АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қысып отырыңдар!»: Серікжан Біләштің қайын атасы көпшілікке сес көрсетті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Видеодан оның сөзін мүлтіксіз тыңдап тұрғандардың «Дұрыс айтасыз!» деп қоштай жөнелгені естіліп тұр.

Бақтияр Тоқтаубай деген желі қолданушы facebook парақшасына «Тәубаларыңды үйіре беріңдер! Сикоштың қайын атасы бәріңе ескерту жасады, енді осы жерден тоқтамасаңдар, түрмеге қамаласыңдар! Ол президент болады», — деп өзінше тон пішіп тастапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жазбасымен қоса, ол желіге атышулы Серікжан Біләшті қолдап жиналған әлдебіреулердің видеосын жариялаған. 

Видеода бір топ адамның ортасында өзін «Мен Серікжан Біләштің туған атасымын» деп таныстырған біреудің қолын сермеп, сұқ саусағын шошайта екпінмен сөйлегенін байқауға болады.

«Бауырлар, мен сіздерге айтып қояйын! Егерде Серікжанға жаман көзқараспен қарайды екенсіздер, істерің менімен болады! Мен Серікжан Біләштің туған атасы боламын. Жергілікті қазақпын! Сендер көп сөйлемеңдер, қытайшылдар! Түбі сендер ұсталасыңдар! Қамаймыз сендерді! Сондықтан ауыздарыңды жауып, к…теріңді қысып отырыңдар! Райымбек батырдың ұрпағымын, тұқымымын, Албанмын. Сондықтан қазақтарға айтарым, қытайдың көпшігін  көтеріп жүргендерге айтарым, түрмеге қамаласыңдар, мен айтып қояйын. Бүкіл Қазақстан халқы қолдайды, Серікжан Біләшты!»  деп сәл мүдірді.

Видеодан оның сөзін ұйып тыңдап тұрғандардың «Дұрыс айтасыз!» деп қоштай жөнелгені естіледі. 

«Не аузыңда сөзің жоқ, қойныңда бөзің жоқ. Не білімің жоқ, не тірлігің жоқ, мысалы. Шық! Шығыңдар!» — деп тағы біреуі әлгі егде жастағы кісінің айтқанын одан әрі жандандыра түсті. 

Ескерте кетсек, Бақтияр Тоқтаубай жүктеген бұл видеоны Рүстем Ашетов деген азамат «ЗА СПРАВЕДЛИВЫЙ КАЗАХСТАН | НАЦИОНАЛИЗАЦИЯ НЕДРОВ| LIFE KAZAHSTAN» тобына бөліскен. Желіге жүктелгеніне небәрі 1-2 сағаттың көлемі болса да, видеоға 100-ден астам адам пікір қалдырып үлгеріпті. Бейнежазбада бұл жиылыстың қай жерде болғаны айтылмаған.

 

[:]