» — дейді.

  1. Қазақстандағы Ақпан төңкерісі.
  2. Қазан төңкерісі.
  3. Қазақстан Кеңес өкіметінің бірінші дәуірі.
  4. Орта Азия республикаларының ұлт аудандасуы және Қазақстан ұлт мемлекеті болып құрылуы.
  5. Қазақстан социалды қайта құру жолында.
  6. Қазақстанның Кеңес Одағы республикаларының қата-

рындағы орны./2/

Бағдарлама Кеңес мемлекеті тарихындағы саяси жағынан өте күрделі кезеңдегі коммунистік идеологияның талабына сәйкес жазылған, басқаша жазу мүмкін емес, онда бұл еңбектің жарыққа шықпайтыны белгілі. Соған қарамастан Қазақ тарихының бірқатар маңызды оқиғаларына объективті баға берілген. Мәселен, Ресей империясы Қазақстанды жаулап алды, отарына айналдырды деп көрсеткен, ал Кенесары бастаған көтерілісті ұлт-азаттық қозғалыстар қатарына қосқан, соңдықтан да бұл бағдарламаны қазіргі таңда терең талдап, баға берудің реті жоқ.

Ең бастысы Сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қылышынан қан тамып тұрғанда өз ұлтының тарихын барлық мектепте оқыту қажет деп ұсыныс жасаудың, оны жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосудың өзі үлкен парасаттылық пен білімділікті, ұлтжандылық пен батылдықты қажет етеді.

Бағдарламаға жазылған алғы сөзде бұл курс осыған негізделіп жазылған проф. С. Аспандияровтың оқу құралы бойынша оқытылады делінген. «Қазақстан» баспасынан 1934 жылы шығатын оқулықтар тізіміне 6—7 кластарға арналған Қазақ тарихы да ендірілген. Онда авторы проф. С. Аспандияров, кітап жақында баспадан шығады деп белгі соғылған. Көп ұзамай оқулық баспадан шыққан .

Бірақ 50-жылдары бұл маңызды іс бағдарлама мен оқулық шығарудан әрі аспады, курс мектептерде оқытылмады./3/

С. Аспандияровтың «Қазақстан тарихының очерктері» үш тараудан тұрады.

I тарау: «Қазақстан тарихының ескі дәуірі. Орталық және Орта Азияның тарихы»;

II тарау: «1. Қазақ хандығының шығу тарихы»; «2. Патша өкіметінің Қазақстанды жаулап бағындыруы, оған қарсы бұқаралық қозғалыстар»;

III тарау: «Қазақстан патша өкіметінің отары» — деп аталады.

Соңғы тарау үш тақырыпқа бөлінген.

Олар: Патша өкіметінің жер саясаты…, 1905 жылғы революция, оның Қазақстанға еткен әсері және 1914 жыл. Қазақ-тың халық еңбекшілерінің патша өкіметіне қарсы көтерілісі…

Оқулықтың мазмұнын осылайша қысқаша шолып өткенде-ақ автордың Қазақстан тарихының бірқатар елеулі мәселелерін объективті тұрғыда қарастырғанын байқау қиын емес.

Жоғарыда аталып өткен «КСРО тарихының қысқаша курсы» тарих оқулықтарына жарияланған бәйгеде бірінші сыйлық алды. Шын мәнінде ол сол атаққа лайықты оқулық болды. Оқулық тілі оқуға жеңіл, әрі тартымды. Осы оқулықты жазған авторлар тобының . жетекшісі проф. А. В. Шестаковтың басшылығымен дайындалған «В помощь изучающим историю СССР» деген көлемді жинақтың I бөлімі КСРО халықтары тарихының ежелгі заманнан XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезеңіндегі кейбір маңызды мәселелерді қамтиды. Кітапта Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына қатысты: Түрік қағанаты; ғүндар; дәшті қыпшақтар; Монғол жаула-ушылығы; Алтын Орда, оның ыдырауы; XVI—XVII ғасырлардағы Қазақ ордалары; XVIII ғасырдағы Қазақстан; қазақтар көтерілісі -деген материалдар бар./4/

Осы құралдың екінші бөлімі, яғни XIX ғасырдың басынан бастап, XX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі аралықты қамтитын кітап жарыққа шықпай қалды. Ал бірінші кітап қазақ тіліне аударылмады. Дегенмен, алғашқы кітаптың жарыққа шығуы Қазақстан мектептеріндегі тарихшы мүғалімдерге Қазақстан тарихы материалдарын оқытуда көмек болғаны анық.

