[:kz]
Ғани Ахметбаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында «Көкпар» жайлы өз пікірін білдірді.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Ғани Ахметбаев қазақ-қырғыз көкпаршылары жайлы біраз сөз қозғады.
— Қырғызстанда өткен көкпар ойынынан Өзбекстаннан 4-5 есебіне жеңілдік. Жанкүйерлердің болжамдарын ескерсек Қырғызстанның шабандоздарымен кездеспеу үшін біздікілер жеңілді финалда дейді. Осы сөздер қаншалықты сіздердің намыстарыңызға тиеді?
— Шындап келгенде олардың біздегі ЭКСПО чемпионатындағы жеңілістері намыстарына тиген болар. Енді мен таза спорттың ортасында жүргеннен кейін, екі жақтың бір-біріне деген кегі бұл спорттың дамуына, екі елдің ынтымақтастығына кері әсерін тигізеді. Бізді алғашқы кезде дәрежеміз төмен кезде ұтып жүрді. Кейіннен біз ұтып жатырмыз. Әркім әрқалай айтады, дегенменде меніңше бізде ол жарысқа дайындық болған жоқ. Кек алу деген ол Қырғызстанның өзінің ынтымақтастығы жоғының белгісі ғой енді. Президенттері жиі ауысады. Қақтығыстары да көп. Чемпионаттарында да біраз шикіліктер болатын еді. Айта берсең ондай жағдай көп. Біз оларға барған сәттерде кек алу мақсатында біраз пиғылдар да жасаған кездер болған. Көкпар біткенде қырғыз шабандоздары бізді қоршап алды, ол жердегі қандастырымыз қазақтар бізді арашалап алып, шекараға дейін алып келіп тастады. Достық қатынасты жақсы тұтатын азаматтардың арқасында елге аман-есен қайттық.
[:]