[:kz]
Қырғызстанда жексенбіде өткен парламент, яғни Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелері жойылды. Бұл туралы бас прокурордың міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шықмаматов бұл оппозицияның басты талабы екенін және оны орындағанын атап өтті.
«Бірақ әзірге біз жаңа сайлаудың уақытын белгілемейміз», — деді Алмамбет Шықмаматов.
Айта кетейік, сайлау науқаны барысында ауқымды бұрмалаушылықтарға қатысы бар барлық адамдар қамауға алынады.
Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанның астанасында оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың жақтастары жексенбіде өткен парламенттік сайлаудың ресми нәтижелеріне наразылығын білдіріп, митингке шықты.
Наразылық білдірушілер Бішкектегі президент сарайының жанындағы Ала-Тоо алаңына жиналып, қайта сайлау тағайындалғанға дейін сол жерден «киіз үй қалашығын» құруға дайын екендерін жеткізді.
[:]