50-60 жылдардың орта кезінде редакциясына А. М. Панкратованың басшылық етуімен жарыққа шыққан 8-10-сыныптарға арналған КСРО тарихының үш оқулығының, олардың қазақ тіліне аударылып, республиканың барлық мектептерінде оқытылуының  мектептерде тарихтан білім беруді жақсартуға айтарлықтай пайдасы тиді. Осы үш кітапқа Қазақстан тарихынан оншақты материал енген. Олар: Қазақ хандығының құрылуы; қазақтар; XIV— XVI ғғ. Орта Азия (I бөлімде); оқулықтың II бөлімінде: Орта Азия; XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтар; Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев; III бөлімде: 1916 жылғы көтеріліс, Амангелді Иманов; Орта Азия мен Қазақстанды азат ету. Бұл материалдардың көлемінің шағындығы сондай көбі кітаптың жарты бетіндей ғана, барлығын қосқанда 7—8 беттей ғана болатын. Бір оқулыққа КСРО-ның барлық халықтары тарихынан мұнан көп материал қос деу де артық болар еді. Осыған қарамастан аталған оқулықтарда Қазақстан тарихынан материалдың болуы бүкіл елдегі мектеп оқушыларын азын-аулақ болса да Қазақстан тарихымен таныстырса, екінші жағынан шығармашылықпен жүмыс істейтін тарихшы мүғалімдердің өз мүмкіндіктеріне қарай бағдарламалық материалды кеңейтіп өтуіне жағдай жасады./5/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Отандық тарихты оқытудың ерекшеліктері мен кемшіліктері.

 

Тарих пәнін оқытуда болып жатқан жаңалықтар, осы пәнді оқытуды жетілдіру туралы орталық баспалардан жарық көрген белгілі әдіскер ғалымдардың ғылыми-әдістемелік еңбектері Қазақстан мекгептерінде тарихты оқытуды жақсарта түсуге, бұл пән әдістемесінің жетіле түсуіне септігін тигізді, алғашқы бағдарламалар, әдістемелік кітапшалар (С. Аспандияров, «Қазақ тарихы програмы», 1934; С. Бақшилов. «Тарих сабағын оқытудағы кейбір мәселелер», 1941, т.б.) шыға бастады./6/

50-60-жылдары кеңес елінде, Қазақстан мектептерінде тарихты оқытуда болған өзгерістерге: соғыс жылдарында КСРО тарихының кеңес дәуірін оқытуға, әскери-патриоттық, интернационалдық тәр-биеге, еліміз халықтарының бостандық, тәуелсіздік үшін жүргізген күресіне, осы жолда халықтар арасында қалыптасқан ынтымақтастық пен достықты көрсетуге ерекше мән берілгендік жатады. Осы жылдары Алматыда, А. М. Панкратованың басқаруымен 1942 жылы шыққан «Ұлы Отан соғысы жылдарында тарихты оқыту» деген екі кітапша  мектеп оқушыларын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлес қосты./7/

Сонымен қатар 50-жылдардың аяқ кезіне дейін мектептерде тарихты оқытуда фактология үстемдік етіп, негізгі тарихи ұғымдарды ашып көрсетуге, оларды шәкірттер санасына берік қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбеген. Тарихты оқытуда орын алған осындай елеулі кемшіліктер мен формализм белгілі тарихшы-ғалымдардың, әдіскерлердің, мұғалімдердің еңбектерінде, «Преподавание истории в школе» журналындағы мақалаларда дер кезінде орынды көрсетілді (И. А. Гувковский, А. Н. Хмелев, Д. Н. Никифоров).

