АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытай билігі теледидардан «әйел сияқты» жұлдыздарды көрсетуге тыйым салды[:]

[:kz]

 

Қытайда жастардың кумиріне айналған, өрескел өмір салтын көрсететін жұлдыздарды теледидардан көрсетпеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Билік пікірінше, жас қытайлықтарды шатастыратын кейбір реалити-шоулар мен бағдарламаларды теледидардан көрсетілуіне тыйым салынады.

 

Теледидар экранынан «әйел сияқты еркектер» мен “дұрыс емес эстетика» көрсететін жұлдыздар көрсетілмеуі керек. Билік актерлер мен эстрада жұлдыздарының нәзік бейнелері жас қытайлықтардың батыл болуға ынталандырмайтынын айтады.

Енді телеарна трансляция үшін актерлерді таңдап, олардың түр сипаты, мінез-құлқы және эфирде өзін қалай ұстайтынын бақылаудан өткізуі керек. 

Жаңа талаптар азғындыққа қарсы тұруға және сонымен бірге партия мен Қытай халқына, сондай-ақ өнер мен дәстүрлі моральдық қағидаларға деген сүйіспеншілік пен адалдық атмосферасын нығайтуға арналған.

Сондай-ақ үкімет байлық пен даңқты насихаттауға қарсы болды. Соның ішінде адамдардың жеке өмірін талқылауға тыйым салынды. Оның орнына «керемет қытай дәстүрлі мәдениеті, революциялық мәдениет және социализмнің озық мәдениеті» бейнелерін құптайды.

Қытайда Оңтүстік Кореядан (k-pop) және Ұлыбританиядан келген поп-мәдениет кең танымал болды. Youth with You және Produce 101 сияқты бағдарламалар қатал бәсекелестік жағдайында қарапайым отбасылардан шыққан жас жігіттер мен қыздарды атақты адамдарға айналдырған кезде жұлдыздардың қалыптасуын көрсетті.

[:]