АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қымбат көлік мінген келіншек қаланы шулатты (видео)[:]

[:kz]

Қымбат көлік тақымдаған келіншек бүкіл тараздық тәртіп сақшыларын тік тұрғызды.

Қымбат көлік тақымдаған келіншек бүкіл тараздық тәртіп сақшыларын тік тұрғызды. Бағдаршамның қызыл түсіне пысқырмай өткен жүргізуші, полицейлерден қашып құтылмақ болған. Сөйтіп қаланы шыр айналып қуғыншыларды діңкелеткен. Алайда ол із суыта алмай, ұсталып тынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме бере отырып. 

Бағдаршамнан зуылдап өткен «Toyota Land Cruiser» тәртіп сақшыларының назарына ілккен. Алайда ол полицейлердің бұйрығына бағынудың орнына, екпінін арттыра түсіпті. Тіпті, жүйіткіген жүргізуші көлігімен жолдағы машинаны қағып кеткен. Осылайша, біраз уақыт бойы «шоу» жасаған 33 жастағы келіншек  ақыры ұсталып тынды. Полицейлер оны қақпайлап әзер тоқтатқан. Сонда да келіншек машинадан шықпай, есігін жауып алған. Кейін күйеуі келіп, ашуы басылғасын есікті ашыпты. Оның құзырлы орыннан қашуы бекер болмапты. Ішімдік ішкені анықталып, енді ол қомақты айыппұл төлейтін болды.

Айта кетейік, жүргізуші бұған дейін де осы тақылеттес әрекетімен полицейлердің назарына іліккен.

Абай Ибақожа, Жол-патрульдік полиция инспекторы:

 

 — Ішімдік ішкен бе?

 — Ішімдік ішкен. 

       

[:]