Айтылған сын-ескертпелер негізінде 50-жылдары тарих пәні бағдарламаларын жетілдіруге, бүрыннан пайдаланьшып келген бір-қатар оқулықтарды жақсартуға, жаңадан оқулықтар шығаруға, оларда негізгі тарихи ұғымдарды ашып көрсетуге, сондай-ақ оқулықтардағы өте қиын, немесе маңызы шамалы материалдарды қысқартуға баса назар аударылды. 50-жылдардың орта кезінде VI—VII кластарға арналған орта ғасырлар тарихы, ҮІІІ-ІХ кластарға арналған жаңа тарих, X класқа арналған КСРО тарихы оқулықтары өңделіп, жетілдіріліп, V—VI кластарға арналған ежелгі дүние тарихы, IV класқа арналған КСРО тарихы, VIII класқа арналған КСРО тарихы жаңадан басылып шықты. Мәскеуде орыс тілінде басылып шыққан осы оқулықтар, үлт республикаларыңда, соның бірі Қазақстанда да қазақ тіліне аударылып, мектеп оқушыларының тарихи білімін жақсартуга үлес қосты. Мүның өзі оқыту әдістемесінің жетіле түсуіне де өсер етті.

Жоғарыдағылармен қатар 50-жылдардың соңына қарай тарих пәнін оқытуда әлі де біраз кемшіліктер бары байқалды. Олар: орталау мектепті бітіретін оқушылар өз Отаны тарихынан тек элементарлық қана білім алды, ал шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихынан мүдде хабары болмады, орта ғасырлар тарихы мен ежелгі дүние тарихы оқулықтарында едәуір артық материалдар болды. Басты кемшіліктің бірі — оқушылар орта мектепті бітіргенде өз өлкесінің, өз халқының, туып өскен республикасының тарихын білмей шығатындығы еді./8/

50-жылдардың соңына дейін Кеңес мемлекеті мектептерінде одақтық республикалар тарихын оқыту мәселесі кетерілген де, күн төртібіне қойылған да жоқ. Мүның оқушыларға тарихтан сапалы білім беруге, оларды кейінгі жылдары уақыт талабына сай тәрбиелеуге үлкен зияны тиді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесіндегі жаңа бет-бұрыстар.

2.1.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуына тарихшылардың көзқарасы.

 

 

XX ғасыр басында педагогтар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолды көрнекілікпен оқытудан, екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама дайындау жұмысынан, үшіншілері — тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал кейбір әдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді.

Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар, суретті оқу кітаптары пайдаланылды. Саяхаттық жұмыс оқыту процесінің ажырамас бөлігіне айналды, тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылдьі Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді./9/

Осы кезеңце сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мұғалім құрастырып, оқушыларға үй жұмысы ретінде беретін еді. Үйде де, сыныпта да оқулықпен жұмыс істеуге баса көңіл бөлінді. Оқушыларды мәтінді дұрыс оқуға, оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды.

Оқыту процесіне жаңадан іс жүзіндегі, зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзіндегі әдістің мәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу. Көрнекті тарихшы, әдіскерлер И. А. Рожов, М. Н. Покровскийлер оқушылардың қызығушылығы мен игеруге оңайлығына сәйкес оқып, үйренетін құжаттарды таңдап алды. Олар тарих курсын жүйелі оқытып, тарих оқулығының өзін шетқақпай жатады.

Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына жетелеп енгізгендей болады, ал окушылар ғалым-тарихшыларға бұрыннан белгілі қарапайым жаңалықтарды өзі үшін алғаш рет ашады./10/

Белгілі әдіскер А. Ф. Гартвич әдеттегі сабақты оқушылардың рефераттарын оку және шіарды таңдауға арналған әңгіме өткізумен алмастырады. Бұл жерде мұғалімнің рөлі оқушылардың дербес жұмысына жетекшілік жасаумен айқындалады. Бұл әдістің ең басты мәні — оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге үйрету. Сонымен бірге ол оқытудың драмалау әдісін   ұсынады. Оның мәні — оқу процесінде оқушылардың тарихи оқиғаларға арнап шағын драмалық көріністер қоюы.

