АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қыдырәлі мен Қарақаттың алтыншы баласы өмірге келді (фото) [:]

[:kz]

 

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақаттың алтыншы баласы өмірге келді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Болмановтар әулетінің қуанышты жаңалығымен үйдің отағасы Қыдырәлі Instagram парақшасында бөлісті.

Өнер иесі келіншегінің өмірге қыз әкелгенін жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады. «Сүйінші, сүйінші Қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді… Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, Қазақ елі! Қуанышты бөліссең көбейеді деген… Перзент сұрап жүрген жандарға құдіретті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!», — деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Берекелі күз келді. Күзбен бірге дүниеге қыз келді… ☺️ Бау-бақшамыз жайқалып, ел еккен егінінің жемісін көріп жатқанда алпыс екі тамырымды иітіп, маңдайында жұлдызы бар кіп-кішкентай жүрек соғып жатыр жанымда. Аллаға шүкір?. Құдай бересалғандардың аман-есен іңгәләуіна үлес қосқан ақ халатты абзал жандар, соның ішінде соңғы үш құлыншағымның кіндік анасындай болған Ләззат Лаулекқызына айтар алғысым шексіз!? және алғысым,өзімнің Жаукама?бөпемнің кіндік анасы? Осындай жақсы жандарға Алла разы болсын! Биыл бүкіл әлем, еліміз күтпеген дертпен алысып жатқанда, аяулы анам мәңгілік сапарына аттанды.. Жүрегім езіліп, қиналған сәттерімде «Қақатым» деп Қыдекем бір жағымнан, екінші жағымнан «анашым» деп ұл-қызым, үшінші жағымнан «сағың сынбасын» деп халқым жұбатты. Сол жұбаныш, мінекей, қуанышқа ұласуда. Әр шаңыраққа дәл осындай бақыт тілеймін.Сәбиімді құшағыма алып, «әрбір ана жөргек иісін құшырлана иіскесін» деп тілек бiлдіремін. Ағаларының еркесі, Аялеканың ізінен еретін сәбиімнің ұйқысы тыныш болсын?құттықтауларыңызға көптен-көп рақмет? ризамын? 2.09.2020 #анаменбалаорталыгы @zhaudir_83 @ayala_kydyrali @kydyrali_bolman

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Жұлдызды отбасының қуанышын естіген ел ақ тілегін жаудырып, бауы берік болсын айтып, балапанның ғұмырлы, ақылды, иманды болуын тіледі. Сондай-ақ жаңа босанған Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында сәбиінің аман-есен өмірге келуіне атсалысқан ақ халаттыларға алғысын айтты.

Отандық блогер танымал әнші жайлы шулы мәлімдеме жасады «Берекелі күз келді. Күзбен бірге дүниеге қыз келді…Бау-бақшамыз жайқалып, ел еккен егінінің жемісін көріп жатқанда алпыс екі тамырымды иітіп, маңдайында жұлдызы бар жұп-жұмыр жүрек соғып жатыр жанымда. Аллаға шүкір.

Құдай бересалғандардың аман-есен іңгәләуіна үлес қосқан ақ халатты абзал жандар, соның ішінде соңғы үш құлыншағымның кіндік анасындай болған Ләззат Лаулекқызына айтар алғысым шексіз және алғысым өзімнің Жаукама бөпемнің кіндік анасына. Осындай жақсы жандарға Алла разы болсын!», — деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жанболат пен Жазира қыздары Дараның бір жасқа толуын ерекше атап өткенін жазған едік. Сондай-ақ балалы бола алмай жүрген әзілкеш Елдос «Колобок» сәби асырап алуға дайын екенін айтқан болатын.

 Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

kaz.nur.kz

 

[:]