[:kz]
Қытайда Димаштың бейнесі бар ерекше субұрқақ пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Авторлар субұрқақтағы суды Димаштың аузынан ағып тұрғандай етіп қойған екен. Қытайлықтардың бұл қылығына күле қараған әнші бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Қытайда біртүрлі субұрқақ пайда болыпты», — деп жазды ол бұл жаңалықтан алған әсерін бөлісіп.
Бұл субұрқақ Чанша қаласында жарнамалық туынды ретінде пайда болған көрінеді. Суреттерге қарағанда экрандағы адамдар өзгеріп отырады. Бірінің аузынан, бірінің иегінен, енді бірінің мұрнынан су ағатынға ұқсайды.
Желі қолданушылары да оқиғадан қалыс қалмады.
«Өйткені сенің дауысың мөлдіреп аққан бұлақ қой», «Субұрқақ авторы Димаштың жаңбырдың астында болған соңғы концертінен қатты шабыттанған» деп бұл жағдайды әркім өз бетінше түсіндіруге тырысты.
[:]