Рефераттау әдісі әдіскерлер Б. А. Влахопулов пен Н. П. Покотилоның ұсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жүмыс Істей алу дағдыларын дарытатын негізгі тәсіл деп білді. Мәселенің тарихнамасымен танысқан оқушының реферат жүйесіндегі әрекеті бірнеше кезеңді қамтиды.

Бірінші кезеңде оқушы — ұсынған мақала, брошюра немесе шағын кітапты оқып шығады, конспсктілейді.

Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады. Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып, рефератың жоспарын түзеді, одан әрі өз сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.

Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады, ең бастысы — оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.

Келесі кезеңде әртүрлі көзқарастағы бірнеше еңбектің мазмұны ортақ тұжырымға келтірілуге тиіс.

Соңғы, ең күрделі кезеңде жоғары сынып оқушылары құжаттармен жұмыс істеп, дереккөздерінің «шикі» материалдарын талдай алуы тиіс. Рефераттау жүйесінің кезеңдерге бөлінуі жоғары сынып оқушыларының өз ойларын мазмұндауды байланыстыра және сабақтастыра жүргізуіне көмейесіп, арнайы тарихи білімдермен бірге жалпы пәндер бойынша да білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың танымдық әрекетінің, белсенділігін арттыруда әдіскер

М. Н. Коваленский тың әдіс ұсынады. Оның әдістер жүйесі ғылыми-көпшілік әдебиет, көрнекі құрал, оқу кітабы және оқулық сияқты оқыту құралдарын ұштастырумен байланысты. Жұмыс қорытындысы ретінде оқушылардың оқып-үйренген курсының барлық тақырыптары бойынша қысқа жазбаша есеп беріледі.

Ал, С. П. Сингалевич, В, Я. Уланов, К. В. Сивков сияқты әдіскерлер оқытудың қандай да болмасын әдістерін дәріптеудің қажеті жок деп есептейді. Оның үстіне ғасыр басындағы гимназияларда сыныпта және үйде дербес орындайтын әртүрлі оқулықтарды қолдану пайдалы деп есептелді.

XX ғасыр басында педагог кадрлар дайындауға көңіл бөліне бастады. 1911 жылы Мәскеуде екі жылдық педагогикалық институт ашылып, одан жоғары білімді мамандар тартылды. Оның тыңдаушыларының әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді: бірінші курста әдістемеге аптасына төрт сағат, екінші курста үш сағат уақыт бөлінді.

Бұл кезеңде патшалық Ресей бодандығы қазақ облыстарында тарих пәні және оны оқытудың әдістемесі жаңа қоғамдық пәндер мен педагогиканың құрамында дамыды. Кейіннен, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков сияқты педагог-ағартушылар жекелеген пәндер бойынша оку құралдарын жазып, жарыққа шығарды. Ал тарих пәні олар сияқты жүйеленіп, дербес пәнге айнала қойған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Тарихтың дербес курстарының енгізілуі

 

1917 жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде В. И. Лениннің ұсынуымен А. В. Луначарский басқаратын Халық Ағарту Комиссариаты құрылды.

Мұғалімдер оқытуда буржуазиялық әдебиетгерді пайдаланады деген қауіппен А. В. Луначарский және оның орынбасары М. Н. Покровский қалыптасқан жүйелі тарихи білім берудің пайдалы жақтарын теріске шығаруға тырысты.

Азаматтық тарихты оқытудың орнына әлеуметгану, еңбек тарихын оқыту ұсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды. Оның бастапқы кезеңіңде (1917 жылдан -1930 жылдардың бас кезеңіне дейін) тарихи білім берудің ескі мазмұнынан бас тартып, тарихты оқу пәні ретінде қоғамтанумен ауыстырды. Ал қоғамтану курсының аясында маркстік көзкараспен шектелген жеке фактілерден құралған тарих курсының жекелеген элементгері ғана сақталды.

