АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қыдырәлі мен Қарақат Түркияның адамдарын жер-көкке сыйдырмай мақтады (видео) [:]

[:kz]

 

Танымал жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина түрік халқын жер-көкке сыйғызбай мақтады. Бұл видео qaz.stars Instagram парақшасында жарияланды. 

— Жақтырмай қараған бірде бір түрік көрмедік.

Ашуланып, қабағын түйіп, менсінбей қараған түрік көрмедік. Жарқын көңілді, ізетті. Ең бір таң қалатын нәрсе базарда әмияныңызды ұмытып кетсеңіз қуалап жүріп әкеп береді. Жақсысын үйренуіміз керек. Біз соны өзімізге енгізуіміз керек. Өз елімізге. Оны әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз керек. Сонда ұлт ретінде жағдай жақсара түспей ме!? — деді Қарақат пен Қыдырәлі.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Қазақ шоу-бизнесінде жүрген қос жұптың бұл сөздеріне желі қолданушылары түрліше пікірлер қалдыруда.  — «Қазақстаннан өніп-өсіп алып,өзге елді мақтап тегі қоймады-ау», «Қазақстанда да мәдениеттілік бар, тамаша жандар да жетерлік. Білмеймін өз елім жайында тек жақсы айтқым келеді. Жаман жағы барлық ел де, жер де жетеді», «Сонда не мақсатпен айтып жатырсыздар. Турік еліңіз азаматтығын алмайсыздарма. Сол жақта ұнап жатса», «Қазақстанды қазақтар тастап кетсін деген тапсырма берілдіма сендерге?», «Қартайғанда біледі да қазір ақшаның буымен білінбей тұр ғой мен шет елде тұрдым 3 жыл», «Жұрттар еліне жете алмай жүрсе,бұлар жүр елден безіп», «Қазақтар жақтырмады ма сендерді Атақ абыройды алып алып халықтың арқасында енді ақшасыз концертсіз қалғасын осылай агитация жүргізіп не болды Түркияны байытуға кеттіңдер ма», «Түркияға көшіңдер деген үгіт, па бұл не!? Адамына кездеспей жүрген шығарсыңдар» — деп жазды желі қолданушылары.

www.oinet.kz

 

[:]