АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Қытай АҚШ-ты Украинадағы биозертханалар жайлы мәліметтерді жариялауға шақырды[:]

[:kz]

Қытай билігі АҚШ-ты Украина жерінде орналасқан әскери биозертханалар жайлы мәліметтерді жариялауға шақырды. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Украинада 26 америкалық зертхана жұмыс істеген. 

«АҚШ зертханалар жайлы өте көп ақпаратқа ие болғандықтан тез арада сол жердегі вирустар мен олардың зерттелуі туралы мәліметтерді жариялауы керек», — деді министрлік өкілі. 

Сонымен қатар ол екі тарапты да зерттеу орталығындағы ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек екенін де айтты. 

Лицзяньның болжамына сүйенсек, АҚШ-тың Украинадағы әскери биологиялық бағдарламасы алып айсбергтің тек бір бөлігі ғана екен. Ол Америка билігінің 30 түрлі елдегі 336 зертхананы бақылайтынын, және мұны «әлемдік қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласындағы серіктестік» деген сылтаумен жүзеге асыратынын мәлім етті. 

«АҚШ шын мәнінде нені қалайды? Олар не істемекші?», — деді Лицзянь.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-майор Игорь Конашенков арнайы операция нәтижесінде Киевте әскери-биологиялық бағдарламаны шұғыл тазалау іздері анықталғанын айтқан. Зертханаларды АҚШ қорғаныс министрлігі қаржыландырған.

Айта кетейік, бұған дейін Франция министрінің Путинді “екіжүзділігі” үшін сынағанын хабарлаған едік.  

[:]