1918 жылы кеңестік еңбек мектебі қаланды.. Жаңа мектепте оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексеріп, білімін бағалаудың ұпайлық жүйесі, емтихан, жазалау сияқты тәсілдер жойылды. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуі, мектепті бітіруі мектеп педагогикалық кеңесінің оқулығының оқу жұмысын орындауы туралы пікірі бойынша жүзеге асты. Сыныптың орнына ұсақ топтарды «бригада» деп, сабақтарды зеросаналық, студиялық оқу деп атау ұсынылды./11/

1918 жылдың қазанында РКФСР БОАК бекіткен «Біртұтас еңбек мектебі туралы Ереже» төңкеріске дейінгі мектеп жүйесін түгел алмастырды. Ол бойынша еңбек мектебі екі сатыдан түрды:

бірінші — 8-бен 13 жас (5 жыл) аралығы

екінші — 13-пен 17 жас (4 жыл) аралығы.

I саты мектебінде тарихтың бастапқы курсы үшінші оқу жылынан бастап оқытыла бастады. Соңғы жылына Кеңестік Конституцияны оқыту енгізілді. 1921 жылғы бағдарламаларда әңгімелеу мен саяхаттар барысындағы ең басты жұмыс ретінде туған өлкенің тарихын — адамдардың медени-тұрмыстық өмірін оқып-үйрену жоспарланды. Осы жылдан бастап қоғамтану курсы енгізілді. 1923 жылдан мектептерде пәндік окытудан бас тартылып, оның орнына 1931 жылға дейін кешенді бағдарламамен оқыту енгізілді.

Халық Ағарту Комиссариатының ғылыми кеңесі мектептерде ғылым негіздерін емес, өмірлік кешендерді оқыту қажет деп тапты. Оқу материалының мазмұны табиғат, қоғам, еңбек деген үш тақырыпты ғана қамтыды. Оқудың өзегі етіп адамдардың еңбек ету әрекеті мен дербес шығармашылыққа негізделінген оқушылардың білім алу міндеті қойылды. Тарихи мағлұматтар қазіргі заманғы мәселелерді оқып-үйренумен байланыстырылды. Мысалы, мынадай тақырыптар: капитализмнің пайда болуы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Батыстағы және Ресейдегі жұмысшы қозғалысы.

Бұл кезеңде оқушылардың дербестігі мен шығармашылық қуатын дамытудың мынадай әдістері кеңінен қолданылды. Олар: еңбек, зертханалық-бригадалық, зерттеушілік әдістер.

Зертханалық-бригадалық әдістердің сабақтарынада жаңа типті

көмекші құралдар қолданылады, оларда оқу материалын байланыстыра баяндау мақсаты қойылмады. Оқушылар сабақтың мақсатымен танысып, кітапта берілген дерекгерді оқып-уйреніп, сұрақтарға жауап жазады. Соңынан шағын қорытынды очеркі оқып, тақырып бойынша қорытынды жасайды. Тақырыпты талқылау оқушылар баяндама жасайтын мәслихатпен және мүғалімнің қорытынды сөзімен аяқталады.

Зерттеушілік әдіс тапсырма-міндеткерлікті орындауға негізделеді. Оны мұғалім талдап, жасап, 5-6 адамнан құралған оқушылар бригадасына орындауға тапсырады. Мердігерлік-тапсырмаларға сұлбаның суретін салу, карта, костюм, қару-жарақ түрлерін жасау, үлгілеу жұмыстары енеді. Бригаданың екі-үш суретшісі жылдық есепке дайындалып, күндіз-түні жүмыс жасайды. Көктемдегі жылдық есеп кезінде ата-аналар мен қонақтар шақырылған мектеп көрмесі ашылады.

ХІХ ғасырдың соңы XX ғасырдың басында неміс педагогы Вильгельм Август Лайдың «Әрекет мектебі» идеясы кең тараған. Ол «адамның әрекетіне», қимыл-қозғалысына баса мән беріп, оқушыларда «сөйлей алу», «бейнелене алу» дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Оның мәні — сурет салу, сызу, үлгілеу, драмалық көрініс жасау, ән салу сияқты дағдыларды меңгеру.

