АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытай Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық қолдайды![:]

[:kz]

Украинаның президенті Петр Порошенко мен Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Ван Цишань Украинаның «Бір белдеу, бір жол» атты қытайлық бастамасын жүзеге асыруға қатысу мәселесін талқылады.

ҚХР төрағасының орынбасары Ван Цишань Давоста Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуде Пекиннің Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын халықаралық деңгейде танылған шекарасын толық қолдайтынын растады, деп хабарлайды украин басшысының баспасөз қызметі.

Порошенко елдер арасында қарым-қатынас дәстүрлі түрде достық қарым-қатынаста екенін атап өтті. «Екі ел арасында стратегиялық әріптестікті нығайту үшін негіз болып табылатын сенім мен өзара түсіністік деңгейінің көтерілуі екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келіскен болатын, ал 2019 жылы ынтымақтастық жөнінде украин-қытай үкіметаралық комиссиясының келесі кездесуі оған ықпал етуі керек», — делінген хабарламада.

Порошенко мен Ван Цишань сондай-ақ, Украинаның Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыруға қатысуын талқылады.

Сонымен. Ресей және оның «Орыс әлемі» Донбасс пен Қырымда жүргізген саясатына бұл үлкен соққы және Украина үшін Қытай жағынан үлкен көмек пен қолдау. Сонда Қытай үшін бұрынғы кеңес республикалардың орнына 27 жыл бұрын пайда болған Украина, Қазақстан және т.б. жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін бұл жақсы символ пен жағдай: енді ресейлік неоимперлық шовинистік билеуші топтар одан сайын тығыраққа тап болып, бірде-бірде әлсірейді және Ресей бірте-бірте нағыз демократиялық пен бейбіт мемлекетке айналуға толық жол ашылады!

P.S. Бұл Қазақстан мен қазақ халқы үшін өте жақсы хабар!

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

[:]