[:kz]
Ыстықкөлде қырғызстандық милиция Қазақстаннан демалуға барған туристердің баласын тауып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, кеше Ыстықкөл облысының Бостері демалыс орнындағы жағажайлардың бірінде, шамамен 15:00-де қазақстандық туристер жергілікті милицияға барып, бес жасар баласын табуға көмектесуін өтінген.
Бішкек туристік милициясының қызметкерлері кешенді іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде 2 шақырым жердегі басқа демалыс орнынан аман-есен табылды.
Өз кезегінде, баланың ата-анасы Бішкектің туристік милиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
[:]