Кеңестік мектепте Лайдың бұл идеялары тарихи материалды оқып-үйренуде еңбек әдісі деген атаен қолдау тапты. Оның әдістемесі бойынша оқьпу білімнен іс-әрекетке бағытталса, кеңес мектебінде керісінше, іс-әрекеттен білімге бағытталды.

Оқушылардың тұлғалық әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың құралдарының бірі — алған білімдерін іс жүзінде қолдану болды. Оқушылар шаруалар және жұмысшылармен әңгіме өткізіп, баяндамалар жасады, революциялық мереке күндерінде спектакльдер құрып, шерулер ұйымдастырды./12/

Осылайша Кеңес Одағы мектептерінде 1933 жылға дейін Отан тарихы жеке курс ретінде оқытылған жоқ. (Бұл әңгіме Қазақстан тарихына тікелей қатысты). Тарихи материал жалпытарихтың  бөлімдеріне қосарланып берілді. Оқулықтар мен оқу құралдары болған жоқ, тарихи білім бойынша негізгі дереккөзі мұғалімнің ауызша сөзі болды.

60-жылдары тарихи білім берудің жайы өзгере бастады. Тарихты жеке пен ретінде қалпына келтірумен сипатталатын тарихи білім берудің жаңа кезеңі басталды. Партияның Орталық Комитеті зертхана-бригадалық әдістен бас тартуға нұсқау береді. Оқу жұмысын ұйымдастырудын негізгі түрі оқушылар тобымен жүргізілетін, қатаң оқу кестесіне бағындырылған сабақ болып белгіленді. БК(б)П Орталық Комитетінің «Бастауыш және орта мектеп туралы», «Оқу бағдарламалары және бастауыш, орта мектептердің ережесі туралы» каулылары негізінде мектепті реформалаудың міндеттері белгіленді. Тарих бағдарламаларына маркстік қоғамдық-экономикалық формация теориясы негіз болды. Бағдарламалардың негізінде жаңа оқулықтар жазыла бастады. Бірақ авторлар азаматтық тарихты емес, қоғамдық өмірдің формаларын ғана көрсетуді мақсат тұтты. Оған тарихы оқулықтарда жекелеген қосымша түрінде берілді (Қазақстан тарихы мүлдем ауызға алынбады). 1934 жылдың мамырында «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы» қаулы қабылданды. Курстың құрылымы негізіне тарихи оқиғаларды баяндаудың хронологиялық бірізділігі және қайталамау (курсты қайталамай бір рет оқу) қағидалары басшылыққа алынды; жалпы тарих және дербес Отан тарихы курстары енгізілді.

Оқытудың қайталамау қағидасы:

3-4 сыныптар — КСРО бастапқы тарихы курсы (тарихтың

қысқа курсы)

5 сынып — Ежелгі дүние тарихы (Шығыс, Греция)

6 сынып — Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы

7   сынып  —  Орта  ғасырлар  тарихы  және  КСРО Конституциясы (1936 жылдан бастап енгізілді)

8  сынып — Жаңа тарих, I бөлім; КСРО тарихы ХҮШ

ғасырдың соңына дейін

9 сынып — Жаңа тарих, II бөлім; КСРО тарихы ХҮШ-ХІХ ғ.ғ.

10 сынып — XX ғасырдағы КСРО тарихы; Қазіргі заман тарихы (1958 ж. енгізілді).

1935-1941 жылдары мектептерде тарихты оқытуға бөлінген сағат көлемі аптасына 14-тен 25,5 сағатқа дейін артгы. 1934 жылдан бастап «Орта мектептегі тарих» журналы шыға бастады. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтар жазуға Н. И. Венаг, Б. Д. Греков,А. М. Панкратова, С. И. Ковалев, А В. Мишулин, А. И. Малышев, Н. М. Лукин, А. Ф. Ефимов сияқты танымал ғалымдар қарастырылды. Оқулықтардың қолжазбаларына («КСРО тарихы», «Жаңа тарих») И. В .Сталин, А. А. Жданов, С. М. Киров пікір жазды. Оларды тарихи процесті дәуірлеу, түйінді мәселелердің шешімі, КСРО-ның әлемдік тарихпен байланысы сияқты мәселелер қызықтырды./13/

30-жылдары мектептегі тарих курстарымен жұмыс істеуде әдіскерлер мен ғалым-тарихшылар арасында өзара байланыс болмады. Әдіскерлер мазмұн талдауға араласпады, ал тарихшылар оқулықтарда мектептегі тарихты оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін ескермеді. Дегенмен, 60-жылдардағы тарих оқулықтары педагогикалық идеялары және материалды беру сипаты жағынан  өз кезегіндегі әдістеменің деңгейін танытты. Олардың кемшіліктері ретінде фактілер, есімдер мен даталардың тым көптігі, құжаттардың мүлдем жоқтығын атауға болады. Оқулықтарда сұрақтар мен тапсырмалар мүлдем болмады. Кептеген тарихи ұғымдар түсіндірілмеді.

Соғыс кезіндегі тарихты оқытудың өз ерекшелігі болды. Ол ең алдымен оқытудағы тәрбиелік мақсаттарға баса мән берумен айқындалды. Мұғалімдердің алдына патриоттық тәрбие мен интернационалдық бірлікті нығайту міндеті қойылды. Орта ғасырлар тарихы окылғанда славян халықтарының рөлі, олардың жат жерлік басқыншыларға қарсы бірлескен күресі, мәдени мұрасының маңызы дәріптелді. Немістердің «варвар» славяндар арасындағы «мәдени миссиясы» әшкереленді. Тарих сабақтарында германдықтардың «Шығысты тықсыру», пангерманизм сияқты саясатгарының тарихи тамыры зерттелді.

Тарих сабақтарында мұғалімдер оқушыларды Ұлы Отан соғысында сөзсіз жеңіске жететіндігіне сендіруге тиіс еді. Сол мақсатта А. Невский, Д. Донской, А. Суворов, М. Кутузовтардың қолбасшылық өнері туралы жан-жақты әңгімеленді.

30-жылдардың соңында тарихшы-ғалымдар мен әдіскерлер мектептік тарих курсының әдістемелік негізін айқындауда елеулі жұмыстар атқарған еді. Соғыс жылдарында бүл жұмысты А. М. Панкратова, Н. М. Дружинина, Е. А. Косминскаялар одан әрі жалғастырды.

Соғыстан кейінгі жылдары әдістеменің дамуына В. Н. Бернадский, Н. А. Андреевская, М. А. Зиновьев, В. Г, Карцев, Н. Г. Тарасов, А. И. Стражев,Д. Н. Никифоров

және т.б. ғалымдар көп үлес қосты. Олардың еңбектерінде тарих ғылымына қойылатын дидакгакалық талаптар; тарихты оқытудағы көрнекілік; тарихи білімдерді игерудің психологиясы; қайталау-жинақтау сабақтарының әдістемесі; фактілік және ұғымдық білімдерді қалыптастырудың жүйесі; тарихты оқытудың әдістемелік жүйесі сияқты мәселелер қарастырылды.

Кеңестік уақытта тарихты оқытуға идеологиялық қондырғы өз салқынын тигізді. 50-жылдары оқушылардың «тарихты дұрыс түсінуі» үшін өткен кезең мен қазіргі заман тарихының байланыстары проблемасына ерекше маңыз беру орын алды. Олар көбіне ұқсату немесе байланыстыру арқылы жасалган жасанды байланыстар еді. Мысалы, Ганнибал әскеріндегі пілдерді қазіргі заманғы соғыстағы танкілерге теңеу немесе тарихты қарапайым түрде оқыту барысында оқушылардың оқыған дерегіне деген белгілі бір қатынасын қалыптастыру мақсаты қойылады. Сол сияқты оқушылар халық батырларына ұқсауға ұмтылып, «біздің ел бәрінен де жақсы» деген нық сенімде болуға тиіс еді.

 

 

Қорытынды.

 

КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитетінің 1934 жылғы 15 мамырдағы «КСРО мектептеріндегі азаматтық тарихты оқыту туралы» қаулысында бұған дейін тарихты оқытуда орын алған кемшіліктер: схематизм, үстірттік, жалаң баяндаушылық батыл сыналып, келешекте тарихты оқытуға қойылатын талаптар: тарихи хронологиялық реттілікті сақтау; оқушыларға маңызды тарихи құбылыстарды, даталарды, тарихи қайраткерлердің есімдерін берік меңгерту, берілетін білімнің түсініктілігін, көрнекілігін, нақтылылығын қамтамасыз ету көрсетілді. Сөйтіп бұл қаулы жас өспірімдерге берілетін білімнің сапасын арттыру, оларды идеялық-саяси жағынан тәрбиелеу міндеттеріне жауап бере алатын тарих курстары мазмү-нының қалыптасуының басы болды .

30-жылдардан бастап мектепте тарих пәнін оқытуды жақсарта түсуге, әсіресе оның бағдарламалары мен оқулықтарында, олардың мазмұнында КСРО халықтарының тарихына қатысты материалдар болуын атап көрсеткен тарихи құжат БК(б)П Орталық Комитетінің «Бастауыш және орта мектептердің оқу программалары мен жұмыс тәртібі туралы» 1932 жылғы 25 тамыздағы қаулысы болды. Онда: «Қоғамтану, әдебиет, тіл, география, және тарих пәндерінің оқу программаларына СССР халықтарының ұлттық мәдениетінен, әдебиетінен, көркем өнерінен, тарихи дамуынан, сондай-ақ СССР-дің өлке тану материалдарынаң (табиғат ерекшеліктері, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, т. б.) негізгі білім беретін материалдарды енгізу қажет»- деп көрсетілді. Бұл жылдары жастарға, бүкіл халыққа өз Отанының жүріп өткен ерлік жолын, шет елдер тарихының аса маңызды оқиғаларын таныстыру қажеттігі де айқын сезілді. Осыған байланысты тарих пәнін оқытуға бөлінген сағат саны 1935/36 оқу жылынан бастап аптасына 14 сағат орнына 21 сағатқа, ал 1940/41 оқу жылынан бастап 25,5 сағатқа дейін көбейтілді. Бұл және осы сала бойынша басқа да жасалған шаралар бүкіл елде, соның ішінде Қазақ Республикасы мектептерінде де тарихтан білім беруді бұрынғымен салыстырғанда жақсартуға жағдай жасады.

40-50 оқу жылынан бастап тарих оқу жоспарына дербес пән болып енгізілді. Оның бағдарламалары жасалды және осы жылдан бастап 5—8-сыныптарға арналған тарих оқулықтары, ал қалған сыныптар бойынша 50-60-жылдар аралығында жаңа оқулықтар баспадан шықты.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Тұрсын Хазретәлі. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. А,. «Дарын» 2004ж,160 б.
  2. Көрсетілген еңбек.12-17 б.
  3. Абдугулова Б.Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері.А., 2004 ж. 50 б
  4. Тұрлығұл Т.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. А., «Ғылым» 2003 ж. 256 б.
  5. Бұлда сонда.
  6. Асфендияров С.Қазақстан тарихы очерктері.А., «Санат» 1994 ж. 120 б.
  7. Жанысбекова Г. Тарихты оқыту әдістемесі.  Ш.,2004 ж, 104 б.
  8. Бұлда сонда.
  9. Бердібеков С.Азаматтық білім беру жүйесі. І бөлім.А., «Білім» 2001 ж. 190 б Көрсетілген еңбек.229 б.
  10. Игібаева А. Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасып дамуы.//Қазақстан мектебі.№10.2004 ж. 74 б.
  11. Әбдіразақова А.Оңтүстік өңірде мамандар қалай даярланды.//Қазақстан мектебі. №6. 2006 ж. 43 б.
  12. Жусанбаева Г.Мектеп және баспасөз. №6.2006 ж. 61 б.
  13. Даркенов Қ. Қазақ зиялылары мен Бекмаханов арасындағы рухани байланыс.//Қазақстан тарихы.